Общественные науки, история, философия


СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ӚЗ



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата18.01.2017
өлшемі7,13 Mb.
#2127
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ӚЗ 
БЕТТІЛІК ЖҦМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Тауекелова А.Е., аға оқытушы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,  
Арқалық қаласы 
 
 
В данной статье рассматриваются важность самостоятельного развития творческих потенциалов студентов. 
In this article we consider about the importance of independent development of creative potential of students. 
 
ХХІ ғасырға лайық жан-жақты жетілген, білімді, дарынды, тәрбиелі ертеңгі қоғам иесі жоғары оқу 
орындарында  білім  алып  тәрбиеленетіні  даусыз.  Сондықтан  да  бүгінгі  студентке  –  ертеңгі  маман  ретінде 
қарайтынымыз хақ. 
«Студент» деген сӛздің ӛзі латын сӛзінен шыққан. Сонымен студент дегеніміз- шаршамай, талмай 
еңбек  ететін,  дайындалатын,  ізденетін,  білімді  адам  және  кәсіптік  еңбекке  дайын  арнайы  әлеуметтік 
категориядағы адамдардың ӛкілі. Сондай-ақ, ол зиялылар қатарын толықтыратын маңызды әлеуметтік топқа 
жатады.  Олардың  ӛміріндегі  басты  бағыт  –  оқу,  іздену  интеллектін  дамыту,  рухани  ӛнегелі,  физикалық, 
эстетикалық жағынан ӛсу, кәсіпті меңгеру. 
Қазіргі  кездегі  студенттердің  жоғары  оқу  орындарындағы  орта  жас  мӛлшерлері  17-23  жас 
аралығында.  Бұл  кезең  студенттің  ӛнегелі  және  эстетикалық  сезімдерінің  қарқынды  дамуына,  мінез  –
құлқының қалыптасуы мен тұрақтануына, есеюдің әлеуметтік рольдерінің (азаматтық, кәсіптік, еңбек және 
т.б.)  толық  кешенін  меңгеруіне  байланысты.  Бір  жағынан  мотивацияны  түрлендіруі,  барлық  бағалы 
бағыттар  жүйесін  құру  болса,  екінші  жағынан  мамандыққа  үйрену  жолындағы  арнайы  қабілеттіліктерді 
қарқынды ұйымдастырады. Бұл жас негізінен мінез –құлық пен ақыл – ойдың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес 
келеді.  
Адамның  психикалық  ӛмірінің  жан-жақты  дамуы  белгілі  әрекетпен  айналысуына  байланысты 
болады. Адам ӛмір сүру барысында ӛз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Әрекет дегеніміз-түрлі 
қажеттіліктерді  ӛтеуге  байланысты  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  үрдіс.  Ғұлама  әл-Фараби 
«Әрекетіміз  дұрыс  болуы  үшін  біздің  соған  баратын  жолымыз  қандай  болуы  керекек  енін.  анықтап  алуға 
тиіспіз»  деп  бекер  айтпаған.  Демек,  адам  іс-әрекетті  –  күрделі  үрдіс.  Оның  құрамына  жеке  амалдар  мен 
қозғалыстардың және әрекеттердің жүйесі кіреді 
Адамның сана-сезімі ӛскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады.  
Студенттердің  ӛз  беттілік  жұмыстарындағы  басты  бағыт-  оқу,  ізденіп  оқу,  тәрбие  мақсатында 
ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараларға атсалысу, қоғамдық ғылыми іс-шараларға қатысу. Студенттердің ӛз 
беттілік жұмыстарының ерекшеліктері қатарына мыналар жатады: 
-мақсаттың  және  нәтиженің  ӛзгешелігі  (ӛзіндік  еңбекке  даярлау,  білім,  дағды,  іскерлікті  меңгеру, 
жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы); 
-студент іс-әрекеті арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүзеге асады (жоспарлар, оқу мерзімі); 
-маңызды іс-әрекет құралдары (әдебиеттер, зертханалық құралдар, болашақ кәсіби еңбектің табиғи 
үлгілер); 
Студенттердің оқуы әр курста ӛзіндік ӛзгешеліктерімен ерекшеленеді. Шындығында, орта мектепті 
оқу ЖОО-дағы оқуға қарағанда ерекшелеу. 
Студент  іс-әрекетіндегі  ерекшелікті  бірінші  курстан  бастап  байқауға  болады.  Оқу  материялы, 
оқытушылар  құрамы  ӛзгереді,  қоршаған  орта  ауысады,  оқу  орны,  тұратын  мекен-жайы,  т.б  ӛзгереді.  Бұл 
барлық  ӛзгерістер  студенттің  психикалық  жағдайына  әсер  етеді.    ЖОО-дағы  әрбір  студенттің  алға  қойған 
мақсаты  -  Отанға  қажетті  жақсы  маман  болу,  жақсы  оқу,  қоғамдық  жұмысқа,  спортқа  қатысу,  кӛптеген 
салалар  да  белгілі  нәтижеге  қол  жеткізу.  Оқу  барысында  студент  ынтасы  ӛзіндік  деңгейіне  байланысты 
ӛседі,  мақсатты  жүзеге  асырады,  болашақ  еңбек  іс-әрекетіне  ойдағыдай  дайындалады,  маманға  қажетті 
қасиеттерді ӛз бойында қалыптастырады. 
Студент шығармашылығы дегеніміз  – ой бостандығы мен еріктілік болған жағдайда ойлау үрдісін 
бір  ізділіктен  шығарып,  логикалық  ойлауды  талдағыштық  тұрғыға  жетелеп,ӛзін-ӛзі  дамытатын  ой  еңбегі. 
Осындай  еңбектің  негізінде  білімді  игеруге,  оқуға,  оқи  білуге  тәрбиелеу  білім  беру  үрдісінің  негізіне 
айналса, баланың жан-жақ ты дамып, шығармашыл адам болып жетілуінің негізі болады. 

222 
 
Оқытудың белсенді әдістері, дәстүрлі емес сабақтар шығармашылықты қалыптастырады, дамытады. 
Себебі студенттердің шығармашыл таным әрекеті – дербес ізденіс және әрбір балаға жаңа, ол үшін белгісіз 
ғылыми  білім  немесе  әдіс-тәсіл  тудырады.  Ендеше,  студенттің  таным  әрекетіндегі  шығармашылығының 
негізгі  белгілері:  толық  немесе  жартылай  дербестік;  мақсатқа  жету  жолдарын  іздеу  және  іріктеп  алу; 
мақсатқа  жету  үрдісі  кезінде  жаңа  нәтиже  тудыру,  қиялдау,  болжамдар  құру,  логикалық  ойлау,білім 
қорының молдығы. 
Қалай  десек  те,  шығармашылықтың  барлық  түрлеріне  ортақ  бір  желідей  тартылған  ұйытқысы  – 
еңбек, ой еңбегі 
Студенттің  қызмет  түрі  оның  мақсаттарына,  ішкі  және  сыртқы  талаптарына,  бастан  кешірген 
қиындықтарына,  ағымдағы  психикалық  процесстердің  ерекшеліктеріне,  басқарушылықты  және 
жетекшілікті жүзеге асыруда ұжым мен жеке тұлғаның жағдайына байланысты.  
Студенттің  қызмет  түрінің  ерекшеліктері  мыналар:  ӛзінің  мақсаттары  мен  нәтижелерінің  болуы 
(ӛзіндік  еңбекке  дайындығы,  білімді  игеру,  ӛзінің  адамдық  қасиеттерінің  дамуы),  зерттелінді  объекттің 
ерекше  қасиеті  (ғылымдық  білімі,  болашақ  еңбегі  туралы  мәлімет),  студент  қызметінің  жоспарланған 
шарттарда  жүзеге  асуы  (оқу  мерзімі  мен  жоспары),  қызметке  психика  қызметінің  жүйелілігі  мен  жоғарғы 
интеллектуалдық қысым тән.  
Студенттердің  оқуға  деген  қызығушылықтарының  терең  әрі  тұрақты  болуы  олардың  тұлға  болып 
қалыптасуының маңызды шарты болып табылады. Танымдық қызығушылықтар дамып, сонымен қатар сӛне 
де алады.  
Оқуға деген қызығушылықтардың сӛнуі оқудағы қиындықтардың туындауынан, оқыту әдістері мен 
оларды ұйымдастырудың кемшіліктерінен  туындауы мүмкін.  
Студенттердің шығармашылық ойлауын табысты дамыту - тек оқу-тәрбие үрдісі кезінде студенттің 
жүйелі түрде белсенді интеллектуальды ізденіске тартылуы арқылы ғана дамуы мүмкін. Студент осы кезде 
туындаған  оқу  проблемасын  салмақтап,  негізделген  және  жан-жақты  тексерілген  шешім  қабылдайды,  оны 
практикада  жүзеге  асырады.  Сӛйтіп,  студент  «жаңа»  ғылыми  білімді  игеруші  орнына  қойылады  да, 
шығармашыл зерттеушілік тәсілдерін үйренеді. 
Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы ӛз беттілік жұмыстардың ролі психологиялық 
–  педагогикалық  білімге  негізделеді,  яғни  бұны  XXI  ғасыр  білімі  деп  толық  айтуға  болады  және  оның 
функциялануының негізгі принциптеріне: 
шығармашылыққа даярлық; 
техноаймақтық проектілеу бӛлшектерінің іс - әрекетті проектілеуге кӛшуі; 
ӛз идеялары үшін жауапкершілік шешімнің кӛп критерийлігі, кӛзқарастың жүйеленуі; 
жалпыланған білім жүйесін жүйелеу мақсатындағы пәнаралық байланыстардың жүзеге асуы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СУРЕТ 1  Шығармашылық түрлері 
Жинақтау 
(жалпылау) 
Талдау 
(абстаркция) 
Жалпы 
интеллект 
Шығармашылық 
атқару 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
Интеллектуалды 
Әлеуметтік 
Қарым - қатынастық 
Кәсіби 
Педагогикалы
қ 
дидактиалы
қ 
интуиция 
Педагогикалық шығармашылыққа 
қабілеттілік 
диалог 
Новаторлық
қа 
қабілеттілік 
импровиз
ация 
Интеллектуалд
ы 
құндылықтарға 
қабылдағышты
қ 
Педагогикалық қабілет 

223 
 
 
 
СУРЕТ 2 Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытудағы ӛз беттілік жұмыстар 
 
Оқу  мазмұны  болашақ  маманның  ӛзіндік  жұмыспен  айналысуын  күшейтуге  бағдарлануы  тиіс,  ал 
оқытушы оқу процесін қадағалайтын кеңесші ретінде рӛлде болуы тиіс. 
Шығармашылық - ӛте күрделі үдеріс, ӛйткені онымен айналысатын адам мақсатты сезінеді, міндет 
қояды және  оның  шешімін іздейді. Сонымен бірге шығармашылық  үдерісте ішкі  түйсіктің де, елестетудің 
де, қиялдың да орны ерекше. Шығармашылық мәселелерін шешу:  қуану, қанағаттану, тілек және т.б. ішкі 
сезімдермен  байланысты.  Алайда,  бұл  сезімдер  шығармашылықтың  ерекшеліктерін  толық  ашып  кӛрсете 
алмайды.  
Ғылыми  зерттеулерде  (А.Лук,  В.А.Моляко  және  т.б.)  шығармашылықтың  басты  белгісі  - 
құбылыстар  мен  заттар,  үдерістер  немесе  олардың  бейнелеуіндегі  кӛрнекі-сезімдік  немесе  ойлау  түрлерін 
түрлендіре  білу,  ал  екінші  белгісі  -  оның  сонылығы,  тӛлтумалығы  деп  кӛрсетіледі.  Мұндай  кӛзқарастар 
қазақстандық  ғалымдар  еңбектерінде  де  кӛрініс  алады  (Ш.Таубаева,  Р.С.Омарова,  Қ.Ж.Бұзаубақова  және 
т.б.).  
«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны 
білдіреді.  Ол,  жаңалық  ашатын  адамның  әрекетінен,  адамның  мақсатқа  бағытталған  қызметіндегі 
ізденімпаздығы  мен  белсенділігінен,  табандылығы  мен  жігерінен  құралып,  ақыл-ойы  мен  сезімінің, 
креативтілігінің бірегейлігінен туындайды[1]. 
Әлеует – қолда бар және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу, қандайда бір тапсырмаларды орындау 
үшін жұмылдырылуы мүмкін құралдар, кӛздер, қорлар. 
Үлкен  кеңес  энциклопедиясында  (1955  ж.)  «әлеует»  күш  деген  мағьнаны  береді,  кең  сӛздік  қорда 
бар  кұралдар,  кӛздер  ретінде;  сонымен  қатар  мақсатқа  жету  және  қандай  да  бір  міндетгерді  шешуде  іске 
асырылатын кұрал ретінде; қандай да бір саладағы (экономикалық әлеует, ендірістік әлеует, әскери әлеует) 
жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктері ретінде қарастырылады. 
Кіші кеңес энциклопедиясында (1959 ж.) әлеуетке қолданыста болатын мүмкіндіктер, күш, кұралдар 
ретінде анықтама беріледі. 
Жоғары оқу орындарында шығармашылық әлеует студенттердің ӛзіндік жұмысын күшейтуге ықпал 
жасайды.  Қазіргі  маманның  іс  -  әрекет  нормасы  коммуникация,  іс  -  әрекет,  ойлау  интеграциясы  болып 
табылады,  сондықтан  студенттерді  дайындау  осындай  категориялар  бойынша  оқытуға  бағдарлану  керек. 
Біздің ойымызша, бұған оқытудың белсенді және интерактивті оқыту түрлеріне ықпал жасайды. Жоғары оқу 
орындарында белсенді және интерактивті оқыту режимін қолдану үшін білім беру процесіндегі субъектілер 
арасында педагогикалық ӛзара әрекеттің принциптерін сақтау қажет.  
Шығармашылық  ӛлшемдеріне  болашақ  маманның  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарына  ӛзіндік  талдау 
жасай алуы, ӛз білімін кӛтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануға 
ӛзіндік жаңалықтар және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
Бұлақбаева  М.К.  Жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  педагогикалық  шығармашылық  әлеует  – 
Алматы, 2010 
2.
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сӛздігі:  Педагогика  және  психология  / 
Алматы: Мектеп, 2002.  
Студенттердің шығармашылық 
әлеуетін дамытудағы ӛз беттілік 
жұмыстар 
Техноаймақтық 
бӛлшектерінің іс - 
әрекетті проектілеуге 
кӛшуі 
Шығармашы 
лыққа 
даярлық 
Жалпыланған білім 
жүйесін жүйелеу 
мақсатындағы 
пәнаралық 
Инновациялық 
кӛзқарастың жүйеленуі 

224 
 
3.
 
Мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениеті  –  оның  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеру  құралы 
арнаулы курсының бағдарламасы / Ш.Т. Таубаева, С.Н. Лактионова, Б.Т. Барсай. – Алматы: Ғылым, 2002. 
 
 
ОҚУ ҤДЕРІСІНДЕ ТҦЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ  
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Мүсірова Г.Б.,  аға оқытушы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Арқалық 
қаласы 
 
     
В данной статье говорится, что обучение является главным средством в формировании познавательного процесса  личности. 
Обучение направляет личность, вооружая его знаниями, объясняя, как применить полученные знания в жизни. 
Teaching is the main tool in formation of identify. The teaching directs identify, by giving to him a knowledge, explaining how to use 
the resulting knowledge in life.
 
 
Қазіргі  уақытта  еліміздегі  түрлі  бағыттағы  ӛзгерістер,  техника  мен  технологияның,  ғылым  мен 
ӛндіріс  әдістерінің  шапшаң  және  ұдайы  дамуы  адамдардың  білім  және  біліктілік  дәрежелерінің  үздіксіз 
артуын талап етуде. 
Оқыту–тұлғаның  ақыл-ойын  дамытып,танымдық  дағдысын  қалыптастырып,  адамгершілікке 
негізделген  имандылық    тәлімдерін  бойына  сіңіру.  Оқыту  ұстаздың  бағдарлы  мақсат  негіздеп    жүзеге 
асыратын қызметі болса, екінші жағынан шәкіртке білім, тәрбие беріп, оларды ой еңбегіне,ӛмірге үйлесімді 
практикалық  іске  баулып,  қабілетін  ұштап,  шығармашылық  ізденіске  бейімделуіне  жол  ашатын  күрделі 
педагогикалық үрдіс. 
Процесс  адам  баласының  іс-әрекетіндегі  қозғалыс,  тиісті  нәтижеге  жету  жолындағы  талпыныс 
болғандықтан ол алуан түрлі әрекеттерді бір-бірінен бӛлмей тұтастықта қарастырады. Осы орайдан келгенде 
оқыту процесін басқару, оның  жүйесі  мен құрылымын  және негізгі заңдылықтарын  білу ағарту саласында 
қызмет  атқаратын  мұғалімдер  үшін  басты  шарт  болып  табылады.  Ӛйткені  білім  –  адамзаттың  жинақтаған 
тәжірибесі, табиғат пен қоғамдағы заңдылықтар мен құбылыстарды тану, ұғыну. Ал білімді жеке адамның 
иігілігіне айналдыру үшін, оны танып, ойлану кезінде  – талдап, салыстырып, жіктеп, жинақтап, синтездеу 
керек. Былайша айтқанда, ойлау операциясының заңдылықтарына сүйену талап етіледі. 
Оқыту  тұлғаның  дамып,  қалыптасуындағы  басты  құрал.  Білімнің  ойға  қонып,  бойға  даруы 
мұғалімнің басшылығымен жоспарлы бағытта жүйелі түрде жүргізген іс-әрекетінің нәтижесінде орындалса, 
шәкірттің оны ынталы қабылдап, ықыласпен орындауы негізінде ӛзінің мақсатына жетіп жүзеге асады. Олай 
болса,  оқыту  –  педагогикалық  үрдістің   құрамдас  бӛлімі.  Ӛйткені шәкіртті тәрбиелеп,  білім  беріп,  оларды 
ӛркендетудің  мағыналы  да  мәнді  болуы  оны  ұйымдастыра  білуге,  жүйелі  түрде  жүргізуге,  тиісті 
заңдылықтарды сақтап негізгі принциптерді тиімді пайдалана білу екендігі, бұлардың ӛзара ықпалдастығын 
айқындайды. Бұларды бір-бірінен бӛлмей тұтастықта қарау оқыту ісінің табысты да, нәтижелі болуына игі 
ықпал  етеді  және  кепілдік  береді.  Демек,  оқытуды  білімдендіруден,  тәрбиеден  және  тұлғаның  дамып 
ӛркендеуінен бӛліп тастауға келмейтін бір-бірімен тұтас байланысқан құрамдас бӛлімі деп танимыз. 
Оқытудың тәлімдік мүмкіндігі орасан зор екендігі педагогика тарихында аты белгілі педагогтердің 
барлығы  дерлік  жан-жақты  дәлелдеген.  Оқыту  тәлім-тәрбиеден  сыртқары  болуы  мүмкін  емес. 
Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту білімдендіру мен тәрбиенің құралы. Олай болса, тәрбиелей 
отырып оқыту барысында шәкірттің ӛркені  ӛсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы 
қанат  жайып  әржақты  дамиды.  Ой-түсінігінің  ӛрістеуі  негізінде  іс-әрекетке,  еңбекке,  әлеуметтік  қарым-
қатынасқа дағдылану бастау алады. 
Тәрбиелей  отырып  оқыту  –  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  қарағанда  шәкірттің  дүние-танымына, 
ақыл-ойына,  адамгершілік  сеніміне,  мінез-құлық  сипаттарының  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Сондай-ақ 
меңгерген  білімі  ӛмір  ақиқаттарын  ұғынып,  ондағы  құндылықтарды  танып,  оны  ӛз  ӛресіне  лайық  тұтына 
білуге жол ашады, тәлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтеді. Былайша айтқанда, оқушы қабілетінің дамуы 
білімін тереңдетіп, тәлім-тәрбиені бойға сіңіріп имандылық қасиеттерінің құлшынысын жебей түседі.  
Оқыта  отырып  тәрбиелеу  –  оқушының  ғылыми-танымдық  кӛзқарасы  мен  білімін  және  оны  дұрыс 
ұғына  білуін  қалыптастыру  мен  қатар  шәкірттің  тәлім-тәрбиелік  танымдық  санасын  жетілдіріп, 
адамгершілік  түсініктің  беки  түсуіне  игілікті    әсер  ететін  мүмкіндігі  уақыт  талабына  орай  үнемі  ӛрістеп 
отыратын құбылыс.  
Сонымен тәлімдік мүмкіншіліктерін ескере келіп, оқыту мен білім беру тиісті мақсаттылық бағдары 
болуы талап етіледі. Оқытудың тәрбиелік сипаты – оның ғылыми мазмұнына да тәуелді. Тәрбиелей отырып 
оқыту  тұлғаны  жан-жақты  дамытып,  ақыл-есін,  адамгершілік  танымын,  әлеуметтік  түсінігін  жетілдіреді, 
тұлғаның  дүниетанымын,  моральдық  сенімін  бекітеді  және  рухани  кӛркеюіне  ықпал  етеді.  Тұжырымдай 
айтсақ,  оқыту  оқушыны  біліми  түсінікпен  қаруландырып,  тәлімдік  ӛнегені  ұғынып,  оны  ӛмірге  үйлесімді 
жүзеге асыруға бағдарлайды. 

225 
 
Педагогикалық  мақсаттан  туындайтын  оқыту  процесі  –  ұстаз  тарапынан  меңгертіліп,  шәкірт 
тарапынан  игерілуге  тиісті  ғылыми  таным-түсінік,  білімдік  біліктерді  жүзеге  асыру  жолындағы  іс-әрекет 
болып табылады. Оқыту процесінің логикасын оның құрылымы анықтайды да негізгі мақсатқа байланысты 
тиісті  міндеттер  туындайды.  Білім  беру  саласында  оқыту  процесінің  міндеттері  қоғамның  дамуындағы 
ғылыми-практикалық қажеттіктің деңгейіне байланысты белгіленеді. 
Оқыту  міндеттерін  шешуде  ғылыми-білімдік  таным  түсініктерді  түсіну  мен  қабылдау,  оны  ұғыну 
мен  ойлану,  дәлелді  де  дәйекті  деректерді  кӛңілде  бекіту  және  ӛмірде  жүзеге  асыра  білу  салаларымен 
шарттас. 
Оқыту  процесінің  мақсатына  байланысты  міндеттерді  шешудегі  ұйымдастыру  ісінде  оқушыны 
оқыту  объектісі  деп  білсек,  екінші  жағынан  ол  субъекті.  Осы  орайдан  оқыту  процесінде  ұстаздың 
шәкіртімен  ынтымақтастығы  тек  білімді  меңгерумен  ғана  шектелмей,  шәкірттің  творчестволық  еңбегінің 
ӛрістеуіне жол ашады. Ӛзара бір-бірімен іштесе байланысқан білім-тәрбиелік мазмұн жєне оның формалары 
мен әдістері негізінде тиісті нәтиже жетудегі қозғаушы күш – қойылатын талаптың шәкірттің мүмкіндігіне 
үйлесімділігіне тәуелді. Оқыту, білім алу және дамуға байланысты заңдылықтар мен принциптер және оның 
әдістемелік жолдары дидактика саласына байланысты қарастырылды. 
Сонымен оқытудың басты қызметі адам баласының білім байлығының негіздерімен қаруландырып, 
оны ӛз бетімен дамытып, игерген білімін ӛмірде қолдана білуге бағдарлау. әрбір тұлғаның ӛздігінен ізденіп, 
ӛздігінен еңбектене алуына дағдыландыру. Мұндағы басты талаптар: 
-
 
білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымдық ұғымға айналдыру
-
 
ұғынған (меңгерген) білім арқылы ойын дамытып, ӛздігінен ізденудің жолын ашу; 
-
 
білімнің жүйелілігі, қисындылығы, бірізділігі, ұғынылықтығын қамтамасыз ету; 
-
 
меңгерген білімнің шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген құлшынысқа жол ашу. 
Демек, қазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт  – тұлғаның ӛздігінен іздене білуін, оның уақыт 
талабына үйлесімді шешімін таба білуге қалыптастыру болуға тиіс. 
Оқыту  –  танымдық  іс-әрекетінің  психологиялық-педагогикалық  негіздері:  Оқыту  –  ұстаз  бен 
шәкірттің  бірлескен  әрекеті.  Оқыту  үрдісінің  логикасын  оның  құрылымы  анықтайды.  Ал  құрылымды 
танымдық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша сипаттасақ, ол кӛбінесе мына жүйеде болады: 
-
 
танымдық міндеттерді жете түсіну; 
-
 
жаңа деректер мен түсініктерді қабылдау; 
-
 
ұғыну – жаңа деректер мен түсініктерді кӛңілге қондырып, ойлану; 
-
 
білімдік  мағұлмат  атқарылған  іс-әрекетке  байланысты  дағдыны  қалыптастырып,  оны  бекітуді 
жетілдіреді; 
-
 
ұғынған, түсінген материалдарын ӛмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде нақты қолдана 
білу; 
-
 
оқушының  ұғым-түсінігі  мен  атқарған  іс-әрекетінің  қандайлық  дәрежеде  екендігін  талдап, 
меңгерген дағдысын тексеру, бағалау. 
Танымдық  ұғым  түсінікті  болса  және  онда  қойылған  міндет  айқын  болса,  оқушының  ӛздігінен 
ізденіп, тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі де оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен 
жүзеге асады. Сабақ барысында жаңа деректермен танысып түйсінуі, қабылдауы оны ұғынуға жол ашады. 
Ӛйткені қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттар, немесе құбылыстың санада бейнелену процесі болса, 
ал  түйсіну  сананың  сыртқы  әлеммен  байланысы  тұрғысынан  түсінеміз,  былайша  айтқанда  түйсік  сезім 
мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың мида бейнеленуі. 
Оқушыны  жаңа  материалдармен  таныстыру,  олардың  тікелей  қабылдауына  мүмкіндік  туғызатын 
болса,  бұл  процесс  таныстыру,  бақылау,  практикалық  жұмыстар  арқылы,  немесе  мұғалімнің  жанама 
түсіндіруі,  эвристикалық  тұрғыда  іздену,  оқулықтар  бойынша  атқарылатын  жатығу,  тапсырманы  орындау 
бойынша жүзеге асады.  
Оқыту  процесіндегі  танымдық  қағида  –  нақты  аңғарудан  абстракты  (дерексіз)  ойлауға  және  одан 
практикаға  кӛшу  ақиқатты  танудың  диалектикалық  реалды  жолы  екендігі  ежелден  айтылып  келе  жатқан 
шындық.  Бұған  оқыту  жүйесі  тұрғысынан  қарайтын  болсақ:  нақты  аңғару  –  түйсіну  мен  қабылдау  екені, 
абстракты  (дерексіз)  ойлау  –  мәнін  түсініп,  мәселенің  болмысын  ұғыну,  ал  практикаға  кӛшу  –  білімді  іс-
әрекетте қолдану арқылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.  
Оқу процесін жүзеге асыруда мотивтің мәні зор.Олай болса, оқушының білуге, ұғынуға, оқуға деген 
ынталы  мұқтаждығын  демеп,  талпынысын  қолдап  іс-әрекетке  пейіл  сала  кірісіп,  қойылған  міндетті  тиісті 
деңгейде атқаруын  қадағалау керек:  Демек, шәкірттің білімге деген мұқтаждығы мен ынтасы мотивацияға 
негіз  болса,  олардың  бұл  талпынысын  мұғалім  терең  сезіне  отырып  оқытатын  сабағын  қызықты  да 
тартымды болуына зейін қоюға тиіс.  
Әрине, оқушының кӛздеген ӛзіндік мақсатына, перспективасына ұмтылдыратын мотивтер тұлғаны 
ешбір  уақытта  бейжай  қалдырмайды.  Ӛзінің  болашағы  үшін  таңдаған  мамандыққа,  кәсіпке  байланысты 
пәндерге  шәкірттер  ерекше  назар  салып,  оған  ынталы  ықыласпен  қарайды.  Олардың  талпыныс  мотивтері 
бұл  саладағы  сұрақтар  мен  проблемаларды  ӛзінше  шешіп,  атқарған  іс-әрекетінің  жүйесіндегі  табысынан 
қанағат  тауып,  ертеңіне  деген  ізденісі  мен  сенімі  жетіле  түседі.  Осы  тұрғыдан  оқудың  психологиялық 
сипаты  –  танымдық  мотивтер  оқушының  жаңа  білімді  игеріп,  оны  ұғыну  тәсілдерін  тереңдетіп,  ӛздігінен 

226 
 
ізденуге кеңірек жол ашумен қатарланған білім-түсінігін ӛмірде қолданып жүзеге асыруға құлшындырады. 
Ал әлеуметтік тұрғыдан қарағанда мотивтер оқудағы белсенділік ынталылық, жауапкершілік және борышын 
терең  сезінуіне  мұрындық  болады.  Сондай-ақ  мотивтердің  жүзеге  асуы  оқушының  тәлім-тәрбие,  оқу 
саласындағы  беделін  ӛсіріп,  дүние  танымдық  кӛзқарасының  қалыптасуына  игі  ықпал  жасайды.           
Тұлғаны  перспективтік  талабына,  кӛзқарасының  жетілуіне  орай,  тиісті  пәндерді  меңгеруіне  байланысты 
мотивтер жаңа арна тауып тиісті бағдарда ӛркен жая түседі.  
Оқыту  технологиясының  педагогикалық  негіздері  –  білімді  ала  білуге  тәрбиелеп,  ақыл-ойдың 
қабілетін  дамытып,  тұлғаның  адами  негізде  қалыптасуына  ықпал  етіп,  оның  ілгері  жетіле  беруіне  бағдар 
берумене қатар тұлғаның ӛздігінен іздене білу қажеттігін туғызу жолдарын айқындау болып табылады. Ал 
таным  қабілетінің  дамуы  оқушының  объективтік  дүниені,  шындықты  танып  білуге  тиянақты  білім  алуы 
оқытудың әдістері мен түрлерін амал-тәсілдерін жетілдірумен шарттас. 
Оқыту ісінің табысты болуы білімдік негіздер мен оның күрделі құрылымын білумен шектелу емес, 
меңгерген  таным-түсініктерді  жүзеге  асыра  алумен  және  оның  заңдылықтарын  орындауға  қалыптастыру 
арқылы орындалады. Білімдендіруде ескерілетін заңдылықтар: 

 
Оқыту арқылы тұлғаның ӛздігінен әр жақты еңбектеніп дамуына бағдар берумен ынталандыру. 

 
Белсенді іс-әрекетке баулу. 

 
Даму белсенділігіне қажетті мотвитер туғызу. 

 
Оқыту барысында шәкіртке талап қоя білу және оларға сенім білдіре отырып, құрметпен қарау. 

 
Білімді меңгеру барысындағы қиындықты жеңудегі шәкірт қуанышын, ынтасын қолдай білу. 

 
Оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны ілгері жетілдіре түсуін қолдау. 

 
Оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелігін және дербес ӛзгешелігін есепке алу. 

 
Оқытуда  жеке  оқушы  мен  ұжымның  белсенділігін  кӛтерудегі  ынтымақтастықты  сақтауға 
ықпал ету. 

 
Оқытуда мұғалімдер, отбасы, кӛпшіліктің бірінғай талап қоюына ыждағаттылықпен қарау. 
  Оқыту барысында шәкірттің меңгерілген білімін қазына деп білсек оны ілгері дамытып, ӛрістетуге 
бағдар беріп, жол-жосығын үйрету – оқыту әдісімен сабақтас. 
Таным  мен  оқу  түрткілері  саналы  әрекетті  дамытуға  ӛзара  бірлікте  қатысатын  бүтіннің  екі  жағы 
іспетті. Оқу әрекетінің жемісті болуына екеуі бірдей қатыстырылғанда ғана қол жеткізуге болады. Мысалы: 
қабілеті  жоғары  баланың  пәнге  қызығуы  тӛмендесе,  не  керісінше,  пән  мазмұны  тартымды  бола  тұра  бала 
оны оқуда ізденіс жасамаса, тапсырмаларды орындауға талпынбаса, оқу нәтижесі тӛмендейді.  
Баланың ақыл-ойы, санасының даму деңгейі, оқу әрекеті барысында қызығушылық тудырудың бір 
шарты болады. Қоршаған орта мен әлуметтік, психологиялық қатынастары негізінде баланың  жалпы даму 
деңгейін  ажыратуға  болады.  Жеке  тұлғаның  дамуы  жеке  даралық  қабілеттер  ӛрісімен  шектелмейді,  ол 
оқушының  жалпы  және  адамгершілік  қасиеттерінің  дамуы  мен  қатар  әлеуметтік  тұрғыда  қалыптасуын  да 
қамтиды.  Оқушылардың  әрекетінің  дұрыс  қалыптастырылуында  субъект  бойындағы  танымдық  күштердің 
білім игеруде атқаратын қызметін дұрыс тану үлкен мәнге ие болып табылады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет