Общественные науки, история, философия


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет44/59
Дата18.01.2017
өлшемі7,13 Mb.
#2127
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1.Абылкасымова  А.Е.  Формирование  познавательной  самостоятельности  студентов-матиматиков  в 
системе методической подготовки в универститете. – Дис...д-р.пед.наук Алматы, 1995.303с. 
2.  Абылкасымова  А.Е.  Об  особенностях  подготовки  учителей  в  университете//  Вестник  Высшей 
школы Қазахстана. 1995.С. 55-59. 
3.Абылкасымова  А.Е.  Самаостоятельная  работа  по  курсу  методики  переподавания  математики. 
Метод.Разроботка.Алматы:КазГУ,1989.26с. 
4.Аристова Л.П.Активность учения школьников. М.:Просвещение, 1968.139с. 
5.Архангельский  С.И.Учебный  процесс  в  высшей  школе,  его  закономрности,  основы  и  методы. 
М.:Высшая школа, 1980.368с. 
6.Асанбаев О.Кәсіптік білім ұясы. Алматы: Қайнар, 1988.140 б. 
 
 
ТҦЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЕҢБЕГІ 
 
Бижанова Ғ.Қ., аға оқытушы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
 
Бұл  мақалада  Ы.Алтынсарин    еңбектерінің  қазіргі  кездегі  маңызын,  қоғамдағы  орнын  кӛрсеткен.  Жазылған  еңбектерінің 
жаңа қоғамға сай жеке тұлға қалыптастырудағы мәнін ашқан.  
В данной статье автор говорит о важности научных трудов великого педагога Ы.Алтынсарина в становлении  современной 
личности человека. 

227 
 
In this article the author considers about the importance scientific deals of great pedagog I.Altynsarin in becoming of modern identify 
of human. 
 
Білім мен тәрбие ісінде рухани-мәдени құндылықтарды игеруді, ұлттық сананың қалыптасып ӛсуіне 
жағдай  туғызуды,  тарихи  мұраларға  жаңаша  кӛзқараспен  қарауды,  қазіргі  заман  талаптары  қажет  етіп 
отыр.Осыған  орай,  Қазақстан  педагогикасының  тарихындағы  кӛрнекті  ғалым  Ы.Алтынсариннің 
педагогикалық  идеялары  мен  ағартушылық  қызметінің  дамуын  және  оның  тәлім-тәрбиелік  мұраларын 
жаңаша зерттеудің қажеттілігі туындады. 
ХІХ  ғасыр  соңында  балаларды  заман  талабына  сай  бейімдеп,сауатын  ашып,  білім  мен  мәдениет 
жолына сүрлеу салған Ыбырайдың қызметі педагогикада және  заманауи қоғамға сай,жастар тәрбиесіндегі 
болашақты  болжауда  үлкен  орын  алады.  Оның  ішінде  жеке  тұлға  және  оның  қоғамға  бейімделуі 
мәселелеріне  де  зор  үлес  қосты.Жеке  тұлғаның  дамуы,  тәрбиесі,  қалыптасуының  ӛзара  байланысы 
мәселесінің кӛп ғасырлық тарихы бар. 
Егер тәрбие жеке тұлғаның ӛз ӛзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген іштей ықпалына әсер 
етеді десек, онда ол жеке тұлғаның дамуында шешуші рӛл атқарады. Осы бейімділік пен ӛсіп келе жатқан 
адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген ӛзіндік ынтасы ғана түбінде оның дамығандығын анықтайтыны 
мәлім.  
Ыбырайдың  ӛсиет  ӛлеңдері  мен  шығармаларының  тілі,  кӛркем  ойы  мейлінше  терең  табиғат 
әсемдігін, пендешілік пен кісілікті, адамгершілік пен азғындықты, білімділік пен надандықты, жастық пен 
кәрілікті,  шындық  пен  әділетсіздікті  кӛркем  шеберлікпен  сипаттай  келіп,  жеке  тұлға  дамуы  жайлы 
философиялық  ой  түйіндейді.Оның  дидактикалық  әңгімелері  қазақ  баласының  жан  сарайын,  кәсіби  ойлау 
қабілетін ұлттық рухта тәрбиелейді. 
Қазіргі  ұлттық  ояну,  ӛзін-ӛзі  тану,  үйрену,  халқымыздың  мәдени-әдеби  мұралары  мен  әдет-ғұрпы 
игі  дәстүр  салттарының  қайта  оралуы  –  бәрі  де  жан-жағымызға  бағамдай  қарауға,  алдағы  мақсат-
міндеттерімізді  айқындауға  мүмкіндік  жасап  отыр.Осы  орайда  елдің  дербестігі  мен  оның  ӛркендеп 
дамуының  негізгі  шарты  -оқу  мен  білім  екені  анық.  Ұлы  ұстаз  еліне  қажетті  бар  байлықта,  бақыт  та, 
жақсылық таоқу -білім арқылы келетінін бір сәт жадынан шығармай насихаттады. 
Жас  ұрпақтың  жан-жақты  азамат  болып  қалыптасуына  бірден-бір  атсалысатын  -  мектеп.  Халық 
тарихы,  әр  ӛлкенің  ӛзіне  тән  экономикасы  мен  мәдениеті,  салт-дәстүрі  ұрпақтан  ұрпаққа  мектеп  арқылы 
беріледі.  Демек,  мектеп  -  маңызы  зор  әлеуметтік  институт.Ыбырайдың  болашақ  қамын  ойлағаны  мектеп 
ашу ісінен де кӛрініс бермек.Жас баланың санасы жазылмаған ақ қағаздай. Ӛз тілін, ұлттық дәстүрін. салт-
санасын бойына сіңіріп, ана тіліне сусынын қандырып, оны жетік меңгерген талапты жас бала басқа тілді де 
еркін меңгеретін болады.  
Ұлттық  қайнар  бастаулар  арқылы  әлемдік  ғылыми-техникалық  прогреске  және  мәдениетке  жету  - 
халыққа  білім  беру  саласын  қайта  құрудағы  маңыздағы  принциптердің  бірі  [1].  Оқушы  жан-дүниесінің 
рухани  баюы  арқылы  оны  шығармашылықпен  ойлауға,  эстетикалық  мұраттарға  тәрбиелеуге,  патриоттық 
және интернационалдық сезімдерін оятуға болады және білім беру жүйесі қоғамның мәдениетін анықтайды. 
Сондықтан, білім беру жүйесіндегі болашақ қоғамға  қажетті мәселелерді Ыбырай дер кезінде түсініп, қазақ 
даласына мүмкіндігінше керекті оқыту жүйесін жаңаша туындатуға барынша күш салды.  
 Ыбырай еңбегі жайлы сӛз еткенде, ауыр жүк арқалап феодалдық ескішілдік ұғымдағы қараңғылығы 
басым топтың ортасында ӛмір сүрiп оқырман санасынан орын алып, кӛңіл кiлтiн ашатындай еңбек жазып, 
жүрегiне  ұялату,  жаңаша  ӛмір  жетістіктерін  жастар  түйсiгiне  жеткiзу  оңай  міндет  болмады  десек,  оның 
оқулықтары жайлы сӛз еткенде, де осы жайттарды кӛкейде тоқыған жӛн.  
Қазақ  балалар  әдебиетінің  атасы  Ыбырай  Алтынсарин  –  аса  кӛрнекті  жазушы,  ақын,  этнограф, 
ғалым,  қазақ  алфавитінің  жасаушы  жаңашыл  педагог  дей  келе,  қазақ  тіліндегі  алғаш  оқулықтың  негізін 
қалаушы  екенін,  мектеп  табалдырығының  алғашқы  сатысынан-ақ  бойымызға  қалыптастырдық. 
Ы.Алтынсаринның 1979 ж. жарыққа шыққан "Қырғыз хрестоматиясы", "Қырғыздарға орыс тілін үйретудің 
бастапқы құралы" атты еңбектері қазіргі жылдан жылға дамып, түрленiп, талайды бiлiм нәрімен сусындатып 
жүрген  оқулықтарымыздың  атасы,  бастапқа  кәусар  бұлағы[2].  Ы.Алтынсариннің  «Қазақ  хрестоматиясы» 
мен  «Мұсылманшылықтың  тұтқасы»  атты  еңбектерінің  мазмұны,  мәні,  мақсаты  мен  басшылыққа  алған 
қағидаларында жеке тұлғаның бойына қажетті және тәни болып келетін қасиеттері тұжырымдалған. 
Ыбырайдың  оқулықтарды  жазудағы  мақсатын  "Бұл  кiтапты  кұрастырғанда  мен  бiрiншiден,  осы 
біздің ана тiлiмiзде тұнғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленуші 
жүрген  қазақ  балаларына  оқу  кiтабы  бола  алу  жағын  кӛздедім,  екіншіден,  бұл  кiтапта  келтiрiлген 
әңгімелердің қазақтар үшiн ұнамды болу жағын кӛздедiм" деп ӛзі жазып кеткен сӛздерінен бала тәрбиесіне 
ерекше мән бергендігін айқын  аңғарамыз.  Яғни, Ыбырай ӛзінің ағартушылық жолындағы  қиыншылықтың 
бiрi  оқулықтың  жоқтығы  екендiгiн  танып,  тығырықтан  шығар  жолды  тапты,  және  де  оқулықты  жазу 
барысында  жазушы  халықтың  сана-сезiмi,  ойлау  қабілеті,  тарихи  жағдайларын  қырағылықпен  байқап, 
ескере отырып жазды. Мәселен, мысал әңгімелерді  аударған қалпында оқулыққа енгізбей, қатаң тұрмыста 
ӛскен  қазақ  балаларының  деңгейінше,  санасына,  олардың  ата-аналарының  санасына,  ӛмірлік  кӛзқарасына 
сай  мәнді  әңгіме  негiзiнде  енгізді.  "Қырғыз  хрестоматиясы"  оқулығынан  Ыбырайдың  әдебиетті  қоғамдық 
құбылыс  ретінде  танып,  қадірлейтінін  және  ағартушылық  ой-тұжырымдарымен  қоса,  қоғамның  шынайы 
айнасын ретіндегі жеке тұлғаны қалыптастыруға арналған идеясынан озық ойларының ұшқынын кӛремiз. 

228 
 
Оқулыққа  жазылған  ӛлеңдері:  «Ӛнер-білім  бар  жұрттар»,  «Балғожа  бидің  баласына  жазған  хаты», 
«Әй,жігіттер!», «Әй, достарым!», «Әділдік кӛрмеген үшін тӛреге айтылған сӛз»-жастардың бойына біліммен 
ғылымның 
қажет 
екендігіне 
назар 
аудартса, 
«Қарға 
мен 
түлкі»(И.Крыловтан), 
«Ӛрмекші,құмырсқа,қарлығаш»,«Түлкі  мен  ешкі»,  «Қарға  мен  құрт»,  «Сауысқан  мен  қарға»,  «Жан-
жануарлардың  дауласқаны»т.б.аудармалары  мен  жазбаларында  табиғаттағы  құбылыстарды  адам  ӛміріне 
негіздеп,  мысал  ретінде  жазу  арқылы  болбырлықпен  озбырлықты,  қулық  пен  алдауды  тәрбиеленушінің 
ескеруін алдыға тартып, жол сілтеп,болашаққа меңзейді [4]. 
 «Бір  ханға  бір  бидің  жамандардан  қорлық  кӛргенде  айтқан  сӛзі»,  «Орақ  батырдың  баласы  Әлібек 
мырзаның  бір  ханға  айтқан  сӛзі»,  «Сейітахмет  деген  жігіттің  үйіне  түсірмеген  құрбысына  айтқан  сӛзі», 
«Нұржан  бидің  бір  сӛзі»,  «Орынбай  ақынның  Ерден  батырды  мақтаған  сӛзі»,  «Бір  ақынның  Әділ  тӛреге 
айтқан  сӛзі»(Ел  аузынан  жиналған  поэзиялық  нұсқалары)арқылы  батылдық,  ерлік,  елжандылық 
қасиеттерінің болашақ ұрпақ тәрбиесіне қажет екенін кӛрсеткен. 
Ыбырайдың  «Сәтемірхан»,  «Талаптың  пайдасы»,  «Алтын  шеттеуік»,  «Аурудан  аяған  күштірек», 
«Мейірімді  бала»  -  әңгімелерінде  кішіпейілділік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  жомарттық,  ақкӛңілділік 
секілді жақсылыққа тән қасиеттердің жастардың бойына оқу арқылы сіңірілуіне назар аудартқан 
«Зеректік»,«Силинші 
деген 
ханым»,«Малды 
пайдаға 
жарату»,«Дүние 
қалай 
етсең 
табылады?»,«Білгеннің пайдасы»,«Қыпшақ Сейітқұл»-шығармаларында адалдық, шыншылдық, іс-әрекетке 
сенімділік, сауапшылдық, әділдік,ізеттілік сапаларының бала ӛміріндегі маңызына мән берген. 
 
Ӛмiріне  ағартушылық  жолды  таңдап  алған  Ы.Алтынсариннiң,  бiлiм  және  тәрбие  беру  мақсаттары 
ӛмір  талабынан  туып  қазақ  халқының  жалпы  мұң-мұқтажымен  астарласып  жатыр.  Ыбырайдың 
педагогикалық мұраты: балаларға жан-жақты және кең кӛлемде бiлiм беру. 
Ыбырай  педагогикалык  жұмыста  барлық  іс-мұғалімнің  әдіс-тәсілінде,  баламен  тiл  таба  бiлуiнде 
екендігін  атап  кӛрсетіп,  барлық  уақытта  оқытушы  оқу  бағдарламасымен  шектелмей,  оларды  кеңейте 
отырып,  қолға  түскен  материалдармен  толықтыра  түсудi,  және  түрлi  әдіс-тәсілдерді  қолдануы  керектігін 
талап  eттi.  Осы  орайда,  бастауыш  мектептерде  және  eкi  класты  училищелерде  сабақтың  eкi  тілде  жүруiн 
талап  ете  отырып,  мысал  ӛлеңдер,  ертектер  арқылы  балаларды  қызықтыра  бiлiп,  орыс  тiлiн  меңгертуде 
грамматикалық ережелерді теория жағынан ұсынбай ана тілімен салыстыра ұсыну әдісін және де мысалды 
күнделiктi ӛмірмен, тұрмыспен байланыстыруды кӛздеді.  «Орыс тiлiн үйретудiң алғашқы  оқу кұралы»  -  
бӛлімнен  кұралып,  түсiнiктiлiгiмен,  орыс  грамматикасының  негізгі  ережелерін  анық  жеткiзе  бiлумен 
ерекшеленедi.  
Ұлы  Ыбырай  ұстаздьң  әдiсiнің  бiр  ерекшелiгi-ол  халықты  отырықшыландырып,  жылы  үйлер 
салдыру ісіне балаларды да қатыстыруға талпынып, солар арқылы ата-аналарға күш салғандығы, мәселен, 
"Қырғыз  хрестоматиясында"  "Оқудағы  балалардың  үйіне  жазған  хаттары"  деген  әңгімелерінде  "Ай,  аға, 
әкеме айтып, жылы ағаш үй салып алсаңызшы. Киiз үй жаздың күні қанша жақсы болса, қыстың күні сонша 
жаман ғой. Суық  киiз үйде қыстың күні бүрiсiп алдың отка жылынса, арқаң тоңып  отырып, не таза тамақ 
iшуге  болмайды"  -  деп  жеткiзсе  осы  ойын,  "Киiз  үймен  ағаш  үй"  әңгімесінде  де  киiз  үй  мен  жер  үй 
айырмашылығы, қажеттілігі, пайдасы жайлы ой айтады. Сондай-ақ "Қыпшақ-Сейтқұл" әңгімесінде де әңгіме 
желiсi  отырықшылықты,  егiншiлiк  кәсібін  уағыздау  идеясымен  жапсарлас  ӛрбиді  [5].  Мұндағы  жазушы 
әдісіне  кӛз  жүгірте  келе,  халық  санасында  айтпақшы  ойды  жеткiзу  үшiн  пайдалануға  тиiмдi  әдіс  екенін 
мойындаймыз.  Ғылым  жайын,  ӛнер-білім  кұндылығын  техника  жетістігін,  дамыған  елдің  жарқын 
болашағын  оқырман  санасына  жеткізуде,  iзгi,  үлгiлi  iстерге  тәрбиелеуде  Ыбырайдың  қолданған  әдісі 
қарапайым тілде, кӛрiп-бiлiп жүрген нәрселермен, қазақ балаларының ұғымымен астарласатын естіп-айтып 
жүрген қарапайым тiлдi пайдалану әдiсi. Бұл тәсіл "Бұл кім?" "Ананың сүюi" т.б. туындыларында кӛрiнедi.  
Ы.Алтынсариннiң  кейбiр  шығармалары  басқа  ғылым-техника  салаларында  қамтып  жатады. 
Сондықтан  сабақ  барысында  бірнеше  пәнмен  байланыстыра  ӛтуге  болады.  Мысалы  "Ӛнер  -  бiлiм  бар 
жұрттар  ..,  Тастан  сарай  сaлғызды.,  Айшылық  алыс  жерлерден.,  Кӛзiңдi  ашып-жұмғанша.,  Жылдам  хабар 
алғызды"  деп  басталатын  "Ӛнер  бiлiм  бар  жұрттар"  -ӛлеңінің  алғашқы  жолдарының  ӛзі  "Қандай  зат 
бейнеленген?"  "Не  айтқысы  келiп  тұр"  деген  оқушы  қызығушылығын  арттыратын  сауалға  толы  жұмбақты 
оймен басталып, ерiксiз таң қалуы мен  "кӛрсем, білсем" деген талпыныстарын оятады[6]. Бұл ӛлеңді тек 
психология, қазақ тiлiмен емес, ғылым-техника саласымен де байланыстырған. 
Ұлы педагог адамның не нәрсеге болса да берік сенімі мен сезімі жүректен терең орын алмаса, ол 
әсерлік-тәрбиелік нәтиже бермейді деген тұжырым жасайды.  
«Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шараит ул ислам) - еңбегінің 3 бабында адамдарға тиісті, тиіссіз 
мінездер  турасында  Ыбырай:  бірі  кӛркем,  бірі  бұзық  сипатты  деп  екі  түрлі  тірі  жанға  тән  қасиеттерге 
тоқталады. Аят пен хадиста білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Алпыс түрлі жаман мінездің шығатын 
түп тӛркіні - жеті түрлі :  
1.
 
Әууел кафир (кәпір) құдайға сенбеуші; 
2.
 
Бидғат – дін бұзғыш; 
3.
 
Кәбүр мансапқор, менмен;  
4.
 
Рия, екіжүзді қара ниет;  
5.
 
Күсу – қызғаншақ, күншіл;  
6.
 
Бәхил – сараң, ашкӛз;  

229 
 
7.
 
Исраф (ысырап) дүние шашушылық. 
Бұларды ахлақ зәмима деп атайды. 
Жақсы  қылық  жетпіс  сегіз  тҥрлі.  Олардың  шығатын  тҥп  тӛркіні  жеті  түрлі  мінезден 
туындайды:  
1.
 
Кәпірлерге қарсы иман; 
2.
 
Санәддә – үл-бидғат яғни бидғатқа қарсы, әдәләт, самғыйя;  
3.
 
Рияға қарсы ихлас (ықылас);  
4.
 
Кәбүрге қарсы тауазыға; 
5.
 
Хүсудқа қарсы насихат; 
6.
 
Бахилға қарсы сахауат; 
7.
 
Ысырабқа қарсы – мәшруға. Бұларды ахлақ Хамидә деп атайды.  
Мысалы,  намаз  оқу  мен  ораза  тұту  парыздарынын  рухани  да,  тәрбиелік  те  мәні  зор  екенін  айта 
келіп,  «намаз  ішінде  он  екі  парызы  бар,  оның  алтауы  тысқары,  алтауы  ішкері  парыз.  Тысқары  парыздың 
(денені тазалау, намаз оқитын жерді пәк ету, денені жабу, денені дұрыс қимылдату, қолды, аяқты, басты 
қимылдату) бәрі тән тәрбиесіне арналады» дейді[3]. 
Ақын-педагог  ӛзінің  кӛптеген  еңбектерінде  қоғамға  сай  ұрпақ  тәрбиелеуге  керекті  мәселелерді 
қозғап, суреттейді.  
Ыбырайдың  еңбектерін,  қызметін,  шығармашылығын  жан-жақты  қарастырсақ,  болашаққа  қоғамға 
бағытталған  баланы  вербальды  танымдық  іс-әрекеті  жағдайында  сапалы,  еңбекқор,  шығармашыл  тұлға 
ретінде қалыптастыру процесі жүргізілгенін байқаймыз. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ. Алматы- 1988.,316 бет 
2.
 
Алтынсарин Ы.Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы, т-1 1976ж. 
3.
 
Ы.Алтынсарин. Мұсылманшылықтың тұтқасы., Алматы,1993 
4.
 
Ә.Ламашев.Ы.Алтынсарин.Алматы,1991,120 бет. 
5.
 
Қ.Жарықбаев.Қазақ тәлім-тәрбиесі.Алматы.Санат.1994 
6.
 
Қ.Жарықбаев,С.Қалиев.Қазақ педагогикалық ой пікірлерінің антологиясы. Алматы, 1994,319 бет 
7.
 
С.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, Рауан.1998,110 
бет 
 
 
МІНЕЗ – ҚҦЛҚЫНДА АУЫТҚУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТ 
 
Акылбекова Э.А., оқытушы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
 Арқалық қаласы 
 
 
Бұл  мақалада  қазіргі  кезде  тәжірибелік  психологияда  қолданылатын  әдістемелер  жинақтары  қазақ  тілінде  аз.  Сондықтан 
оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау ӛте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер 
кезінде кӛмек кӛрсетуі, маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға ая.  
В этом статье в данный момент практический- психологический методических сборников на казахском языке мало.  
Поэтому определить диагностику несовместимости характера учеников очень сложно а помочь вовремя тем детям у которых 
проблемы с измениями характера, всем известна что не сталь важной проблемы нет чтобы доказывать. 
In this clause at the given moment use of the  practical psycholoqical methodical collection in the Kazakh lanquaqe it is not enouqh. 
Thereo Therefore to defihe diaqhostics of incompatilility of character of the schoolboys it is very complex and to help in timet hose children at 
which prollem with chanqes of character for all is known what not  the so important problem no to prove. 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқитын  оқушылардың  әрқайсысының  ӛзіне  тән  жеке  даралық 
ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында 
эмоционалдық  үйлеспеушілігі  бар  балаларға  тиімді  кӛмек  кӛрсету.  Бұл  проблеманың  аспектілері 
психологияда  жан-жақты  талданған.  Оған  үлес  қосқандар  И.Кант,  Э.Торндайк,  И.П.Павлов,  К.Роджерс, 
А.Маслоу  Л.Е.Личко  т.б.  ғалымдар.Қазіргі  кезде  тәжірибелік  психологияда  қолданылатын  әдістемелер 
жинақтары  қазақ  тілінде  жоқтың  қасында.  Сондықтан  оқушылардың  мінез-құлқындағы  үйлеспеушілікті 
диагностикалау  ӛте  қиын  болып  отыр,  ал  мінез-құлқында  ауытқуы  бар  балаларға  дер  кезінде  кӛмек 
кӛрсетудің  маңызы  үлкен  екенін  дәлелдейдің  қажеті  жоқ  проблема  екені  баршаға  аян.Дипломдық  зерттеу 
барысында  осы  проблеманы  шешу  жолдарын  анықтап,  оның  қыр-сырына  түсіну  үшін  тақырыпты 
«Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық. 
1. Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын үйымдастырудың мәні.    Оқушыларға кәсіби 
бағдар  беру  және  болашақ  мамандығын  анықтап  алуға  ықпал  жасау  мектеп  алдында  тұрған  міндеттердің 
бірі.  Сондықтан  психология  мен  педагогикада  осы  мәселеге  үлкен  кӛңіл  аударылады.  Әр  мектептің 

230 
 
оқушыларды  мамандыққа  баулу  және  кәсіби  бағдар  беру  жұмысының  жоспары  құрылып,  оны  жүзеге 
асыруға  психологтың  қосатын  үлесі  мол  болуға  тиіс.  Балаларға  мамандық  таңдату  оңай  жұмыс  емес.  Бұл 
проблеманы  зерттеушілер  П.П.  Блонский,  Г.Н.  Стычинский,  В.А.  Сухомлинский,  Ю.П.Сокольников, 
А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын 
саналы  түрде  анықтауға  ата-аналар,  психологтар  мен  педагогтар  ӛз  үлестерін  қосуы  керек  екенін  атап 
кӛрсеткен.  Қазіргі  кезде  кӛптеген  психологиялық  зерттеу  әдістемелері  кӛмегімен  баланың 
психофизиологиялық  ерекшеліктерін  зерттеп,  қай  салада  қызмет  атқаруға  икем  екенін  болжамдап  береуге 
болады.  Атап  айтсақ,  темпераментті  зерттеуге  арналған  Айзенк,  Стреляу  тестері,  Басса-Дарки,  Шмишек, 
Филипс  жасаған  мінез-құлық  ерекшеліктерін  анықтау  әдістемелері,  таным  процестерін  зерттеу  және 
қабілеттіліктің  түрлерін  анықтау  әдістемелері  кӛмегімен  әр  адамның  жеке  даралық  психофизиологиялық 
ерекшеліктерін  нақты  анықтауға  болады.  Сонымен  қатар  коммуникативтік  және    ұйымдастырушылық 
қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. 
Дегенмен  мектеп  тәжірибесінде  психологиялық  қызметтің  енді  аяқ  алып  келе  жатқанына  байланысты 
оқушыларға  дер  кезінде  психологиялық  кӛмек  кӛрсету  сирек  кездеседі.  Психолог  бар  жерде  олардың 
арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар 
беру  проблемасын  шешу  жолдары  онша  айқындалмаған.  Сондықтан  осы  актуалдық  проблеманың  бір 
мәселесіне  толығырақ  түсініп,  оқушылардың  жекелік  қасиеттерін  зерттеу  жолдарын  анықтап  алу  үшін 
диплом  жұмысымның  тақырыбын  «Жоғары  сынып  оқушыларына  кәсіби  бағдар  берудің  психологиялық 
негіздері» деп анықтадық. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері.  
Білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық  қызмет  алғашқы  кезде  балалар  үйінде  және  жетімдерге  арналған 
мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық  кӛмек кӛрсетуден басталған.  Ӛйткені  ӛкімет 
үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бӛлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация 
кеңінен  орын  алады.  Балаларды  осы  жетімсіреу  жағдайынан  шығаруға  кӛмек  кӛрсететін  адам  бұл 
мекемелерде  ӛте  қажет  екені  анық.  Сондықтан  психологиялық  қызметті  ұйымдастырудың  бастапқы 
кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен кӛңіл бӛлінді. Осындай тәрбие 
орындарында  балаларға  психологиялық  қызмет  кӛрсетудің  максаты  мен  мазмұнын  анықтаған  ғалымдар 
А.Г.Асмолов,  А.А.Бодалев,  Ф.Е.Василюк,  Б.А.Вяткин,  А.В.Забрамная,  И.В.Дубровина,  Ю.М.Забродин, 
В.А.Иванников,  Ю.С.Сыэрд,  У.В.Ульенкова  т.б.  Осы  мекемелерде  ӛсіп,  оқитын  балаларға  психологиялық 
қызмет  кӛрсетуге  негіз  ретінде  зерттеушілер  мектеп-интернаттардың  оқу-тәрбие  жұмыстарына  тән 
ерекшеліктерін  кӛрсеткен.  Сонымен  қатар  психокоррекция  отбасындағы  қарым-қатынастың  бұзылуымен 
байланысты,  кәсіби  қызмет  атқаратын  жерлерге  адаптациядан  ӛту  т.с.с.  мәселелерді  шешуге  ықпал  жасау 
құралы  ретінде  де  пайдаланылады.    Психологияны  адамдар  ӛмір  тәжірибесіне  енгізу  нәтижесінде  оның 
кӛптеген  жетістіктерін  пайдаланып  адамдардың  алдында  тұрған  қиын  мәселелерді  шешуге  ықпал  жасауға 
мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар 
үйінде  ғана  емес,  барлық  білім  беру  мекемелерінде  кеңінен  пайдаланылатын  қызмет  болып  келе  жатыр. 
Психологиялык  кеңес  беру  терминін  пайдалану  және  кеңес  беру  тәжірибесін  ұйымдастыру  формалары 
алуан түрлі  болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын  бір жақты  кӛрсету қиын. 
Сонымен,  психологиялық  білім  қолданылатын  кез  келген  салада  кеңес  беру  психологиялық  қызметті 
ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады. Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау 
жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, 
А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін 
анықтап,  пайдаланылатын  әдіс-тәсілдер  үлгілерін  жинақтаған.  Сонымен  қатар  И.В.Дубровинана  мен 
Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім 
беретін  мектепте  психикасы  және  әлеуметтік  жағдайы  нормадағы  балалармен  жүргізетін  псхологиялық 
кеңес  беру  және  интеллектуалдық  қабілетін  жоғарылату  үшін  психокоррекцияны  ұйымдастыру  жолдарын 
кӛрсеткен.Мектеп  психологиялық  қызметі  арқылы  балалардың  психологиялық  проблемаларын  шешу 
жолдарының  бірі  —  психологиялық  кеңес  беру  және  психокоррекцияны  ұйымдастыру  болғандықтан  осы 
мәселені  жан-жақты  зерттеу  үшін  дипломдық  зерттеу  тақырыбын:  «Психологиялық  кеңес  беру 
психокоррекция  жұмыстарын  ұйымдастыру»  деп  анықтадық.  Зерттеу  мақсаты:  мектеп  психологі 
жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту  жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу 
әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау. 
Бүгінгі  таңда  осы  проблема  ауқымды,  ӛзекті  мәселе.  Қоғамның  дамуындағы  жеке  адамның 
эмоциясы  тұрақты  нормада  болуының  қоғамға  әсері,  экономикалық  техниканың  жетістіктеріне  жетуге 
итермелейтіндігі.  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында  былай  деді:  «Біріншіден, 
осы  ӛңірде  тұрақсыздық  пен  діни  экстремизм  етек  жая  бастауы.  Екіншіден,  географиялық  орналасуы 
жағынан  алғанда  Қазақстан  бел  ортасында  тұрған  ӛңірде  есірткі  таратудың  тыйылмай  отыруы». 
Нашақорлық, ӛзгеге қиянат зорлық кӛрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, 
агрессивтілік әрекеттің осылай бой кӛрсетуі — ӛзін және ӛзгені талқандауы. Бұл кӛрініс баланың тұлғалық 
дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте 
мектепке  дейінгі  жас,  тұлғаның  оң  кӛрсеткішті  құндылықтарының  дамуының  негізгі  фундаменті.  Балаға 
ерте жастан ішкі кері әсерін, ӛзіне немесе ӛзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын 

231 
 
үйретіп  отырған  жағдайда,  бала  ӛсе  келе  осы  артық  энергияны  еңбекке,  спортқа  т.б.  яғни  қоғамға  пайда 
келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді). 
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі. 
Зерттеу  тақырыбының  ӛзектілігі.  Біз  үшінші  мыңжылдықтың  табалдырығын  аттап,  қарқынды 
ӛзгеріп тұратын қоғамда ӛмір сүріп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер жаңа қоғамға, яғни ақпаратты қоғамға 
кіруде. Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық ӛмірдің барлық саласында батыл ӛзгерістерді бастан 
кешіріп  отыр.  Сондықтан  да  қоғамымыздың  стратегиялық  негізгі  даму  бағытын  анықтау,  ұлттық 
ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін приоритет жүйесін құру ӛте 
маңызды. 
Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  —  2030″  стратегиялық  бағдарламасында  және  Қазақстан 
халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді 
қолдаудың  жаңа  жолдарын  табу  керекпіз.  Неке  мен  отбасы  институтын  нығайтудың  жолдарын  мұқият 
талдау,  жалғызбасты  аналар  проблемасын  шешу  керек.  Егер  біз  адамгершілігі  жоғары  қоғам  болғымыз 
келсе,  жұбайлардың  бір-бірінің  алдындағы,  ал  ең  бастысы,  балаларының  алдындағы  жауапкершілігін 
күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар ӛздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, 
әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, 
әйелдің  ӛмірі  мен  денсаулығына  қауіп  тӛндірмейтін  отбасын  жоспарлаудың  ӛркениетті  жолына  түсуіміз 
керек.  Жас  шамасына  қарай  жүргізілетін  саясатта  біз  жастар  мен  жеткіншек  ұрпаққа,  сондай-ақ  жас 
отбасыларға кӛңіл бӛлуді күшейтуге тиіспіз,» — деп атап кӛрсетті.[50] 
Біздің  қоғамның  маңызды  мәселелерінің  бірі  -  отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық  қатынасты 
нығайту,  отбасы-некелік  ӛмірге  жастарды  даярлауды  жетілдіру.  Некеге  және  отбасына  қатысты  рухани 
ӛмірдің  жұтаңдығы,  халықтық  дәстүрді  естен  шығару,  осал  некенің  пайда  болып,  ажырасуына  әкеліп 
соғады.  Ажырасу  статистикасы  республикамызда  әрбір  үшінші  неке  бұзылатынын  кӛрсетіп  отыр. 
Ажырасудың  басым  кӛпшілігін  мүлдем  жас  некелер,  жаңадан  қосылған  отбасылар  құрайды.  Тарихымызға 
кӛз  салсақ,  ежелгі  қазақ  елінде  отбасылардың  ажырасуы  ӛте  сирек  болған.  Мұның  себебі  бұрын  халық 
некеге  орнықты,  мәңгілік  институт  ретінде  қарады.  Мұндай  жағдай  жұбайлардың  тӛзімділігін,  бірін-бірі 
сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары кӛрсеткішін құрады. Білім 
жүйесінің  қоғамдық  ӛмірдің  барлық  саласына,  сондай-ақ  отбасына  да  тигізетін  ықпалы  мол.  Мысалы, 
жұбайлардың білім дәрежесі кӛп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Кӛбінесе отбасы-некелік 
қарым-қатынастың  нұсқаулары  білім  деңгейіне  байланысты  болады.  Мысалыға,  студенттердің      отбасы   
ӛмірінің      құндылықтары      ішінде      отбасының  психологиялық  және  репродуктивтік  қызметтері  жетекші 
орын  алады.  Жұбайлар  қарым-қатынасының  басты  факторлары  ретінде  жұбайлардың  ӛзара  түсінігі, 
ұстанымы  құндылықтары  және  мінез-құлық  ережесінің  ортақтығын  бӛліп    кӛрсетеді.    Бұдан    басқа  білім 
жүйесі    жалпы  білім  беретін  мектеп  деңгейінде  белгілі  пәндерді  ұйымдастырып,      отбасы  және  некенің 
бірлігін сақтауға мақсатты түрде кӛмектесуі қажет. 
Салауатты отбасы — ӛркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына 
әлемдік деңгейде мэн беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бӛлігі болып табылатындықтан, 
қоғамды  ӛркениеттілікке    жеткізу,    ең    алдымен,    әр    отбасындағы    ӛмірді    дүрыс  үйымдастырудан 
басталмақ.    Оған  дэлел    1989    жылы  Біріккен  Ұлттар  ұйымында  қабылданған,  кейіннен  1995  жылы 
Қазақстанда  қабылданған  «Баланың  қүқығы  туралы  Конвенция»  бола  алады.  Онда  «Бала  толық  және 
үйлесімді   дамуы   ушін,   ол   мейірім   мен   ӛзара   түсіністігі   бар, қызығушылыққа кӛп кӛңіл бӛлетін 
бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында ӛсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды 
жетілмегендіктен,  олар  туылғанға  дейін  де,  туылғаннан  кейін  де  ерекше  мейірімділікке,  қамқорлыққа, 
әсіресе, қүқықтық  қамқорлыққа  мүқтаж» деп кӛрсетілген.  Бұл  қүжатта  әрбір   ата-ана  жасӛспірімдердің 
ӛркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, 
ол  білімдердің  мына  бағытта:  баланың  жеке  басын,  талантын,  дене  және  ақыл-ой  қабілетін  дамыту,  адам 
құқығын құрметтеу,  ӛз  ата-анасын  сыйлауға,  оның  мдени  тұрмыс-салтын,  тілі  мен  қүлдылықтарын,  елінің 
ұлттық байлықтарын бағалауға  тәрбиелеу,  еркін  қоғамда ынтымақтастық,  түсіністік,  ұлтаралық   қарым-
қатынаста  достық      рухында      саналы      ӛмір      сүруге      дайындау,      қоршаған      ортаға  жанашырлықты 
тәрбиелеу керектігін үсынып, заман талабы бойынша бүгінгі отбасына  үлкен  жауапкершілік  пен  жоғары  
парасаттылық    жүктеледі.  Оқушының    жеке  түлғалық  қалыптасуына    отбасы    тәрбиесінің    ықпалы 
фиттософиялық.     әлеуметтанушылық.     психологиялық,     педагогикалық зерттеулерде    ерекіпе    кӛңіл   
бӛліп,    отбасыньщ    жалпы    теориялі.ік. педагогикалық,   психологиялық  негізін   жасауда  кӛп   үлес   
косқандар:  А.Қүнанбаев,  А.Байтүрсынов,  Ы.Алтынсарин,  М.Жүмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Әуезов, 
К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский. 
Адам  қалыбы  екі  нәрсе:  тәні  мен  жанынан  тұратыны  белгілі.  Жан  адамның  барлық  денесінің 
падишасы.  Адамның  бар  ақиқатын  сол  жан  —  дүниесінде.  Жан  ақиқатын  тануды  жаратылыс  болмысын 
білмейінше мүмкін емес. Адамға бес қасиет беріліпті, оның тұрар жайы дене болса, ілім білімді аулаушысы 
жаны болады (1.1). Сондықтан денедегі бес қасиет — бес сезім жанның қақпаны. Бірі кӛзге кӛрінсе, екіншісі 
кӛзге  кӛрінбейді.  Міне,  сондықтан  жан  кӛзге  кӛрініп  тұрған  денеде  қажеті  бар.  Жанның  да  ӛзіне  лайық 
қасиеті бар. Сол қасиеттердің тұрақты жайы ми болса, сол мидағы ӛсі қасиеттердің әрбіріне қатысты ӛзіне 
ғана тән атқаратын іс — әрекет аамалдары бар. Адам жанындағы ақиқатты амалдарды тануы, оның жасалуы 

232 
 
құпиясына  үңілу  психологтардың  басты  міндеттердің  бірі  болып  саналады.  Дині,  ғылыми  тұрғыдан  оны 
түсіндіруге  тырысты  және  бірі  —  екіншісіне  негіз  болды.  Осыған  орай  «ғылым  қаншалықты  дамыса,  сол 
арқылы  дині  (исламның)  зор хикметтері  де  сол  дәрежеде  тағы  жақсы  кӛрініс  береді»  деп  кӛрсетіледі  (2;  -
52).Адамның дүние ақиқатын толық білу жӛніндегі толғаныстар қай кезеңде болмасын маңызды мәселенің 
бірі болды. Егеменді Қазақстанның азаматын қалыптастыруда біз «Қазақстан Республикасының, Қазақстан 
— 2030» дейінгі даму стратегиясынла белгіленгендей «Білім берудің жаңа ұлттық моделін әзірлеу және оны 
жүзеге  асыра  бастау»  мақсаттарының  (3;-19),  басшылыққа  ала  отырып  жүргізіледі.  Егеменді  елімздің 
стратегиялық  бағытын  жүзеге  асыруда  .  Ел  басы  Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайынғы  үндеуі  және  сӛйлеген 
сӛздерінде үздік әлемдік тәжірибені дұрыс пайымдап, зерделеп оны елеміздің жағдайына бейімдеп, ұтымды 
да,  әрі  тиімді  пайдалануды  айтып  келеді.  (4;-2;  5;-12).  Қазақстан  Республикасының  Президенті  
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына 
қатысты.  «Қазақстан ӛз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген. Қазақстан халқына жолдаған 
2006  ж.  1  наурыздағы  жолдауында:  «Біз  Қазақстанның  жаһандық  экономикалық  үрдістерге  сәйкес  дамып 
келе жатқан ел болуы қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңілген дүниежүзілік 
шаруашылықтан  шағын  да  болса  ӛзіне  лайық  «орнын»  иемделген,  әрі  жаңа  экономикалық  жағдайларға 
жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз», деп кӛрсетеді (6;-5-6-7). 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет