48
аминоқышқылдардың спецификалық жүйелілігі түріне кӛшіру процесі және
вирусспецификалық белоктардың синтезі басталуы.
в)репликация–бұл вирус нуклеин қышқылы молекуласының синтезі.
Вирус белок синтезі–тек клетка рибосомасында жүрсе, нуклеин қышқыл
синтезі – ядрода жүреді.
4.
Вирус
бӛлшектерінің
жинақталуының
екі
түрі
болады:
а)вириондардың жинақталуы және кемеліне жетілуі клетканың ішінде
ӛтеді;
б)вирион жинақталууы клеткадан шығу мезгілінде аяқталады
Вирус бӛлшектерінің клеткадан шығу әдістері:
А) «жарылу» жолымен, кейде жиналған вирус бӛлшектері
бір мезгілде
клеткадан шыққанда оның бұзылып жойылуына себеп болады. Бұл әдіс
құрылыстары жай вирустарға тән
Б) «бүршіктену» жолымен, кейде вирус бӛлшектері аздаған мӛлшерде
клеткадан шығады. Бұл әдіс құрылысы күрделі вирустарға тән. Клетка ұзақ
уақыт тіршілігін сақтайды.
Жоғарыда қарастырылған вирус репродукциясы негізінде жедел және
созылмалы инфекциялар тудыратын вирустың клеткамен қарым–қатынасын
кӛрсетеді. Бұл қарым–қатынас продуктивті тип болып саналады. Вирустың
клеткамен қарым–қатынасының екінші,интегративтік типі болады. Бұл типте
репродукция жоқ, ал вируктың гендері клетка ДНҚ құрылысына енеді немесе
интеграциялайды. Бірақ клекканың вируспен бұл қарым–қатынасы ткандық
клетканың атиптік түріне айналу қаупын туғызуы мүмкін.
Вирусологияда қолданылатын зерттеу әдістері ӛте күрделі, ондай жағдай
вирустардың
абсолютті
паразиттілігімен
және
мӛлшерінің
ӛте
кішкентайлығымен байланысты.
Вирусы бар заттарды зерттеу үшін мынадай әдістермен жүргізіледі:
-
сәулелі микроскопта
вирустық қосындыларды қарау, электронды
микроскопта зерттеу және иммунды - флуоресцентті микроскопта зерттеу.
-
ӛсіп келе жатқан тауық эмбрионына жұқтыру арқылы вирустарды
дақылдандыру және бӛліп алу
-
сезімтал лабораториялық жануарларға жұқтыру арқылы дақылдандыру
және бӛліп алу
-
жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы дақылдандыру
-
гемагглютинациялық реакциямен вирустарды индикациялау
-
гемадсорбциялық реакциямен вирустарды индикациялау
-
жасуша дақылында таңдақ түзеу әдісімен индикациялау
-
түсті реакциямен вирустарды индикациялау және идентификациялау.
Вирустарды жасуша дақылдарында ӛсіп - ӛндіру.
Клетка дақылдары вирустарды ӛсіп - ӛндіруге қолданылатын ең
ыңғайлы моделі болып есептеледі. Ӛйткені вирустардың репродукциялануы
табиғи жағдайдағыдай болады. Мұндай дақылдарды адамдар мен
жануарлардың тканьдерінен дайындайды.
Организмінен бӛлініп алынып, жасанды жағдайда ӛзінің
тіршілігін
сақтайтын клеткаларды жасуша дақылдары деп атайды. Олар арнайы