О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

6. Бүкпелеу. Сөзді ашып айтпай, ұшығын ғана көрсетіп айту 
бүкпелеу деп аталады. М ы с а л д а р:
1. Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын,
Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын. 
Ақылың көп болғанмен шашың ұзын, 
Жібердің келістірмей сөздің артын.
 (Жарылғасын ақын)
2. Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың, 
Аузыңа келген сөзді сандаладың. 
Әкесін шешесімен нандырады.
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін. 
Білмесе қыз бен жайын бозбаланың.
7. Кекесіндеу. Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыр-
тын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесін-

199
мен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «батырым» деу, 
қара  кісіні  «аппағым»  деу,  ақымақ  кісіні  «данышпаным»  деу 
– осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жа-
тыр, бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады:
1) Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2) зілді кекесін 
(мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).
Кекесін мысалдары:
1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз 
болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:
Бір күнде Досан болды Алтынбекпен, 
Датқаны не қыласың өтіп кеткен. 
Таласып Әлмембеттің ісін алсаң, 
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.
2. Иттерге таласса да жарасады, 
Өйтпесе ит әдетінен адасады. 
Дос болған адамдарға қарап тұрсаң, 
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына түссе нәрсе, 
Иттерден олар артық таласады.
 («Қырық мысал»)
Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен» 
деген.
«Ой, бәрекелді! Ой, сабаз-ай!» дегенде ырза болып айтса, 
қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады.

200
іі. тіл (лҰғАт) әУезДіліГі
әуезділіктің жалпы шарттары
Сөз дыбыстан құралған нәрсе болғандықтан, оның дыбыс-
тары жағымды да, жағымсыз да болып құралуы мүмкін. Сөздің 
дыбыстары құлаққа жағымды-жағымсыз болып құралу сияқты, 
сөйлеудің ішіндегі сөздер де құлаққа жағымды-жағымсыз бо-
лып құралады.
Әуезділік  деп  нені  айтамыз?  Әуезділік  деп  сөз  турасында 
айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды 
болып естілуін айтамыз; сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу ішін-
дегі сөйлемдерінің үндері құлаққа жағымды болып естілуін ай-
тамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы – дыбыстарының 
тізілу  түрінен.  Сөйлеудің  үні  құлаққа  жағымды  болуы 
сөйлемдерінің тізілуі түрінен, сондықтан сөз әуезділігі де бо-
лады, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің 
де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына 
қарайды.  Дауыс  ағымы  сөз  ішінде  дыбыстарының  тіркесуіне 
қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдерінің тіркесуіне қарайды. 
Сөз ішінде дауысты-дауыссыз, жарты дауысты дыбыстар ара-
ласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты дыбыстар көп келеді. 
Бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді. Дауысты дыбыстар 
көп  келген  сөз  үнді  болады,  дауыссыз  дыбыстар  көп  келген 
сөз үнсіз болып шығады. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың 
да  кейінің  үні  аз,  мәселен  (ұ),  (ү),  (і).  Сөз  ішінде  бұлар  көп 
келгенде де сөздің үні кем болып шығады және де кей сөздің 
ішінде қай дыбысы да болса көп келеді де, кей сөздің ішінде 
аз келеді. Сөз әуезділігі жағынан мұның да мәні көп болады. 
Әуезді  сөз  бен  әуезсіз  сөздің  парқын  мынадан  байқауға  бо-
лады.  «Шамалы»  деген  сөзбен  «шанышқы»  деген  екі  сөздің 
құлаққа қайсысы жағымды? Әрине «шамалы» жағымды болып 
тұрғаны:  1)  ішіндегі  дыбыстардың  бірі  дауыссыз  болғанда, 
екіншісі  дауысты  болып,  реттеліп  келіп  тұрғанынан.  2)  Дау-
ысты  дыбыстар  ішінде  көп  болғандықтан  сөздің  үнді  болып 
шыққанынан. «Шанышқы» деген сөзде: 1) дыбыстар реттеліп, 
бірі дауысты болғанда, екіншісі дауыссыз болып келіп отырған 
жоқ. 2) Дауысты дыбыстары аз, сондықтан мұның үні жатық 
емес, мол да емес. Үні кем және жатық болмаған соң құлаққа 
жағымсыз болып естіліп тұр.

201
1. сӨз әУезДіліГі
Сөздің  әуезділігі  ішіндегі  дауысты-дауыссыз  дыбыстар 
оңтайлы  орналасуынан  болады.  Дауысты  дыбыстар  мен  дау-
ыссыз  дыбыстар  аралатпа  болып  келмеген  жерде  яғни  кілең 
дауысты дыбыстар яки кілең дауыссыз дыбыстар қатар келген 
жерде сөз айтуға оңтайлы болмайды. Қазақ тілінде қайсысы да 
болса қатарынан бір жерде екі дыбыстан артық болып келмей-
ді.
Дауыссыз  дыбыстардың  қатарынан  екеуі  келуі  сөйлеу 
әуезділігіне  онша  кемшілік  келтірмейді.  Дауыссыз  дыбыс-
тар  қатар  келетін  сөздер  «жаттықтыру»,  «аптықтыру»  деген 
сияқты  болады.  Бұларда  қатар  келген  дауыссыз  дыбыстар 
екеуден  артық  емес  және  сөздің  үнін  азайтып,  айтуға  онша 
оңтайсыздық  келтіріп  тұрған  жоқ.  Қазақ  тілінде  дауысты 
дыбыстардың  қатарынан  бір  сөздің  ішінде  келуі  тіпті  бол-
майды. Қатарынан келетін кездері қос сөздерде, не екі сөздің 
бірінің аяғы, бірінің басы дауысты дыбыс болып келетін жерде 
болады.  Мәселен,  сары  үй,  торы  айғыр,  қазба  үй,  қара  өлең, 
ата тегін қуса игі еді. Қара маса екен, бала емес, баласы еді, 
қырдағы үй, кесе-аяқ, мосы ағашы деген сияқты сөздер. Дауыс-
ты дыбыстардың бұл сияқты қатарынан келуі айтуға оңтайсыз 
болып, сөздің әуезділігін кемітеді. Бұл кемшілік қазақ тілінде 
көбінесе екі дыбыстың бірін айтып, бірін айтпаумен ғана сезіл-
мейді. Айтқанда «сары үй» демей, «сарүй» дейді. «Торы айғыр» 
демей, «торайғыр» дейді. Басқаларын да солайша бір дыбыс-
пен айтады. Мәселен, «қуса игі еді» деген сөздерді «қусегеді» 
етіп айтады. «Баласы екен» яки «бала екен» деп дыбыстарын 
түгелдемей-ақ, «баласекен», «балекен» дейді.

202
2. сӨйлеУ әУезДіліГі
Сөйлеу  әуезділігі  буын  екпіні  мен  сөз  екпінінің  қолайлы 
орналасуынан  болады.  Әуелі  буын  екпіндерінің  арасы  тым 
жақын  келсе  иә  алыс  келсе,  әуезділігінде  кемшілік  болады. 
Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бір өңкей келгенде 
болады да, тым алыс болып келу өңшең ұзын сөздер бірөңкей 
келгенде болады.
Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнам- 
ды  құралуынан  болады.  Олай  құрастыру  сөйлеушінің  яки 
жазушының  шеберлігін  талғайды.  Сөздің  кестесін  келтіріп 
айту деген сөз Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі – бұлардың 
бәрі сөйлеу әуезділігіне тиісті сипат туралы айтылған сөздер. 
Сөз кестелі келсе, құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды 
болуы әуезділік болады, сондықтан да ондай сөздердің сөйлем- 
дері  өрнекті  сөйлем  деп  аталады.  Өрнекті  сөйлемдердің 
өлеңдісі  де,  өлеңсізі  де  болады.  Өлең  біткеннің  бәрі  әуезді 
сөйлеу табына жатады.
Қысқасынан айтқанда, әуезділікке жағдайлы-жағдайсыз ке-
летін шарттар мынау:
Сөйлеу құлаққа жағымды болмайды:
а) дауысты-дауыссыз дыбыстар ұйлығып қатар келгенде;
б)  сөйлемдер  дұрыс  жасалмаған  кезде,  мәселен,  сөйлем 
мүшелері  орнына  қойылмағанда,  иә  тұрлаусыз  мүшелері  кө- 
бейіп, сөйлемді ауырлатқанда яки басыңқы сөйлем мен бағы- 
ныңқы сөйлемдер жапсарлары дұрыс келмегенде.
Сөйлеу құлаққа жағымды болады:
а) сөйлемдер дұрыс жасалғанда, өрнекті сөйлемдердің кес-
телері келісті жасалғанда.
б) өлеңді сөйлемдердің өлшеулері дұрыс келгенде.
Өрнекті сөйлемдер
Өрнекті  сөйлемдер  деп  құрмалас  сөйлемдердің  бастары 
қосылып, кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер 
нақ  текеметке  яки  кілемге  салған  түр  сияқты  болмағанмен 
өрнек-өрнегімен  айтылады.  Өрнекті  сөйлемді  айтқанда,  дау-

203
ыс  көтеріліп,  төмендеп,  әнше  оралып,  қайырылып  отырады. 
Сондықтан өрнекті сөйлем оралым (яки шұбыртпа) деп атала-
ды. Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы 
болады  да,  екіншісінде  пікір  баяны  болады,  сондықтан  бас- 
тапқы  тақырыпшы  мүше  делініп,  екіншісі  баяншы  мүше  де-
лініп айтылады. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлем- 
ге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті 
сөйлемге айналдыруға болады, өйткені өрнекті сөйлем қанша 
үлкен  болғанмен  яғни  ішіне  кіретін  сөйлемдер  қанша  көп 
болғанмен бәріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ болады. 
Ол  пікірді  көп  сөйлеммен  ұлғайтып  айтуға  да,  шағындап,  аз 
сөйлеммен айтуға да болады. М ы с а л ы:
1. Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, 
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай, 
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, 
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, 
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, 
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
 (Алтыбас Ақмолда)
Мұны шағындап аз сөйлеммен былай айтуға болады: «Бай 
да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де – бәрі де ақырында 
бір өлмек».
2.  «Халық  басына  қайғылы  күндер  туған  заманда  қайрат 
көрсетпеген азамат азамат емес» деген пікірді көп сөйлеммен 
ұлғайтып, былай айтуға болады: «Қаптаған қара бұлттай тор-
лап, түрлі пәле халық басына орнап, не қыларын біле алмай, 
ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта, бар 
шырағын  жақпай,  бар  қайратын  сарып  қылмай,  өз  басының 
амандығымен болып, ұранға шаппаған азамат – ол халық ал-
дында жоқ азамат, не ол жаны бар болғанмен, жануарлықтан 
шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын басының 
пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғарына сатқан аза-
мат болады».
(Темірше)

204
а) себепті оралым. Баяншы мүшесі тақырыпшы мүше- 
сін  дәлелдей  баяндағанда,  оралым  себепті  деп  аталады.  
М ы с а л ы:
Көлден ұшқан қалбаймын, 
Жаманның тілін алмаймын, 
Хақ бұйырған сапардан 
Арыстаным, қалмаймын. 
Асыл достым, сөкпесең, 
Бұл сапарға бармаймын! 
Бұл олжадан алмаймын. 
Асқар тауды бел деген, 
Ақ бармақпен жем жеген, 
Ауырса жеммен емдеген, 
Өзінен басқа көрмеген
Өзінен басқа білмеген. 
Күтіп тұрған анасы –
Өзі әйелдің данасы, 
Тұлпар туған Бурылдың 
Қырық үш күні кем деген.
2. Кеткен кісі келе ме?! 
Алғанын Тәңірім бере ме?! 
Арыстан туған батырлар 
Қатынға билік бере ме?! 
Қатын тіліне ере ме?
Әр талапқа шығарда, 
Қатыным деп тұрар ма? 
Асыл туған Қобыланды 
Қатынға ақыл салған соң, 
Қатынның тілін алған соң, 
Неше батыр болса да, 
Басында билік жоқ адам, 
Арыстан туған құрдасжан, 
Қатын емей немене?!
3. А ... Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап 
би болайын деген ұл екенсің; Алдыңа келсе әділдігіңді аяма, 
аймағың  кетпес  қасыңнан.  Қол  бастап  жол  алайын  деген  ұл 

205
екенсің, жолдастың мыңын алма, бірін ал! Мың кісіге бір кісі 
олжа салатұғын, олжаңды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. 
Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, 
қатын ал; қартайған соң өкінбе, ұлым! Жігіттің хан болатын, 
қатынның ханым болатын уақыты сол. Қару жисаң, мылтық жи 
жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың.
ә) Мақсатты оралымӨрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы  мүшесін  мақсаттай  баяндаса,  оралым  мақсатты 
деп аталады. М ы с а л:
Тобыршық атқа зор салды, 
Ақ алмасқа қол салды. 
Қамшы басты сауырға, 
Екпіні ұсап дауылға. 
Тобығы меңді торы атпен 
Қобыланды шапты ауылға 
Қатуланып қаттанып, 
Буырқанып бұрсанып, 
Мұздай темір құрсанып, 
Қабағынан қар жауып, 
Кірпігінен мұз тамып, 
Ар жақ пенен бер жаққа 
Найзасын ұстап бармаққа, 
Аттанбаққа қалмаққа 
Құдай жолы шалмаққа. 
Сөзге сынық қылды деп
Батыр кейіп келеді. 
Егер шықса алдынан 
Бұлаңдаған Кұртқаның 
Басын кесіп алмаққа.
б) Ұқсатпалы оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, оралым ұқсатпалы деп 
аталады. М ы с а л:
1. Асыл туған Ақжүніс, 
Күнді бұлт құрсайды, 
Күнді байқай қарасам, 
Күн жауарға ұқсайды; 

206
Айды бұлт құрсайды; 
Айды байқап қарасам, 
Түн жауарға ұқсайды; 
Көгілдірін еріткен 
Көлдегі қулар шулайды; 
Шулағанға қарасам, 
Көктен сұңқар суылдап, 
Соғылғанға ұқсайды! 
Бойды байқап қарасам, 
Қол-аяғым созылып, 
Аузы-мұрным суынып 
Хақтың маған бұйрығы 
Таянғанға ұқсайды.
 (Ер Тарғын)
2. Қыстың сақырлаған аязын, түтеген алай-түлей боранын, 
қызыл үскірік суығын бастан кешіріп, жазға жетіп, жадыраған 
шуақта,  балбыраған  жасыл  шөпте  жан-жануарлардың  бәрі 
рақат тауып, жаны қандай жайланады. Сондай-ақ қатал тәртіп, 
қатты қол, қанішер өкіметтен қысымшылық көрген халықтар 
азаттыққа жетіп, жаны жай тапты.
в) Қайшы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесі 
мен баяншы мүшесіндегі пікір бір-біріне қарсы мағынада бол-
са, қайшы оралым деп аталады. М ы с а л:
1) Мен Қырымның ішінде 
Ақша ханның қызы едім. 
Атам менен анамның 
Асыранды қазы едім. 
Қойда бағлан қозы едім, 
Жылқыда шаңқан боз едім, 
Қырым менен Қытайдан 
Тәмам жақсы жиылса, 
Аузындағы сөзі едім.
Бұ заманның шағында 
Жылап тұрған көзім бар
Төгіп тұрған жасым бар, 
Әуре болған басым бар.
 (Ер Тарғын)

207
Ер отаны болғанда,
Пайғамбар жасы толғанда, 
Заманымыз азғанда, 
Жігіттің күні озғанда, 
Берекетсіз балаға 
Оттың басын топ етіп, 
Қырға шығар ішінде 
Біреуін де жоқ етіп, 
Мен алмаймын көбіңді.
 (Ер Сайын)
г) Шартты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесінде 
болжал себеп иә шарт болып, тақырыпшы мүшесінде болжал 
салдар болса, оралым шартты деп аталады. М ы с а л:
1. Намаздыгер өткенше, 
Намазшамға жеткенше, 
Қазан ағаш бағысын 
Түсірмесем жүзіңе, 
Көрсетпесем көзіңе 
Жан серігің Бурылды 
Сол жерде шал, Құдайға!
(Қобыланды)
2. Талайдан бермен жұмсаған, 
Қан көрмесең сусаған, 
Қанға тойсаң жусаған, 
Тауға салсам тас кескен, 
Кеудеге салсам бас кескен, 
Алты аршын ақ болат, 
Қынаптан алып суырып, 
Шаба алмасам маған серт!
3. Айдаһардың тіліндей, 
Салсам кеткен білінбей
Қарағайға саптатқан,
Шұбар туға шұлғаған, 
Әр уақытта көрсетіп, 

208
Талай жауға мақтатқан 
Төрт қырлаған көк сүңгі, 
Жау ішінде жалындап 
Толғамасам маған серт! 
Толғауыма шыдамай, 
Толқып сынсаң саған серт!
 (Ер Тарғын)
4. Сарға.йып келген егін толқынданса, 
Жас орман жел күңірентіп әнге салса, 
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында, 
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса, 
Себілген алмас шың пен шын хош иіс, 
Сары алтын ертеменен иә қызыл кеш, 
Бір топтың қолтығынан күліп қана, 
Бас иіп есендессек күміс ландыш. 
Секіріп салқын бұлаң ойнап сайда, 
Батырып көмескі түсі тұманды ойға, 
Шапқылап шыққан жерін әңгіме қып, 
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе айға, 
Сол уақыт жай табады асау жаным, 
Ашылад басқан ауыр ой қабағым, 
Шын бақты тапқандаймын осы жерде-ақ 
Көремін күн жүзінде, жасағаным...
 (Мағжан)
Бұ дүниеде көрмесең, 
Кұртқамбысың демесең 
Қазаң жетіп бұ жолда, 
Хаққа түзеп бетіңді, 
Арыстаным жөнелсең, 
Жұбайым бар деп еске алсаң
Сұлтаным, сонда мені ізде 
Пайғамбардың туында.
 (Қобыланды батыр)
ғ) жалғасыңқы оралым. Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы 
мүшесіндегі пікір баяншы мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада 
болғанда, жалғасыңқы оралым деп аталады. 

209
М ы с а л ы:
1. Таң сарғайып атқанда, 
Таң Шолпаны батқанда, 
Шал-кемпірдің қойнында 
Арқада Қобылан жатқанда, 
Тайбурыл атқа ер салып, 
Азғана азық жем салып, 
Бәйгеден келген көк дөнен 
Түнімен ұйқы көрмеген, 
Ақ орданың алдынан, 
Жетелеп сонда өткізді, 
Құртқа сұлу көлденең.
2. Тоқсанда атаң Тоқтарбай, 
Бұтында жоқ ыстаны, 
Тізесіне тон жетпей, 
Арқасынан қол кетпей 
Ақ табан боп кәпірге, 
Қой баққанда келерсің. 
Алпыста анаң Аналық 
Арқан есіп, жүн түтіп, 
Қайғыменен қан жұтып, 
Құрт қайнатып жүргенде 
Сұлтаным, сонда келерсің. 
Қарындасың Қарлығаш, 
Абдастасы қолында, 
Дастарханы белінде, 
Пияласы қарында, 
Бөтен жаудың елінде 
Қызылбастың шенінде 
Шай қайнатып жүргенде, 
Сұлтаным, сонда келерсің.
 (Қобыланды батыр)
3. Тоғыз айға толғанда
Шамалы күні болғанда, 
Кіші жұма өткенде, 
Ұлы жұма жеткенде 

210
Боз кемпірді қозғалтты,
Ыңырантты, толғантты, 
Ноғайлының үш кентін 
Шақырып жиын орнатты. 
 (Ер Сайын)
4. Жаздыкүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын бәйшешек 
Ұзарып өсіп толғанда 
Күркіреп жатқан өзенге 
Көшіп ауыл қонғанда, 
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жүні қылтылдап, 
Ат-айғырлар, биелер 
Бүйірі шығып ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Арасында құлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап, 
Жоғары-төмен үйрек-қаз 
Ұшып тұрса сымпылдап, 
Қыз-келіншек үй тігер 
Бұрала басып, былқылдап, 
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
 (Абай)
д) серіппелі оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы  мүшесіндегі  пікірді  кеңінен  толғай  баяндаса, 
серіппелі оралым деп аталады. М ы с а л:
1. Ыстамбол, патша болсаң да Құддыс, Шамға, 
Бұхар мен үкім етсең де Үндістанға, 
Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Римді алып,
Дін түзеп әмір етсең де бұл жиһанға. 
Тұтсаң да жеті ақылымның бәрін тегіс 
Кірерсің ақыр бір күн көрстанға.
2. Есепсіз бай болсаң да Қарынбайдай, 
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай, 

211
Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп, 
Болсаң да әйдік батыр Арыстандай, 
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен, 
Ақырда жатар орның тар лақыт жай.
 (Алтыбас Ақмолда)
3. Шайылған көз жасымен жердің бетін, 
Өткізіп тым өлшеусіз үкіметін. 
Жауыздық, жалғандықпен билесін-ақ
Адал жол, ақ ниетті арам жеңіп, 
Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп, 
Бұзықтық, түзіктікті илесін-ақ 
Қиналып, кім де болсаң талыққандар. 
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар, 
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып, 
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар.
 (Маса)
е) Айырықты оралым. Өрнекті сөйлемнің баяншы мүшесі 
тақырыпшы  мүшесіндегі  пікірді  екі  ұштылай  баяндаса,  ора-
лым айырықты деп аталады. М ы с а л: 
1. Қазақ өнерсіз халық бола тұра, көпке дейін бөтен жұрттар- 
ға бағынбай келгенін түрлі жоруға болады: не бұрынғы заман-
да қазақ мықты халық болған деп, не көшпелі болғаннан сына-
птай сырғып, ешкімнің қолында тұрмаған деп, не ауданы үлкен 
кең дала, ол замандағы айналасындағы көрші жұрттардың уы-
сына сыймаған деп.
2. Сен неге, тұлпар атым, кісінейсің, 
Жабығып неден көңілің, түсті еңсең ?
Ерігіп ауыздығың қарш-қарш шайнап
Бұ қалай, бұрынғыдай сілкінбейсің? 
Әлде мен бабың тауып бақпадым ба, 
Болмаса, жемнен қысып, сақтадым ба? 
Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе, 
Жібектен тізгініңді тақпадым ба? 
Малдырып сап алтыннан үзеңгіңді, 
Тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
(Маса)

212
3. Азамат, анау қазақ қаным десең, 
Жұмақтың суын апар жаным десең, 
Болмаса ібіліс бол да, у алып бар 
Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең...
(Мағжан)
ж)  Қорытпалы  оралым.  Оралымның  тақырыпшы  мүше- 
сіндегі  пікірді  баяндау  мүшесі  қорытатын  болса,  оралым 
қорытпалы деп аталады. Мысалы:
Еркімен  ұшып,  еркімен  қонатын  құс  сияқты,  жер-су  мол 
шағында, жұрттың көбі еркімен қонып жүрген болса, онан бері 
келе адам баласы өсіп-өніп, жер тарылған кезде көшуді тастап, 
отырықшылыққа  айналған  болса,  онда  жұрттың  көшпелі  иә 
отырықшы  болуының  себебі  жердің  кең,  тарынан  болғаны 
ғой.
Оралым әман бір түсті болып келе бермейді. Әр түстісі ара-
ласып та айтылады.
Өлеңді сөйлемдер
Атам  заманнан  бері  адам  баласының  сөзі,  асылында  екі 
түрлі орынға жұмсалған:
1) Күн көріс ісіне. 2) Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара 
сөз деп, соңғысына өлең деп қазақ ат қойған.
Өлеңнің  өзі  де  қазақта  екі  түрлі  болған:  бірі  әнді  болған, 
екіншісі  мәнді  болған,  әнді  өлеңнің  сөзінен  де  әніне  көбірек 
құлақ  салған.  Сондықтан  әнді  өлеңді  айтушы  әнінің  ажар-
лы болу жағына тырысып, сөздің ажарлы болу жағына онша 
ыждаһат қылмаған. Ал мәнді өлеңде жұрттың құлақ салатыны 
ән емес, сөз болған соң, айтушы сөздің ажарлы және мағыналы 
болу жағына көп тырысқан. Сол себепті әнді өлеңнің сөзінен 
мәнді  өлеңнің  сөзі  ажарлырақ,  мағыналырақ  болған.  Әні  ба-
сым,  мәні  кем,  ажары  аз  өлеңге  қара  өлең  деп  ат  қойып,  әні 
кем, мәні мол өлеңге жыр деп ат қойған.
Бұрынғы  заманда  қара  өлең  мен  жыр  екеуінің  арасында 
ажар  және  мағына  жағынан  қандай  бөлектік  болғаны  «Жар-
жар» мен «Беташар» өлендерінен көрініп тұр.

213
жАр-жАр
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар?
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар!
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! 
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! 
Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! 
Шешең үшін қайын енең онда болар, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар! 
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар! 
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!
..............................................................................
БетАШАр
Айт келін, айт келін! 
Атың басын тарт, келін! 
Жұмыртқадан ақ, келін! 
Келін-келін, келіншек, 
Кер биенің құлыншақ! 
Алдыңғы түйең итіншек, 
Артқы түйең тартыншақ.
Итіншек деп түйеңді 
Басқа ұрма, келіншек! 
Тартыншақ деп түйеңді 
Көтке ұрма, келіншек!
Қайын атаңның алдында, 
Қақаңдама, келіншек! 

214
Үйге түскен түйені 
Бақандама, келіншек! 
Қаптың аузы бос тұр деп 
Құрт ұрлама, келіншек! 
Өзің жатып байыңа 
«Тұр,тұрлама», келіншек!
Кей келіншек еріншек,
 Еріншек болма, келіншек! 
Кей келіншек көңілшек, 
Көңілшек болма, келіншек!
............................................
«Жар-жарға»  қарасақ,  оның  ішінде  ән  үшін  болмаса,  мән 
үшін керек емес сөздер толып жатыр. Мәселен, бір толарсақ, 
бір тобық санда болар, жар-жар! деу сияқты сөздер және сол 
сөздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, сөзі көп.
«Беташарда» ондай артық сөздер аз. Мұнда бір сөз қайта ай-
тылса, орнымен, келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гөрі... 
«Беташар» мағыналы, маңызды да. «Беташар» қасында «Жар-
жардың» мағынасы сұйық көрініп тұр.

215

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет