Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет49/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126

5

даму бағыттары туралы анық әрекеттерін келтірсе, қалғандары  ой-толғаныс үстінде екенін 

жазады. Бұл, кәсіби диалог негізіндегі кері байланыстың өзіндік бағалау мен рефлексиялауға 

күшті ықпал еткенін айғақтайды. Жазбаша, ауызша кері байланыстар бергеннен кейінгі дамуды 

бақылау нәтижелеріне қарағанда, кәсіби әңгіме нәтижесінен кейінгі даму дәлелдемелерінде 

ішкі уәждің артуы, өзіне деген жауапкершілік артып, қызметінде ширақтық пайда болғаны да 

мәлім болды. Сондай-ақ, бағалау алдындағы сауалнамада «Әріптестердің ынтымақтастықта 

дамуы үшін қолдау мен көмек көрсетуде жұмыстың қандай түрлерін ұнатасыз» деген сұраққа 

көпшілік  тренерлер  «бірігіп  отырып,  түрлі  мәселелерді  талқылау»,  «бірлескен  жұмыс», 

«кәсіби әңгімелесу, сұқбат» деп көрсетеді. Бұл тренерлердің талқылауға, дамуға, идеялар мен 

ой пікірлермен бөлісуге ашықтығын көрсетеді. 

Кәсіби диалогтың сабақтан кейінгі талқылауларда сұрақтарды дұрыс ретпен тізбектеп 

қою, қосымша материалдарды, мысалы, сабақтан соңғы білім алушылардың кері байланыстары, 

сабақ бейнежазбасы, фотосуреттер қолдану мүмкіндігін де атауға болады. Осылайша, талдай 

отырып, оқу мен тәжірибе бойынша сенімді қорытындылар жасау негізінде бағалау тиімділігіне 

қол жеткізіледі.

Кәсіби  диалог  негізінде  тренерлер  тәжірибесіне  кері  байланыстар  ұсыну  құрылымды, 

тренер  үшін  түсінікті  және  ойлануына  жағдай  туғызатындай  болуына,  ризашылықпен 

қабылдауына,  ішкі  уәжін  арттыратыны  айқын  байқалды.  Сонымен  қатар,  бағалаушы  мен 

тренер  арасындағы  кәсіби  әңгіме  мұғалімдер  оқуы  мен  тәжірибесіндегі  жетістікке  жетуге 

кедергілерді, қиындықтарды анықтауға, оны шешу жолдарын тренердің өзі ойланып, нақты 

іс-әрекеттері мен тәсілдерін белгілеуіне итермелейді. Бұл, тренердің жеке даму мақсаттарына 

жетудің бірден бір тиімді жолдарын ажыратады. 

Зерттеу  барысында  кәсіби  диалог  түріндегі  кері  байланыстың  мынадай  тиімділігі 

нақтыланды:

•  оқу мен оқытудың тиімді жағын айқындауға көмектесудің нақтылығы; 

•  оқу нәтижелерін жетілдіруге көмектесу ғана емес, оқу маңыздылығы үшін күрделі 

міндеттерді  шешуде  жұмсалған  күш  жігерін  және  уақытына  қатысты  мадақтау 

мүмкіндігі;

•  оқу мен оқытуда жоғары дәрежеге жету мен кәсіби даму үшін өз бетімен ойлануға 

ықпал етуге жағдай жасалынуы;

•  берілген кері байланыс бойынша әрекет етудің қамтамасыз етілуі;

•   оқу мен оқытудың ағымдық жағдайы мен тәжірибенің рефлексиялануы.

Сондай-ақ, бағалау тәжірибесінде педагогтермен жүргізілген кәсіби диалогтың  мынадай 

ерекшеліктерін атауға болады:

•  жеке тәжірибесін өзіндік рефлексиялау мен бағалау дағдысын  дамытады;

•  өз күшіне сенімділігін сезінуді жүзеге асырады;

•  қиындықтар мен кедергілерден  шыға біліп, шешімін тез табу білітілігін арттырады. 

   Сонымен, бағалау үдерісінде педагогтердің тұрақты дамуына қолдау көрсетуде кәсіби 

диалог  тиімді.  Оның  тиімділігі  кері  байланыс  кезінде  оқу  мен  оқыту  тәжірибесін  өзіндік, 

өзара бағалауға, құрылымды әңгімелесу арқылы рефлексиялауға, өзара келісілген кәсіби даму 

бағыттарын анықтауға, ұсыныстарды игілікті қабылдауға, сенімділікке, жетілдіретін тұстары 

туралы ойлана отырып, тиімді тәсілдерді таңдауына және оларды терең оқып үйрену мен білім 

алушылар қажеттіліктеріне орай үйлестіре білуін арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.   



 

Әдебиеттер тізімі

1.  Формативное оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя/ 

Сост. Р.Х. Шакиров, М.Ф. Кыдыралиева, Г.Н. Сахарова, А.А. Буркитова. – Б.: «Билим», 


331

2012. С.76  

2.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  Үшінші  (базалық)  деңгей.  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012. 282-б.

3.  John Hattie and Helen TimperleyThe Power of Feedback// Электронный ресурс. – Режим 

доступа: http://education.qld.gov.au/staff/development

4.  David Nicol. Principles of good assessment and feedback: Theory and practice University 

of Strathclyde// Электронный ресурс. – Режим доступа: https://www.york.ac.uk/media/

staffhome/learningandteaching

5.  Black, P. And Wiliam, D. (1998b) Inside the black box: raising standards through classroom 

assessment. King`s College London, School of Education.

6.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  Бірінші  (ілгері)  деңгей.  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014. 199-б.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Иманбекова А. Н.

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: оқыту ресурстары, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, әдеби 

портал,  электронды оқулық.



Ключевые  слова:  учебные  ресурсы,  информационно-коммуникационные  технологии, 

литературный портал, электронный учебник.



Key words: education resources, of informatively-communication technologies, literary portal, 

electronic textbook.



Аңдатпа

Мақалада  кіріктірілген  білім  беру  бағдарламсына  негізделген  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәні  сабағында  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолданудың  тиімділігін 

қарастырылған.  Қоғамдағы  жаңа  өзгерістер  және  оның  тез  ақпараттандырылуы  мен  даму 

жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін 

қанағаттандыру үшін білім беру саласына маңызды міндеттерді қойып отыр.



Аннотация

В  этой  статье  рассматривается  эфективность  информационно-коммуникативных 

технологии  на  уроке  казахского  языка  и  литературы  по  интегрированной  образовательной 

программе. 



Abstract

This article discusses the effectiveness of information and communication technologies in the 

classroom of the Kazakh language and literature integrated educational program.


332

5

Білім  сапасын  жоғарылату,  оны  жеткілікті  түрде  арттыруда  жаңа  ақпараттық 

технологияларды  қолданусыз,  заманауи  телекоммуникациялық  құралдарды  пайдаланусыз 

мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың 

жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог 

ғана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Мұғалім мамандығы –уақыттың 

талабын мойындай отырып, жаңалықтың бастамашысы,  ізденгіш тұлға.

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Адамзат  үшін  ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технологиялар  ғасыры 

болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – 

бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» 

деген    сөздері  ақпараттық-комуникациялық  технологияларды  қолданудың  маңыздылығын 

айқындады. Білім беру парадигмасының өзгеруі ортақ тәжірибеден озық тәжірибеге ауысуға 

итермеледі.  Қоғамдағы  жаңа  өзгерістер  және  оның  тез  ақпараттандырылуы  мен  даму 

жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін 

қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

•  Білім сапасын арттыру;

•  Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

•  Орта білімді ақпараттандыру;

•  Интернет жүйесін пайдалану;

•  Электрондық оқулықтар;

•  Қашықтықтан басқару:[1,2-б.]

АКТ – мұғалімді ауыстыру немесе сабақ барысында оқушының көңілін көтеру құралы 

ретінде  емес,  мұғалімге  оқу  барысында  көмек  көрсетуге  арналған  педагогикалық  құрал 

екендігін  ескеруіміз  керек  [2,45-б.].  АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді 

және  олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге  сабақ 

беруде  көмектесетін  маңызды  құрал  [3,  61-б.]  АҚШ-тың  Мэн  штатындағы  Ұлттық  оқу 

зертханаларының оқу пирамидасына сай оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа 

пайызы  аудиовизуалды  қабылдау  –  20%,  көрсетілім  –  30%  деп  көрсетілген.  Ақпараттық-

коммуникативтік  технологиялар  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  жоғарылатады.  Аудио-

визуалды  көрініс  оқушының  қабылдауына  өте  жеңіл  және  әсерлі  болып  келеді.  Сонымен 

қатар  ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  оқу  сапасын  жақсартады.  Оқушылар  пән 

бойынша білімдерін цифрлық ақпарат таратқыштардан мәліметтерді орынды қолдана отырып, 

білімін толықтырады. Ал мұғалімдер оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып, 

оқу процесін түрлендіре алады. Мұғалімдер зерттеу жұмысын жүргізе отырып, әдістемелік 

еңбектерді электронды түрде әлемдік ресурстар қорын пайдалана алады.

Қазақ тілін мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды 

қолдану  мұғалім  мен  оқушы  тарапынан  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізуге  және  күтілетін 

нәтижені  жақсартуға  өзіндік  септігін  тигізеді.  Қазақ  тілін  оқыту  кіріктірілген  білім  беру 

бағдарламасындағы  дағдыларға  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  сай    негізделеді. 

Ал  осы  тілдік  дағдыларды  меңгертуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

тигізер  пайдасы  зор.  Енді  тыңдалым  дағдысын  жақсартудағы  ақпараттық  коммуникативтік 

технологиялардың  қолданылуына  тоқталсақ.  «Прослушивание  определяется  как  процесс 

выявления и понимания речи ораторов. Она включает в себя понимание акцент говорящего 

или произношение, грамматика говорящего и словарный запас, и понимание [4,23-б.]» деген 

пікірге  сай,  тыңдалым  дағдысын  меңгертуде  ақпараттық-комуникациялық  технологияның 

құралдарын пайдалану өте тиімді. Себебі екінші тілді меңгертуде тілді пайдаланушылардың 

жанды дауысын тыңдату арқылы тілді тиімді үйретуге болады. Мысалы Кіріктірілген білім беру 

бағдарламасындағы Жастар және мәдениет. Интернет және әлеуметтік желілер бөліміндегі  Т/А 

2 мақсатына сай тыңдалым мәтіні тыңдайды. Мәтінді тыңдағаннан кейін «Ішкі және сыртқы 


333

қозғалмалы шеңбер» әдісі немесе «ПОПС формуласы» арқылы өзінің түйінді ойын білдіруге 

дағдыланады.

Оқылым үрдісінде тіл үйренушілер сөздік қорын молайтып қана қоймай, жаңа мәлімет 

пен идеялар ала отырып, шынайы білімін көтере алады. 

Ж3  Эссеге  материал  жинау  үшін  қарапайым  және  детальді  жоспар  құрады  деген 

мақсатқа сай оқушылар Қазақстанды Орта Азиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру 

бағдарламасы туралы жоба әзірлейді. 

Осы  тапсырманы  орындамас  бұрын  www.youtube.com/watch  сайтынан  «Nature 

of  Kazakhstan»  атты  туризм  саласы  бойынша  қысқа  метражды  фильм  ұсынылады.  Бұл 

видеоматериалды  көре  отырып,  оқушылар  детальді  жоспар  құрады.  Тілдік  дағдыларды 

дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланамын. Хат жаздыру 

арқылы жазылым дағдысын қалыптастырамын.

Қазақ  әдебиеті  сабағында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  тиімді 

қолдануға  болады.  Мысалы,  компьютерді  пайдаланып  Tarsia  бағдарламасы  бойынша  білу 

және  түсіну дағдылары бойынша білімдерін тексеруге бағытталған тапсырмаларды орындату 

арқылы  оқушылардың  белсенділігін  арттыруға  болады.  «Kahoot.it»  сайтында  бағдарламаға 

сай  тест  әзірлеп,  онлайн  жүйесінде  білімдерін  тексеріп,  уақытты  үнемдеп  қана  қоймай, 

оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра аламыз.

  Оқыту  бағдарламасына  сай  әдеби  тұлғалар  мен  шығармаларды  өткен  кезде  онлайн 

режимде  арнайы  әдеби  тұлғаларға  арналған  сайттардағы  мәліметтерді  пайдаланып,  анализ 

және  синтез  жасау  дағдыларын  жетілдіруге  болады.  Электрондық  оқулықтарды  пайдалану 

оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін 

дамытуға, шығармашылықпен жұмыспен айналысуына жағдай жасайды.Мысалы кіріктірілген 

білім беру 7-сынып қазақ әдебиеті бағдарламасына сай «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» жырының 

аудиокітабын http://kitap.kz/catalog/audiobook_list сайтынан онлайн режимде тыңдата аламыз. 

Тек үзінді тыңдатып, «Стоп-кадр» және «Болжау» әдісі арқылы сыни ойлауға бағыттауға болады. 

Кіріктірілген білім беру моделі бойынша 11-сынып оқу бағдарламасындағы Мұхтар Әуезовтің 

«Абай  жолы»  шығармасын  оқытқанда  http://adebiportal.kz/audio/book/abay-zholy/    сайтынан 

аудиокітапты және теориялық тұжырымдар жасау үшін оқыңыз, тыңдаңыз, қатысыңыз, көріңіз 

айдарларында жүктелген сансыз электрондық ресурстарды пайдаландыруға бағыттау арқылы 

бірін-бірі оқытуға жағдай жасауға болады.

Осы шығарманы оқытуда abai.kz ақпараттық порталындағы электрондық ресурстарды 

http://old.abai.kz/category/zherdemshi/abai  сайтынан  сабақ  мақсатына  лайықтап  қолдана 

отырып, оқу сапасын арттыруға болады. Бұл тоқсан І тоқсан бойы оқытылатындықтан көп 

энциклопедиялық  анықтамалық  ресурстарды  қажет  етеді.  Оқу  барысында    Мәдени  мұра 

порталындағы  құнды  ресурстардың  бірі  қазақ  әдебиеті  Энциклопедиялық  анықтамалықты 

http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/books/book/kazak-edebieti 

enciklopedialyk-

anyktamalyk  сайтынан оқушыларды пайдаландыра отырып, әдеби-теориялық талдауларды өз 

бетімен ізденуіне мүмкіндік жасаймын. 

http://kazneb.kz/ сайтынан аталған тақырыпқа қатысты электронды ресурстарды қолдану 

да  өте  тиімді  болып  табылады.  http://e-eurasia.com/  сайтындағы  Абай  шығармашылығына 

қатысты    электронды  зерттеулер  мен  мақалаларды  пайдалана  отырып  анализ  және  синтез 

жасау дағдыларын дамытуға болады. 11-сынып оқу бағдарламасындағы Жұбан Молдағалиев 

«Мен-қазақпын!» шығармасын оқытуда http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/postwar/figures/

moldagaliev/ сайтындағы мәліметтер арқылы автор көзқарасы мен ойын саралау мақсатында 

өзіндік талдау жасатуға бағыттауға болады. http://www.zkolib.kz/zkolib/rus/zhuban.html сайты 

Жұбан  Молдағалиевтің  өмірі  мен  шығармашылығын  қамтыған  автордың  жеке  сайтындағы 

мәліметтермен танысып, жұмыс жасайды. Себебі сайттағы архивтік материалдар мен автордың 

жеке шығармалары мен әдебиеттанушылар зерттеулері өте пайдалы дереккөз болып табылады.


334

5

Кіріктірілген білім беру бағдарламсына сай тыңдалым және оқылым дағдысы бойынша 

түрлі тақырыптардағы мәтіндерді іздестіру, түрлі тұжырымдағы пікірлерді табу  ақпараттық-

коммуникативтік  технологиялардың  көмегімен  тез  орындалып,  уақытты  ықшамдауға  көп 

септігін тигізеді. Мысалы, 7-сынып қазақ тілі пәні бойынша круиздік туризм саласы дамыған 

елдер туралы мәтіндер мен видео-аудио материалдар өте көп көмек келтіреді.

Оқушының  жеткен  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  бағалауда  да  ақпараттық-

коммуникативтік технологиялардың пайдасы зор. Оқушы білімін тексеру үшін дайындалған 

түрлі тапсырмаларды оқушылар электронды түрде орындаса, мұғалімнің артық уақыт кетіруіне 

тосқауыл болады. Жаңа сабақты түсіндіруде сыни ойлауды дамыту мақсатында электронды 

презентациядан  жасырын  мағыналы  суретті  көрсету  арқылы  оқушылардың  сыни  ойлауын 

дамытуға болады.  Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда да 

электронды ресурс көздерін пайдаланған жөн. Себебі, дарынды оқушы шығармашыл ойлайды, 

терең  түсінікті  қалайды.  Оқушылардың  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  үшін  де  электронды 

ресурстардан  әртүрлі  көзқарастығы  және  тақырыптағы  бағдарламалардын  үзінді  көрсетіп, 

аталған мәселеге байланысты өтілген тақырыпқа қатысты пікірін дәлелдеуді үйретуге болады. 

Мысалы,  7-сыныптағы  «Отбасылық  құндылықтар»  тақырыбында  қарттар  үйіне  қатысты 

дебат бағдарламасынан үзінді көрсетіп, белгілі позицияны жақтап не қарсы шығуы арқылы 

тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға болады.

Биылғы 7-сынып қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасына сай тілдік 

бағдар бөлімін меңгертуде қазақ тілінің грамматикасы қамтылатын электронды оқулықтарды 

қолдануға  болады.  Және  сол  электронды  оқулықтағы  мәтіндер,  тыңдалым,  оқушы  білімін 

тексеруге  арналған  тапсырмаларды  оқушыны  қызықтыра  отырып  орындатып,  тілдік 

дағдыларды меңгертуге болады. 

Қорыта  айтқанда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  төмендегідей 

артықшылықтары бар:

•  Оқыту ресурстарына молдылығы;

•  Оқыту ақпараттарына деген лездік қолжетімділік;

•  Тайм-менеджментті сақтау (уақытты үнемдеу);

•  Бірлесіп оқуға жағдай жасау;

•  Білімге өзіндік қолжеткізуге мүмкіндік беру 

•  Бағалау үрдісін обьективті жүргізу (электронды бағалау);

•  Оқушылардың мотивациясын (ішкі уәж) ояту;

•  Ақпарат алмасуға қолайлы;

•  Пәнаралық байланысты тереңдету;

•  Білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;

•  Танымдық қабілеттерін қалыптастырады.

Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар  — компьютерлік техника мен программалық 

құралдардың көмегімен оқушыға қажетті ақпаратты дайындауды, өңдеуді, меңгеруді жүзеге 

асыратын процесс [5,1-б.].



Әдебиеттер тізімі

1.  http://group-global.org/

2.  www.cpm.kz/...for.../L3W2D5_S1-4.docx

3.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Астана:  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  ДББҰ, 

2012.

4.  http://www.ccsenet.org/journal/index.php/ells/article/download/25002/1558



5.  http://kulpan.kz/

 


335

КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН   

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН  7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛЫМ 

ДАҒДЫСЫН ЖАЗЫЛЫМАЛДЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ 

ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Иманбекова А.Н.

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: іс-әрекеттегі зерттеу, фокус тобы, рефлексивтік практик, рефлексивтік 

күнделік, зерттеу тобы, зерттеу әдістері.



Ключевые  слова:  исследование  в  практике,  фокус  группа,  рефлексивный  практик, 

рефлексивный дневник, группа исследователей, методы исследования.



Key  words:  Action  research,  focus  group,  reflective  practice,  reflective  diary,  a  group  of 

researchers, research methods.



Аңдатпа

Бұл  мақалада  Action  research  жобасы  аясында  жүргізілген  зерттеуден  алынған 

нәтижелерге  сүйеніп,    жазылым  дағдысын  жазылымалды  нұсқаулықтар  арқылы  арттыру 

жолдары  қарастырылған.  Аталған  үрдісте  жазылымалды  нұсқаулықтың  тиімді  берілуі, 

оқушының жазылымалды нұсқаулықты тиімді пайдалануы жазылымды жақсартудағы басты 

тәсіл  екендігі  дәлелденді.    Анализ  және  синтез    нәтижелеріне  сай  оқушылардың  жазылым 

дағдысы жақсарғаны аңғарылды.

Аннотация

В этой статье рассматриваются пути улучшения навыков письма которые основаны на 

результатах проведенных исследований в рамках проекта Action research.

Abstract

This article regards the ways of improving the writing skill pre-writing instructions based on the 

results of the carried out research in the frame of action research project.

  Әлемнің  қарқынды  дамуына  орай    жаңа  ұстанымдар  білім  беру  жүйесіне  мейлінше 

өзгерістер енгізілуде [1,68-б.]. Еліміздің білім беру моделі әлемдік тәжірибенің үздік жобаларын 

ендіруде табысты қадам жасап келеді.  Осындай үздік жобалардың бірі - Іс-әрекеттегі зерттеу 

(Action  research). 

Іс-әрекеттегі зерттеу жобасының басты  мақсаты –  мұғалімнің іс тәжірибесін жақсарту. 

Джеффри Милс «Іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалімнің өзі   үшін жүргізілетін зерттеу» [1,70-б.]  

деп дұрыс тұжырым жасайды. Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы біздің мектебімізге де ендіріліп, 

мұғалімдер өз тәжірибесін зерттеуді қолға алуда. Осы жоба бойынша алғаш зерттеу жұмысымды  

Action  research жобасы бойынша ұйымдастырылған семинарға қатысқаннан кейін бастадым. 

Себебі осы семинарда мұғалімнің өз тәжірибесіне зерттеу жүргізуі қажет екендігін түсіндім. 

Осы зерттеу нәтижесінде өз тәжірибемді жақсартуды мақсат тұттым.  Махатма Гандидің «Егер 

сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе, осы өзгерісті өз уақытыңда жаса»-деген сөздері менің 

кредома  айналды.    Зерттеу  барысында  көптеген  дереккөздердегі  мәліметтермен  танысып, 

сараладым. Henke мен Jarvisтің  рефлексивтік оқыту келесі тиімді зерттеу циклын ұстануға 


336

5

тырыстым:

•  Ізден, оқы;

•  Өз тәжірибең туралы ойлан;

•  Өз тәжірибеңді сипатта;

•  Себептерін зертте;

•  Теориялық  және  практикалық  еңбектерге  сүйеніп,  өз  іс-тәжірибең  туралы  қайта 

ойлан;


•  Біршама өзгеріс енгізу жолдарын қарастыр;

•  Келесі нақты қадамдарың туралы ойлан;

•  Нәтижеге  қарай  жалғастыр  немесе  қайта  зерттеуді  баста(Henke,  N.  2001.  Jarvis,  P. 

2002).


Ғылыми-зерттеу  еңбектерінде  іс-әрекеттегі  зерттеу    «рефлексивтік  практиктің»  өзіне 

төмендегі 3 негізгі сауал қоюынан бастау алынады делінген:

1. Не жақсы болып жатыр? Неліктен?

2. Не жаман болып жатыр?  Неліктен?

3. Нені өзгерту керек?  Неліктен?

Дәл  осы  сұрақтарға  жауап  табу  менің  зерттеу  жұмысының  бастамасы  болды.        Өз 

тәжірибеме  рефлексия  жасай  отырып,  өз  тәжірибемді  бағалап  қана  қоймай,  тәжірибемде 

өзгерту  тиіс  бағытты  да  анықтай  алдым.  Альберт    мұғалімнің  өзгертуі  тиіс  саланы  келесі 

сауалдарға жауап бере отырып анықтай  алады деп көрсеткен:  

•  Менің бірден-бір өзгерткім келгені – бұл ...

•  Менің практикам ...  арқылы  жақсарар еді.

Өзім жұмыс істейтін оқушыларға ... қажет [2,72-б.].  Жоғарыдағы Альберттің кеңесіне 

сүйеніп өз тәжірибемдегі өзгертуі тиіс         саланы   анықтауды әріптестермен бірлесе отырып 

жүргіздім.  Сұрақтың төмендегі үш типінен зерттеу типті сұрақты зерттеу сұрағым етіп аламын 

деп шештім:

•  сипаттау(не? қандай? қайда?)

•  зерттеу(қалай?)

•  түсіндірмелі(неге?).

Зерттеу тақырыбын анықтауда әріптестеріммен кеңесе отыруды жөн санадым. Сондықтан 

әдістемелік  бірлестік      мұғалімдерімен  бірлесіп  өзгертуді  қажет  ететін  біршама  зерттеу 

сұрақтарын   анықтадық:

1.  Қалай    бейімделген  мәтіндер  арқылы  оқушылардың      сөздік  қорын        (екінші  тіл)  

дамытуға болады?

2.  Қалай  қалыптастырушы  бағалау  арқылы  оқушылардың  мотивациясын  арттыруға 

болады?

3. Қалай оқушыларды  логикалық аргументтеп  сөйлеуге үйретуге болады? 



4. Қалай оқушылардың  жазылым дағдысын арттыруға болады?

Осылайша  әріптестермен  бірлесе  отырып  бірнеше  зерттеу  тақырыбын  және  зерттеу 

сыныбын  анықтадым.  Зерттеу  тақырыбы  ретінде  «Қалай  қалыптастырушы  бағалау  арқылы 

оқушылардың мотивациясын арттыруға болады?» атты тақырыпты зерттеуге алдық.  Барлық 

мұғалімдер 7-сыныптарға сабақ жүргізетіндіктен  және осы сыныптарда өзгертуге тиіс көп 

мәселелер болғандықтан  кеңесе отырып 7-сыныпты зерттеуге шешім қабылданды. 

Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысым келесі қадамдардан тұрды:

Зерттеуді  бастамас  бұрын  зерттеудің    этикалық  аспектілеріне    сай  оқушылардың  

өздерінен, ата-аналарынан, топ кураторынан  зерттеу жүргізуге оқушылардың келісімі жазбаша 

рұқсатнама түрінде алынды;

Оқушылар,  ата-аналар  және  топ  кураторы  тарапынан  қарсылық  болмағандықтан, 


337

зерттеуімді  оқушылардан  алғашқы  сауалнама  алудан  бастадым.  Сауалнама  бірнеше 

сұрақтардан тұрды. Сауалнама нәтижелерін саралай келе, мен зерттеу тақырыбымды өзгертуім 

тиіс  деген  шешімге  келдім.  Себебі  сол  сауалнама  мазмұнына  сай  мен  оқушыларымның 

жазылым дағдысынан қиналатынын және осы дағды 4 дағдының ішінде оқушыларыма көп 

қиындық тудыратынына көз жеткіздім. Сондықтан зерттеу тақырыбым «Қалай оқушылардың  

жазылым  дағдысын  арттыруға  болады?»  деп  өзгертілді.    Жазылым  дағдысын  арттыру  бұл 

ұзақ әрі қиын процесс болып табылады. Жазылым – күрделі жанр. Жазылым дағдысы келесі 

компоненттерден тұратындығын ескеріп, барлық компоненттің қамтылуын кздедім:

1. Жазылым мазмұны (не?)

- Жазылым мәтінін құрау, мағынаны жеткізу 

2. Жазылым техникасы (қалай?)

- Түсініктілік

- Жылдамдық

3. Тілдік нормаларға сәйкестік (қалай?). Грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық 

және т.б. [3,5-б.]

Іс-әрекеттегі  зерттеуімді  бағдарлап  отыру  үшін  рефлексивтік  күнделік  жүргізуді 

бастадым.  Төмендегідей рефлексивтік күнделік үлгісін толтырып отыруды мақсат еттім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет