Әдебиеттер тізімі
1. Оразбаева Ф., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
2. Студентке арналған нұсқаулық. А.: Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, 2015.
3. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. А., 2005.
4. Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А.: Print-S, 2005.
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей. Астана: Назарбаев Зияткерлік мектебі,
Кембридж университеті, 2013.
ПЕДАГОГТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІСІН
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Имангалиева Ш.Д., Имангалиева К.Д.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
№11 орта мектеп,
Қызылорда қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: Әлеуметтік интеллект, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелік, әлеуметтік-
коммуникативтік құзыреттілік, әлеуметтік ойлау, әлеуметтік қызығушылық.
Ключевые слова: Социальный интеллект, социально-педагогические особенности,
социально-коммуникативная компетентность, социальное мышление, социальный интерес.
345
Кeywords:Social intelligence, social thinking, socio-pedagogical features, communicative
competence.
Аңдатпа
Қазіргі таңда адам мен қоғам қатынасы күрделенген сәтте болашақ педагогтардың
әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастыру және әлеуметтік интеллектісін
дамыту проблемасы көкейтесті болып отыр.
Зерттеуіміздің мақсаты болашақ педагогтардың әлеуметтік интеллектісін және
әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастыру проблемасын теориялық негіздеу,
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, әлеуметтік интеллекті мен әлеуметтік-
педагогикалық ерекшеліктерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған әдістемелік нұсқаулар
әзірлеу. Зерттеу мен алынған нәтижелер барысында болашақ педагогтардың әлеуметтік-
педагогикалық ерекшеліктері мен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға деген
дайындықты әлеуметтік-педагогикалық әдістемемен және педагогикалық алғышарттармен
қамтамасыз етуге болатындығы анықталды.
Аннотация
В настоящие время, когда утрачены ценности и идеалы бывшего строя, взаимоотношения
людей, и общества являются сложными, для подготовки будущих педагогов эта проблема
актуальна как никогда.
Цель нашего исследования теоретически обосновать систему формирования социального
интеллекта и социально-педагогических особенностей будущих педагогов и на основе опытно
– экспериментальной работы, разработать методические рекомендации по формированию и
развитию социального интеллекта и социально-педагогических особенностей.
Научной новизной исследования является
теоретическое
обоснование
социально – педагогические особенности будущих педагогов и создание методики
формирования социального интеллекта.
Abstract
Nowadays, when the value and ideals of former structure is being disappeared, interrelation of
people and society are becoming complicated to prepare future teachers and this problem is much
more vital question than ever. The aim of the research is theoretically to base the system of
forming social and pedagogical peculiarities of future elementary school teachers and on the basic of
experimental work to develop (methodical) systematic recommendation in forming socializing skills.
Қазіргі таңда қоғам ЖОО-ның түлегінің психологиялық толығу-кәсіби нәтижелілік
және өмірдің барлық сферасында әлеуметтік қажетсінуді қамтамасыз ететін әлеуметтік
құзыреттіліктың жоғарғы деңгейін талап етуде.
Әлеуметтік құзыреттілік әлеуметтік шындық пен өзі туралы білімдер жүйесі, әлеуметтік
іскерлік пен өзараәрекет дағдысының күрделі жүйесі, типтес әлеуметтік жағдаяттарда тез, әрі
адекватты бейімделуге оптималды шешім қабылдауға көмектесетін мінез-құлық сценарилерінің
жүйесі ретінде зерттелуде. Қарым-қатынастағы құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуының
механизмі мен алғы шарттары, әр жас кезеңінде, әр кәсіби топта әлеуметтік интеллект пен
әлеуметтік перцепцияның даму ерекшелігі де айқындалуда. Тұлғааралық мәселені шешу
іскерлігін талдау барысында әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, коммуникативтік
құзыреттілік, қарым-қатынастағы құзыреттілік деген проблемалар нақтылануда. Әлеуметтік
және коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуына даралық-психологиялық және
346
5
әлеуметтік-психологиялық факторлер әсер етеді. Олар жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетімен,
қажеттілікпен, қызығушылықпен, мотивациямен, қабілеттермен, даралық-типологиялық
ерекшеліктермен және әлеуметтік ортада өмір сүру жағдайымен, әлеуметтік тәжірибемен
айқындалған. Біздің пікірімізше зерттеулерде қарым-қатынаста қарым-қатынастың адекватты
тәсілін таңдау мен өзараәрекетте жүзеге асыру тәсілін жеткілікті дәрежеде мән берілмейтіндігі
анықталды.
Ғалымдар (Дж.Гилфорд, В.Н.Куницына, А.А.Бодалев, Ю.Н.Емельянов, А.Л.Южанинова,
Г.Смит) әлеуметтік интеллект, әлеуметтік құзыреттілік, әлеуметтік-перцептивтік құзыреттілік,
сенситивтілік ұғымдарын зерттей келіп, әлеуметтік өзараәрекет пен шешім қабылдау, өзгеге
ықпал ете білу мәселесін қамтиды [1,65-б.]. Тұлғааралық қарым-қатынас мәселесін айқындауда
әлеуметтік интеллекті мәселесіне мән беруіміз керек. Э.Торндайк 1920 жылы «әлеуметтік
интеллект» ұғымын адамның болжаушылық және операционалдық-коммуникативтік
қабілетінің тұлғааралық қатынаста көрінуі ретінде алғаш қолданған еді. Ерекше болжау қабілеті
мен интерперсоналдық қатынасқа адекватты бейімделуді қамтамасыз ететін феномен ретінде
зерттеген ғалымдар: Г.Оллпорт, М.Аргайл, Дж.Гилфорд, М.Салливан, М.Форд, Н.Кэнтро,
Р.Итернберг. Ресей ғалымдарының ішінде «әлеуметтік интеллект» феноменін зерттеуге
үлес қосқандар: К.А.Абульханова-Славская, Н.А.Аминов, Н.А.Кудрявцева, В.Н.Куницына,
А.Л.Южанинова [2, 24-б.].
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында «әлеуметтік интеллект» ұғымы екі көзқараста
айқындалатындығын білеміз, олар:
• әлеуметтік ойлау нәтижесі (әлеуметтік когнитивизм)
• коммуникативтік-тұлғалық әлеует (тұлғаның әлеуметтік психологиясы)
Екінші көзқарас В.Н.Куницына еңбегінде қарастырылған және ол төмендегідей
анықтаманы ұсынады:
Әлеуметтік интеллект – интеллектуалдық, тұлғалық, коммуникативтік және мінез-
құлықтық бітістері негізінде қалыптасатын, өзіндік реттеу процесінің қуаттылығын қамтамасыз
ететін жаһандық қабілет, ол тұлғааралық жағдаяттың дамуын болжауға, әлеуметтік өзара әрекет
пен шешім қабылдауда тұлға дайындығын түсіндіруге көмектеседі. А.Адлер, К.А.Абульханова-
Славская, В.Н.Куницына жұмыстарын талдау барысында әлеуметтік интеллект жалпы
педагогиканың категориясы ретінде үш жазықтықтық өлшемде айқындалғандығын көреміз
[3,52-б.].
• әлеуметтік қызығушылық – тұлғаның әлеуметтік – интеллектуалдық бағыттылығының
сипаттамасы ретінде тұлғаның әлеуметтік интеллектісінің негізі.
• әлеуметтік ойлау күрделі құрылым ретінде (проблеманы шешу, репрезентациялау,
интерпретациялау) әлеуметтік интеллектінің динамикалық сипаттамасы.
• әлеуметтік интеллектінің технологиялық жағы - әлеуметтік-коммуникативтік
құзыреттілік.
Әлеуметтік интеллектінің үш жазықтығы өлшемін жалпы педагогиканың категориясы
ретінде қарастырылып және мектептегі тұлға әлеуметтенуіндегі кемшіліктің туындауын
түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін әлеуметтік-бағдарлық өлшеу мектептегі
білім беру үдерісіндегі тұлға әлеуметтенуіндегі кемшілікпен, тұлғааралық эгоцентризмінің
қалыптасуымен және әлеуметтік дамуға кері әсер ететін, әрі тұлға ойлауының әлеуметтік
шектелуіне алып келетін әлеуметтік аутизмге итермелейтіндігі зерттелген. Әлеуметтік
интеллектінің жетіспеушілігін әлеуметтік-технологиялық өлшеу арқылы жалпы білім
беретін мектептің оқушыларының тұлғалық әлеуметтенуінің интеракциялық механизмінің
жетіспеушілігі анықталды. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез-құлқын дұрыс түсіну
қабілеті. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі
347
үшін қажет. Ганс Юргенс Айзенк (Лондонның Бетлем Корольдік емханасының психотерапевті)
интеллектінің жалпы тұжырымдамасын айқындап берді [4,74-б.].
Биологиялық интеллект – мидың жарты шарларының құрылымы мен қызметіне
байланысты ақпаратты өңдеуге арналған туа біткен қасиеттер. Бұл интеллектінің базалық негізгі
танымдық, мінез-құлықтық генетикалық, физиологиялық, нейрологиялық, биохимиялық,
гормоналдық негізін құрайды.
Психометриялық интеллект – биологиялық және әлеуметтік интеллектіні байланыстырушы
әлеуметтік интеллект, ол индивидтің әлеуметтенуі мен әлеуметтік орта әсерінен туындайды.
Дж. Гилфорд – 60 жылдары әлеуметтік интеллектіні өлшейтін сенімді тестіні жасаушылардың
бірі, ал әлеуметтік интеллекті жалпы интеллектуалдық факторға тәуелсіз және мінез-
құлыққа байланысты ақпаратты тануға арналған интеллектуалдық қабілеттер жүйесі деп
айқындады. Педагогтың әлеуметтік интеллектісінің дамуының маңыздылығы адамның
әрекетін, сөйлеу темпін, вербалдық емес құралдарын ұғынуды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік
интеллект коммуникативтік эмпатиядан кешірек дамиды, оның қалыптасуы мектептегі оқумен
байланысты болып келеді.
Бұл кезеңде балалардың қарым-қатынас шеңбері ұлғаяды, сензитивтілігі, әлеуметтік-
перцептивтік қабілеті, өзгенің сезімін тікелей қабылдаусыз-ақ сезіну қабілеті, децентрация
қабілеті (өзге адам пікірін ұғыну, өзгелер пікіріне ене білу) дами түседі. Ж.Пиаже (Пиаже, 1981)
зерттеулері бойынша децентрация қабілетінің даму эгоцентризмді жоюға байланысты болып
келеді[5,58-б.]. «танымдық эгоцентризмнен» қарым-қатынастағы децентрация шеңберіне
көшу (пікірталас өнерінен алынып отыр), яғни серіктестің көзқарасына ену арқылы мәселені
дәлелдей білуі болып табылады. Осы жоғарыдағы мәселелердің барлығы да мектептегі
оқу кезінен әсіресе бастауыш мектеп кезінен бастап қалыптасады. Тұлғаның әлеуметтік
дамуына, әлеуметтік тәжірибе жинақтауына әсер ете алады және қарым-қатынас тәжірибесін
қалыптастыру арқылы оның әлеуметтік интеллектісін, әлеуметтік құзыреттілігін жетілдіре
түседі.
Студенттер болашақ кәсіби іс-әрекеттің әлеуетін құрайтын тұлғалық сапалардың белгілі
бір жиынтығын игеруі қажет. Осы әлеуеттің міндетті құрамына кәсіби маңызды қасиеттермен
бірге дамыған рефлексивті қабілеттер өзін жетілдіру мотивінің қалыптасуы, сонымен қатар
кәсіби қалыптасу барысында тұлғалық өзіндік шектеуді жою болып табылады. Маманның
кәсіби маңызды қасиеттер иерархиясы арасындағы және өзінің тұлғалық әлеуетін бағалау
арасындағы сәйкессіздік тұлға дамуындағы педагогикалық, психологиялық білім берудің
роліне өзгеше қарауды талап етеді. Болашақ кәсіби іс-әрекетке рефлексиялық қатынаста
өзгерістерге бейімделу адамның өзіндіксанасы көмегімен жүзеге асатындығын айқындайды.
Қалыптастырушы эксперимент барысында мұғалімдер үшін “Мектепке дейінгі мекемелер,
мектеп, колледждерде әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру”,
«Психологиялық-педагогикалық-коррекциялық іс-әрекеттің теориясы мен технологиясы» деген
арнайы курс енгізілді. Арнайы курстың мақсаты: мінез-құлқы мен дамуында ауытқушылығы
бар және әлеуметтенуде қиындық көретін балалармен әлеуметтік–педагогикалық іс-әрекетті
ұйымдастыру үшін қажетті әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерді қалыптастыру,
әлеуметтік қызметті ұйымдастыру.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде психологиялық-педагогикалық
пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларына толықтырулар енгізілді. “Педагогикалық
мамандыққа кіріспе” пәні бойынша теориялық дайындық барысында әлеуметтік-педагогикалық
ерекшелікті қалыптастыруға, тұлға әлеуметтенуіне зор мән берілді. “Педагогика” және
“Психология” курстарын өту барысында тұлға әлеуметтенуіндегі психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды қарастыруға да толықтырулар
енгізілді. Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінің соңында жоғарыда ұсынылған
348
5
әдістер көмегімен алғашқы қиық жасалды(1-кестеде), бақылау тобы студенттеріне қарағанда
эксперименттік топ студенттерінің бала әлеуметтенуі мен әлеуметтік-педагогикалық
ерекшеліктерді қалыптастыру мәселесіне кәсіби қызығушылығының туындағандығы
анықталды.
Кесте 1. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің әлеуметтік-педагогикалық
ерекшеліктерінің қалыптасуы (1-“қиық” қалыптастырушы эксперимент)
Эксперименттік % топ Бақылау тобы %
Жоғары деңгей 14,6 13,7 10,7 9,8
Орта деңгей 18,3 19,5 13,5 13,6
Төмен деңгей 67,1 66,8 75,8 76.6
Болашақ педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастырудың
теориялық дайындығын жүзеге асыру “Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру
теориясы мен технологиясы” атты арнаулы курсымен аяқталады. “Әлеуметтік-педагогикалық
іс-әрекетті ұйымдастыру теориясы мен технологиясы” арнайы курсының (қосымшада берілген)
тақырыптық жоспары (студенттер үшін). Екінші “қиық” нәтижесі осы курстың барысында
эксперименттік топ студенттерінің теориялық білімдерінің жүйеленіп және тереңдегенін
айқындауымызға болады(2-кестеде).
Кесте 2. Болашақ педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерінің қалыптасуы
(қалыптастырушы эксперимент 2- “қиық”)
Эксперименттік % топ
Бақылау тобы %
1 “қиық”
2 “қиық”
1 “қиық”
2 “қиық”
Жоғары деңгей
14,6
24,9
10,7
10,9
Орта деңгей
18,3
27,6
13,5
16,7
Төмен деңгей
67,1
48,5
75,8
72.4
Эксперименттік
топтағы
болашақ
педагогтардың
әлеуметтік-педагогикалық
ерекшеліктерінің қалыптасу көрсеткішінің динамикасы.
Теориялық білімдер педагогикалық практика мен оқудан тыс іс-шаралар негізінде
бекітілді. 3-қорытынды “қиықтың” нәтижесі кестеде көрсетілген (3-кестеде).
Кесте 3. Болашақ педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерінің
қалыптасуы (қорытынды “қиық”)
Эксперименттік % топ
Бақылау тобы %
1 “қиық”
2 “қиық”
3 “қиық”
1
“қиық”
2 “қиық”
3 “қиық”
Жоғары деңгей
14,6
13,7
24,9
23,7
48,4
47,7
10,7
9,8
10,9
11,2
13,3
12,7
Орта деңгей
18,3
19,5
27,6
28,5
35,4
33,8
13,5
13,6
16,7
15,5
29,4
28,9
Төмен деңгей
67,1
66,8
48,5
47,8
16,2
18,5
75,8
76,6
72.4
73,3
57,3
58,4
349
Зерттеу нәтижесі болашақ педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерінің
қалыптастыруының оң динамикасын көрсетеді және ЖОО дағы оқу-тәрбие үдерісіне ендіру
қажеттілігін айқындайды. Болашақ педагогтардың әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктерінің
қалыптасуы мен әлеуметтік-педагогикалық әдістеменің, педагогикалық алғы шарттардың
жүзеге асырылуының арасында байланыс бары анықталды. Оқыту үдерісін жетілдіру үшін
тестілеу жүргізілді және әр студенттің әлеуметтік- педагогикалық жұмыс бойынша білімі
мен іскерлігінің алғашқы деңгейі айқындалды. Тестілеу нәтижесіне сәйкес белсенді топтық
әдістерді пайдаланып әлеуметтік-педагогикалық білімдерін және іскерліктерін, әлеуметтік-
педагогикалық ерекшеліктерін қалыптастыру жүзеге асырылды, олар:
• Пікірталастық әдістер – проблемалық жағдаяттарды талдау үшін топтық пікірталас
жүргізу.
• Ойын әдістері – іскерлік, ролдік, шығармашылық, дидактикалық ойындар.
• Сензитивтік тренинг.
Осы әдістер мен тәсілдерді қолданып студенттерді қарым-қатынас жасауға, өзгенің
көңілкүйін, сезімін, күйзелісін ұғынуға үйретуге болады. Тыңдау іскерлігі – мұғалімге қажетті
маңызды қасиет. Оқушының ойын және сезімін ұғынуға және оған түсіністікпен қарауға
үйрету үшін төмендегідей тәсілдерді қолданамыз:
• Рефлексивті емес тыңдау – серіктестің әңгімесіне кіріспеу , үндемей отырып тыңдау,
сонымен қатар көңіл бөлу, қолдау көрсету, сездіруді үйрену.
• Рефлексивті тыңдау - өз сезімін толықтай бейнелеуге көмектесу.
• Айқындау – серіктесінен толықтыруды сұрап отыру: «Түсіндіріңізші», «Мына
проблема жайында айтасыз ба? Сіз оны қалай түсінесіз».
• Қайталап айту – мұғалімнің оқушы ойын өзге сөздермен қайталап айтуы.
• Бейнелеу – мұғалімнің оқушыны қаншалықты түсінгендігін көрсете білуі.
• Түйіндеме жасау – ұзақ әңгімелесуден соң негізгі ойды жинақтауы.
• Эмпатиялық тыңдау – эмпатия өзгенің сезімін ұғына білуі, түсінгендігін көрсете білуі.
Практикалық сабақтарда «тыңдай білу іскерлігін» үйрету үшін жаттығулар өткізілді.
Студенттерге ролдік ойындар түрінде жаттығулар жүргізілді. Болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерін оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындау
үшін төмендегідей түрде ролдік ойындар жүргізілді. Студенттерге шығармашылық тапсырмалар
берілді.
Мысалы: белгілі жағдаяттағы оқытушының оқушымен әлеуметтік-педагогикалық іс-
әрекеті алгоритмін іздеу. Студенттерді белсенді оқыту әдістерінің міндеттерінің бірі баламен
педагогикалық қарым-қатынас стилін коррекциялау, ол үшін педагогтың өзіндік санасын
айқындауға арналған стандартталмаған өзіндік есеп әдісі қолданылып педагогтың «Мен-
тұжырымдамасы» анықталады.
Зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша мынадай маңызды сәттерге мән беруіміз қажет.
Студенттің санасында оның кәсіби маман ретіндегі кәсіби маңызды қасиеттері иерархиясы мен
өзінің тұлғалық әлеуетін бағалау арасындағы сәйкессіздік анықталды және тұлға дамуындағы
педагогикалық-психологиялық роліне өзгеше сипатта қарауды талап етеді. Болашақ кәсіби
іс-әрекетке рефлексивті қатынаста тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуы маңызды болып
табылады. Біздің еліміздегі әлеуметтік-педагогикалық өзгерістер мектептегі жұмыстың
мазмұны мен формасын өзгертіп, демократияландыру мен ізгілендіру мәселесі шешімін табуда.
Осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін мұғалім шығармашыл болуы, мәселелерді өздігінен шеше
білуі, оқушы даралығын ескере білуі қажет.
Өзгеге деген эмпатиялық қатынас, қиын жағдайда көмекке келуге даяр болу, жүйелі,
өнімді қатынасқа талпыну тұлғалық мәдениеттің белгілері, ал тұлғаның маңызды қасиеттері
өзге адам көңіл күйін ұғына білуі, шиеленістің алдын алуы мен шеше білуі көмектесуге даяр
350
5
тұруы және қарым-қатынаста ықпал етудің адекватты тәсілін және өзараәрекетте жүзеге асыру
тәсілін меңгеруі болып табылады. Бұл тәжірибенің динамикалық аспектісі қарым-қатынаста
жүзеге асатын және адамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтену және даралық
процесін құрайды, сонымен қатар қарым-қатынас жағдаятына адекватты жауап беру, сонымен
қатар қарым-қатынаста әлеуметтік рөлді игеру де маңызды болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Буева Л.П. Социальная среда и сознание личности. М.: Изд-во МГУ, 1968.
2. Социальная педагогика:Учеб. пособие для студ. высш. Учеб. заведений /Под общ.
ред.М.А.Галагузовой. М.:Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2003.
3. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни. М., 1991.
4. Айзенк К., Кэмин Л. Природа интеллекта–битва за разум: Как формируются
умственные способности. М.:Эксмо-Пресс, 2002.
5. Пиаже Ж. Психология интеллекта. Питер, 2004.
ОБУЧЕНИЕ УЧИТЕЛЕЙ ОЦЕНИВАНИЮ ДОСТИЖЕНИЙ УЧАЩИХСЯ
- СОСТАВЛЯЮЩАЯ УСПЕШНОЙ РАБОТЫ ШКОЛЫ
Исаева И.О., Слободянюк И.А.
Аршалынская средняя школа №2
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
Деңгейлік бағдарламаларды іске асыру: даму тобы; мектептік кәсіби қоғамдастық;
бағалау; бағалаудың диагностикалық, формативтік,және суммативтік түрлері; бағалау жүйесі;
оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау; критерийлік бағалау; өздік және өзара бағалау;
«қара жәшік»; мектептің критерий және дескрипторлар арқылы пилоттық өздік аттестаттануы;
зерттеу,зерделеу LessonStudyжолы; коучингтер; ҰБТ нәтижелері.
Реализация уровневых программ; группа развития; школьное профессиональное
сообщество; оценивание; диагностический, формативный и суммативный виды оценивания;
система оценивания; оценивание обучения и оценивание для обучения; критериальное
оценивание; самооценивание и взаимооценивание; «черный ящик»; пилотная самоаттестация
школы с применением критериев и дескрипторов; исследование, подход Lesson Study;
коучинги; менторинг; итоги ЕНТ.
Implementationlevel program;groupdevelopment;schoolprofessional network;evaluation|
assessment; diagnostic, formative and summativetypes ofevaluation;evaluation system;assessmentof
learningand
assessmentfor
learning;criteria-based
assessment;
self-evaluationand
mutualevaluation;«black box»; pilotself-assessmentof the schoolwithcriterias anddiskriptors;
research Lesson Study; coaching; mentoring; the results of Uniform National Testing (UNT)
Аңдатпа
Бұл мақалада Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан №2 Аршалы орта мектебінің
оқу жұмысы көрсетілді. Мақалада оқушылардың жетістіктерін бағалауды ендіруүшін
мектеп педагогтарымен жүзеге асырылған ісшаралар кешеніқарастырылады. Нақты зерттеу
жүргізу мақсатында сабақтарды LessonStudyшегінде өткізудің маңыздылығына ерекше назар
аударылады. Мектеп әкімшілігінің педагогтардың кәсіптік және жүйелік қауымдастықтарын
ұйымдастыру, олардың кәсіби және жүйелік іс-әрекеттеріне қолдау көрсетудефундаменталдық
351
рөлі ерекше. Мақалада заманауи бағалаудың негізгі ережелері, мектептің жұмыс жүйесінің
қалыптасуы, және соңғы 3 жылда ҰБТ нәтижелері 73 –тен 100,4 ұпайға дейін өсуі мектеп
оқушыларының білім сапасының оңтайлы өзгеру динамикасы көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |