Обструктивті бронхит, ауру тарихы Паспорттық бөлім


Пальпация: Беткей пальпация



бет4/9
Дата21.04.2023
өлшемі37,04 Kb.
#85339
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
История болезни обструктивный бронхит

Пальпация:

  1. Беткей пальпация:

Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Іш пердесінің тітіркену белгісі жоқ.

  1. Терең пальпация:

Асқазан: үлкен қисықтығы кіндіктен 4 см жоғары, дененің ортаңғы сызығының екі жағында да орналасқан. Кіші қисығы мен қалтқысы пальпацияланбайды.
Ішектер: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек білеуленіп тұрады, формасы цилиндр тәрізді, беті тегіс, тығыз, диаметрі 2см-дей, ауырсынбайды, перистальтикасы қалыпты, жылжымалы. Мықын ішектің соңғы бөлігі оң жақ мықын аймағында білінеді, цилиндр тәрізді, ауырсынусыз, диаметрі 1-1,5 см, шұрылдайды. Соқыр ішек оң жақ мықын аймағында цилиндр тәрізді білінеді, диаметрі 3 см-дей, ауырсынбайды, басқан кезде шұрылдайды. Көлденең ішек кіндік маңы аймағында пальпацияланады, орташа тығыз консистенциялы, қозғалмалы, цилиндр тәрізді, диаметрі 2,5 см-дей.
Ұйқы безі, көкбауыр пальпацияланбайды.
Бауыр пальпациясы: Бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасының төменгі жиегіне сәйкес келеді. Консистенциясы жұмсақ, жиегі өткір, ауырсынбайды. Көкбауыры пальпацияланбайды.
Перкуссия: құрсақ қуысында сұйықтық жоқ. Ішектерден тимпаникалық дыбыс естіледі.
Бауыр перкуссиясы: 
Курлов бойынша перкуссия:
І өлшем – 9 см
ІІ өлшем – 8 см
ІІІ өлшем – 7см
Аускультация:
Ішектердің периодты, шұрылдар естіледі.Ішектердің моторикасы, перистальтикасы сақталған.
Зәр шығару жүйесі
Жалпы қарау: 
Өзгерістер байқалмайды, ісінулер жоқ.
Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз, күніне 5-6 рет. Зәр түсі – сабан сары, мөлшері тәулігіне 1000-1300 мл-дей.
 
Пальпация: 
Бүйректер пальпацияланбайды, ауырсыну белгілері жоқ.
Қуықты, несепағарды пальпациялағанда ауырсынусыз.
Перкуссия:
Перкуссия кезінде шала тимпаникалық дыбыс естіледі.
Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.
Екіншілік жыныс белгілері байқалмайды, жүндестігі жоқ, жыныс мүшелерінің водиянкасы мен крипторхизмы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет