Общественные науки, история, философия



Pdf көрінісі
бет41/59
Дата18.01.2017
өлшемі7,13 Mb.
#2127
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59

 
 
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
Мергенбай Л.Х., аға оқытушы, Турегелдиева Э.К., аға оқытушы 
Алматы экономика және статистика академиясы 
 
Бұл мақалада қазіргі заманғы білімдегі интерактивті оқыту әдістерін меңгеру жолдары қарастырылады. 
В данной статье рассматриваются возможности изучения интерактивных  методов обучения
In this article possibilities of study of interactive methods of training are considered. 
 
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу 
жоспарына  кӛшу,  білім  мазмұнын  жетілдіру,  оқу  әдістемелік  кешендерге  кӛшу,  т.б.),  жаңаша  ойлау 
қалыптасуда.  Қазір  дәстүрлі  білім  беруде  студенттерге  тек  пәндік  білім,  білік,  дағдылардың  белгілі 
жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл 
бӛліп отыр. 
Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт 
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты болып отыр: 
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, басқаша қарым-қатынас, ӛзгеше менталитет пайда болуда.  
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-
жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік 
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа кӛптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, 
ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. 
Бұл  технологияның  ӛзін  мұғалім  түрліше  (орташа  дәрежеде,  ұқыпты,  дәл  нұсқау  бойынша  немесе 
шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, 
белгілі  бір  ерекшеліктері  елеулі  түрде  әсер  етеді,  сонымен  бірге  студенттің  әрекеті  -  оның  қабылдауы, 
ынтасы, құштарлығы негізгі рӛл атқарады. 
Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа  технологиялар  пайдалану  тәжірибелерге  еніп,  нәтижелер 
беруде.  Әсіресе,  технологиялық  бірліктердің  арнайы  жүйесі,  олар  педагогикалық  нәтижеге  бағытталған 
және  оқытудың  жаңа  технологияларын  мемлекеттік  стандартқа  және  білімдік  ӛзгерістерге  қарай 
топтастыруға болады. 
Жаңа 
оқыту 
технологиясы, 
тұлғаның 
танымдық 
қабілеттерін 
және 
танымдық  үрдістерді:  яғни,  жадының  (ес)  алуан  түрлерін  -  есту,  кӛру,  қимыл  және  т.б.  ойлауды, 
ынтаны,қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға,  сондай-ақ 
тұлғаның  қауіпсіздігін,  ӛзін-ӛзі  ӛзектілендіру,  ӛзін-ӛзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын,  танымдық  және 
шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сӛздік  қорын  (ауызша  және  жазбаша  тілінде) 
дамытуға  бағытталуы.  Осы  бағытта  оқушылардың  белсендiлiгiн  арттыруға  мүмкiндiк  беретiн  әдiстемелiк 
тәсiлдер    и   н   т   е   р  а  к  т  и  в  т  i   деп  аталады.  Бұл  әдiстердi  қолдану  сырттай  ӛте  жеңiл  кӛрiнгенімен, 
ӛзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактив - ағылшынның "ӛзара әрекет‖ деген сӛзі. Демек, 
интерактивті  оқыту  әдістері  тұлға  аралық  қарым  -  қатынасқа  негізделе  отырып,  "жеке  тұлғаны  дамытуға 
бағытталатын‖  қазіргі  білім  беру  парадигмасын  қанағаттандырады.  Сонымен  бірге,  сапалы  білім  алудың 
алғышарттары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс  дербестігін  қалыптастырып  қана  қоймай, 
ары қарай дамытады. 
Интерактивті  оқытудың  басты  мақсаты  -  білім  алушыларды  ӛз  бетінше  ой  қорытып,  жауап  таба 
білуге  үйрету.  Еліміз  дамудың  демократикалық  жолын  таңдап  алған  қазіргі  заманда  жастарды  ӛз  бетінше 
шешім  таба  білуге  үйрету  заңды  құбылыс.  Бұл  күнделікті  аудиториядағы  жұмыстарға  да  қатысты:  бала 

212 
 
сабақ  кезінде  мейлінше  белсенділік  танытуы  тиіс.  Осындай,  білім  алушылардың  белсенділігін  арттыруға 
мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.  
Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы - бұл субъектілердің ӛзара әрекеттестігінің 
бір  бағыттағы  белсенділігінің  жоғарылығы,  қатысушылардың  ӛзара  әрекеттестігі,  эмоционалдық,  рухани 
бірігуі. 
Интерактивті әдістің тиімділігі: 

 
Ӛзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді; 

 
Шешендік ӛнері дағдылары қалыптасады

 
Тыңдай білуге үйретеді; 

 
Танымдылықтың маңызын түсінуге кӛмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді); 

 
Сыни ойлауға дағдыланады; 

 
Ӛз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді; 

 
Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді; 
Интерактивтік  оқыту  -  бұл  ең  алдымен  студент  пен  мұғалімнің  қарым-қатынасы  тікелей  жүзеге 
асатын  сұқбаттасып  оқыту  болып  табылады.  Интерактивтік  оқыту  -  бұл  танымдық  әрекеттің  арнайы 
ұйымдастыру  формасы.  Ол  толық  айқындалған  және  мақсатын  алдын  ала  болжауға  болатын  оқыту  түрі. 
Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  ӛзара  түсіністікке,  ӛзара  әрекетке,  қатысушылардың  әрқайсысына  қажет 
міндетті  бірлесіп  шешуге  алып  келетін  -  ұйымдастыру  және  қарым-қатынас  жасауды  дамытуды  ұсынады. 
Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың ӛзара мотивациялық, 
интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра 
алатын,  студентке  педагогикалық  әсерлі  танымдық  қарым-қатынас  құруға  кепілдік  беретін,  мұғалім  мен 
студенттің іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. 
Интерактивті  әдіске  сондай-ақ  әр  түрлі  кӛмекші  құралдарды  пайдалана  отырып:  тақта,  кітаптар, 
бейне материалдар, слайдтар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.б. таныстырулар жатады.   
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты 
қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар кӛмегімен оқушылардың қызығушылықтарын 
тудыратындай  оқуға  мүмкіндік  беретін  визулды  қор  деп  те  атауға  болады.  Сабақты  түсіндіру  барысында 
мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет 
ресурстарын  қолдана  алады.  Бұл  кезде  мұғалім  қосымшаны  іске  қосу,  CD-ROM,  Web  -  түйін  мазмұнын 
қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. 
б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. 
Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  бірнеше  мәселелерді  шешуге 
кӛмектеседі : 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; 
- Алған білімді жүйелеу ; 
- Ӛзін - ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
-Оқушыларға оқу материалдарымен ӛздігінен жұмыс істегенде әдістемелік кӛмек беру. 
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру 
арқылы, кӛзбен кӛру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс 
деп қарауға болады. 
Оқушылардың кӛпшілігі естігенінің 5 % және кӛргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және 
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. 
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы 
жағынан  қызықты  әрі  жаңаша  ӛтуі  үшін  ӛзінің  бағалы  уақытын  қажетті  материалды  іздеу  мен  жүйелеуге 
жұмсайды.  Ал  жекелеген  курс  бойынша  мәселелік  -  бағдарлы  оқу  бағдарламалары  пакетінің  болуы 
мұғалімге  «мұғалім  -  оқушы»  жүйесінде  ақпаратты  беруді,  ӛңдеуді  және  қайталауды  жаңаша 
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту 
технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. 
Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. 
Қарапайым  тақта  және  компьютер  проекторына  қарағанда,  интерактивті  тақта  сабақ  мазмұнын 
кеңінен ашуына мүмкіншілігі ӛте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу 
үшін, 
тек 
қана 
сауатты 
сабақ 
жоспарлап, 
керекті 
материалдарды 
дайындау 
керек. 
Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда 
интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. 
Интерактивті  тақта  оқытудың  басқа  тәсілдеріне  қарағанда  (салыстырғанда),  кӛптеген  жетістіктері 
бар. 
Ғылым  ғасырының  табалдырығынан  аттағалы  тұрған  қазіргі  таңда  компьютер  ӛмірдің  барлық 
саласына кеңінен енуде. 
Сабақта  уақытты  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар  даярлау  мақсатында  интерактивті 
тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. 

213 
 
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс 
жасағандай және тақырыпқа қажетті  жерін белгілеулермен, негізгі  ұғымдарын  ерекшелеу  үшін түрлі  түсті 
қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның 
бұл  қасиеті,  мысалы  географиядан,  физика,  биологиядан  және  т.б.  пәндерден  сабақ  жүргізгенде  ыңғайлы. 
Фон  ретінде  географиялық  картаны,  физикалық  аспаптардың  суреттерін  алуға  болады  және  сабақ 
барысында 
қажет 
болса 
картаға 
белгі 
салуға, 
жазуға 
мүмкіншілік 
бар. 
        Екінші  режим  -  Office  режимі.  Бұл  режим  сабаққа  қажетті  дайындық  жұмыстарын,  яғни  материалдар 
даярлауға  ыңғайлы.  Сабаққа  дайындық  жұмыстары  Word  мәтіндік  редакторының,  Excel  электрондық 
кестесінің құжаттары, Power Point - презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен 
тӛрт  түрлі  мәтіндік  тапсырмаларды  қамтитын  құжат  әзірлеуге  болады.  Осы  құжатта  тапсырмаларды 
қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін кӛрсету керек. Қайталанған 
тапсырмаларды  сурет  салу  панелінің  «тӛртбұрыш»  объектілерімен  жасырамыз.  Сабақта  қажет  кезде  бұл 
құжатты  интерактивті  тақтаның  Office  режимінде  ашу  қажет.  Бұл  режим  Microsoft  Office  -  нің  барлық 
мүмкіншілігін  ұсынады.  Сондай  мүмкіншіліктерінің  бірі  -  құрылған  құжатқа  мәтінді  қосуға  болады,  яғни 
экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік 
тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра 
алады («тік тӛртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон 
ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады. 
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.  
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу 
үрдісін  мәнді  етеді.  Қорыта  айтқанда,  әр  технологияны  қолдану  арқылы  белгілі  бір  жетістіктерге  жете 
аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық 
үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. 
 
 
БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДА ЖОБАЛАУ ІС-
ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Молдахметова Г.М., аға оқытушы, педагогикалық ғылыми магистрі 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
 
 
Мақалада  оқыту  технологияларының  ӛзектілігі  ашылады.  Болашақ  психолог  мамандарды  дайындауда  жобалау  іс-әрекетін 
қолданудың мүмкіндіктері мен практикалық маңыздылығы қарастырылады. 
В  статье  раскрывается  актуальность  технологии  обучения.  Рассматриваются  возможности  и  практическое  значение 
использования проектной деятельности в подготовке будущих специалистов психологов. 
In the article is expanded the actuality  of  studying  technology. The possibilities and practical  meaning  of using project activities in 
preparing future specialists are reviewed.  
 
Білім  сапасы  бүгінгі  таңда  ЖОО  түлегінің  қазіргі  уақыт  талабына  «бәсекеге  қабілеттілігі» 
ұғымымен қарастырылады. Бұл дегеніміз  ӛзін-ӛзі үнемі дамытуды, жетілдіруді, ӛз белсендігін, қызығулары 
мен қажеттіліктерін жүзеге асыруды, белгілі бір іс-әрекетті табысты орындауға мүмкіндік беретін тұлғалық 
қасиеттерді қалыптастыруды қажетсінетін мамандар дайындауды талап етеді.  
Аталған  мәселенің  шешімін  табу  –  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  технологияларын  кеңінен 
пайдалануды  кӛздейді.  Белгілі  кеңес  педагогы  М.Н.Скаткин  70-жылдардың  басында  былай  деп  жазған 
болатын: «Негізінен  мұғалімнің ӛздерін қалай оқытса, олар басқаларды солай оқытады. Сондықтан, біз егер 
оқытудың  қандай  да  бір  жаңа  әдістерін  енгізетін  болсақ,  ең  жақсы  жол  –  бұл  әдістерді  ең  алдымен 
мұғалімдерді оқыту барысында, яғни олармен ӛткізілетін сабақтарда қолдану болып табылады» [1]. 
Оқыту  технологияларын  ЖОО-да  мамандарды  дайындау  үдерісінде  белсенді  қолдану  – 
студенттердің ӛзін-ӛзі тануына, ӛзін-ӛзі анықтауына және ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына жағдай жасайды, кәсіби 
тұрғыдағы  ойлауын,  танымдық  қызығушылықты  дамытады,  әртүрлі  жағдаяттарды  шығармашылықпен 
шешу қабілетін, рефлексиялық позицияны меңгерген бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік 
береді  (М.В.Кларин,  Ж.А.Караев,  М.М.Жампеисова,  В.Я.Ляудис,  Л.С.Подымова,  В.А.Сластенин, 
М.Н.Сарыбеков).  
Оқыту технологиялары, әсіресе  кез келген пәнді оқыту барысында болашақ психолог мамандардың 
ой-ӛрісін  кеңейтіп,  кәсіби  даярлық  деңгейін  кӛтеріп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  жаңашыл 
тәжірибелер  мен  әдістемелерді  кеңінен  пайдалануға  және  студенттерге  білім  беруді  жаңашылдық, 
шығармашылық  тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді [2].  
Болашақ  мамандарды  оқытуда  білім  беру  технологияларын  пайдалану  барысында  оқытудың 
тиімділігін  арттыру,  берілген  материалды  терең  меңгерту,  білім  алушыларды  ойланту,  ой  салу,  ӛзін-ӛзі 
оқытуға мүмкіндік туғызу, жеке тұлға ретінде қабылдау, оқытушы мен білім алушылардың арасында тепе-
теңдікті қалыптастыру, білім алушылардың алдына мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындату сияқты 

214 
 
міндеттер жүзеге асырылады. Бұл айтылғандар қазіргі таңда студенттерді кәсіби маман ретінде дайындауда 
білім мен технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді пайдалану қажеттігін меңзейді.  
Меңгерілген  білім  болашақ  мамандардың  ӛмір  сүруінің  негізгі  механизміне  айналып,  шынайы 
ӛмірмен, тәжірибемен  байланысуы қажет.  Студенттер қоғамдық  мәні  бар мәселелер туралы ӛз ұстанымын 
қалыптастыруды,  коммуникативті  қарым-қатынас  жасау  және  кәсіби  біліктілігі  мен  құзыреттілігін 
дамытудың  дағдыларын  игеруі  тиіс.  Бұл  мәселенің  нәтижелі  шешімін  табуда  жобалық  іс-әрекеттің  берері 
мол.  
Жобалау  мәселесіне  отандық  және  шетелдік  ғалымдар  (Сарбасова  Қ.,  Таубаева  Ш.Т.,  Беркенова 
Г.С., Щедровицкий Г.П., Сидоренко В.Ф.,        Ляхов И.И. т.б.)  баса мән беріп келеді.  
Білім  беру  үдерісінде  жобалап  оқытудың  әдістемелік  аспектілері  Н.Н.Нечаев,  В.Д.Симоненко, 
Ю.В.Громыко, В.И.Слободчиков т.б. еңбектерінде қарастырылған.  
И.А.Зимняя,  В.В.Рубцов,  В.Ф.Сидоренко,  В.И.Слободчиков  сынды  ғалымдардың  пікірінше, 
жобалық  іс-әрекет  негізінде  оқыту  қазіргі  қоғамда,  әсіресе  білім  беру  жүйесінде  қоршаған  ортамен  тиімді 
әрекеттесуге мол мүмкіндік беретін жобалық ойлауды қалыптастырудың ерекше тәсілі болып табылады.  
«Жобалау  іс-әрекеті»  ұғымы  ғылыми  білім  салалары  мен  ғылым  методологиясы  деңгейлері 
тұрғысынан    әртүрлі  сипатта  қарастырылатын  «жоба»,  «жобалау»,  «іс-әрекет»  категорияларымен 
байланысты.  
Жобалау  әдісі  –  білім  алушының  біртіндеп  күрделеніп  отыратын  практикалық  тапсырмаларды  – 
жобаны  ӛз  бетінше  орындау  барысында  білім,  дағдыларды  меңгертуге  мүмкіндік  жасайтын  оқыту  жүйесі. 
Жобаны  құру  үдерісі  жобалау  деп  аталады.  Жоба  –  бұл  білім  алушылардың  ӛз  бетінше,  оқытушы 
жетекшілігімен  маңызды  мәселенің  практикалық  және  теориялық  шешімін  табу  мақсатында  орындалатын 
ізденуші, зерттеуші және т.б. жұмыс түрлерінің кешені [3].  
Жобалау іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің бір түрі ретінде оқу үдерісін әрбір студент үшін маңызды етуге 
кӛмектеседі,  студент  ӛзінің  шығармашылық  әлеуетін  толық  ашуға,  зерттеу  қабілеттерін,  белсенділігі  мен 
дербестілігін кӛрсетуге мүмкіндік алады.  
Жоба  –  біріншіден,    белгілі  бір  тақырыпты  едәуір  терең  әрі  жан-жақты  оқып-зерттеуге  үйретеді; 
екіншіден,  студенттерді  ӛзіндік  мақсатты  іс-әрекетке  итермелейді,  шығармашылық  қабілеттерді,  қиялды, 
ойлауды, ғылыми тұрғыда сауатты және еркін сӛйлеу дағдыларын дамытады; үшіншіден, ынтымақтастыққа 
үйретеді, бұл болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындықты қамтамасыз етеді.  
Жобалық іс-әрекет – білім алушыларда жобалық құзыреттіліктің және кәсіби маңызды қасиеттердің 
дамуын қамтамасыз етеді. Жобалық іс-әрекет оқу үрдісін ұйымдастырудың айрықша түрі, ол студенттердің 
қандай бір мәселені ӛз бетінше, егжей-тегжейлі қарастырып, презентациялау кӛмегімен зерттеу нәтижелерін 
кӛрсетуді талап етеді.   
Болашақ  психологтардың  жобалық  іс-әрекетінің  жемісі  нақты  психологиялық  проблеманы 
(психологиялық  процестер,  білім  беру  ортасы,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылар  арасындағы  қатынастар 
т.б.) шешуден кӛрінеді. 
Оқу іс-әрекетінің түрі ретіндегі жоба былайша сипатталады: 
-
 
ізденуші, зерттеуші, шығармашылық сипаттағы дербес жеке немесе топтық жұмыс; 
-
 
белгілі бір тақырып бойынша жүргізіледі; 
-
 
алуан түрлі ақпарат кӛздерін талап етеді; 
-
 
тақырыпты әртүрлі позицияда қарастыруға мүмкіндік береді, пәнаралық байланыстар орнайды; 
-
 
жұмыс нәтижелері қорғалады
-
 
жұмыс міндетті түрде бағалау және ӛзіндік бағалаудан тұрады; 
-
 
білім алушы мен оқытушы арасында ӛзара байланыста жүргізіледі. 
Білім  алушылар  жобалық  іс-әрекетке  қатысу  барысында    талдайды,  салыстырады,  зерттейді, 
тұжырымдайды,  идея  білдіреді,  болжайды,  ұсыныстар  жасайды,  тексереді,  түзетеді,  рәсімдейді  жобаны 
қорғайды.  
Психологиялық  пәндерді,  соның  ішінде  «Тұлға  психокоррекциясы»  пәнін  оқытуда  жобалық  іс-
әрекетті  қолданудың  маңызы  зор.  Аталған  пән  бойынша  «Психокоррекциялық  бағдарлама  құру 
ерекшеліктері»  тақырыбы  әртүрлі  теорияларды  егжей-тегжейлі  қарастыруды  талап  етеді.  Бұл  тақырып  бір 
ғана  сабақта  қарастырылмайтын  ауқымды  мәселе  болғандықтан,  дәрістік  және  семинарлық  сабақтарда 
қарастырылған  соң,  студенттер  психокоррекциялық  бағдарлама  құру  үшін  ӛзіндік  жұмысқа  берілген 
тақырып бойынша жоба дайындайды да оны қорытынды бақылауға дейін тапсырады.  
Жобамен жұмыс жасау құрылымы келесідей құрылады: 
Теоретикалық  бӛлімде  проблемамен  жұмыс  жасауға  негіздеме  беріледі.  Проблеманың  жалпы 
сипаты толық баяндалады (мысалы, жеткіншек жастағы девиантты мінез-құлық). Аталған мәселе бойынша 
диагностиканың,  түзету  немесе  дамыту  жұмыстарының  сызбасы  жасалып,  мәселеге  сәйкес  әдістер  мен 
әдістемелер,  маманның мәселе бойынша жұмыс жасайтын әдебиеттер тізімі қарастырылады. 
Практикалық бӛлімде: 
1.
 
мәселені, проблемалық жағдаятты сипаттау, мәселені шешу үшін бірінші болжам жасау; 
2.
 
берілген  жағдаятқа  диагностикалық  әдістерді,  жеке-тұлғалық  тәсілді  негіздеу;  алынған 
диагностикалық материалды интерпретациялау; 

215 
 
3.
 
проблема  болжамын  нақтылау  және  оны  шешу  жоспарын  құру,  аталмыш  жағдаятта 
психологиялық  кӛмек  жүйесін  (коррекциялық  және  дамытушы  сабақтар  бағдарламасы,  кеңес  беру) 
сипаттау: 
-
 
психологиялық  кӛмек  кӛрсетудің  дағдыларын  кӛрсету  үшін  түзету  және  дамытушы  сабақтар, 
сондай-ақ ӛзіндік талдауды пікірмен бірге кӛрсету; 
-
 
кеңес беру дағдыларын кӛрсету үшін  оны бейне таспаға түсіру, ӛзіндік талдаумен қатар пікірді 
(комментарий) беру. 
4.
 
Жүргізілген психологиялық жұмыс нәтижелерін баяндау, сыналушыларды одан әрі сүйемелдеу 
үшін ата-аналарға, педагогтарға ұсыныстар беру. 
5.
 
Аталған  жағдаят  (мәселе)  бойынша  психолог  ретінде  ӛзінің  атқарған  жұмысын  рефлексиялау 
(жұмысқа қатысты жетістіктері мен сәтсіз сәттерін (қолынан не келді, не келмеді, нені жақсартуға болады, 
ӛзін-ӛзі түзету т.б.).  
 
Жобалық  іс-әрекет  келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:  
Жобамен жұмыс 
жасау кезеңдері 
Кезең бойынша жүргізілетін жұмыс 
мазмұны 
Білім алушылар іс-әрекеті  
Оқытушы іс-әрекеті 
Дайындау  
Тақырыпты 
және 
жоба 
мақсаты 
анықталады, зерттеу нәтижесін жорамалдау 
туралы болжам тұжырымдалады.   
Тақырып 
оқытушымен 
бірге  талқыланады,  қажетті 
қосымша 
ақпараттар 
алынады, 
мақсат 
анықталады. 
Жобалық 
іс-әрекет 
сипаты 
түсіндіріледі, 
жоба мақсатын анықтауға 
кӛмек беріледі. 
Жоспарлау  
а) ақпарат кӛздері анықталып, талданады; 
ә)  жоба  нәтижелерін  кӛрсету  тәсілі  (есеп 
беру формасы); 
б)  нәтижелерді  және  үдерісті  бағалау 
процедуралары 
мен 
критерийлері 
белгіленеді; 
в)  топ  мүшелері  атқаратын  міндеттерін 
бӛліп алады. 
Әрекеттер 
жоспары, 
міндеттері 
тұжырымдалады.  
Идеялар 
ұсынылады, 
бағыт 
беріледі, 
ұсыныстар жасалады. 
Зерттеу немесе 
жобаны іске асыру 
Ақпараттар 
жинақталады, 
міндеттер 
орындалады. 
Психодиагностикалық 
әдістемелер,  сұрақтамалар,  сұхбат,  байқау, 
эксперимент жүргізіледі.  
Зерттеу жүргізіледі, топтың 
әрбір  мүшелері  ӛз  міндетін 
атқарады.  
Қадағаланады, 
кеңес 
беріледі,  студенттер  іс-
әрекеті 
басқарылып 
отырады. 
Нәтиже / 
қорытынды  
Ақпараттар 
талданады. 
Қорытынды 
жасалады.  
Жинақталған 
ақпараттар 
талданады, сараланады.  
Қадағаланады, 
ақыл-
кеңес беріледі. 
Есеп беру  
Ауызша 
есеп 
беру, 
материалды 
презентациялау  кӛмегімен  есеп  беру, 
жазбаша есеп беру. 
 
 
Нәтижелерді және 
үдерісті бағалау 
 
Ұжымдық  талқылау  және 
ӛзін-ӛзі  бағалау  арқылы 
баға беруге қатысу. 
Студенттердің  атқарған 
жұмыстары, 
ақпарат 
кӛздерін  қолдану  сапасы, 
білім 
алушылардың 
креативтілігі, 
мүмкіншіліктері, 
шығармашылық  әлеуеті 
бағаланады. 
 
Жалпы,  жобалық  іс-әрекет  құрылымы  мен  кезеңдері  «жоба  -  5»  ретінде  анықталады:  проблема  – 
жоспарлау (жобалау) – шешімді іздестіру – ӛнім – презентация [4].  
Білім  алушылар  жобаны  жасауда  және  жүзеге  асыруда  практикалық  ойлау  дағдыларын 
қалыптастырады,  ізденеді,  әртүрлі  ақпараттарды  талдайды,  шешім  қабылдайды,  ӛзіндік  білім  алады, 
тәжірибе жинақтайды, ӛзін-ӛзі жетілдіреді.  
Жобалық іс-әрекетті  оқыту үдерісінде қолдану аса маңызды, себебі ол студенттерге: 
-
 
табыстылық  жағдаятын  жасап,  ӛзіндік  бағалауын  және  ӛз  мүмкіншіліктеріне  сенімділігін 
арттырады; 
-
 
әрбір  студенттің  жеке  қабілетін  ашып,  оның  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруына  жағдай  жасайды; 
рефлексивті  қалыптасуына  мүмкіндік  береді,  ӛзінің  қызығушылықтарын,  бейімділіктерін,  қажеттіліктерін 
талдау, оларды ӛзінің мүмкіншіліктерімен салыстыру икемділіктерін қалыптастырады; 
-
 
ӛзін-ӛзі  жетілдіруге  ұмтылыстарды  арттырады;  ӛзінің  алға  жылжуына,  ӛзін-ӛзі  бақылау  және 
ӛзін-ӛзі бағалау дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Оқытушыларға: 
-
 
студенттерде  пән  бойынша  білімдердің  қалыптасуы  үрдісін  кӛріп,  мақсатты  әрі  дер  кезінде 
түзетулер енгізуін қамтамасыз етеді; 
-
 
студенттердің кәсіби білім, дағды, біліктеріне баға беруге мүмкіндік жасайды; 
-
 
шын  жағдаяттар  тұрғысынан  академиялық  теорияны  кӛрсетуге  кӛмектеседі,  білім,  дағдыларды 
белсенді меңгеруге, ақпаратты ӛңдеуге және талдауға жағдай тудырады; 
-
 
әрбір  сабақтың  соңынан  практикалық  нәтижені  кӛруге  болады,  яғни  студенттер  білімді  дербес 
ұғынады, сын тұрғысында ой қозғайды, материалды түсініп, меңгереді.  

216 
 
Жобалық  әдіс  негізінде  «жоба»  ұғымының  мәнін  құрайтын  идея,  нәтижеге  прагматикалық 
бағытталу жатыр. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін теориялық немесе практикалық мәселенің шешімін тауып, 
оған кӛз жеткізуге, ұғынуға, тәжірибеде қолдануға болады. Мұндай  жетістіктерге жету үшін студенттерде 
ӛз  бетінше  ойлау,  пайымдау,  мәселенің  шешімін  табу,  себептік  байланыстарды  анықтау  ептіліктерін 
қалыптастыру қажет.  
Сонымен, қорытындылай келгенде, оқу, білім тек білім қоры болып қоймай, болашақ мамандардың 
ӛмір  сүруінің  негізгі  механизміне  айналуы  үшін  шынайы  ӛмірмен,  тәжірибемен  байланысуы  қажет.  Білім 
алушылар  қоғамдық  мәні  бар  мәселелер  туралы  ӛз  ұстанымын  қалыптастыруды,  коммуникативті  қарым-
қатынас жасау және кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін дамыту дағдыларын игеруі тиіс.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет