Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет98/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126

5

Биология—  XXI  ғасыр  ғылымдары.  Сондықтан  да  олар  жаңа  ақпараттық 

технологияларымен тығыз байланысты. Бұл пәндерді оқыту мұғалімге зор міндеттерді талап 

етеді,  өйткені  ол  бүкіл  сыныптың  қажеттіліктеріне  жауап  беруі  тиіс  [3,  26-б.].  Міне,  осы 

жағдайда жаңа технологиялардың көмегі зор. Өз сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны пайдалану білім берудің бір бөлігі болып отыр. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік 

интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген.  Интерактивтік    тақта  сабақ  мазмұнын  кеңінен 

ашуына, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде мүмкіншілігі өте 

зор.  Интерактивтік  тақтаны  пайдалану  кезінде  үлкен  жетістікке  қол  жеткізу  үшін,  тек  қана  

сабақты  тиімді жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек [2, 112-б.].

Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  бірнеше  мәселелерді 

шешуге көмектеседі:

•  Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

•  Алған білімді жүйелеу;

•  Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

•  Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

•  Білім алушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек 

беру [2, 113-б.].

Сабақ  материалы    презентациялық  слайдтар  және  флипчарттар  көмегімен  көрсетіледі. 

Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар, 

AсtivInspair бағдарламасының көмегімен флипчарттар жасап көрсету, оқушылардың танымдық 

ойлау мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастырады.

 

Презентациялар бір жағынан оқушыларға 



жаңа  материалды  (иллюстрация,  фотосуреттер,  бейнелік,  дидактикалық  материалдар,  т.  с.  с.) 

көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны 

қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Сабақтың барысында  интерактивтік 

тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Видео - сабақтарды демонстрациялау 

оқу  құралы  ретінде  қиялды,  абстрактілі  ойлауды,  оқытылатын  оқу  материалына  және  пәнге 

қызығушылықты арттырады. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы 

бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың 

көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз [4, 65-70 б.]. 

Мен  жаңа  сабақты  түсіндіру  барысында  сабақтың  мазмұнын  дайын  күйінде  бермеуге 

тырысамын.  Оқушылардың  өздігінен  танып-білу  дағдыларын    қалыптастыра  отырып,  жаңа 

тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері  құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. 

Қажетті жағдайда оқушы  тақтаға шығады, оған жеке тапсырма беріледі, қалғандардың көңіл 

бөлу үшін бағыт беріледі және оларды бақылап отырамын.

Өзіндік іс-тәжірибемде биология сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолданамын:

•  Сабақ кезінде үй тапсырмасын тексерген кезде жаңа материалды өтуде презентацияны 

қолдану;


•  Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше 

фрагменттерін қолдануға; 

•  Зертханалық жұмыстарда; 

•  Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.

Мысалы:  6-сыныпта  «Ұлғайтқыш  құралдары,  оларды  қолдану  тәсілдері»  тақырыбын 

өткенде  №2  зертханалық  жұмыс  ұлғайтқыш  құралдармен  жұмыс  жасау  ережелерімен 

танысқанда,  білім  алушылар  электрондық  оқулық  арқылы  микроскоппен  жұмыс  істеу 

техникасымен таныса отырып, микропрепарат жасау ретімен танысты. Осы арқылы өзіндік 

іскерлік  әрекеттерін  дамытты.  Жаңа  сабақты  бекіту  мақсатында  флипчартта  микроскоптың 

жекеленген бөліктерін өз орындарына орналастыра отырып, әр бөлімінің атқаратын қызметтерін 



661

қайталап шықты. Микроскоп  бөлімі атқаратын қызметіне сәйкес келмеген жағдайда, өз орнына 

қайтып барды («сандық» мүмкіндігі пайдаланылды).

 

11-сыныпта «Эволюция заңдылықтары» тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана 



отырып,  тақырыпты  жеңіл  меңгереді,  дивергенция,  конвергенция,  паралеллизм  ұғымдарын 

салыстыра  отырып  жете  түсінді,  өмірден  мысалдар  келтіріп,  табиғи  құбылыстардың  жүру 

заңдылықтарын ажырата білуге дағдыланады. 

Сонымен  бірге  7-сыныпта  «Ауру  қоздырғыш  қарапайымдылар»  тақырыбын  өткенде 

интернет желісі арқылы дизентерия амёбасы, безгек паразиті, лейшмания, трипоносома жайлы 

видео ұсынылды. Оны оқушылар үлкен қызығушылықпен қарап, соңында қызу талқылады. 

Айта берсем осындай мысалдарды көп келтіруге болады.

Кез-келген  жұмыс  нәтижесімен  өлшенеді  десек,  тұсаукесер  жасау  және  оны  сабақ 

үдерісінде қолдану жеке өзімнің, оқушыға білім беру кезінде күнделікті дағдыма айналды деп 

толықтай айта аламын. Оның дәлелі 6-7 сыныптарға биология сабағына арналған тұсаукесерлер 

мен  флипчарттар  базасы.  2014  жылы  Қазақстан  Республикасының  «Ақпараттық  Қазақстан 

-2020»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  өткізілген  компьютерлік  сауаттылығын  арттыру 

курсын бітіргені туралы сертификат (№00424), 2015 жылы «Работа в ActivStudio» сертификат, 

облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстардың фестиваліне қатысып, 

жалпы білім беретін мекемелердің арасында өткізілген «Үздік презентация» байқауының «Оқу 

сабағы» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленгені үшін дипломмен марапатталдым. Биылғы 

оқу жылында «Менің үздік презинтациям» деп аталатын 5-ші Зият Республикалық конкурсқа  

биология пәні бойынша «Сымбат және денсаулық» атты өз тұсаукесерімді жібердім.

Осындай еңбегімнің арқасында, биология сабағына оқушыларды қызықтыра да білдім. 

Оның дәлелі жылма-жыл ҰБТ кезінде биология пәнін таңдайтын оқушылардың болуы және 

сапасының артуы. 

   


 

 

 



 

 

 



 

 

         



№1 кесте

2013-2014, 2014-2015  оқу жылдың ҰБТ бойынша жалпы ұпайларының салыстырмалы 

кестесі

Жылдар


ҰБТ тапсырған оқушылар 

саны


Орташа ұпай

Білім сапасы

2014

1

14



100

2015


2

19,5


100

№2 кесте


Мектеп бойынша биология  пәнінің 2013-2014,  2014-2015 оқу жылдарының 

 жылдық білім сапасының кестесі

Оқу жылдары

Білім сапасы

2013-2014

60%


2014-2015

64%


«Дарын»  Республикалық  ғылыми-практикалық  орталығының  ұйымдастыруымен 

өткізілетін  КИО  -  дистанциондық  интернет  олимпиадаға  қатысқан    оқушылар  санының 

артуы. 

       


662

5

№3 кесте


Соңғы үш жылмен салыстырмалы кестесі

Оқу жылдары

Қатысқан оқушылар саны

Ұпайлары


2013-2014о.ж.

1

7



2014-2015о.ж.

13

18



Заманауи  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істеу  оқушыларды  ұқыптылыққа,  нақтылыққа, 

берілген  тапсырмалардың  нәтижелі  орындалуына,  басты  мәселеге  назар  аудара  білуге 

баулиды.  Сондай  -  ақ  оқушылар  биология  сабақтарында  ақпараттық  -  коммуникациялық 

технологияларды  тиімді  қолданады.    Сабаққа  керекті  деректерді  алгоритмнен  іздеп, 

алынған ақпараттарды жүйелеп, талапқа сай жасап, сабақ барысында интерактивті тақтадан 

тұсаукесерлерін  қорғаған  кезде,  өздерін  емін-еркін  ұстайды.  Ойымды  Сеймур  Пайперттің 

«Нағыз компьютерлік сауаттылық дегеніміз – компьютерді қолдану ғана емес, оны қай кезде 

қалай қолдану керектігін білу» - деген сөзімен аяқтағым келеді [4, 71-б].



 

Әдебиеттер тізімі

1.  Шадиев Қ. Компьтерді қолданудың педагогикалық мәселелері // Қазақстан мектебі / 

Жауапты ред. С.Әбішқызы. Алматы: Дәуір, №5. 2006. 7-9 б.

2.  Алданыш  А.  Сабақта  АКТ-ны  пайдаланудың  жаңаша  мүмкіндіктері  //  Тренер: 

Республикалық  ақпараттық-әдістемелік  журнал  /  Жауапты  ред.  Г.К.Ахметова. 

Қостанай: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, 2015. 111-113 б.

3.  Қонарова Р. Ұжымдық жұмыстар // Биология және салауаттылық негіздері / Жауапты 

ред. Б.Қаукенова. Алматы: «Ақпарат -Ата» ЖШС, №1. 2015. 24-26 б.

4.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 2012. 61-71 б.

ҰРПАҚТЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ - БАСТЫ МӘСЕЛЕ

 

Сағиева Г. Қ. 

Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді  сөздер:  ұрпақ  тәрбиесі,  жасөспірімдер  дағдарысы,  адамгершілік,  имандылық, 

рухани, патриоттық тәрбие.



Ключевые слова: воспитание будущего, молодежный кризис, этического, морального, 

духовного и патриотического воспитания.

 Кeywords:Education of the future, youth crisis, ethical, moral, spiritual and patriotic education.

Аңдатпа 

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі күрделі мәселелердің бірі - ұрпақ тәрбиесі сөз болып отыр. 

Жастарды тәрбиелеуде шынайы өмірде орын алып отырған олқы тұстарды айта отырып,  мектеп 

оқушыларын адамгершілікке, патриоттыққа, кішіпейілділік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге 

байланысты толыққанды мысалдар келтірілген. Әсіресе оқушылардың заманның теріс ағымына 

қарай ығысып, ата-анамен байланысты үзіп, өз әлеміне еніп кетпеудің жолдарын қарастырған. 

Имандылық  пен  патриоттық  тәрбиелеуге  байланысты  мектептің    іс-тәжірибесінен  мысал 

көрсетілген. Сол арқылы келешек ұрпақты тәрбиелеуде шешімді қорытынды жасалынған.



663

Аннотация

В данной статье показана одна из важнейших проблем современного общества, воспитание 

подрастающего  поколения.  Приведены  жизненные  примеры  воспитания  учащихся  любви  к 

Родине. Одной из важнейших задач данной статьи является показ роли семьи в воспитательном 

процессе, умение понимать внутренний мир ребенка, социальная адаптация детей, попавших 

в сложную жизненную ситуацию.  Приведены примеры из опыта школы по патриотическому 

и  духовному  воспитанию.  Из  всего  этого  сделаны  выводы  и  предложения  для  дальнейшей 

работы по патриотическому воспитанию.  



Abstract

His  article  shows  one  of  the  most  important  problems  of  modern  society,  education  of  the 

younger generation. Given life examples of patriotic education of pupils love for the motherland. 

Humanity. One of the main objectives of this paper is the role of the family in the educational process 

of the ability to understand the inner world of the child, the social adaptation of children in difficult 

life situations. From the experience of examples of patriotic and spiritual education. From all this, the 

conclusions and suggestions for further work on patriotic education.

Еліміздің  өркениетті  елдер  қатарына  қосылу  бағытындағы  үлкен  мәселелердің  бірі-

келешек  ұрпақтың  рухани  дамуы.  Бұл  бағытта  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  ұлттық  рухани 

дамудың кең көлемді мәселелерін екшей келе: «Егер, біз, мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің 

мемлекетімізді  ұзақ  мегзеп  тұрғымыз  келсе,  онда  халық  руханиятының  бастауларын 

түсінгеніміз  жөн»-  дегеніне  сүйене  отырып,  қазақ  жастарын  эстетикалық  талғамы  жоғары, 

мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнерсүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше [1, 288-б.].  

Қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамды болашағы алаңдатары сөзсіз. Жастар - 

біздің болашағымыз, қоғамның іргетасын қалаушы, экономикалық өсу мен дамудың қозғаушы 

күші деуге болады. Еліміздің 20-30 пайызын 18 жасқа дейінгілер құрайды екен. [2,13-б.]. Ал 

олардың тәрбиелілік, рухани өсуі, адамгершілігі, имандылылығы мен отансүйгіштігі қандай 

дәрежеде?  Еліміздің,  тіліміз  бен  дініміздің,  діліміздің  сақталуына,  экономикамыздың  ары 

қарай дамуына ықпал жасайтын жастарымызға қаншалықты сенуге болады? Баланың бойында 

ынтымақтастық  қарым-қатынасты,  елгезектікті,  өзіне  –  өзі  сенімділік  рухын  қалай  дамыту 

керек? Осы тәріздес сауалдар әр болашағына үмітпен қарар адамзатты алаңдатары сөзсіз. 

Бүгінгі  заманда  бала  тәрбиесі  дағдарысқа  ұшырауда.  Күнделікті  бұқаралық  ақпарат 

құралдарынан  жасөспірімдердің  өзіне  деген  бағасының  төмен  екенін,  олардың  елеусіз 

қалғандарын, ерте жастан жүкті болуын, нашақорлыққа, суицидке қылмыстық істерге барып 

жатқанын  күнделікті  естіп  жатамыз.  Ата  –  аналар  ескі  тәрбие  әдісінен  де,  жаңа  тәрбие 

әдісіне де сенімсіздікпен қарайды. Тәрбиенің бірде – бір жолы жарамайтындай әсер туады. 

Ал тәрбие мәселесі күннен – күнге қиындай түсуде. Қазіргі кезеңде бала тәрбиелеу ата-ана 

үшін өте қиын. Өйткені бала үшін баланың тәрбиесі үшін қоғамда өте көптеген факторлар 

пайда  бола  бастады.  Заманауи  технологияның  бірі  компьютердің  заманымызға  енуінің  кері 

әсері  де  бала  психикасынына  қатты  әсер  ете  бастады.  Виртуалды  өз  әлеміне  еніп  кететін 

баланың психологиялық жағынан денсаулығына кері әсер етіп жатқаны да шындық. Соның 

әсерінен өмірін қиып кетіп жатқаны да қазіргі заманның ащы шындығы. Ақпараттық жүйенің 

бақылаусыздығы салдарынан балаларымыз тіптен адамның миына кірмейтін жағдайлар жасап, 

бұзақылықтың жан түршігерлік әрекетін жасап жатқаны теледидардан жиі көрсетіп жатады. Сол 

оқиғаның басы қасында болған балалардың әр қанұйлы оқиғаны әсерлеп, егжей-тегжейіне дейін 

айтып жатқанда жағаңды ұстайсың. Теледидардан көрсетіп жатқан телесериалдардағы қамсыз 

жастардың әрекеті, арақ-шарап, қыз – қырқын, арзан  ойын –күлкіге мас болған жастардың 

тірлігіне еліктеу басым, соның салдарынан ата-анасының соңғы ақшасын сыпырып алуға даяр 

жастарымыздың адамгершілік, имандылық, рухани қасиеті мен салауттылығы қайда кеткен 


664

5

дерсің. Әрине мұнымен бар жастарға топырақ шашуға болмас, алайда қазіргі заманның кезек 

күттірмес басты, көкейтесті мәселесіне айналып кетті.Осындайда Ұлы данышпан Абайдың: 

•  Ұятың, арың оянсын, 

•  Бұл сөзімді ойлансын, 

•  Тамағы тоқтық, 

•  Жұмысы жоқтық, 

Аздырар адам баласын- деген өлең шұмақтары еріксіз ойға оралып, даналығын , алыстан 

болжай білген көрегендігін тағы бір мойындамасқа шараң жоқ. [7.86-б].  Мұндай жағдайларға 

түрті  болған  қоғам,  қоршаған  орта  деуге  де  болар  бәлкім,  дегенмен  ата-ананың  тәрбиесі, 

мектептегі  тәрбие  жүйесінің  дұрыс  құрылуы,  еліміздегі  білім  саласында  тәрбие  мазмұнын 

жаңаша қарастыру осы жағдаяттарға тікелей  ықпал етпек.

Біз ұрпағымызға барымызды, ең жақсысымды беруге даяр халықпыз.  Ұрпағымыз біз қол 

жеткізе алмай кеткен арманымыздың жалғасы іспетті. Болашақта барлық адами құндылықтарды 

бойына сіңіріп өскен ұрпақ тәриелеп шығу ең бір шешімі күрделі, ең бір көпқырлы, еңбек пен 

уақытты қажет ететін үрдіс.

Қазіргі кезеңде тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асыру- тұтас педагогикалық 

процесс  тұрғысынан  қарастырылуда.  Тәрбие  мақсаттарын  тереңінен  білу  педагогтарда 

негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе 

саналылық,  айқын  бағыт,  қисындылық  беретіні  туралы  көзқарас  тудырады.  Сонымен  қатар 

тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. 

Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей 

қатысты. Тәрбие мазмұны — әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, 

оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық 

және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі.

Тәрбие мазмұнының мәселесі мектептегі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. 

Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап 

іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің 

негізгі  мақсаттары  мен  міндеттер  шеңберін  анықтап,  тәрбие  мазмұнының  сипаттамаларын, 

ерекшеліктерін,  негізгі  бағыттарын  ашып  көрсетеді.  Қазіргі  қоғам  жастарын  тәрбиелеудің 

стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере 

алатын,  ұлттық  санасы  дамыған,  көп  мәдени  тұлғаны  қалыптастыру  болып  саналады.  Осы 

ойлар «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында» 

(1995  ж.),  «Білім  беру  жүйесіндегі  мемлекет  саясатының  тұжырымдамасында»(1996 

ж.),  «Қазақстан  республикасындағы  этномәдени  білім  беру  тұжырымдамасында»  (І996 

ж.),  «Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбиелеудің  кешенді 

бағдарламасында» (2000 ж.), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді 

дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасында»  (2004  ж.),  «Қазакстан  Республикасының  2015 

жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық 

процесті  ұйымдастырудағы  Қазақстан  Республикасының  білім  және  ғылым  Министрлігінің 

тағы  басқа  құжаттарында  көрініс  алаған.  Осы  тұжырымдамалар  мен  заңдарды  негізге  ала 

отырып, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы  № 44 мектеп-лицейінің оқу-тәрбие 

жұмысындағы ерекшелікреге тоқталып кеткім келеді.  Мектептегі тәрбие үрдісінің мақсаты – 

ұлттың  тілін,  мәдениетін,  өнерін,  тарихын,  әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  дәстүрін  оқушылар 

санасына сіңіріп, жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру, олардың бойына имандылық пен ізгілік 

қасиеттерін дарыту болып отыр. Білім беру ісінің үздігі, мектеп басшысы Түменбаев Таңатқан 

Қалибекұлы:  «Оқу  тәрбие  үрдісінде  қызмет  атқарып  жатқан  адамдардың  барлығы  баланы 

жақсы көруі керек. Баланың нашары болмайды, баланың барлығы алтын, тек  білімсіз баланы 

шығарған  нашар  мұғалім,  сол  нашар  ұстазды  жұмысқа  алған  нашар  басшы  бар»  –деген 

қағиданы  берік  ұстанатын  іскер  басшы.  Әр  оқушының  адамгершілік,  имандылық  қасиеті, 



665

ізеттілік  пен  кішіпейілділік  қасиетінің  дамуына  баса  назар  аударады.  Мектепке  кіргеннен-

ақ,  ұстаздарға  дауыстап  сәлемдесу,  ер  адамдармен  төсін  кеудесіне  қойып  амандасуға  үлкен 

мән береді. Оқушылар да, ата-аналар да кірген бойда-ақ бас киімдерін шешіп, көпшілікпен 

амандасып жатқанда жаның сүйсініп, ибалы шәкірттердің өсіп келе жатқанына тәубе айтасың. 

Сонымен бірге мектебімізде жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру арқылы 

оқушының  құнды қасиеттерге ие болуына, рухани бай адам болып қалыптасуына жете мән 

беріледі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш 

болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан 

ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне 

сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздарымыз айтарлықтай шешуші роль атқарып келе 

жатыр. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс ретінде қарастырылып келеді. Бір 

жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалы, екінші 

жағынан  -  тәрбиеленушілердің  белсенділігінің  арқасында  оқу  –тәрбие  үрдісі  өз  деңгейінде 

жұмыс атқарып келеді.  Әсіресе ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау арқылы 

отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай - ақ қоғамға 

тән адамгершіліктің өзге де формаларын нық қалыптастыруда.  

Сонымен бірге жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мектепте маңызды орынға қойылған. 

Өйткені  тәуелсіз  еліміздің  ғаламдық  өркениеттен  өзінің  лайықты  орнын  алуы  үшін  де  бұл 

ерекше өлшемнің бірі екені даусыз.

Сондықтан  болуы  керек,  соңғы  жылдары  оқушыларды  патриотизмге  отаншылдық, 

елжандылыққа тәрбиелеу мәселелеріне назар аударыла бастады. Рас, патриотизм, ұлтжандылық, 

елжандылық  проблемасын  тек  кана  соңғы  он  жыл  көлеміндегі  оқиғалармен,  өзгерістермен 

орайластырып шектеп қалу жеткіліксіз. Бұл мәселе қоғамдық дамудың ілгерідегі кезеңдеріне 

де тән болған. Оны өрістетуде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар белгілі бір 

роль атқарған. Бірақ кеңестік идеологиядағы ұраншылық, науқаншылдық салдары патриотизм 

ұғымын жадағайландырып, оны әсіре-белсенділіктің құралына айналдырғаны жасырын емес. 

Сондықтан өткеннен сабақ ала отырып, бұл  проблеманың саяси мәніне оның жаңа қоғамдағы 

алар  орнын  мұқият  саралап  қарастыру  қажеттігі  туындады.  Себебі  —  өткеннің  бәрі  сабақ. 

Сондықтан  мектеп  оқушыларына  патриотизмнің  Отан—анаға  деген  сүйіспеншілік,  адам 

бойындағы қабілет қарым мен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл парасатты ел игілігіне жұмсау, 

атамекен  мүддесіне  арнау  екенін  жете  түсіндірген  жөн.  Осындайда  мектептегі  патриоттық 

бағытта  жүргізілген  жұмыстың  ең  тиімділері  патриоттық  әндер  сайсын  өткізу,  ҰОС,  ауған 

соғысына  қатысқан  ардагерлермен  кездесу,  қарапайым  еңбек  адамдарымен  кездесіп,  қазіргі 

заманның батырлары, патриоттары кімдер деген салалы сұраққа жауап іздей білгендері абзал. 

Көзімен көріп, құлағымен естіп, қатты әсер алған оқушы ғана нағыз патриотизм деген ұғымға 

жете бойлары сөзсіз. 

Осы мәселе турасында алыс және жақын шетел ғалымдары, қазақстандық әріптестеріміз 

өз көзқарастарын білдіріп, оның қоғамдық үрдістерде алар орнын айқындау бағытында ой-

тұжырымдарын  ұсынып  келе  жатқаны  белгілі.  Айталық,  ресейлік  ғалым  В.В.Макаров: 

“Патриотизм  кез  келген  саяси,  әлеуметтік,  этникалық  топтың  ғасырлар  бойғы  тұтастығын 

қамтитын құбылыс” деп жазса, Н.И. Губанов былай деп ой түйеді: “Шын мәніндегі патриотизм 

кім - кімнің болса өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге озге халық мақтанышына 

құрметпен қарау - болмақ. Ал мұндай қасиет іс әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы 

іспетті”.    Соның  бір  дәлелі  болар  сыныбымда  оқушыларға  «Қазіргі  заманның  батырлары» 

деген тақырыпта эссе жазуды тапсырдым. Нәтижесі көңілімді қуантып тастады. Ойлар сан 

қилы. Оқушылардың бірі жуырда космосқа ұшқан Айымбетовты батыр десе, бірі-  Ұлы Отан 

соғысына қатысқан жерлестерімізді, бірі қазіргі заманның әр саласындағы еңбек адамдарын 

қазіргі заманның батырлары деп түйіндепті. Бұл дегеніміз - оқушыларымыздың қарапайым 

адамдарға  деген  құрметі,  мақтаныш  сезімі  деп  түсінемін.  С.А.Назарбаеваның  «Отбасында, 



666

5

мектепте,  қоғамдық  орындарда  үлкендер  мен  бала  арасындағы  сыйластық,  махаббат  пен 

мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы  адал еңбек 

етіп,  елін,  халқын  сүюге  тәрбиелеп  отырмыз.  Сондықтан  ұл-қызымызға  көзбе-көз  айтқан 

сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» - деген еді.   

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру 

мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын 

сіңіріп,  мінез-құлқын  тәрбиелеу  үшін,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды,  адамгершілік 

ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

Адамгершілік  –  адамның  қоғамдық  өмірінің  негізі.  Адамгершілік  білімі  –  қоғамдық 

білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге 

жататын  саяси,  құқықтық,  эстетикалық,  философиялық,  діни  білімдердің  барлығы  да 

адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни 

наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, 

мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі 

адамдардың  дүниетанымын,  олардың  қызметін  және  мінез-құлқын,  істері  мен  әрекеттерін 

анықтайды.  Сондықтан  да  көрнекті  педагогтар  адамгершілік  білімін  білім  берудің  алтын 

қазығы» деп бекер айтпаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, бүгінгі ұрпақ 

адам  бойында  кездесетін  үлгілі,  жақсы  қасиеттер  мен  жағымсыз  әдет-дағдылар  жөніндегі 

бұрынғы өткен ұлы ғұламаларымыздың өсиеті мен өнегесін оқып біліп, оны көкейіне тоқып, 

одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді бойына сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет