Эндокринді жүйе Жалпы қарау: Бойы 131 см., салмағы 26 кг., жасына сай, ауытқулары жоқ. Қалқанша безі өзгермеген, қалыпты.
Екіншілік жыныс белгілері байқалмайды, жүндестігі жоқ, жыныс мүшелерінің водиянкасы мен крипторхизмы жоқ.
Жүйке жүйесі Психикасы: бұзылмаған, есі – дұрыс, интелектісі – өз жасына сай, ұйқысы қалыпты, есте сақтау қабілеті жақсы, басы айналмайды, сөйлеу, көру, иіс сезу қабілеттері бұзылмаған.
Дермографизм: қызғалт, пайда болу уақыты 30 секунд, жоғалу уақыты 2 минут.
Мүшелерінің жансыздануы, салдануы, қалшылдауы байқалмайды.
Бас ми жарақаты болмаған.
Кірпік, қарашық, тізе, өкше, және т.б. рефлекстері сақталған.
VIII. Status localis: Тыныс алуы: мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Мұрыннан шырыш бөлінуі бар. Жөтелі бар, ентігу жоқ. Тыныс алу типі – кеуделік.
Кеуде клеткасының формасы: нормостеникалық, цилиндр тәрізді, екі жағы симметриялы, тыныс алу актісіне бірдей қатысады.
ТАЖ: 24 рет/мин
Пальпация: Ауырсынусыз, кеуденің серпімділік қасиеті жақсы, дауыс дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.
Перкуссия: Салыстырмалы перкуссия: кеуденің симметриялы орындарында екі жағында да ашық өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультация: Өкпеде қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.
Екі өкпенің симметриялық алаңдарында бронхофония бірдей.
ІХ. Болжам диагнозды негіздеу: Ауру шағымдары: жөтел, қақырықтың түсуі, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, ентігу, мазасыздану.
2.Anamnesis morbi: Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған. Жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, анасымен медициналық орталыққа келіп, бөлім меңгерушісі Ертуспаева Г.К. кеңесімен 18.09.2013 күні педиатрия бөліміне жатқызылды.