Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
 
Нуржігіт Алтынбеков 
қоректік ортасы бар пробиркаларда әйнекшеге жабысып немесе суспензия 
түрінде ӛседі. Егер де организмнен тыс жағдайда кӛбейе алмаса, ондай 
клеткаларды тіршілігін сақтаушы, ал ӛсіп - ӛніп кӛбейетін болса - ӛсуші 
дақылдары дейді. Вирусологияда ӛсуші дақылдар жиі қолданылады. Оларды 
мынадай топтарға бӛледі: біріншілік, ауыспалы, жартылай ауыспалы. Ең 
қолайлысы соңғы топқа жататын клетка дақылдары, ӛйткені оларды қайталап 
сеуіп пайдалана беруге болады. 
Егер ауыспалы тканьді жаңа қоректік ортаға сепсе, бұрынғы ткань 
дақылы ӛсіп-ӛнеді, оны тканьдық субдақыл деп атайды. Субдақылды кез - 
келген біріншілік тканьдерден алуға болады, бірақ олар 4-5 қайталап себуден 
аспайды. 
Ағзадан тыс жағдайда кӛбею және қайталап сеуіп отырғанда бірнеше 
ондаған жылдар тіршілік қабілетін сақтай алатын жасушаларды ауыспалы 
жасуша дақылдары деп атайды. 
Адамдардың қалыпты тканьдерінен, омыртқалы және омыртқасыз 
жануарлардан, адамдардың қатерлі ісіктерінен алынған шығу тегі әртүрлі 
4000-ға жуық ауыспалы жасуша дақылдары бар екені белгілі. 
Ауыспалы жасуша дақылдарының артықшылығы сол, оларды дайындау 
жолы қиын емес және арзан. Жасушалардың пішіндері және негізгі 
қасиеттері тұрақты. Дүние жүзінің лабораторияларында пайдаланылатын 
халықаралық штаммдар болады. Ауыспалы дақылдарды бӛтен вирустармен 
ластануы болмайды, бірақ оларды қайталап жиі жаңа ортаға сеуіп отырмаса 
рактық клеткаға айналып кету қаупі бар. Соның нәтижесінде оларда 
бейспецификалық дегенерация болып вирустар ӛсіруге сезімталдығы 
тӛмендейді. 
Жасушалардың тұрақтылығы күшті болу үшін клональды дақылдарды, 
яғни бір жасушадан алынған ұрпақтарды пайдаланған жӛн. 
Соңғы жылдары вирусологияда хромасомасы диплоидты жиынтықтан 
тұратын, яғни диплоидты жасушалар қолданыла бастады. 
Жартылай ауыспалы жасуша дақылдарының 50-55 рет қайталап 
ауыстырып сепкенде ӛсіп ӛну қабілеттілігі бар, содан кейін жасушалар ӛледі. 
Осындай штаммдарды адам эмбрионынан дайындалған біріншілік 
тканьдерден алуға болады. Мысалы, адам ӛкпесінен алынған диплоидты 
жасушалар. Бұл жасушалар жылдам кӛбейеді, бір айға дейін қоректік ортаны 
ауыстырмай - ақ тіршілігін сақтайды, әрі кӛптеген вирустарға сезімтал. 
Жасуша дақылындағы вирустың цитопатогендік әсері – ЦПӘ 
Жасуша мен вирустың күрделі түрде болатын ӛзара әсерінің 
нәтижесінде әртүрлі ӛзгерістер болады. Тіптен жасуша қабатының толық 
бұзылуы мүмкін. Осындай ӛзгерістердің ӛзінше спецификалық сипаттамасы 
бар: 
-
ошақты майдадәнді зақымдану 
-
жасуша қабатының барлық жерінде майдадәнді ӛзгеру 
-
әр жерде жүзім тәрізді дӛңгелектенген жасушалардың шоғырлануы 
-
кӛпядролы гигантты жасушалардың бірігуі 
-
симпласт жасушалардың пайда болуы 


50 
-
кӛзге кӛрінетін морфологиялық ӛзгерістердің болмауы 
Цитопатогендік әсердің бар жоғын тек қана бақылау жасушалардағы 
ӛзгерістермен салыстырып жүргізеді. 
Гемадсорбциялық реакция. Вирус жұққан жасуша дақылдарының ӛзінің 
сыртқы бетінде эритроциттерді жабыстыру қабілеттілігі гемадсорбция деп 
аталады. 
Грипп, 
парагрипп, 
поксовирус 
және 
флавивирустардың 
гемадсорбциялық қасиеті бар. 
Жұқтырылған жасушаларда гемадсорбциялық құбылыс цитопатогендік 
ӛзгерістерден әлде қайда бұрын байқалады. Сондықтан бұл реакцияны 
вирустарды ертерек табу үшін қолданады (аденовирустар, парагрипп,ұшық 
вирустары) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет