О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

сӨзДің Өлең БОлАтын Мәнісі
Жоғарыда  айттық:  өлең  асылында  көңіл  көтеріс  ісіне 
жұмсалатын  сөз  түрі  деп.  Адам  көңіл  көтеру  үшін  ойнайды, 
билейді,  күреседі,  жарысады.  Өлең  де  бұрын  сол  ойын,  би, 
күрес,  жарыс  сияқты  көңіл  көтеретін  нәрсе  болған.  Өлеңнің 
көңіл көтеріп, қоштандыратын қасиеті әдемілігінде. Нәрсенің 
әдемі көрінетіндігі – ұнасымымен. Өлеңді де әдемі көрсететін 
сол ұнасымы.
Өлеңнің ұнасымы неден болады? Азырақ жауап беріп өту 
керек.
Өлең  ғана  емес  нәрсенің  көбі-ақ  жарастығымен  ұнамды 
көрінеді.  Нәрсенің  көбі-ақ  негізінде  бірдейлігімен,  реттілігі-
мен жарасып, ұнамды болады. Екі құлақ, екі көз – сол сияқты 
дененің қос мүшелері – екеуі бірдей болса, жарасып ұнамды 
көрінеді.  Қоралы  қойдай  шоғырланып,  бет-бетімен  жүрген 
солдаттан, сап түзеп қатар тұрған жарасып, көзге ұнамдырақ 
көрінеді. Сап түзеп қатар тұрған солдаттардың әрқайсысы әр 
түрлі  киінгенінен  бәрі  бір  түрлі  киінгені  әдемі  көрінеді,  сап 
түзеген солдаттардың жүргенде аяқтарын бірі ерте, бірі кеш, 
әрқайсысы  өз  бетімен  бірдей  баспағанынан  бәрі  аяқты  бір-
дей  алып,  бірдей  басқаны  әдемірек  көрініп,  көңілге  көбірек 
ұнайды.
Жамыраған қойдың маңырағаны сияқты, көп адамның шу-
лап, бет-бетімен шулағанынан бірдей үнмен бірге бастап, бірге 
шырқап, бірдей қайырып, бірге қосылып ән салуы ұнамдырақ 
болады.
Сондай-ақ, сөздің өлең болып көңілге ұнап реттіліктен ту-
атын  қасиет,  сөзді  айтқан  кезде,  сағаттың  шық-шық  жүргені 
сияқты,  тамырдың  бүлк-бүлк  соққаны  сияқты,  дауыстың  бір 
түрлі  ырғақ-ырғағы  болады.  Сағат  шық-шық  еткенінің,  та-
мыр  бүлк-бүлк  соққанының  арасы  да  қандай  бірдей  болса, 
сөйлегендегі  дауыс  ырғақ-ырғағының  арасы  да  сондай  бір-
дей  болады.  Сүйтіп,  дауыс  ырғақ-ырғағы  сөзді  бірдей-бірдей 
буынға бөледі, сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты 
бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады. Және де сөздің 
буындары бір қалыпқа құйып шығарған кірпіш сияқты бірдей 
деп білуіміз керек.
Сөйлем сөзден құралатын нәрсе болғандықтан, сөз ішінде-
гі буындар, ырғақтар сөзбен бірге түгелімен сөйлемге кіреді. 

216
Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары 
қосылады.  Өлең  ырғағы  жорға  жүрісінің  тайпалуы,  теңселуі 
сияқты  екінші  өңді  ырғақ  болады.  Бұл  ырғақ  сөйлемдердің 
ішіндегі  буын  санының  бірдейлігімен,  кестелерінің  реттілігі-
мен,  сөздерінің  әуездес  ұқсастығымен  келетін  ырғақ.  Буын 
ырғағынан өлең ырғағын айыру үшін, бұл ырғақты жорғақ деп 
атаймыз.
Өлеңнің жорғағы тіл табиғатына қарай түрлі жолмен келеді. 
Сөзден өлең жасап шығару жағынан тіл үшке бөлінеді:
Дауысты дыбыстарында ұзын-қысқалық бар тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер.
Екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер.
1-ші түрде тілдерде мәселен, араб, латын, ионан сияқты ескі 
жұрттардың  тілдерінде  дауысты  дыбыстардың  кейбіреулері 
созылып, ұзын айтылады. Ондай дыбыстар қалыпты дауысты 
дыбыстардың екеуіне бара-бар болады. Мұндай тілдерде өлең 
жоғарғы созымды дыбысы бар сөздермен, созымсыз дыбысы 
бар сөздерді реттеп, орналастырумен келеді.
2-ші түрдегі тілдерде екпін буыны сөздің бәрінде бірыңғай 
бір орыннан табылады. Мәселен, француз, чех тілдерінде екпін 
буыны аяғында келеді.
1-ші түрдегі  тілдерде,  мәселен,  орыс  тілінде  екпін  буыны 
бір  сөздің  басында  келсе,  екінші  сөздің  ортасында,  үшінші 
сөздің аяғында келеді: қатта бір сөздің өзінде де әман бір жер-
де тұрмай, әр жерге көшкілеп жүреді. Мұндай тілдерде өлең 
жоғарғы екпінді буын мен екпінсіз буындарды реттеп орналас-
тырумен келеді.
Қазақ  тілінде  екпін  буыны  сөздің  иә  аяғында  келеді,  иә 
аяғына таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғында келетін 
сөздерімен қазақ тілі француз тіліне ұқсас, екпін буыны аяққа 
таяу келетін сөздерімен поляк тіліне ұқсас. Солай болған соң 
француз иә поляк тіліндегі сөздерден өлең жасап шығаратын 
табиғи жол біздің қазақ тілінің де табиғи жолы болып шығады. 
Олай болса, біздің қазақ тілінде өлең шығарудың да негізінің 
шарты – буын санын бірдей орнына келтірумен орындалады. 
Бұл негіздің шарты орнына келмесе, өлеңнің жорғағы келмей-
ді. Жорғағы келмегенде жорға деуге болмаған сияқты, жорғағы 
келмеген өлеңді өлең деуге болмайды
1
.
1
  Бұл  заңнан  тысқары  бағытпен  жол  саламыз  дейтін  Пұтыршылар  деген  бар,  бірақ 
олардікі әлі жол санына кірмеген жоспар сияқты нәрсе.

217
Өлең ШығАрУ
Өлең шығару өнерін білу үшін, өлеңнің түр-тұрпатымен та-
нысу  керек.  Өлең  кестесі  айшық  деп  аталады.  Айшық  түрлі-
түрлі болады. Мәселен, бір өлеңнің айшығы былай келеді:
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын соқса жылжи беру,
Болғандай табан тірек еш нәрсе жоқ. 
Бұл күйге бүгін емес көптен кірдік,
Алды-артын байқамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз
Алалық алты бақан дертпен кірдік. 
................................................................
................................................................
................................................................
................................................................
екінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Сәуірде көтерілер рақымет туы, 
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы. 
Көктен жаңбыр, жерлерден сулар ағып, 
Жайылар жер жүзіне қардың суы. 
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өстірер жерден шөпті нұрдың буы. 
................................................................
................................................................
................................................................
................................................................
Үшінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Бұлттар басып жасырған,
Жаңа түсіп басылған
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден 

218
Жаңа шығып көрінген
 
Гүл қамауда семіп тұр.
 (Маса)
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
төртінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
 
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып, 
 
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл. 
 (Абай)
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
Бесінші өлеңнің айшығы былай келеді:
Дем таба алмай, 
От-жалындай
 
Толды қайғы кеудеге. 
Сырласа алмай, 
Сөз аша алмай 
 
Бендеге
 (Абай)

219
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
Алтыншы өлеңнің айшығы былай келеді:
Сап-сары бел, 
Еседі жел, 
 
Еседі. 
Еседі жел, 
Көшеді ел, 
 
Көшеді.
 (Мағжан)
.....................................................
.....................................................
 
.....................................................
.....................................................
.....................................................
Тағын тағы айшық түрлері толып жатыр.
Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір 
ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ 
болады.  Тармақ  дегеніміз  өлеңнің  әрбір  жолы.  Тармақ  ішін-
де  бірнеше  бунақ  болады.  Бунақ  дегеніміз  өлеңді  айтқанда 
сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы.
Мысалдар:
1. // Мен келдім // Мырзалының // ордасына, //
//Сөз айттым //қасындағы // молдасына. // 
// Әркімдер // жүйрік қазақ // дегенменен, // 
// Көңілім // тоқтамады // бармасыма. //
2. // Білімдіден // шыққан сөз // 
// Талаптыға // болсын кез. // 
//Түрін, сырын // көруге //
// Көкірегінде // болсын көз. //
 (Абай)
3. // Ашуын буған // бассын деп, // 
// Жерімді саған // тастадым. // 

220
// Олжа қылып // жатсын деп, // 
// Елімді саған // тастадым. //
 (Кенесары-Наурызбай)
4. // Бойы бұлғаң, //
// Сөзі жылмаң //
// Кімді көрсем, //мен содан // 
// Бетті бастым, // 
 //Қатты састым, // 
// Тұра қаштым //жалма-жан. //
 (Абай)
Осы келтірген мысалдардағы қос сызықтың арасы бунақ бо-
лады.
Бунақ  ішінде  бірнеше  буын  болады.  Бунақ  буыны  бола-
тын  кәдімгі  сөз  буыны,  мәселен,  әлгі  алынган  мысалдардың 
аяғындағы  «Тұра  қаштым  жалма-жан»  деген  екі  бунақтың 
алдыңғысында төрт буын, соңғысында үш буын бар.
Бунақ  араларында  қос  сызық  тұрған  жерге  келетін  дауыс 
толқынының жіктері кезек деп аталады.
Өлең шумағы бір өлеңде біреу болуға да, бірнеше болуға да 
ықтимал. Бір өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады.
Бір шумақтағы тармақтың азы екеу, көбі онға шейін бара-
ды. Тармақ бір шумақта бір түрлі болуға да, әртүрлі болуға да 
ықтимал.  Бірақ  әртүрлі  болғанда  кесте  ретін  жоғалтпайтын 
төртібі болуға тиіс.
Бір  бунақтың  азы  біреу,  көбі  төртеуден  аспайды.  Бір 
шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Мәселен, 
үш буынды бунақ қалыптас тармақтың бірінің басында келсе, 
өзгелерінің де солай басында келуі тиіс.
Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады.
Бір тармақтың ішінде кезек болуға да, болмауға да ықтимал 
болған халде иә біреу, иә екеу, иә үшеу, онан артық болмайды.
Осылардың  бәрін  дұрыстап  орнына  келтіріп,  оның  үстіне 
және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сөйлемдер өлең бо-
лып шығады.
Жоғарғы  айтылған  шарттардың  бәрі  өлеңде  қалай  орын- 
далатындығын түсінуге әрқайсысына мысал келтіріп қарайық.

221
1. Өлең АйШыҚтАры
1. Жалғыз шумақты өлең
Әманда болар солай әм болар да, 
Жаралған солай етіп бұ жалғанда. 
Ғалымдар толып жатыр, ақылды аз, 
Таныс көп, аз табылар дос адамға.
 (Пушкиннен)
2. Екі шумақты айшық
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым, 
Әр жерде өткізсең де өмір таңын. 
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе, 
Ойнайды аласұрып неге жаным?!
 * * *
Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім, 
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін. 
Гүлсім – күн, көкте ақырын жүзе беред, 
Сүйдіріп-күйдіргенін қайдан білсін?
 (Мағжан)
3. Үш шумақты айшық
Қараңғылық қоюланып келеді, 
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді. 
Күлімсіреп жанындағы жас бала,
Қызық көріп сөнген шоқты үреді.
 * * *
Шоқ үстінен кішкене үшқын ұшты да, 
Біразырақ шоқ қызара түсті де 
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да. 

222
 * * *
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты күліп бала үреді. 
Ой басты ма, әлде көзім талды ма, 
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
 (Мағжан)
4) Төрт шумақты айшық
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көгі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
 * * *
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 
Оттай бер, жануарым екі аяқты!
Адамдық хайуанға қанша қажет
* * *
Жаратқан малды Құдай не керекке, 
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. 
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, 
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
* * *
Таяққа еті үйренген, қойшы жайлап, 
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап. 
Есептен алданғанды болғандар көп, 
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.
 (Маса)
Мұнан әрі бес шумақты, он шумақты, жүз шумақты, онан 
да  көп  шумақты  болуы  ықтимал.  Мәселен,  «Зарқүм»  сияқты 
қиссалар, тең шумақты өлеңдер: Абайдың «Сегіз аяғы» және 
«Көлеңке басын ұзартып» деген, «Масадағы» «Бақ» және «Над-
соннан»  деген,  Мағжанның  «Мен  жастарға  сенемін!»  және 

223
«Күншығыс»  деген  өлеңдері  секілділер  болады.  Бұл  сияқты 
өлеңдер жеке шумақты өлеңдердің де табына жатады.
Тұтас  шумақты  өлеңдер  деп  «Масадағы»  «Ақын  ініме», 
«Жауға түскеннің сөзі» деген, Абайдың «Мәз болады болысың» 
жөне «Антпенен тарқайды» деген өлеңдеріндегі секілді өлең 
шумақтары.  Мағжанның  «Жаралы  жан»  деген  сөзі  сияқты 
өлеңдер – ала шумақты өлең болады.
2. ШУМАҚ тҮрлері
1. Екі тармақты шумақ
Қайрат еркін замандарың!
Тарлықта жоқ амалдарың. 
 * * *
Еркін дала, еркің қайда,
Еркіндегі көркің қайда? 
 * * *
Нулы-нулы жерің қайда?
Сулы-сулы көлің қайда?
 
Еркін көшкен елің қайда?
 
Ел қорғаны ерің қайда?
 
 (Маса)
2. Төрт тармақты шумақ
«Жар-жар»  және  онан  басқа  ескі  өлеңдердің  көбі-ақ  төрт 
тармақты болады. Бұған мысал келтірудің қажеті жоқ.
3.Алты тармақты шумақ
Күніңмен алтын қуанбай, 
Гүліңмен жібек жұбанбай,
  Жеттің де тез, өттің, жаз. 
Ағаш, шөптер қураған, 
Айдын да құрып, суалған,
  Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз. 
 (Мағжан)

224
Бұлттар басын жасырған, 
Жаңа түсіп басылған,
 
Таң шапағы сөніп тұр. 
Жаңаланған өмірден 
Жаңа шығып көрінген,
 
Гүл қамауда семіп тұр. 
 (Маса)
4. Жеті тармақты шумақ
Тұрмысың жырақ, 
Аман ба, шырақ!
 
Күйзеліпсің көбірек, 
 
Миллет үшін бегірек. 
Әманда сақтан! 
Сақтамақ хақтан.
 
Қоршаған дұшпан төңірек. 
 * * *
Миллетке қызмет, 
Жұмлаңа міндет,
 
«Ұйқыңды аш!» дер едік, 
 
«Надандықтан қаш!» дер едік. 
Болмайды үндеп, 
Дұшпан тұр күндеп,
 
Бізде бұл індет.
(Басықараұлы Жүсіпбек)
5. Сегіз тармақты шумақ 
Алыстан сермеп, 
Жүректен тербеп,
 
Шымырлап бойға жайылған. 
Қиуадан шауып, 
Қисынын тауып,
 
Тағыны жетіп қайырған. 
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 
Сөйлеймін десең өзің біл!
 (Абай)

225
«Масада» «Жиған-терген», «Жауап хаттан», Мағжан өлең- 
дерінде «Гүлсімге», «От» сегіз тармақпен жазылған.
6. Он тармақты шумақ
Жабылған көз жасымен жердің бетін
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін,
Жауыздық жалғандықпен қаптағанда, 
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп, 
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп,
Бұзықтық түзіктікті таптағанға, 
Қиналып кім болсаң да, талыққандар! 
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар! 
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып, 
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
(Маса)
Дұрыс  шумақтардың  тармақтары  осы  жоғарыда  айтылған 
өлеңдердегідей  боларға  тиіс.  Бірақ  өлендердің  көбі-ақ  дұрыс 
шумақталмай, тармақтар көбінесе сапырылыс болып келеді.

226
3. тАрМАҚ тҰлғАлАры
Жалғыз бунақты тармақ
Сап-сары бел,
Еседі жел,
       Еседі. 
Еседі жел, 
Көшеді ел,
      Көшеді.
(Мағжан)
Екі бунақты тармақ
Мінсіз таза меруерт. 
Су түбінде жатады. 
Мінсіз таза асыл сөз.
Ой түбінде жатады. 
 * * *
Су түбінде жатқан зат. 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз 
Шер толқытса шығады.
 (Маса)
Қазақтың  жыр  деп  ат  қойған  ескі  өлендерінің  көбі-ақ  екі 
бунақты тармақ болады.
Үш бунақты тармақ
Балалар // оқуға бар, // жатпа қарап // 
Жуынып // киініңдер, // шапшаңырақ. // 
Шақырды // әтеш // мана әлдеқашан, // 
Қарап тұр // терезеден // күн // жылтырап,
 (Маса)
Қазақтың қара өлең деп атаған ескі өлеңдерінің бәрінде де 
үш бунақты тармақ болады.

227
Төрт бунақты тармақ
Бір толарсақ, // бір тобық // санда болар, // жар-жар! //
Қырық кісінің // ақылы // ханда болар, // жар-жар! // 
Әкем-ай! // деп жылама, // байғұс қыздар, // жар-жар! //
Әке орнына // қайын атаң // онда болар, // жар-жар! //
Жазғытұрғы // ақша қар // жаумақ қайда, // жар-жар! // 
Құлын-тайдай // ойнаған // оң жақ қайда, // жар-жар! // 
Қанша жақсы // болса да // қайын атамыз, // жар-жар! //
Айналайын // әкемдей // болмақ қайда, // жар-жар! /
4. БУнАҚ БУынДАры
Жалғыз буынды бунақ өлеңде болмайды. Буын саны бунақта 
екіден кем болмайды. Жоғарыда келтірген «Жар-жар» өлеңінде 
бунақтың екі буындысы да, үш буындысы, төрт буындысы да 
бар:
«Бір толарсақ» бунағы – 4 буынды, «бір тобық» бунағы – 3 
буынды.  «Санда  болар»  бунағы  –  4  буынды,  «жар-жар»  –  2 
буынды.
Қазақ тіліндегі жырдан басқа өлеңде көбінесе бунақтың екі-
ақ түрі жұмсалады:
1)  Үш  буынды  бунақ.  2)  Төрт  буынды  бунақ.  Екі  буын-
ды  бунақ  жар-жар  түрімен  жазылған  өлеңдерде  болмаса  яки 
Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңі сияқты сөздерде болма-
са, тіпті аз жұмсалады. Сондықтан төменде айтылатын сөздер 
бунақтың  жоғарыда  айтылған  екі  түрі  туралы  ғана  баяндама 
болады.
5. Өлең АғынДАры
Өлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде таңдамалы да, 
талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе, өлең өлең 
болмай  шығады.  Талғамалы  орнына  назар  салынбаса,  өлең 
жорғағынан жаңылады.

228
Бунақтың таңдамалы тармағы аяғында болады, талғамалы 
орны тармақтың басы мен ортасында болады.
Тармақтың аяғында ылғи үш буынды бунақ келіп отырарға 
керек иә ылғи төрт буынды бунақ болып отырарға керек.
Мысал: 
1. Үш буын аяғында болғандағы өлең кестесі.
  4 
      4    
   3
Кеудеде от || іште жалын || көзде жас,
  4  
       4    
   3
Күні-түні қайғы жұтқан || сорлы бас.
  4  
       4    
   3
Сабан төсек || тым қараңғы || жатағы
  4  
       4    
   3
Наны қара, || шайы қара || қарны аш.
(Мағжан)
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
2. Төрт буын аяғындағы өлең кестесі.
     3 
        4    
       4
Таласқан || аспанменен || көкпеңбек тас
     3 
        4    
4
Қарасаң || төбесіне || айналар бас
 
     3 
        4    
       4
Жасаған || мейірімі кең || қадыр тәңірі
     3 
        4    
       4
Шығарған || сол тауынан || алтын алмас.
(Мағжан)
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ

229
Осы сияқты өлеңдердің бірін оқып, кешікпей біріне түскенде 
дауыс  ағыны  өзгеретіні  оңай  сезіледі.  Екі  түріне  өлең  алып 
оқып қарайық:
1) Сар дала бейне өлік сұлап жатқан 
Кебіндей ақ селеулер басын жапқан. 
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, 
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
.......................................................................
2. Жаралы бір жан жатыр құба жонда,
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда. 
Бернесі, нұры кеткен көзіменен 
Қарайды бишара жан оңға-солға.
...........................................................
3. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, 
Күні батып, жаңа таңы атпаған. 
Түнеріп жүр күннен туған перілер, 
Тәңірісін табанында таптаған.
..................................................................
4. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, 
Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған. 
Түн баласы тәңірісін өлтіріп, 
Табынатын басқа тәңірі таппаған.
...................................................................
(Мағжан)
Бұл  өлеңдерді  айтпай  тұрып,  әр  шумағындағы  тармақ- 
тарының бунақтарын санағанда, бастапқы екі шумақ өлең мен 
соңғы  екі  шумақ  өлең  екеуінің  арасында  еш  айырмасы  жоқ 
сияқты  көрінеді:  бунақ  саны  да,  буын  саны  да  бірдей,  бірақ 
оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде дауыс ағыны 
өзгеріп,  екеуі  бірдей  болмай  шығады.  Егер  де  әнмен  айтып 
қарасақ, екеуін бір әнмен айтуға болмайды. Екеуіне екі түрлі 
ән болады.

230
Мұнда  екі  түрі  өз  алдына  бөлек-бөлек  шумақтар  да  тұр, 
сондықтан екі түрін өз алдына екі түрлі ырғақпен өлең қылып 
айтуға болып тұр. Екі түрі бір шумақта келсе, онда тіпті өлең 
болмай шығады. Мәселен, мына түрде біреу өлең жаздым де-
ген болса:
     3 
        4    
     4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала,
    4 
        4    
3
Тиеп ап || тері-терсек || бір шана.
     3 
        4    
       4
Ұрлатып || жүгін жолда || жұрдай болып
    4 
      
   4  
          3
Қайтты байғұс || түк алмай || құр ғана.
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХХ || ХХХХ || XXX 
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХХ || ХХХХ || XXX
Мұнда  тармақтардың  аяқтары  ұйқасқан,  бунақтарды  бір-
дей,  жалғыз-ақ  өлең  жорғағы  келмей  тұр.  Жорғағы  келмеген 
соң  өлең  болмай  тұр.  Тармақтары  бірдей,  тармақ  ішіндегі 
бунақтары бірдей, аяқтары ұйқас келген сөздің бәрі өлең бола 
берсе, бұ да өлең болар еді. Нешік, бұл өлең бола алмайды.
Мұнда жорғақ жүріс сияқты дауысты бір қалыппен тербетіп, 
келісті көрсететін өлең жорғағы жоқ, өлеңнің басқа сөздерден 
айырылатын негіздік қасиеті жорғағы онан айрылса, өлең бола 
алмайды.  Жорғағы  жоқ  болған  соң,  бұл  сөздер  өлең  болып 
шыға алмай тұр.
Мұның жорғағын келтірмей тұрған не нәрсе? Бұған кесел 
болып бунақтың орын таңдағандығы яғни бунақтарды табиғи 
тілеген орнына қойылмағандық.
Бунақтар  тармақтардың  аяғында  бірыңғай  келмей,  бірін-
де үш буынды бунақ келсе, бірінде төрт буынды бунақ келіп 
тұр. Оны өлең табиғаты көтермейді. Не үшін көтермейтіндігі 
жоғарыда айтылды.

231
Егерде сол тармақтардың мағына жағын өзгертпей, бунақ- 
тарын  бірыңғай  келтіру  үшін  азырақ  сөздерін  өзгертіп, 
төмендегі түрде айтсақ, жорғағы түзеліп, өлең болып шығады:
     3 
  

      4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала
     3 
  

      4
Тиеп ап || тері-терсек || жегіп шана,
     3 
  

      4
Ұрлатып || жолда жүгін || жұрдай болып,
     3 
  

      4
Үйіне || қайтты байғұс || құрқол ғана.
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХ || ХХХХ || XXXХ 
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХ || ХХХХ || XXXХ
Мұнда анау айтылғандай емес, дауыс ағыны бір қалыпта бо-
лып тұр. Оны олай етіп тұрған бунақтар бірыңғай келгендігі, 
тармақтардың аяғында өңшең төрт буынды бунақтар бірыңғай 
келіп тұр.
Бунақтар орын таңдайды дегеніміз осы болады.
Енді  бунақтар  орын  талғайды  дегенді  баяндайық.  Бунақ- 
тардың талғайтын орындары тармақтардың басында және ор-
тасында  болады.  Шумақ  ішінде  бунақтар  тармақтардың  ба-
сында иә  ортасында бірыңғай  болып  келу  тиіс.  Мәселен,  бір 
тармақтың басында үш буынды бунақ келсе, басқа тармақтарда 
да солай келу тиіс. Әйтпесе өлең өлеңдігінен айрылмағанмен 
жорғағынан жаңылады, айтуға ауырлық келтіреді.
Бұл  кемшіліктен  қазақ  ақындарының  көбінің-ақ  сөзі 
аман  емес.  Әсіресе,  Абай  өлеңдерінде  көбірек  ұшырайды. 
Мұндай  кемшілігі  бар  өлеңдерді  де  сол  күйінде  өзгертпей 
әнге қосуға болмайды. Бірақ бұл жоғарыда таңдау орын тура-
лы  айтылғандай,  түзеуге  келмейтін  кемшілік  емес,  көбінесе 
түзетуге келетін оңай кемшілік.
Тармақтардың  басында  өңшең  үш  буынды  бунақ  келетін 
өлеңдерді  де,  төрт  буынды  бунақ  келетін  өлеңдерді  де,  бас 
бунақтары  бірыңғай  келмейтін  өлеңдерді  де  мысалға  алып, 
жай айтып та, әнмен де қарасақ араларында қандай басқалық 
бар екенін байқау қиын болмайды.

232
Бас бунағы үш буынды өлең
     3 
  

      4
Ызыңдап || ұшқан мынау || біздің маса,
     3 
  

      4
Сап-сары || аяқтары || ұзын маса,
     3 
  

      4
Өзіне || біткен түсі || өзгерілмес
     3 
  

      4
Дегенмен || қара яки || қызыл маса.
     3 
  

      4
Үстінде || ұйықтағанның || айнала ұшып,
     3 
  

      4
Қаққы жеп || қанаттары || бұзылғанша
     3 
  

      4
Ұйқысын || аз да болса || бөлмес пе екен?!
     3 
  

      4
Қоймастан || құлағына || ызыңдаса.
 (Маса)
Бас бунағы төрт буынды өлең
        4 
 

      4
Зор қуаныш || қара түн || өткеніне,
        4 
 

      4
Алтын таңдай || ашық күн || жеткеніне,
        4 
  
3  
       4
Қан аралас || төгілген || көп көз жасы,
        4 
  
4  
       4
Тәңірі қабыл || мейрім қып || өткеніне.
        4  
 

        4
Ерік құсы || қайта ұшып || келгеніне,
        4 
 
       3                    4
Душар болмай || дұшпанның || мергеніне,
        4 
 
      3   
    4
Қайта шықты || батқан күн || нұр шашылды,
        4 
 
      3           4
Мың шүкірлік || тәңірінің || бергеніне.
 (Мағжан)

233
Бас бунағы бірыңғай емес өлең
         4 
         3   
     4
Өлең сөздің || патшасы, || сөз сарасы
         3 
         4                    4 
Қиыннан қиыстырар ер данасы
        4 
         3   
     4 
Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп,
     3 
          4                     4
Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы. 
        4 
          3                   4
Бөтен сөзбен || былғанса сөз арасы
        4 
          3  
     4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.
        4 
           3   
      4
Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан
        3  
           4   
      4
Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы.
......................................................................
 (Абай)
Осы үш өлеңде дауыс ағыны үш түрлі. 
1-ші  өлеңде  дауыс  ағыны  басынан  аяғына  шейін  бірдей. 
Мұны 1-ші ағынды өлең дейміз. 2-ші өлеңнің дауыс ағыны 1-ші 
өлеңдегіден басқа, бірақ оның да басынан бастап аяғына шейін 
дауыс  ағыны  бірдей.  Мұны  2-ші  ағынды  өлең  дейміз.  3-ші 
өлеңде белгілі бір ағын жоқ, бір тармағында бір түрлі ағын бол-
са, екінші тармағында екінші ағын. Бірінші шумағының бірін-
ші және үшінші тармақтарында 2-ші ағын, 2-ші және төртінші 
тармақтарында 1-ші ағын, екінші шумағының бірінші, екінші, 
үшінші  тармақтарында  2-ші  ағын,  төртінші  тармағында  1-ші 
ағын.
Сүйтіп,  2-ші  өлеңдегі  ағынды  өз  алдына  басқа  үшінші 
ағынды  өлең  деуге  болмайды.  Бұл  бірінші  және  екінші 
өлеңдерден ағынымен айрылып тұр. Егер де екі түрлі ағынды 
араластырмай, бір-ақ түрлі ағынды еткіміз келсе, меселен, әнге 
қосамыз  десек,  мұндай  өлеңдердің  бунақтарының  орнын  ал-
мастырып, иә 1-ші ағынға яки 2-ші ағынға түсіреміз.

234
1-ші ағынға түсіргенде:
        3 
        4    
    4
Патшасы || өлең сөздің || сөз сарасы,
       3 
        4   
     4
Қиыннан || қиыстырар || ер дана
  3 
        4   
     4
Жүрекке || тілге жеңіл || жылы тиіп, 
  3 
        4   
     4
Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы.
  3 
        4   
      4
Былғанса || бөтен сөзбен || сөз арасы, 
  3 
        4   
       4
Білімсіз || ол ақынның || бишарасы.
  3 
        4                       4
Тыңдаушы || айтушы мен || көбі надан,
  3 
        4                        4
Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы. 
(Бас бунақ үш буынды, басқалары төрт буынды)
2-ші ағынға түсіргенде
     4 
            3 
    4
Өлең сөздің || патшасы || сөз сарасы,
       4              3 
    4
Қиыстырар || қиыннан || ер данасы.
     4 
            3 
   4
Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп
     4 
 

        4
Жұмыр келсін || теп-тегіс || айналасы.
     4 
             3 
        4
Бөтен сөзбен || былғанса || сөз арасы,
     4 
            3 
    4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.
     4 
 

      4
Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан,
  4 
 
 3 
          4
Сөз танымас || бұл жұрттың || бір парасы.
(Мұнда ортадағы бунақ ылғи үш буынды). 

235
Абайдың бұл өлеңін 1-ші ағыннан гөрі 2-ші ағынға түсіргенде 
сөздерінің ыңғайы жақсы келеді. Бұл 1-ші, 2-ші ағыннан басқа, 
11 буынды өлеңдерде 3-ші ағын болады. Оны қазақ өлеңшілері 
түрікпен ағыны  деп атайды. Не  үшін  олай  атайтындығының 
себебі белгісіз.
3-ші ағынды өлеңдердің аяқ бунақтары ылғи үш буынды бо-
лып, басқалары төрт буынды болып келеді.
М ы с а л:
    4 
 
      4    
3
Қыздыр дейсің || топ жиынды, || жан дейсің,
    4 
 
      4    
3
Қыздыратын || жасты қайдан || ал дейсің.
    4 
 

         3
Өмірімнің || таңын қосып || кешіне,
    4 
 

         3
Бер қайтадан || өткен күннің || әммесін.
    4 
 

          3
Бере алмасаң || кең салалық || бейілді,
    4 
 

           3
Жас қызығын || көрсін жастар || кейінгі.
    4 
 

           3
Тәтті өмірмен || нәпсі көңілін || ауладық,
    4 
 

       3
Қалғанымен || алдантайық || зейінді.
 (Маса)
Жоғарыда баяндалған екі буынды, үш буынды, төрт буынды 
бунақтардан  басқа  ескі  жырларда,  «Кенесары-Наурызбайды» 
шығарған  Нысанбай  жыраудың  сөзінде,  «Ер  Тарғында»  бес 
буынды  бунақтар  да  келеді.  Бірақ  ондай  буындар  тармақтың 
белгілі  бір  мүшесі  сияқты  әман  келіп  отырмай,  бірде  болса, 
бірде  жоқ,  тәртіпсіз,  кез  келген  түрде  болғандықтан  оларды 
тармақтың  тұрлаулы  мүшесіне  санауға  болмайды.  Олардың 
ескі  жырларда  келетін  себебі  ескі  жырлардың  көбінде  тап-
тұйнақтай  таза  өлшеу  жоқ.  Солай  болған  соң,  жорғағы  да 
дұрыс  келмей,  айтуға  ауыр  соғып  отырады.  Жырлар  кесте 
кескіні  жағынан  қарағанда,  нағыз  өлең  сөйлемдер  мен  жай 

236
сөйлемдердің аралығындағы, жорға мен жортақтың арасындағы 
жүріс сияқты, сөйлемнің дүрегей күлдібадам түрі. Сондықтан 
бес буынды бунағы бар өлең деп санауға болмайды. 
Бес  буынды  бунақтар  келетін  жырлардан  мысал  алып 
қарайық:
         5
1.  Ау, хан ием || хан ием!
       4
Айды бұлт || құрсайды;
       5
Ай түнерге || ұқсайды.
      4
Күнді бұлт || құрсайды;
      4
Күн жауарға || ұқсайды.
      4
Көгілдірін || ерітіп,
        5
Көлдегі қулар || шулайды.
      4
Көп ішінде || бір жалғыз 
      4
Көп мұңайып || жылайды,
      5
Күйбеңдескен || көп жаман
      5
Сөзі тигенге || ұқсайды
(Ескі жыр)
      4
2.  Мен күңірентсем || оңалтпан,
      5
Атамның атын || жоғалтпан.
      4 
Бес түлеген || бөрімін,
      4
Белге соқсаң || жығылған

237
      5
Кенеулі қара || бұлтпын,
       4
Қапы жаумай || ашылман.
         5
Бурылша аттай || мықтымын,
       5
Бұғалық салсаң || тоқтаман.
       5
Ұсталар соққан || болатпын 
      5
Үстіме дұшпан || жолатпан.
 (Орақұлы Әлібек)
      4
3.  Не себептен || хан Кене
      5
Қырғызға мұнша || өшікті?
      4
Ақ қалпақты || қырғыздан
      5
Қазаққа берді || несіпті.
      5
Ат мініп, қару || асынған,
      4
Бізді аяма || кесіпті
      4
Есіркесең || болмай ма? 
      5
Жолыңда жатқан || бесікті.
 (Нысанбай жырау)
      4
4.  Ақжүністей || жолдасым!
      5
Әйел де болсаң || мұңдасым!
      4
Қолаң шашты || қой көзді

238
      4
Аш арыстан || жүректі
      5
Палуан жолбарыс || білекті
      5
Жігіттің мәрті || мен едім
      5
Құдіреті күшті || Құдайым,
      5
Сындырмағай || белімді, 
      5
Тарылтпағай || жерімді.
 (Ер Тарғын)

239

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет