О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

КӨрнеК Өнерінің тАрАУлАры
Көрнек өнері бес тарау болады:
Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан яки болмаса басқа зат-
тан сәнін келтіріп сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй, там 
сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады (европа-
ша архитектура).
Екінші  –  балшықтан  я  металдан  құйып,  тастан  я  ағаштан 
жонып,  нәрсенің  тұлғасын,  тұрпатын,  сын-сымбатын  келті-
ре сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері болады (европаша 
скульптура).
Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-
келбетін  келтіріп,  сүгіреттеп  көрсету  өнері.  Бұл  кескін  өнері 
болады (орысша живопись).
Төртінші – әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайра-
уын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй 
тарту өнері. Бұл әуез өнері (европаша музыка).
Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен 
келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, 
арабша әдебиет, европаша литература).
Өнердің  ең  алды  сөз  өнері  деп  саналады.  «Өнер  алды 
қызыл  тіл»  деген  қазақ  мақалы  бар.  Мұны  қазақ  сөз  баққан, 
сөз  күйттеген  халық  болып,  сөз  қадірін  білгендіктен  айтқан. 
Алдыңғы өнердің бәрінің қызметін шама қадарынша сөз өнері 
атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сым-
батты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй бол-
сын  сөзбен  сөйлеп,  сүгіреттеп  көрсетуге,  танытуға  болады. 
Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Сөзбен қандай сымбаттау 
я кескіндеуге болатындығын көрсету үшін бірнеше мысал кел-
тіріп қарайық.
1) Абайдың әйелді сымбаттауы:
 
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласыз қара көзі нұр жайнайды!
Жіңішке қара қасы сызып қойған
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Көрінер аузын ашса, кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

152
 
Сөйлесе сөзі әдепті һәм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды
Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Тамағын үлбіреген күн шалмайды.
 
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
 
Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Шашы бар қолаң қара жібек талдай,
Торғындай толқындырып көз таңдайды.
2) Абайдың күзгі күнді сүгіреттеуі:
 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Айырылған жапырағынан ағаш, қурай.
 
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп, шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
 
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шөміші жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де жабыраңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
 
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Тышқан аулап, үйде ит жоқ қайда көрсең.

153
3) Мағжанның толқынды сипаттауы:
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
 
Толқын мен толқын жарысад,
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен
 
Жарысып жарға барысад.
* * *
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
 
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып,
Жыландай жүзге бұралып,
 
Жарға жетер ентелеп.
* * *
Еркелеп бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
 
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен
 
Жарының бетін жуады.
* * *
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жар тасын,
 
Сүйтіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны – күлгені,
Күлгені – оның өлгені.
 
Жылай-күле өледі.
* * *
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
 
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді, 
Береді де өледі.
 
Өледі толқын, тұрады.

154
4) Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы:
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа.
 
Шырқып, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сынды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы оятар.
Көбінесе ән басы келер ащы,
Кел тыңда, деп өзгеге болар басшы
Керім толғап тауысар дүңгір-күңгір,
Сол жеріне ойыңмен араласшы.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
сӨз Өнері
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 
2) қиялға; 3) көңілге.
Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға 
салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі 
нәрселердің  тұрпатына,  бернесіне  ұқсату,  бернелеу,  суреттеп 
ойлау. Көңіл ісі – түю, талғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың 
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа-
рау.  Мұның  бәріне  жұмсай  білетін  адамы  табылса,  тіл  шама 
қадарынша  жарайды,  бірақ  тілді  жұмсай  білетін  адам  табы-
луы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, 
көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айт-

155
пай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жет-
кізу қиын екендігін мынадан байқауға болады: орыстың асқан 
ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. 
Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған 
сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай өзгертеді екен. 
Бұл  ойыңдағы,  қиялыңдағы,  көңіліңдегі  нәрсені  тілмен  ай-
тып жеткізу өте қиын екендігін көрсетеді. Сөз өнері жүзінде 
асқан өнерпаздар мүддесін тілмен айтып жеткізе алмай, сон-
дай  қиналғанда,  өзгелерге  ондай  іс  оңай  болып  табылар  ма? 
Сондықтан  сөзден  жасап  сөз  шығару  деген  жұмыс  әркімнің 
қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі 
бірдей жақсы бола бермейді.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да ішінде бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістрер қай баласы?, – 
деп  Абай  айтқандай,  сөз  шығаратындар  көп,  бірақ  келіс- 
тіргендері  аз  болады.  «Алуан-алуан  жүйрік  бар,  әліне  қарай 
жүгіреді».  Әр  ақын,  әр  жазушы  сөздің  басын  өзінше  құрас- 
тырып, өз оңтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді, сондықтан 
әрқайсысының  лұғатында  өзіндік  айырымы,  өзіндік  белгісі 
болады.  Ол  айырым  белгілерін  жай  айтып  түсіндіру  қиын. 
Әрқайсысының  шығарған  сөздерін  оқып,  әбден  танысып, 
үйреншікті  болғанда  ғана  сезілетін  белгі.  Шеберлердің 
қолынан  шыққан  нәрселермен  таныс  адам  сол  шеберлердің 
істеген нәрселерін қай жерде көрсе де айтпай таниды. Мәселен, 
пышақты көріп, «мынау пәлен ұстаның қолы екен» дейді; ерді 
көріп «мынау пәлен ершінің қолы екен» дейді. Сол сияқты сөз 
өнерпаздарының  да  шығарған  сөздерін  оқып,  лұғатына  үйір 
болғаннан  кейін,  оның  бұрын  оқылмаған,  аты  қойылмаған 
сөздерін де айтпай тануға болады. Сөздің өзін танытатын белгі 
– тіл яки лұғат белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен, 
өз  оңтайымен  сөз  тізіп,  әдеттенуінен,  салттануынан  болады. 
Әркімнің  өз  салты  болғанмен,  ол  салттар  жалпы  сөз  тізу 
салттарынан,  шарттарынан  аса  алмайды.  Сөз  шығарушылар 
әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, 
өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан 
сөз шығарушылар бәрінен бұрын шарттарын білу қажет.

156
ШығАрМА сӨз
Сөз  өнерінен  жасалып  шығатын  нәрсенің  жалпы  аты 
шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп ай-
тылады. Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз 
болсын бәрі шығарма сөз болады. Шығарманың түрлері толып 
жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет, 
қазақша асыл сөз дейміз.
Шығарма  сөздің  бәрінен  бұрын  байқалатын  тысқы  нәрсе- 
лері: 1) тақырыбы; 2) жоспары; 3) мазмұны; 4) түрлері.
тақырып  –  әңгімедегі  пікір  не  туралы  болса,  сол  нәрсе 
тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығар- 
маның тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы 
«той»  болады,  ат  туралы  болса,  тақырыбы  «ат»  болады. 
Әңгімедегі  пікір  не  туралы  екенін  күн  ілгері  білдіру  үшін 
шығарманың тақырыбы басына қойылады. «Айман-Шолпан», 
«Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» 
деген сөздер шығарма тақырыптары болады және бұл сөздер 
Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай 
Жомарт  турасында  айтылатын  әңгімелердің  басында  тұрады. 
Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жа-
мал»  деген  сөздерді  көріп,  кім  туралы  екенін  бірден  білеміз, 
бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бер-
мейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмай- 
ды, үйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы айты-
лып кетеді. Тақырыбы бар сөздер Айман-Шолпан», «Бақытсыз 
Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған 
сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен ата-
лады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. 
Оларды  атағанда  алдыңғы  сөздерін  айтып,  атаймыз:  «Өзгеге 
көңілім тоярсың», «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дей-
міз.
жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін 
қай  ретпен  жазатынын  мерзімдеп,  жоспарлап  алады,  онысы 
неден  басталады,  неден  соң  нені  айтып,  немен  аяқтайтынын 
белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я 
ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма 

157
сөзде де болса, жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, тәртібі 
сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, 
ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне 
сәйкес  жоспары  болады.  Балғожаның  баласына  жазған  хаты 
деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мы-
нау:
1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіру;
2) Баласына айтқан ақылы;
3) Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі.
Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, 
мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан 
өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары 
да үлкенірек, мынадай:
1) Құрбысының кім екені;
2) Құрбысының қонуға келгені;
3) Құрбысының қондырмағаны;
4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы;
5) Көңілдестігін көрсетуі.
Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны бо-
лады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз – бір нәрсе туралы 
ойға  алған  пікірді  айтуға  жұмсаған  бүкіл  сөзіміз  мазмұн  бо-
лып  шығады.  Мазмұнның  үш  мүшесі  болады:  1)  аңдату;  2) 
мазмұндау; 3) қорыту.
Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға 
керек  болған  ғана  ойлар  айтылып  шығады,  сондықтан 
мазмұнның  бұл  мүшесі  шығарған  сөздің  бәрінде  де  бола 
бермейді.  Аңдату  мүше  шығарманың  керегіне  қарай  бола-
ды.  Мазмұндауында  ой  тиегін  ағытқан  сияқты  айтайын  де-
ген  пікірдің  бәрі  айтылады.  Мазмұндау  шығарманың  мазмұн 
мүшесінің  ең  зоры,  онсыз  шығарманың  мазмұны  болмай-
ды.  Мазмұнның  қорытуында  мазмұндауда  айтылған  пікірдің 
қорытылып, маңызы шығарылады. 
Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ 
да керегіне қарай болатын мүше, сүйтіп шығарма мазмұнының 
аңдату,  мазмұндау,  қорыту  үш  мүшесінің  үшеуі  де  болуға 
ықтимал;  басқалары  болмай,  жалғыз  ғана  мазмұндау  болуға 
да ықтимал; кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады; кейде 
мазмұны мен қорыту ғана болады.

158
түрі.  Шығарманың  мазмұны  қай-қай  түрде  айтылса,  сол 
түрі шығару түрі деп айтылады. Шығарманың мазмұны төрт 
түрде айтылады: 1) жай сөйлеу түрде; 2) сөйлестірген түрде
3) хат түрінде; 4) аралас түрде.
М ы с а л: 
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл, деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, 
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
2.  Кебек:  –  Ассалаумағалейкүм!  Кеш  жарық!  (төрге 
шығады).
Ақан: – Аликсалам, е-е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық 
Кебек:  –  Ата,  мен  тобықты  Тоқтамыстың  інісімін.  Атым 
– Кебек болады (Еңлік қарайды).
Ақан:  –  Уа,  тобықтының  ер,  азаматы  аман  ба?  Елдерің 
тыныштық па?
Кебек: – Шүкіршілік, аман, ата! (үй ішіндегілердің бәрімен 
де амандасады. Біраз тым-тырыс).
Ақан:  –  Жарқын,  беймезгіл  уақытта  келдің,  мына  пісіп 
тұрған  дәмге  риза  боламысың,  жоқ  қайтадан  қазан  көтерсін 
бе?
Кебек: – Осы да болады ғой, ата! Көтермей-ақ қойсын.
Ақан: – Өзің түнделетіп қайдан жүрсің, балам?
Кебек: – Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде 
түлкінің  ізі  кездесіп  еді,  аң  көздің  құрты  ғой,  күн  батқанға 

159
қарамай,  соның  ізіне  түсіп,  жаңа  мына  бір  жердегі  шатқалда 
алғыздым. Соған алданып жатқанымда бұлыңғыр түсіп кеткен 
екен, әйтеуір иттің дауысымен осында әрең жеттім.
Ақан: – Мақұл, балам. (айқайлап) Жапал, әй, Жапал!
Жапал (тыстан) – Ау, немене?
Ақан:  –  Қойды  көңге  қайырып  қой,  балам,  ығып  кетіп 
жүрмесін, боран болып, үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын 
ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
3. Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам!
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың ортасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
Шығару  түрі  шығармаларда  дәйім  бірөңкей  болып,  осы 
көрсеткен  мысалдардағыдай  кілең  сөйлеу  түрінде  я  кілең 
сөйлестірген  түрде  яки  кілең  хат  түрінде  болып  айтыла  бер-
мейді.  Көбінесе  аралас  түрде  айтылады,  әсіресе  сөйлеу  мен 
сөйлестірген түрлері аралас келіп отырады.
М ы с а л:
жәнібек батыр
Жәнібек  батыр  бала  күнінде  ақыл-білім  үйрену  үшін 
қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп 
кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам 
екен, Жәнібекті көріп:
– Сен қай ұлсың? – дейді. 
– Қошқар ұлымын, – деді.

160
– Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың 
ба? – дейді.
– Болармыз, – деді.
– Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? – дей-
ді.
– Осы жақта қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі 
ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, – деді.
– А-а! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап 
би болайын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, 
аймағың кетпес алдыңнан.
Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мың- 
ын алма, бірін ал, мың кісіге бір кісі олжа салатұғын! Олжаң- 
ды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға 
келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал. Жігіттің 
хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол. Қартайған 
соң  өкінбе,  ұлым!  Қару  жисаң  мылтық  жи,  жаяу  жүрсең  – 
таяғың, қарның ашса – тамағың!
Мұнан  шығып  Кіші  жүзде  тоқсанға  келіп  отырған  Тайған 
деген биге келеді. Келсе, бидің елі көш екен. Көш үстінде кез 
болып сәлем беріп, ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, 
бұл би де сұрайды: 
– Жаным, қай ұлсың?
– Қошқарұлымын.
– Ұлым, неғып жүрсың?
Жәнібек оған да айтады:
– Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын 
алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім, – деп.
– Е-е-е!, – деді би. Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы 
Жәнібегі  алшынның  бір  алжыған  шалын  келемеж  қылып  ке-
тейін деп едім десеңші.
Жәнібек:
–  Мен  сөз  сұраймын  деп  келсем,  көңілімді  қайтарды  ғой, 
–  деп  атының  басын  бұрып  алып,  жүріп  кетеді.  Анадай  жер 
барғанда, би:
 Әй, Жәнібек, – деп шақырады. Жәнібек артына қарайды. 
Сонда би:

161
 – Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір 
ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге салма, қанатың 
талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар, – депті.
МАзМҰн тҮрлері
Шығарманың  мазмұнында  байқалатын  негіздік  түрлер 
үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу; 3) байымдау.
Дүниедегі  нәрсенің  қайсысы  туралы  сөйлесек  те,  бір 
жағынан  ғана  емес,  әр  жағынан  алып,  сөз  қылуға  болады. 
Мәселен,  бір  адамды  сөз  қылуға  алсақ  я  ол  адамның  істеген 
ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, 
кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз я болмаса 
ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының 
мәнісін,  себебін  тексере,  байымдап  сөйлейміз.  Осыған  қарай 
сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама 
болып шығады.
Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын 
түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі. 
Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді сипаттауы», «Күзді 
әліптеуі»; Мағжанның «Толқынды сипаттауы»; Абайдың «Әнді 
сипаттауы».  Байымдау  болатыны  –  «Балғожаның  баласына 
жазған хаты».
Көбінесе-ақ  әуезе,  әліптеме,  байымдама  шығарма  ішінде 
аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы 
да болса, таза бір түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрінің ара-
лас  келетін  шығарманың  мысалы  жоғарыдағы  «Жәнібек  ба-
тыр» деген сөз.

162
БІРІНШІ БӨЛІМ
_______________________________
сӨз Өнерінің ғылыМы
Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз.
Сөз  шумағы  тіл  деп  аталады.  Сөз  өнеріне  жұмсалған  сөз 
шумағы да тіл я лұғат деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) Ақын тілі. 2) Әншейін тіл. 
Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – он-
дай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, 
сөзге айрықша өң берілгендіктен лебіз көрнекі болып шығады. 
Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен 
лебіз  сида,  жалаңаш  болып  шығады.  Сондықтан  алдыңғысы 
көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң не көсе лебіз делініп ай-
тылады.
Сөз өнері деп, асылында, нені айтамыз?
Бір  нәрсе  турасындағы  пікірімізді,  яки  қиялымызды,  яки 
көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз 
өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, 
қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару 
сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз. 
Сөзді  бұлай  етіп  шығаруға  көп  өнер  керектігі  жоғарыда  ай-
тылды. Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек 
қылады. Сонан сөз өнерінің ғылымы туады.
Шығарманың екі жағы бар: 1) ішкі пікір жағы, 2) тысқы тіл 
жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1) шығар- 
маның түрінің ғылымы, 2) шығарманың тілінің ғылымы.
Тілінің  ғылымы  дыбыстардың,  сөздердің,  сөйлемдердің 
заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, ал түрінің 
ғылымы  сөз  өнерінен  шыққан  нәрселердің  мазмұн  жағының 
жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы тіл өңі 
жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз 
жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді.
Әр саласы айырылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы.

163
і. сӨз Қисыны 
(Яки лұғат қисыны)
Сөз қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын заңдарын, 
шарттарын  танытатын  ғылым.  Лебіз  ғылымының  мақсаты 
–  асыл  сөздердің  асыл  болатын  заңдарын  білдіріп,  түрлерін 
танытып,  әдебиет  жүзіндегі  өнерпаздардың  шығарған  сөз- 
дерінің  үлгі-өнегелерімен  таныстырып,  сөзден  шеберлер  не 
жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету.
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. 
Үй  салуға  мәселен,  түрлі  зат  керек.  Ол  керек  зат  –  топырақ 
болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. 
Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-
жаман  болып  шығуы  балшығынан  да, кірпішінен  де болады, 
бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай 
жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға 
қарай  болады.  Неғұрлым  жоба  жасайтын  сәулет  өнерпазы 
қиялға  бай  болса,  соғұрлым  салған  үй  сәулетті,  әдемі  болып 
шықпақ.
Сөзден құрастырып, пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын 
зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, ды-
быстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау 
сияқты сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі 
болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан бо-
латыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны сөздің дыбы-
сынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, 
кірпіші  жақсы  болмайды,  кірпіш  жақсы  болмаса,  үй  жақсы 
болып  шықпайды.  Сол  сияқты  сөздің  дыбысы  жаман  болса, 
дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды бо-
лып шықпайтыны рас, бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы 
сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.
Сондықтан  мәнісінің  зоры  кірпіштің  қалауында,  жобаның 
жасауында болған сияқты, әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің 
тізілуі мен әңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сәулет 
өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сәулетті, әдемі бо-
лып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікір-
ге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, әсерлі, әдемі 
болып шықпақ. Жақсылап үй сала білу үшін сәулет өнерпазы 
үй салуға ұсталатын заттардың сыр-сипатын, қасиетін жақсы 

164
білу  тиіс.  Оларды  тиісті  орнына  жұмсауын  жақсы  білу  тиіс. 
Кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен 
үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның 
бәрін жақсы білу үшін сәулет өнерінің ғылымын жақсы білуі 
керек. Сондай-ақ, сөзіндегі сөзден құрастырып қисынын кел-
тіріп, жақсылап бір нәрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын 
жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын 
тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр-сипатын 
білу сияқты нәрсе. Керек заттарын сайлап алып, үй салуға кірі-
су – дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың 
әрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі әңгіме шығаруға 
кіріскен сияқты болады. 
Айтушы  ойын  өзі  үшін  айтпайды,  өзге  үшін  айтады,  сон- 
дықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. 
Оның  үшін  айтушы  сөйлейтін  тілін  жақсы қолдана  білу тиіс 
яғни  әр  сөздің  мағынасын  жақсы  біліп,  дұрыстап,  сөйлемді 
тізе білу тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден 
үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан 
әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде 
иә  жазып  қолданумен  біледі.  Біз  қазақ  тіліндегі  сөздің  бәрін 
білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Сөзді 
қолдана білу – айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала 
білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап 
қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бір-
дей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім 
әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін ай-
тып шығатын әңгіме түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де 
әркім  әртүрлі  сөз  қолданады.  Мәселен,  біреу  «амансыз  ба?» 
деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе?» деп, 
біреу «күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бәрінің де 
ой, мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ 
әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.
Сол  сияқты  әркім  пікірін  сөз  қылып  шығарғанда  да  ана 
тіліндегі сөздердің әрқайсысын әртүрлі қолданады. Қысқасын 
айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше 
тұтынады.  Әркім  өз  қалауынша  алып,  өз  оңтайынша  алып 
тұтынған сөзі сол адамның сөзі болады.
Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл 
қисыны деп айтылады.

165

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет