Айша:
«Отан» Мұқағали Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан! Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен
Мерей
«Туған жер» Қасым Аманжолов
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?!
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!
Тұрсынай:
М. Шаханов
«Тағдырынды тамырсыздың індетінен қалқала»
Тағдырынды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр, әрі қасіретті болса да
2-жүргізуші:
Хор: «Туған ел»
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сөзі: Тұманбай Молдағалиев
2-жүргізуші
Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендай сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ, басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең !
Достарыңызбен бөлісу: |