Сайыстың тақырыбы: «Сырлы жеңге, Сері жігіт» Мақсаты: Қайнысы мен жеңгесінің арасындағы өзара сыйластықты паш ету. Ата-бабаларымыздың жастарға мұра қылып қалдырып кеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын кейінгі жастарға дәріптеу. Келіннің ат қою сияқты ата дәстүрлерін дамыту.
Көрнекілігі:сахна ұлттық нақышта безендендіріледі, қоржын, нөмірленген асықтар.
Барысы: 1-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті аталар мен әжелер !
2-жүргізуші
Аналар мен әкелер !
1-жүргізуші
Ағалар мен жеңгелер !
2-жүргізуші
Әкпелер мен жезделер !
1-жүргізуші
Және де ауыл қонақтары !
2-жүргізуші
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық !
1-жүргізуші
Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз ,
Ұлы мейрам-Наурызға шақырамыз.
2-жүргізуші
Тәуелсіз биік халқымның, желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме, Жер –Ана бойы балқысын.
Жаңғырған дәстүр-салтымның, көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
1-жүргізуші
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп, Наурыз келді.
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
2-жүргізуші
Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы құтты болсын ! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.
1-жүргізуші
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Сырлы жеңге, Сері жігіт» атты сайысқа қош келдіңіздер!
Құрметті көрермендер және сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жарған, сайыстың әділ бағасын беретін қызылар алқасымен таныстырып өтейік.
1-жүргізуші:
Қайнысының сөзін жерге тастамай,
Келіп отыр ортамызға жеңгелер.
Бүгінгі күн сынға түсіп жасқанбай,
Қарсылас жоқ бір-біріне тең келер.
2-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой атақ-даңқың.
Қарсы алайық серілерді жеңгесімен,
Сақтаған қазағымның ата-салтын.
1-жүргізуші
Олай болса сайысқа қатысушы жұптарымызды ортаға қошеметпен шақырайық.
Әбдікерім ата көшесінен_______________________________________
Исақұл ата көшесінен _________________________________________
Мұзаппар ата көшесінен________________________________________
Итемген ата көшесінен _________________________________________
Сайысқа қатысушы жұптар қоржыннан асық алып, кезектерін анықтайды.