Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет97/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126

Әдебиеттер тізімі

1.  Іс-әрекеттегі зерттеу. Әдістемелік құрал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 

2012. 

2.  ҚР  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің  біліктілігін  арттыру  курсының 



бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей. 

2012. 65-б.  

3.  ҚР  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің  біліктілігін  арттыру  курсының 

бағдарламасы бойынша Мұғалімдерді бағалау қағидалары. Үшінші (базалық) деңгей. 

2012. 27-б.

4.    Шакиров  Р.Х.,  Буркитова  А.А.,  Дудкина  О.И.  Оценивание  учебных  достижений 

учащихся. Методическое руководство. – Б.: «Билим», 2012. –80 с.

5.    Шакиров  Р.Х.,  Кыдыралиева  М.Ф.,  Сахарова  Г.Н.,  Буркитова  А.А.  Формативное 

оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя – Б.: «Билим», 

2012. – 76 с.



МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

Рыспембетова Ж. А.

№149 «Қызылту» орта мектебі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 

Түйінді  сөздер:    мұғалім,  кәсіби  құзіреттік,  А-деңгей,  В-деңгей,  С-деңгей,  тәжірибе, 

оқыту мен оқу. 



Ключевые  слова:  педагог,профессиональная  компетенция,  А-уровень,  В-уровень, 

С-уровень, преподавание и учения.



Keywords: teaceher, professional competence, A-lavel, B-lavel, C-lavel, experience, teaching 

and learning.



Аңдатпа

Мақалада автор мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтау, табу және деңгейі бойынша 

іріктеу арқылы мұғалімдердің кәсіби қызметінің мазмұны мен сапасының бірыңғай талаптары 

анықталады. Құзыреттілік талаптарына сәйкес  оқыту мен оқу үдерісіне  кез-келген оқушыны 

тартуға түрлі  амалдар қолдана алатынын көрсетеді. Жалпы білім беру жүйесі педагогикалық 

қызметкерлеріне қойылатын құзіреттілік бес түрлі талаптарды, құрамдас бөліктерін негізге алып,  

үш деңгейге іріктеген. Жұмыс педагогикалық білім беруде мемлекеттік білім беру стандартын 

меңгертуде маңызды.Бұл арқылы маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби 

қызметін анықтап, әрі қарай оқыту мен оқуда негізгі нәтижеге қол жеткізетіндігі айтылған.


654

5

Аннотация

Автор  данной  статьи  предъявляет  требования  к  компетенциям,  предназначенные  для 

определения единых требований к содержанию и качеству профессиональной деятельности 

педагогов,  для оценивания квалификационного уровня.  А также выявляет в соответствии с 

требованиями к компетенциям педагог может использовать различные методы для вовлечения 

всех учеников в учебный процесс . Система общего среднего образования распределяет учителей 

на  три    уровня,    основываясь    на  пять  требований  педагогической  компетенции.      Данная 

работа  очень  важна  для  педагогов    при  усвоении  государственного  стандарта  образования. 

Благодаря  педагогической  компетенции  определяется  совокупность    достаточных  личных 

качеств  специалиста ,   для выполнения профессиональной деятельности соответствующего 

уровня качества и условий.

 

 Abstract

The author of the article submits requirements for the competence intended to define common 

requirements for the content and quality of professional work of teachers to estimate the level of 

qualification. In addition, to identify, in accordance with the requirements of competence teachers 

can use different methods to involve all students in the educational process.The system of secondary 

education teachers distribute into three levels, based on the five demands of teachers’ competence.This 

work is very important for teachers in mastering state standards of education. Due to the pedagogical 

competence is determined by the personal qualities of sufficiently skilled to perform the professional 

activities of an appropriate level of quality and conditions.

Мұғалім-  рухани  жетілген,шығармашылық  қабілеті  жоғары,өзіне  сын  көзбен  қарай 

алатын,кәсіби  дағдылары,педагогикалық  дарыны  бар  жаңашылдыққа  ұмтылатын  тұлға  [2]. 

Шындығында,  кәсіпқой  мұғалім  өз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,әрбір  тыңдаушысының 

педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Сондықтан мұғалімнен педагогикалық қызметтің 

шығармашылық бағытталуы, мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын бағалай 

алуы, зияткерлік мәдениетін меңгеруі,әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағарлай 

алуы  сияқты  мәселелер  талап  етіледі  [3,  40-б.].  Мен  басқарып  отырған  педагогикалық 

ұжымда  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігін  анықтау  мақсатында  құзыреттілік  талаптарына 

сәйкес  бірнеше  критерийлер  бойынша  оқытудағы  мұғалім  әрекетіне      талдау  жасалды.  Бұл 

талаптарды  анықтауда  көшбасшылар    мұғалімдердің  деңгейін  анықтау  мақсатында  жұмыс 

жүргізіп,  бірлескен әрекет жасады. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі А–алдыңғы 

деңгей, В–ортаңғы деңгей, С–төменгі деңгей [1, 23-б.] бойынша іріктелді.    Педагогикалық 

– психологиялық құзыреттілік бойынша  оқушының оқуға деген қабілетін ынталандыратын 

әдістерді      қазіргі  кезеңде  жұмыс  жасап  жатқан  барлық  мұғалімдер  100  %  қолдана  біледі.  

Оқыту барысында оқушыны дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолдана 

білетін мұғалімдердің   А деңгейіне  негізгі пәндер мұғалімдерінің 72,4% жатқызуға болады. 

Дамытушылық  қағидаты  әлі  де  болса  тұрақты  емес    В  деңгейі  мұғалімдері  15,9%  болса, 

дамытушылық сипатқа мән бере бермейтін С деңгейіндегі мұғалімдер тобы 11,5% құрайды. 

Себебі,  жекелеген  оқушыға  мемлекеттік  білім  стандартын  меңгертуде  қиындық  тудыратын 

оқушылар да кездеседі. Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтап, жою, реттеу 

процесінде  жүйелілік қалыптастырғандар  А  деңгейі  39%  құрады. Оқытудағы қиындықтарда 

мұғалімдер  өздерінің  іс  -  тәжірибелерінің  жоғарылығын,  шығармашылдығын,  оқушының 

танымдық қабілетін қалыптастыруда жүйелі ғылыми негізде жұмыс жүргізетін  инновациялық   

«Озат» тәжірибелі мамандар тобы. Осы құрамдас бөліктің қиындықтарды анықтау мен жою 

жолдары нақты емес В деңгей мұғалімдері 43,4% болса, әлі де болса жүйелілік жоқ С деңгейі  


655

мұғалімдері 17,3% болады.  Өз бетінше оқуға үйрету, рефлексия жасай білуін дамытуға жұмыс 

жасайтындар  А деңгейі мұғалімдері  21%  құрады. Себебі, деңгейлік бағдарлама бойынша 

курстан  өткен  мұғалімдер  және  олардың  тәлім  алушылары  оқытуда  оқушының  өз  бетінше 

талдау  жасауына,  сыни  тұрғыдан  пікірін  жеткізе  білуіне  дағдылану  үстінде.  Оқушыларды 

өз бетінше оқуға, өзін өзі талдауға дағдыландыруда әдіс – тәсілдері тұрақты емес  В деңгейі 

мұғалімдері 53,6% құраса, 24,6% -ды С деңгейі мұғалімдері, яғни өз бетінше оқу мен рефлексия 

жасауға оқушыларды дайындауды әлі де іс – тәжірибелеріне енгізбеген деп жатқызуға болады.



1-кесте. Психологиялық – педагогикалық құзыреттілік

Құрамдас бөліктері

Мұғалім саны

А

В

С

Оқушының оқуға деген қабілетін ынталандыратын әдістерді қолдана 

біледі

69

0



0

Оқыту барысында оқушыны дамытушылық сипаттағы әдістерді 

қолданады

50

11



8

Оқушылардың оқудағы қиындықтарының себебін анықтап, жоюда 

жүйелілік қалыптастырғандар

27

30



12

Өз бетінше оқуға үйрету, рефлексия жасай білуін дамытуға жұмыс 

жасайтындар

15

37



17

     


Кәсіби  даму  -  кәсіби  қызмет  субъектісі  өзінің  кәсіби  білімі,  білігі,  дағдылары  мен 

құзіретінің  сапасы  мен  деңгейін  жетілдіретін  және  табысты  еңбек  ету  үшін  қажетті  жеке 

қасиеттерді  дамытатын  үдеріс  [4,40-б.].  Қарым-қатынас  құзыреттілігі  [1,  24-б.]  бойынша 

оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін ынталандыру, тиімді диалогтік қарым – қатынас 

орната  білу  барлық  мұғалімге  тән  қасиет  -100  %.  Себебі,  оқыту  процесінің  өзі  мұғалім  – 

оқушының  диалогтік  қарым-қатынасынан  тұрады.  Оқыту  барысында  пікірталас  жүргізетін 

орта қалыптастырады, пікір алмасу жүргізе білетіндер А деңгейі мұғалімдері 62,3% құрайды. 

Бұл  топтағы  мұғалімдер  оқушылардың  зерттеушілік,  интеллектуалдық,  рухани  келбетін 

қалыптастыруда  баламен  пікірлесу,  оның  сыни  ойлауына  мүмкіндік  туғызатын  ізденімпаз, 

шығармашыл мамандар тобы. Сабақтағы кері байланысты талапқа сай орындайтындар, яғни 

сабақты  бекіту  кезеңінде  оқушымен  тиімді  диалогтік  қарым-қатынас  орната  біліп,  оқушы 

пікірін  жеткізуде  ынталандыруға  жағдай  жасай  білетіндер  тобына  мектептегі  тәжірибелі 

мамандар тобы кірістірілді. Оқытуда оқушылардың дискуссиялық қарым – қатынас ортасын 

сирек  қолданатын  мұғалімдердің  В  деңгейі    20,2%  болса,    17,3%  С  деңгейіндегі  қарым  – 

қатынас ортасын ұйымдастыру дағдысы әлі де қалыптасу процесіндегі  мұғалімдердің де жоқ 

емес  екендігін  жасыра  алмаймыз.  Оқушылардың  сөз  саптауына  түсіністікпен  қарап,  тілдік 

кедергілерді жоюға  көмектесуге әрекет ететіндер 24,6% -ды құрайды. Себебі, әрбір мұғалім 

оқушы  пікірін  тыңдай  отырып,  жүйелі  жұмыс  жасауын,  оны  дұрыс  жеткізу  қабілеттерін 

айқындап,  оқушының  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  көңіл  бөле  бермейді.  Тілдік 

кедергілерді  жою  барысындағы  жұмыстарға  селқостық  танытатын  В  деңгейлі  мұғалімдері 

44,9% болса, С деңгейіндегі 30,4 % мұғалімдер оқушылардың сөйлеу мәдениетіне көңіл бөле 

бермейді.



656

5

2-кесте. Қарым-қатынастық құзыреттілігі

Құрамдас бөліктері

Мұғалім саны

А

В

С

Оқытуда оқушының мұғаліммен пікірлесуін 

ынталандырады, тиімді диалогтік қарым – қатынас 

орната біледі

69

0

0



Оқыту барысында пікірталас жүргізетін орта 

қалыптастырады, пікір алмасу жүргізе біледі

43

14

12



Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, 

тілдік кедергілерді жоюға көмектесуге әрекет етеді

17

31

21



   

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану  құзыреттілігі [1, 24-

б.] бойынша сабақта барлық мектеп мұғалімдері 100%  компьютерді қолдана біледі,  MS Offise 

Word  бағдарламасымен жұмыс істей алады. Сабаққа қатысты ресурстар дайындауда Power 

Point  бағдарламасын  қолданатына  білетін  А  деңгейлі  мұғалімдер  59,4%    құрайды.  Себебі, 

электронды оқыту жүйесінде барлық мұғалім жұмыс жасағанымен, аталған бағдарламаны әлі 

де болса меңгеру үстінде.  В деңгейіндегі   23% мұғалімдер оқыту процесіне бұл бағдарламаны 

жүйелі түрде енгізбеген. 17% С деңгейіндегі мұғалімдер  бағдарламаны пайдалануға селқостық 

танытады. Интернет жаһандық желісін қолданып, электронды пошта арқылы оқушылармен, 

әріптестермен  қарым  –  қатынас  жасай  алатындар  А  деңгейі    50,7%  құрайды.  Бұл  мектеп 

мұғалімдерінің орта, жас буындағы тобы.  В деңгейіндегі 39% мұғалімдер интернетпен белсенді 

жұмыс  жасауды  дағдыға  айналдырмаған.  С  деңгейіндегі  10  %  мұғалім  интернет  желісінің 

жетістіктері  мен  мүмкіндіктерін  мүлде  ескермейді  деп  атауға  болады.  Сабақ  үдерісінде 

мультимедианы қолданушылардың А деңгейі  39% (фото, бейне, аудио файлдарды қолдану) 

болса, В деңгейіндегі 27 % мұғалімдер сабақтың барлық кезеңдерінде қолдана бермейді. Ал, 

33% С деңгей мұғалімдері сабақ барысында өте сирек қолданады. 



3-кесте. Оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі

Құрамдас бөліктері

Мұғалім саны

А

В

С

Сабақта компьютерді қолдана біледі, MS Offise Word  бағдарламасымен 

жұмыс істей алады

69

Сабаққа қатысты ресурстар дайындауда PowerPoint бағдарламасын 



қолданады

41

16



12

Интернет жаһандық желісін қолданады 

35

27

7



Электронды поштамен оқушылармен, әріптестермен қарым – қатынас 

жасай алады.

35

27

7



Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану деңгейі (фото, бейне, аудио 

файлдарды қолдану)

27

19

23



   

Сабақ  барысын  басқарудағы  құзыреттілік  [1,25-б.]  бойынша  сабақты  жоспарлауда  

әдістемелік талаптарға сай шығармашылықпен дайындайтындар А деңгейлі мұғалімдері 59 % 

құрайды. Оқыту процесінде тек мектеп материалымен шектелмей, ғылыми негізде мағлұмат 

беретін  мұғалімдер  тобы  –  тәжірибелі,  ізденімпаз  мамандар.  Сонымен  қатар,  жан  –  жақты 

әдістемелік тұрғыда көмек қажет ететін мамандардың В деңгейі – 29% болса, С деңгейі 11% 

мұғалімдердің  сабақ  жоспарлауында  бірізділік  басым  екендігі  байқалады.  Сабақ    уақытын 

тиімді пайдаланып, әр кезеңді реттей білетін мұғалімдердің  А деңгейі 50,7%. Сабақтың әр 

кезеңіне  үнемі  тиісті  көңіл  бөліп,  тиімді  жұмыс  жүргізе  білу  де  мұғалім  шеберлігін  қажет 


657

ететіні  белгілі.  Сабақ  кезеңдеріне  дұрыс  көңіл  бөлгенімен,  жүйелілік  сақтай  бермейтін  В 

деңгейін  мұғалімдер  34,7%  құраса,    сабақ  кезеңдерінің  мерзіміне  көңіл  бөлмей,  уақытпен 

санасуға  дағдыланбаған  С  деңгей  мұғалімдері  14%.    Сабақ  барысында  жұптық,  топтық 

жұмыстарды тиімді   ұйымдастырып,  оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін таңдай біліп, нәтижелі 

пайдаланатын  мұғалімдердің    39%-ы  А  деңгейін  құрайды.  Себебі,    қазіргі  таңдағы  оқыту 

процесіндегі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлап, оқушы көзіменен сабаққа баға беруді іске 

асыру барлық мұғалімге қатысты болмай тұр. Деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен 

мұғалімдер мен тәлім алушылар арқылы мектептің шығармашыл мұғалімдері тәжірибелеріне 

енгізуді  қолға  алып  жатыр.  Жұптық-топтық  жұмыстарды  іс-тәжірибелеріне  енгізгенімен, 

олардың  маңыздылығына  көңіл  бөле  бермейтін  В  деңгейі  мұғалімдері  33%.  С  деңгейіндегі 

27 % мектеп мұғалімдері топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлмейді. Оқытудың 

тиімді әдіс – тәсілдерін таңдай біліп, нәтижелі пайдаланатын А деңгей мұғалімдері 39%. В 

деңгейіндегі 33%   мұғалім әдіс – тәсілдерді пайдаланғанымен, өзгеріс енгізуге құлықсыздық 

танытса, С деңгейіндегі  27% мұғалім оқыту процесінде бір ғана дәстүрлі әдісті пайдаланады. 

Әрбір оқушының  жеке мүмкіндігіне қарай саралай тапсырма беріп, әдіс-тәсілдерді ұтымды 

пайдалана  білетіндердің  А  деңгейін  21,7%  құрайды.    Бұл  топтың  мұғалімдері  деңгейлік 

бағдарлама курсынан өткендер және тәлім алушылар. Әрбір оқушының жеке мүмкіндігі, жас 

ерекшелігі  ескеріліп,  деңгейлік  тапсырмалар,  басқа  да  тиімді  әдіс-  тәсілдер    арқылы  жаңа 

сабақты меңгертеді. В деңгейіндегі 62% мұғалімдер бұл бағытта жүйелі жұмыс жасамайды, 

оқушылардың мүмкіндігіне сирек көңіл бөледі. 16% С деңгейіндегі  мұғалімдер оқушыларға 

мүлде деңгейлік тапсырма бермейді, оқушы мүмкіндігін ескермейді.



4- кесте.  Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілік

Құрамдас бөліктері

Мұғалім саны

А

В

С

Сабақты жоспарлау қабілеті. Әдістемелік талаптар ға сай шығармашылықпен 

дайындайтындар

41

20



8

Сабақ  уақытын тиімді пайдаланып, әр кезеңді реттей біледі

35

24

10



Сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыра біледі

27

23



19

Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін таңдай біліп,нәтижелі пайдаланады

27

23

19



Әрбір оқушының  жеке мүмкіндігіне қарай саралап,  әдіс – тәсілдерді ұтымды 

пайдалана біледі

15

43

11



Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі [1, 26-б.] бойынша оқушылардың жұппен, 

топпен жұмыс істеуін бағалауда үнемі критерийлер дайындай білетін мұғалімдердің А деңгейі 

-  44,9%  құрайды.  В  деңгейі  30  %    мұғалімдер  оқушылардың  жұптық,  топтық  жұмысын 

бағалауға критерийлерді сирек дайындайды. 24% С деңгейіндегі  мұғалімдер оқушылар білімін 

бағалаудың нақты критерийін жасамайды. 

5-кесте. Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі

Құрамдас бөліктері

Мұғалім саны

А

В

С

Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеуін бағалауда үнемі критерийлер 

дайындай біледі

31

21



17

Оқушылардың жеке жұмыс істеуін бағалауда критерийлер дайындай біледі

24

33

12



Оқушы білімін жан – жақты дәлелдер арқылы нақты бағалай біледі

17

38



14

Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттеп, бағалай біледі

15

34

20



658

5

  Оқушылардың  жеке  жұмыс  істеуін  бағалауда  критерийлер  дайындай  білетіндер 

тобы  –  34,7%.  Әрбір  кезеңдегі,  әрбір  тапсырманы  арнайы  критерийлер  арқылы  дайындау, 

жинақтап қорытынды бағаны қою – мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің өз деңгейінде дамып 

қалыптасуымен  қатар,  оқыту  мен  оқудағы  оң  өзгерістерді,  оқыту  үшін  бағалау  мен  оқуды 

бағалау    модулін  білуді  қажет  етеді.  Оқушы  білімін  жан  –  жақты  дәлелдер  арқылы  нақты 

бағалай біледі деп 24,6% мұғалім,  және оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттеп, 

бағалай  біледі  деп  21%  мұғалімдерді  атай  аламыз.    Себебі,  бұған  дейінгі  оқушыларды 

бағалау  бір  ғана  критерий  арқылы  (үй  тапсырмасы,  жаңа  сабақты  меңгеру  деңгейі)  жүзеге 

асырылса,  мектеп  даму  жоспарын  іске  асыру  арқылы    жоғарыдағы  кестеде  көрсетілгендей, 

оң өзгерістердің болғанын айтқан жөн. Яғни, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі анықталып, 

құзыреттілік  талаптарына  сәйкес  А,  В,  С  деңгейі  бойынша  іріктеу  мектептің  дәл  қазірден 

бастап дамуына оң ықпалын тигізетіні анық. «Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның 

жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» - деп түйіндеді Т.Г.Браже. 

Сондықтан бүгінгі ұстаз барлық құзіреттілік талаптарына сай болғаны жөн [5, 1-2 б.].  Себебі 

тың серпін, педагогикалық компас - кез-келген жаңаны іске асыруға қажет құрал. Сол құрал 

бүгінгі күні біздің педагогикалық ұжымның қолында бар. 

                                                 

Әдебиеттер тізімі 

1.    «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығының 

Әдістемелік  кеңесі  ұсынған    //  Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  орындауға  арналған 

тапсырмалар / Бірінші басылым 2013.      23-26 б. 

2.  /Қазақстан  Республикасында  жаңа  тұрпатты  мұғалім  даярлаудың  үздіксіз 

педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // 2005.18 тамыз.

3.  Матенова Д.Т. Оң өзгеріс - тың ізденістің бастауы // Тренер-Education. Республикалық 

ақпараттық – әдістемелік журнал/  №3. 2015. 40-б.

4.   Глоссарий //Басшыға арналған нұсқаулық/ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы. 2013. 40-б. 

5.  Абдуллаева О. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі    http://

yvision.kz/post/243454  (21.09.2015ж.) 



АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Сагатбекова Г. Б.

Ы.Алтынсарин атындағы №25 орта мектебі

Қарағанды облысы, балқаш қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Мақалада  автор  оқыту  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  ақпараттарды 

қолданудың маңыздылығы мен тиімді жақтарын көрсетіп, оның оқыту мен оқуда тиімді әсерін 

нәтижелі іс-тәжірибелерімен көрсеткен.

 

Аннотация

В статье рассматривается эффективность применения ИКТ, как фактора осуществления 



659

компетентностного подхода в учебном процессе. Эффективность ИКТ на уроках подтверждается 

примерами достигнутых результатов.

 

Abstract

In this article consider efficiency ICT as fact realized various approach in teaching process. 

Efficiency ICT of teachers is confined by examples of the respites.    

                               

ХХІ ғасырда болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістер халыққа 

білім  беру  жүйесінің  барлық  буындарында  білім  беру  ісін  жаңа  сатыға  көтеруді  талап  етіп 

отыр. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірибелерді заман талабына 

сай қолдану ерекше маңызға ие. 

Жаңашыл  педагогтардың  негізгі  мақсаты-оқытудағы  жаңа  тәсілдерді  пайдалана 

отырып,білім  алушылардың  білімін  сапалы  ету,оның  толық  қанды  жеке  тұлға  болып 

қалыптасуына, шығармашылық қабілетінің дамуына негіз салу. 

Бүгінгі таңда болашақ  ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр.  

Білім  беру  мен  білім  алудағы  атқарылатын  қарқынды  жұмыс  ұстаздарың  еншісінде  екені 

айтпаса да белгілі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан оқушы бойында өзіне 

деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту үшін оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдаланау 

шешуші роль атқарады.   

Осы  мақаланы  жазудағы  негізгі  мақсатым:  өзін-өзі  дамытуға  құштар,  икемді, 

интеллектуалдық  тұлға  қалыптастыруда    ақпараттық-коммуникациялық  технологияның 

тиімділігін көрсету. 

ХХІ  ғасыр  –  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық 

қажет.  Бұл  сауаттықтың  алғашқы  баспалдағы  мектепте  басталады.  Өйткені,  оқушы  мектеп 

қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзінде білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал 

теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың 

қажеттілігі даусыз (бұдан кейін АКТ). АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді 

шәкірт  тәрбиелеу  мұғалімнің  басты  міндеті  болып  табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру 

процестерінің  қарқынды  дамуы  жан  -  жақты,  жаңа  технологияны  меңгерген  жеке  тұлға 

қалыптастыруды талап етеді [4, 61-65 б.].

В.  Извозчиковтың  айтуынша,  білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технология  –  оқытудың 

жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың 

әдіснамасы мен технологиясы, яғни компьютерді окытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бүл 

жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, 

жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар т.б. 

Оқыту үдерісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Компьютер оқытудың 

тиімділігін жоғарлатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі [1, 7-б.].

Қазіргі  уақытта  жаратылыстану  –  ғылыми  білім  беруде  АКТ  -  ны  пайдалану 

мен  оқушылардың  құзіреттілігін  қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай  АКТ  -  ны, 

электрондық  оқулықтарды  және  интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру 

үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді [3, 24-б.].  АКТ - ны сабақта 

пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен  шығармашылық 

тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп 

оқушыларының  оқуға,  білім  алуға  деген  ұмтылысының  артуы  АКТ  құралдарымен  жұмыс 

істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі 

бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырма берудің дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу 

қызметінен де байқалады.


660



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет