Нуржігіт Алтынбеков 1 Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/84
Дата29.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#111771
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Ақтаңдақ түзеу әдісі 
Вирусы бар затты тіндік дақылына жұқтырады, бетін құрамында 
бейтарапты қызыл бояуы бар агар қабатымен жауып термостатта (37°C) 
инкубациялайды. Вирус ӛскен жердегі жасушалар бұзылады, соның 
нәтижесінде ақтаңдақ пайда болады, ал айналасындағы бұзылмаған жерлер 
қызыл түске боялады. Осындай негативті ақтаңдақтар 48 сағ және одан да 
кӛп уақыттан кейін пайда бола бастайды (егер вирус бар болса). 
Гемагглютинациялық реакция (ГАР - РГА) 
Ерекше 
антигендері 
(гемагглютинині) 
бар 
кейбір 
вирустар 
эритроциттерді бір - бірімен жабыстырады - агглютинациялайды. Егер 
зерттелетін затта вирус бар болса эритроциттер бір - бірімен 
агглютинацияланып зонтик тәріздес яғни, айналасы бұдырланып тұнбаға 
отырады(оң нәтижелі реакция). Вирус жоқ болған жағдайда эритроциттер 
агглютинацияланбайды, тұнбаға айналасы тегіс (түйме тәріздес) болып 
отырады (теріс нәтижелі реакция). Толық гемагглютинация беретін сұйылту 
деңгейін бір гемагглютинациялық бірлікке санайды. Бұл реакция 
иммунологиялық реакцияларға жатпайды, ӛйткені реакцияда антиген 
антидене құбылысы жоқ. ГАР тек қана вирустың бар - жоғын анықтау үшін 
ғана қолданады. 
Бактериофагтар бактерияларға еніп, оларда ӛсіп - ӛніп кӛбейіп, 
бактерияларды лизистейтін (бұзатын) вирустар. Қазіргі кезде оларлы 
бактериофаг демейді, фагтар деп атайды. Себебі, фагтар бактериялармен 
қатар басқа да микроорганизмдерде болатыны дәлелденген. Фагтардың 
жалпы морфологиясы мынадай: алты бұрышты, басы сыртынан белокпен 
қоршалған, ішінде ДНҚ-ы бар. Басына жиырылу қабілеттілігі бар түтікше 
тәріздес сырты белокты қапшықпен қоршалған құйрықша шығады. 
Құйрықшаның басқа жабысар жерін мойыны немесе жағасы деп атайды. 
Құйрықшаның ең шетінде базальды пластинка бар, одан 6 тікенекшелер 
шығады. Осылардың кӛмегімен фаг бактерияға жабысады, ол базальды 
пластинкада болатын лизоцим ферментімен бактерияның сыртқы қабатын 
теседі де мойыны және құйрықшасы жиырылып басының ішіндегі ДНҚ-ы 
бактерия ішіне енеді. 
Бактериофагтарды 6 морфологиялық типтерге бӛледі: 
-
таяқша немесе жіпше тәріздестер 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет