2-жүргізуші: Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол-ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы-адал еңбек деп біледі.
1-жүргізуші: Армысыздар, еліміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін өнердің шашулары.
2-жүргізуші: Пай ! Пай ! Пай ! Киелі неткен жер !
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өркен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер !-деп Мұқағали ақын жырлағандай бүгінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік !» атты кездесуімізге арналған шағын концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ биін» билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім- деп 7- сынып қыздарының «Шашу» биін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Тасқындаған табысымды айтамын,
Өнердің біз өшірмейміз май шамын,
Әнші де бар жез таңдай, биші де бар,
Әншілерім бұлбұлындай сайрасын- деп келесі кезекті әнге береміз. «Сарбаздар» әні.
Орындайтын: 10-сынып оқушысы Ғайни мен Аружан
1-жүргізуші Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,
Артық пейіл табылмас Отанынан.
Олжалап орын алу мақсатым бар,
Алдыңғы отыз елдің қатарынан.
«Туған жер, Отан» композициясын тамашалаңыздар.
Дамир: «Туған жер»
Фариза Оңғарсынова
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талнынып ұшамын мен.
Алақаны анамның –топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар –ау .
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау.