Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
вегетативті тәсілмен кӛбейеді. Жыныссыз жолмен дейтеромицеттер кӛбейеді. 
Бұл жолдың негізінде митоз жатыр, яғни мицелия гифаларының қарапайым 
бӛлінуі және саңырауқұлақтың жыныссыз ӛнімдік құрылымы (анаморф) 
пайда болуы жүреді. Анаморфтарға артроспоралар, хламидоспоралар, 
конидиялар, және де оларды қалыптастыратын және ұстап тұратын 
құрылымдар (спронгиялар, конидияұстаушылар, ӛнімдік денешіктер, 
фиалалар т.б.) жатады. Аталған анаморфтар саңырауқұлақтардың жайылып 
ӛсуіне және қолайсыз жағдайда олардың сақталуына себепкер болады. 
Этиологиялық маңызы бар саңырауқұлақтарды идентификациялап 
зертханалық диагноз қою телеморфтар және анаморфтардың сипатын, соның 
ішінде құрылысының, мӛлшерінің ерекшелігін, конидилар санын анықтау 
негізінде жүргізілетінін ескеру қажет. Анаморфтар мӛлшері шамалы 
біржасушалы (микроконидиялар) және кӛпжасушалы (макроконидиялар) 
болуы мүмкін. Артроспоралар немесе таллоконидиялар кәдімгі гифалардың 
шетінде немесе екі жанында орналасатын септаланған гифалардың 
фрагменттері. Бластоконидиялар (бластоспоралар) аналық жасушадан 
ұрпақтық жасушаның бүршіктеніп кӛбею жолымен пайда болады, 
хламидиоконидиялар (хламидиоспоралар) мицелия ішінде гифаның 
шеңберленіп қалыңдауы және оның қалың қабатпен қоршалуы нәтижесінде 
пайда болады. 
Спорангияспоралар 
(эндоспоралар) 
саңырауқұлақтардың 
ерекше 
қапшығының-спорангиялардың ішінде жетіліп және сол жерде орналасады. 
Конидиялар (эктоспоралар) ӛнім беретін гифаның ең шетінде жетіледі және 
сол жерде орналасады. 
Тақырыбы: Вирустар. Құрылысы және жіктелуі. Вирустар 
репродукциясы. Вирустарды дақылдандыруы. Бактериофагтар. 
репродукциясы, өсіп-өндіру әдістері. 
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, ӛзгеруге, кӛбеюге бейім 
ӛте 
ұсақ, 
тірі 
микроорганизмдер. 
Вирустардың 
бактериялардан 
айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин 
қышқылы ДНҚ немесе РНҚ болады. Белок синтездейтін рибосомалары 
болмайды сондықтанда, оларда зат алмасу жүрмейді. Жіктелуі бойынша 
:VIRA патшалығы екі үлкен топқа бӛлінеді ДНҚ және РНҚ құратын топтар. 
Құрылысы 
Вирустың құрылысының компоненттері: кампосер – белокты бӛлек 
бірлігі, капсид – капсомерлерден құралған күндек, нуклеокапсид – нуклеин 
қышқылы мен кпасид белогының комплексі, вирион – вирустың бүтін 
бӛлшектері. 
Вирустардың құрамы ӛте қарапайым. Олар нуклеин қышқылынан және 
оларды қоршап жататыны – капсид және суперкапсид деп аталатын 
қабаттардан, сондай–ақ вирус қабығының сыртындағы рецепторлардан. 
Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бӛлінеді: 
А) жай, қарапайым құрылысыты – нуклеин қышқылы және оны 


46 
қоршаған капсидтен тұрады ( полимиелит вирусы , аденовирустар , құтыру 
вирусы); 
Б)күрделі құрылысты - нуклеин қышқылынан , капсидтен және 
суперкапсидтен тұрады (ұшық , тымау , шешек вирустары). 
ДНҚ немесе РНҚ вирионның ортасында орналасады. Вирус геномы 3-4 - 
тен (паравирустар) 150-ге дейін (шешек вирусы) геннен құрылады. Әр түрлі 
вирустардың геномындағы нуклеин қышқылы бір немесе екі жіп тәрізді, 
үздіксіз немесе үздікті, түзу сызықты немесе сақиналы сияқты болуы мүмкін. 
Мысалы, СПИД вирусында екі үздіксіз түзусызықты РНҚ жіптері 
(молекуласы) бар; В – гепатит вирусында – екі сақиналық ДНҚ жіптері, әрі 
3/1 қысқартылған ішкі жіп; тұмау вирусында бір үздікті РНҚ жібі бар. 
Нуклеин қышқылы геномды белоктармен байланысты. 
Капсид 
– 
жеке–жеке 
белоктық 
субъединицадан 
құрылған– 
капсомерлерден тұрады. Капсомерлердің кеңістіктегі орнына сәйкес капсид 
симметриясының екі түрі болады–спиральдық және кубтық. Спиральдық 
типте капсид нуклеин қышқылын орап жатады, кубты типте–капсид 
ортасында нуклеин қышқылы орналасқан қуыс дене тәрізді болады. 
Бактерия вирустарында–бактериофагтарда симметрияның екі типі кездеседі, 
яғни вирус басындағы капсидтың симметриясы кубты болса, ал ӛсіндісінде– 
спиральдық болып келеді. 
Құрылысы күрделі вирустардың суперкапсиді липопротеидтық 
комплекстерден 
тұрады. 
Вирионның 
құрамындағы 
липидтер 
мен 
кӛмірсулардың шығу тегі жасушалық екендігі осы күні мойындалып отыр. 
Вирионның бетіндегі рецепторлардың түрі әр түрлі: таяқшалық, 
саңырауқұлақты, 
шоқпарлық 
т.б. 
Химиялық 
құрамы 
бойынша 
гликопротеидтердің құрамына жатады. Вирустар рецепторлардың кӛмегімен 
сезімтал клетканың бетіне адсорбцияланады, ал сондай–ақ, рецепторлардың 
белгілі физико–химиялық қасиеттері бар. Мысалы, тұмау вирусының екі 
түрлі рецепторы бар–таяқшалық–гемагглютининдер және шоқпарлық– 
нейраминидазалар. 
Гемаглютининдердің рецепторлық қызметінен басқа эритроциттерді 
гемолиздеуге қабілеті бар, сонымен қатар ауру адамның организмінде 
талғамды антиденелер түзіліп жоғары иммуногенділік қасиет кӛрсетеді, 
талғамды антиденелр әсіресе рецепторлық құрылымдарға қарсы пайда 
болатындығына назар аудара кету қажет. 
Вирустық талғамдылығы бар белоктар құрылыссыз және құрылысты 
түрлерге бӛлінеді. Құрылысты белоктарға капсидтің, суперкапсидтің, 
рецепторлық құрылымдардың белоктары, сонымен қатар нуклеин 
қышқылымен байланысқан геномдық белоктар жатады. 
Құрылыссыз белоктар вирионды репродукцияға дайындайды жіне 
тӛменде кӛрсетілген фермменттерден тұрады. Нуклеин қышқылының 
репликациясына және транскрипциясына қажетті полимеразалар, вирустық 
талғамдығы бар белоктарды бӛлуші – протеазалар және реттеуші белоктар– 
ферменттер. 
Вирустар мӛлшеріне байланысты тӛмендегідей топтарға бӛлінеді: 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет