Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Талапты ауылы



бет4/7
Дата12.08.2022
өлшемі78,05 Kb.
#38122
1   2   3   4   5   6   7
1-жүргізуші:
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға !
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға !


2-жүргізуші:
Қазақ: «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.


1-жүргізуші
Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы осыған үндейді. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өз үлес қосып жүрген туған ауылымыздың ұлы тұлғалары да жоқ емес.


2-жүргізуші:
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»-деген еді.


1-жүргізуші
Өмір жолы бай, Отанға деген адал қызметі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық осындай атпал азаматтың бірі Қазақстан Қарулы күштерінің генерал-майоры Мұхатов Мейрамбек Садуақасұлымен сұхбатымызға ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.


2-жүргізуші
Кең көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.


1-жүргізуші
Батырды батыр ғана алмастырар,
Рухың көкке өрлеумен шарлап тұрар.
Бейбіт күнде қорғайтын жас ұландар,
Өмірін өнеге етіп жалғастырар.
2-жүргізуші
Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бұл сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың,
Өсиетін шүмектеп құйып тұрар- дей келе келесі кезекті шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерін табыстау үшін 10-11 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші
Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі болып табылады. Сондықтан сіздерді еліміздің болашағының кемел болуы үшін Отанына адал қызмет ететін болашақ генералдар деп білеміз

1-жүргізуші
Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,
Тым алысты көрінетін дүрбісіздер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде,
Жапырақты, саялы, бүрлісіздер. 


2-жүргізуші
Менің елім-Қазақстан жүрегім,
Тек өзіңсің Отан ана тірегім.
Аман болсын, Отан ана тірегім,
Тәңірден осы менің тілерім –дей келе бүгінгі іс-шарамыз соңына да жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет