О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

лерМОнтОвтАн
19
Екі өзен – Кура, Арагуа ағып келіп, 
Кездесіп бір-біріне сәлем беріп.
Жерінде екеуінің нақ көріскен,
Аңсаған ағайындай бауыры еріп.
 
Монастырь тұрушы еді бұрынырақ, 
 
Өзі жоқ, бұл күнде бар орны бірақ. 
 
Жаяуға таудан шыққан көрінеді, 
 
Бағандар қақпа орнында қалған құлап.
Бұзылған шіркеудің тұр қабырғасы, 
Көрінбес қазір бірақ онда шырақ.
Бұл күнде монахтар да
20
 да жоқ ішінде, 
Көп үшін дұға
21
 қылғыш тілек сұрап.
 
Құлаған орнын қарап бағатын бір, 
 
Жан түгіл, өлім зорға табатын бір, 
 
Күзетші, жарымжан шал молалардың 
 
Тастарын сүртіп, шаңын қағатын бір.
Сөйлейді тас жазуы өткендерін, 
Қайрылмай қандай дәурен кешкендерін. 
Мәселен пәлен патша пәлен жылы, 
Орысқа жұртын табыс еткендерін.
* * *
 
Бір жылы монастырға тұрған жолда, 
 
(Ішінде монахтары бар кезі онда)
 
Келді де орыстың бір жандаралы, 
 
Қасында жау баласы түскен қолға. 
Тифлис шаһарына өтіп кетті,
Баланы науқастанған тастап сонда.
19
 Отрывок из поэмы Лермонтова «Мцыри».
20
 Монах – сопы (А.Байтұрсынұлының түсініктемелері). 
21
Дұға – араб сөзі, «мінәжат», «ғибадат» деген мағынада.

137
Шамасы бала сонда алты жасар, 
Қурайдай жіп-жіңішке, нәзік, нашар. 
 
Сықылды тау киігі жатырқағыш,
 
Жоламай жанға жақын сырттан қашар.
 
Батса да дерті жанға қанша қинап,
 
Сыр бермей жатты бала күшін жинап. 
Қайыспас тұқымына біткен қайрат, 
Шынықты дертпен қатар іште ширап.
Ауырып жатса-дағы өлім халде, 
Аңқылдап шақпас дертін еш адамға. 
 
Жалғыз-аң ишаратпен
22
 білдіреді,
 
Мейлі шаппағанын дәм-тағамға.
 
Біреуі монахтардың жатсынбай-ақ, 
 
Қарады бақты есіркеп, баланы аяп.
Емімен жаны ашыған жақындықтың, 
Өлімнен аман қалды барып таяп.
Әуелі жүрді бәрін бөтенсініп,
Бала боп жоқ ойнау еш жеңілшілік.
 
Жатырқап жан адамға жоламастан,
 
Үндемей дәйім оқшау бөлек жүріп.
 
Сағынып туған жерін, күншығысқа 
 
Қояды қарап-қарап құр күрсініп.
 
Сонан соң жат қолында жалғыздыққа, 
 
Көрінді үйренгендей тілін біліп.
* * *
Баланы шоқындырды поп папасы,
Өскен соң монах қылмақ ер адасы.
Таныспай дүниемен талақ етіп,
Қалыпты қол тапсырар уағдасы.
22
 Ишарат – араб сөзі «нұсқау», «белгі», «лебіз» деген мағынада.

138
 
Бір түні жоқ боп шықты қашып зытқан, 
 
Айнала қалың орман, тауға шыққан.
 
Үш күндей әуре болып іздеп, іздеп,
 
Үмітті үзердей боп әрең тапқан.
Таптық деп жатқан жерде есін танып, 
Қайтадан монастырға келісті алып. 
Тартқандай аштық, бейнет, дерт азабын, 
Бозарып, қатты жүдеп, қалған арып.
 
Ешкімге сұраса да түк үндемей,
 
Солады күннен күнге бейне гүлдей.
 
Өлерге таянғанда қарт монах кеп,
 
Үгіттеп, «қылмысың бар, – деді, – нендей?»
Балаға шалдың сөзі болды қайрақ,
Көтеріп жерден басын, көзі жайнап.
Қатайып қалған бойда күшін жиып,
Тарқатып шерді бала айтты сайрап:
 
Сен келдің, өлерде айтар сыр тыңдауға, 
 
Ризамын, келгеніңе бұл тыңдауға.
 
Көкірек жеңілткенім маған жақсы,
 
Сөзімді керек болса, кім тыңдауға.
Қылмыс жоқ, бәһре алып пайдаланар,
Ісім бар, айтып өтер құр тыңдауға!
Айтуға жан жарасын тіл жетер ме?!
Сала бер құлағыңды, мұң тыңдауға!
 
Дүние болды маған аз-ақ серік,
 
Ол-дағы тұтқындықта, қамауда еріп.
 
Бұл түрлі тіршіліктің екеуіне,
 
Толық бір өмір алу сатса беріп.
Жалғыз-ақ, ұлық тұттым ойдың күшін, 
Жалғыз-ақ, бір құмарды сақтады ішім. 

139
Жанымды құрттай жайлап, жегідей жеп, 
Күйдіріп сол құмар-ақ бітірді ісін.
 
Шақырды құмар мені бұл орыннан, 
 
Бықырсып, пысынаған жылы орыннан. 
 
Қатерден қан қайнайтын жерге шық деп, 
 
Өлімге тіршілігі құл орнынан.
Ой ұшты, адам құстай, азат жаққа,
Өлім мен өмір қатар қабат жаққа.
Таулары басын бұлтқа жасыратын,
Ләззат мол тіршілікте ғажап жаққа.
 
Сол құмар мен жасымнан баққан баптап, 
 
Айтпастан еш адамға іште сақтап.
 
Асырап көз жасымен түн болғанда,
 
Жасырын жұрттың бәрі жатқанда ұйықтап. 
 
Мұнымды жария ғып мойныма алып, 
 
Ешкімге жалынбаймын, кеш деп ақтап.
* * *
Жел жұлған жапырақтай ұшып келіп,
Күн түспес күңгірт жерде солдым семіп.
Өлімге ара тұрып, алып қапсың,
Қажет не? Жақсы еді ғой қалған өліп. 
Тұнжырап тұщы жүз жоқ, өстім жалғыз, 
Сопылық, бала басым күнін көріп.
 
Сүйікті «әке-шешем» дейтін сөздер, 
 
Оны айтпай еш адамға жан не төзер?! 
 
Жүрекпен бірге туған тәтті сөзден, 
 
Ұмытып жат қолында дедің безер.
Жанмен бір туған үндер жоғалар ма? 
Қарасам үлкендерге, балаларға:
Туысқан, үй, ұлты, дос-жары бар,
Жоқ екен маған жақын молалар да.

140
 
Төкпейін көздің жасын дедім текке, 
 
Ант ішіп өзімді-өзім салдым сертке. 
 
Болсада түсі қаның, туғаны бір,
 
Төсімді таяп жақын көкірекке.
 
Құмардан ерте-кеш пе, шықпақ едім, 
 
Өлетін болсам да нақ сол минутте. 
 
Дариға, ол қиялым баққан жастан, 
 
Жоғалды, енді артына қайрылмастан.
 
Жат жерде, жау қолында жалғыз өлем, 
 
Жетімдік, тұтқындықтан құтылмастан.
тАртУ
 
Балалар, бұл жол басы даналыққа, 
 
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
 
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, 
 
Соларды көре тұра қалалық па?! 
 
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, 
 
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

141
ҚАзАҚтың БАс АҚыны
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. 
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін 
ақын  болған  жоқ.  Ақмола,  Семей  облыстарында  Абайды 
білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында 
Абайды білетін адам кем, тіпті, жоқ деп айтса да боларлық. Олай 
болуы сөзі басылмағандықтан. Абайдың сөздері кітап болып, 
басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында 
естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, 
сөзін естімедім дегенге едәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі 
Ақмола  облысына  барғанымда  Абайды  білмегеніме,  сөзін 
естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді.
Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан 
әңгіме  болса,  Абайдың  сөзін  мақтамайтын  адам  болмады. 
Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ 
үкілеген  өз  құнанын  өзгелердің  тұлпарынан  артық  көретін 
мінезі  болушы  еді,  мақтап  отырған  Абайы  біздің  Әбубәкір, 
Сейдахмет, Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім.
1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. 
Оқып  қарасам,  басқа  ақындардың  сөзіндей  емес.  Олардың 
сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін 
тосаңсып  отырасың.  Сөзі  аз,  мағынасы  көп,  терең.  Бұрын 
естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің 
мағынасына  жете  алмай  қаласың.  Кей  сөздерін,  ойланып 
дағдыланған  адамдар  болмаса,  мың  қайтара  оқыса  да  түсіне 
алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда 
ғана біледі.
Сондықтан  Абай  сөздері  жалпы  адамның  түсінуіне  ауыр 
екені  рас.  Бірақ  ол  ауырлық  Абайдың  айта  алмағанынан 
болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете 
алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда 
емес,  оқушыда.  Не  нәрсе  жайынан  жазса  да  Абай  түбірін, 
тамырын,  ішкі  сырын,  қасиетін  қармай  жазады.  Нәрсенің 
сырын,  қасиетін  біліп  жазған  соң,  сөзінің  бәрі  де  халыққа 

142
тіреліп,  оқушылардың  біліміне  сын  болып,  емтихан  болып 
табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. 
Абай  сөзі  заманындағы  ақындардың  сөзінен  оқшау,  олардың 
сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан 
Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың 
қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан 
білеміз. Сөзінің қандай екендігін сөйлеген соң, өзінің де қандай 
екенін айтып, білдіріп өткеніміз теріс болмас.
Абай Семей облысының қазағы, руы Тобықты. Ұлы атасы 
Ырғызбай  Торғай  облысындағы  Ырғыз  деген  өзен  бойында 
туған екен. Ырғызбай халқының қолбасы, батыры һәм ел ағасы 
би екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркістаннан елін ертіп 
ауып келіп, Шыңғыс тауы малға жайлы деп, қоныс еткен екен. 
Кіші атасы Өскенбай би халық арасында ғаділ биі атанған. Өз 
елі түгіл, басқа алыстағы елдер де араларындағы зор дауларын 
Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай 
жұрт аузына қараған қазақтың бас адамдарының бірі болған. 
Қазақты төрелер билеп, сұлтандар төрелерден қойылып тұрған 
заманда,  солармен  таласып,  қарадан  сұлтан  болған  адам 
екен.  Шешесі  Ұлжан  бәйбіше  Қарқаралы  уезіндегі  Әбдірей, 
Мыржық  деген  жердегі  Қаракесектің  Бошан  руынан,  Бертіс 
бидің тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, әзілге ұста, 
Қантай,  Тонтай  деген  күлкімен  сөгіп,  қалжыңмен  жеңіп,  аты 
шыққан  адамдар  нәсілінен.  Тонтай  малды  адам  болған  екен. 
Ауырғанда  өзгелерден  гөрі  қожа,  молдалар  көңілін  жиірек 
сұрайтынын  байқап  жүреді  екен.  Өлер  жылы  қатты  ауырып 
жатқанда молдалар көңілін сұрай келіп отырғанында айтқан: 
«Баяғыдан  бері  жазыла-жазыла  қожа,  молдалардан  да  ұят 
болды, енді өлмесем болмас», – деп.
Абай 1845-ші жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим деген 
атын  бұзып,  «Абай»  деп  ат  қойған  шешесі  екен.  Шешесінің 
сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек айтылады. 
Абай 10 жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. 
Он үш жасқа шығарда Семейде Ахмед Ырзаның медресесінде 
оқыған.  Медреседе  оқып  жүрген  кезінде  3  айдай  орысша  да 
оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, 3 ай орысша оқып, сонымен 
оқуды қойған. Он бес жасында-ақ, балалық қылмай, үлкендердің 
қатарына кіре бастаған. Қазақты меңгеріп, халыққа араны жүріп 
тұрған  төрелермен  әкесі  Құнанбай  таласқанда,  Абай  әкесіне 

143
серіктікке  жарай  бастаған.  20  жасында  ел  ішіндегі  белгілі 
бір  шешені  атана  бастаған.  Зеректікпен  естігенін  ұмытпаған. 
Ел  ішіндегі  сақталған  қазақтың  бұрынғы  өткен  билерінің 
білігі,  шешендерінің  сөйлеген  сөзі,  көсемдерінің  істеген  ісі, 
үлгілі  сөздер,  ұнасымды  әзілдер,  мақалдар,  мәтелдер  сияқты 
нәрселерді Абай көп біледі екен.
Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің 
бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман 
етіп, тасың би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт 
билемей,  малы  көптер  жұрт  билейтін  заманға  қарсы  туған. 
Абай  жұрт  алдына  білімін  салғанда,  басқалар  малын  салған, 
жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. 
Білімнен мал артық болушы ма еді деп, Абай жұрттың онысына 
көнбей, таласқан, сөйтіп, партия ылаңына кіріп кеткен. Өнер-
білімін  партия  ісіне  салған.  Білімінің  қызығын  жалғыз  ғана 
Тобықтылар  көріп,  басқаларға  пайдасы  тимей,  болыстыққа 
құмар көп қазақтың бірі болып, бәлки, сол күйімен өліп те кетуі 
ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан құдай сақтаған 
(«Қазақ», 1913, №39).
1880-ші жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген 
бір  білімді  кісімен,  қазақ  ғұрпындағы  қағидаларды  жиюға 
елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар 
Абайдікіне  қонаққа  келіп-кетіп  жүрген.  Абайдың  тегін  адам 
емес  екенін  байқап,  олар  болыстықтан  гөрі  жақсырақ  нәрсе 
барлығын Абайға сездірген. Абайдай зерек адамға жөн сілтесе 
болғаны, онан арғысын өзі іздеп табады. Олар орыстың атақты 
ақындары Пушкин, Лермонтов, Некрасов барлығын, қара сөзді 
келістіріп жазғыш Толстой, Салтыков, Достоевский барлығын, 
сөз  сыншысы  Белинский,  Добролюбов,  Писарев  барлығын 
Абайға  білдірген,  олардың  кітаптарымен  таныстырған.  Өлең 
жазған Пушкин, Лермонтов, Некрасовтар қазақтың би-болыс- 
тарынан  гөрі  қадірлі  екендігін  Абайға  түсіндірген.  Ғылымды 
жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай 
енді  ұққан.  Ақындық,  өлеңшілік  ел  көзіне  қадірсіз  көрінсе, 
ол  кемшілік  ақындық  пен  өлеңшілікте  емес,  ақындық  пен 
өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екендігін, ақындық пен 
өлеңшілікті қазақ ақындары, өлеңшілері қайыршы-тіленшілік 
орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кеткенін Абай әбден білген 
соң, өлең жазуға түскен.

144
Абай  жас  күнінде  күлкі  үшін  қалжың  өлендер,  қыздарға 
ғашық  өлеңдер  жазған,  есейген  соң  арланып,  тастаған  екен. 
Михаэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен, бәлки, кетер 
еді. Қандай үлгілі, қандай мағыналы, қандай асыл, қандай терең 
сөздер жерге көмілер еді?! Абай сөздері дүниеде қалғаны қазаққа 
зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды 
лақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс 
берер. Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін 
білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет, 
ықыласпен  күтіп  алып,  төр  түгіл,  тақтан  орын  берген.  Бірақ 
басқа сөзден өлеңнің таққа мінгендей артықшылығы қандай? 
Оны  да  көрсетіп,  айтып  қойған.  Айтушы  мен  тындаушының 
көбі  надан  болғандықтан,  өлең  болып  айтылып,  тыңдалып 
жүргендердің көбі өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса 
да, келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран таңдама екендігі, 
жұрт мағыналы, маңызды, терең сөзден гөрі мағына жоқ, маңыз 
жоқ, желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп, өте шығатын жеңіл 
сөздерді тыңдауға құмар екендігі Абайдың өлең жайынан жазған 
сөздерінде  көрсетілген.  Сол  сөзінен  Абайдың  сыншылығы, 
өлең жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр.
Сөз  жазатын  адам  әрі  жазушы,  әрі  сыншы  боларға  керек. 
Сөздің  шырайлы,  ажарлы  болуына  ойдың  шеберлігі  керек. 
Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, 
маңызды  болуына  білім  керек.  Абайда  осы  үшеуі  де  болған. 
Бұлардың  үстіне,  Абай  көсем,  үлгі  шығарып,  өнеге  жайғыш 
болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады.  
Ол  өрнектерді  ойдан  шығармай,  орыстан  алса  да,  орыс 
өлеңдерінің  өрнектері  қазақ  тіліне  жарайтындығын  бастап 
көрсеткені  де  зор  көсемдік.  Абай  өлең  жақсы  болуға  керек 
шарттардың бәрін білген, сондықтан өлеңі қай тарапынан да 
болса  толық.  Жалғыз-ақ  міні  бар:  ол  мін  –  өлең  бунақтары 
тексеріліп  орынына  қойылмағандық.  Оны  оқығанда  я  әнге 
салып айтқанда кемшілігі зор болады. Дауыстың ағынын бұзып, 
өлеңнің ажарын кетіреді. Мысалы, төселіп желіп келе жатып, 
шоқытып  кеткен  сияқты,  тайпалып  жорғалап  келе  жатып 
текіректеп  кеткен  сияқты.  Бұл  кемшілікті  түзетуге  болады. 
Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтарын 
алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса түзеледі. 
Мұнан  басқа  Абай  өлеңдерінде  мін  бар  деп  өз  басым  айта 

145
алмаймын.  Кейбіреулердің  айтатын  «ауырлығы  бар»  деген 
сөздер, ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің 
жаңалығынан,  қазақ  өлеңдерінің  дағдылы  түрінен  басқарақ 
болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды. Сонан ғана 
ауыр сияқты көрінеді.
Абайдың  өзі  тексергіш  болған  соң,  оның  өлеңін  тексеріп, 
қате шығарып ешкім жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, 
сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жүмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітсымал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын Пайғамбар мен және Алласы?
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мінәжат ғалымдардың зар-наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар, 
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ак, бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. 
Аңындары ақылсыз, надан келіп, 
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап, 
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

146
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, 
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп, 
Өз елін «бай» деп мақтар Құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да бай болмапты қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз, 
Былжырақ көрінеді соларды аңдап.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел! 
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап, 
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, 
Әншейін күн өткізбек әңгімеге 
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
1887-ші жыл. (Абай) 
Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нәрсесі жалғыз 
өлең емес. Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрінде 
де  Абайдың  әр  нәрсенің  асылын  танығаны,  білгені  көрінеді. 
Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік 
артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап 
сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі 
Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай 
сөзінен  Әбубәкірдің  «шайды,  кебісті  әркім  тұтынып  кеткені 
асылды  қорлау  болды»  деп  қайғырған  сөздері  табылмайды. 
Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. 
Абай  сөздің  ажарына  қарамай,  сыпайылығына  қарамай,  әр 
нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды сүйген. 
Мысалы,  «Аттың  сыны»  деген  өлеңінде  сыпайышылық 
жүзінен  құлаққа  жағымсыз  тиетін  сөздер  бар,  бірақ  аттың 
сынына  керек  мүшелері  болған  соң,  оларын  айтпаса,  аттың 
сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген 
өлеңін оқығаныңда көз алдыңда сол жақсы аттың өзі тұрғандай, 

147
пішіні келіп елестейтіні – жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін 
қалдырмай  жазғандықтан.  Абай  көп  нәрсені  білген,  білген 
нәрселерін  жазғанда,  «мынау  халыққа  түсінуге  ауыр  болар, 
мынаның  сыпайышылыққа  кемшілігі  болар»  деп,  тайсақтап, 
тартынбаған.  Хақиқатты  хақиқат  қалыбында,  тереңді  терең 
қалыбында  жазған.  Хақиқатты  тануға,  тереңнен  сөйлеуге, 
бойына  біткен  зеректіктің  үстіне,  Абай  әртүрлі  Европа  білім 
иелерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Әлихан 
Бөкейхановтың  айтуына  қарағанда,  Абай  Спенсер,  Льюс, 
Дрепер деген Европаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын 
оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең 
пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған, сондықтан Абайдың 
терең  пікірлі  сөздерін  қарапайым  жұрттың  көбі  ұға  алмай, 
ауырсынады.  Абайдың  өлеңдерін  мың  қайтара  оқып,  жаттап 
алып  жүрген  адамдардың  да  Абайдың  кейбір  өлеңдерінің 
мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті 
осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өленді алып 
қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп айтуында 
еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда. Сондай 
түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау:
Көк тұман алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған. 
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат та, сурет те жоқ, көзім талған.
Ол күндер өткен күнмен бәрі бір бәс. 
Келер, кетер, артына із қалдырмас.
Соның бірі – арнаулы таусыншық, күн,
Арғысын бір-ақ Алла біледі рас.
Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, 
«Мені» мен «менікінің» мағынасы* – екі. 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе, өлсін, оған бекі!
Шырақтар, ынталарың «менікінде», 
Тән құмарын іздейсің күні-түнде.
Ғәділеттік, арлылық, махаббат пен
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

148
Адам ғапыл дүниені дер «менікі», 
«Менікі» деп жүргеннің бәрі оныкі. 
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде, 
Соны ойлашы, болады не сенікі?
Мазлұмға
1
 жаның ашып, ішің күйсін, 
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін. 
Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған, 
Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін. 
Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек. 
Ғаділет пен мархамат – көп азығы, 
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек.
Әркімнің мақсұты өз керегінде, 
Біле алмадым пысығын, зерегін де. 
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар, 
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде.
Абайдың  осы  сөзінің  дұрыс  емес,  қате  айтылған,  теріп 
айтылған, жұмбақ қылып, ашпай айтылған еш нәрсесі жоқ. Бәрі 
де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар 
түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына 
ере алмағанын көрсетеді.
Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың 
сөздері  1909-шы  жылы  кітап  болып  басылып  шыкты,  бірақ 
жұртқа таралмай жатыр.
Басылған кітап Ақмола, Семей болысынан басқа болыстарға 
таралмай жатқаны кісі таңқаларлық іс. Абайдың сөзін Семей 
ләпкесіне  қамап,  жасырып  қоймай,  күллі  қазақ  баласы  бар 
уалаяттардағы кітап сатушылардың бәрінің де магазиндерінде 
жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген қадірлі жұртқа 
таныту  үшін  мұнан  былай  кейбір  өнегелі,  өрнекті  сөздерін 
газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз.
«Қазақ», 1913, № 43

Мазлұм – зұлымдыққа ұшыраған адам.

әДеБиет тАнытҚыШ

150
БАстАры
Аңдату
Біздің  анық  көріп,  сезіп,  біліп  тұрған  айналамыздағы 
нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, 
не  адам  ісінен  шыққан  жасалынды  нәрсе.  Орман,  теңіз,  тау, 
тас,  өзен,  бұлақ  –  бұлар  табиғат  ісінен  шыққан  жаратынды 
нәрселер; үй, кірпіш, бақша, арық, құдық – бұлар адам ісінен 
шыққан  жасалынды  нәрселер.  Табиғат  ісінен  шыққан  жара-
тынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады. Адам ісінен 
шыққан  жасалынды  нәрселердің  бәрі  өнер  дүниесі  болады, 
өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, 
әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік 
тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс жасайды, тағысын тағы 
сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті 
мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі 
күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің 
арасында  айырым  бар.  Алдыңғы  өнерден  шыққан  нәрселер 
күн  көру  ісіне  керек  шаруа  керек-жарақтары.  Мұны  істеген-
де, «сұлуынан жылуы» дегендей, көркем болуын көздемейді, 
тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. 
Екінші өнерден шыққан нәрселер жылуынан гөрі сұлу болуы 
көбірек көзделінгеннен, көзге көркем, көңілге жағымды болып 
істелген  нәрселер.  Алдыңғы  нәрселер  адамның,  мақұлықтық 
жан  сақтау  керегінен  шыққан  нәрселер.  Соңғы  нәрселер 
адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан 
алдыңғы  нәрселерді  жасауға  жұмсалатын  өнер  –  тіршілік 
үшін  жұмсалатын  тірнек  өнері  болады  да,  соңғы  нәрселерге 
жұмсалатын өнер – көрнек өнері болады.

151

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет