Емдеу барысында жалпы жағдайы (динамикада): Науқастың жалпы жағдайы: орташа ауырлықта, бронхообструктивті синдромға байланысты. Дене температурасы қалыпты сандар деңгейінде.
Шағымдары: сирек жөтел, қақырықтың шығуы.
Аускультативті өкпенің төменгі бөлімдерінде қатқыл ысқырық тәрізді және орташа көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші пальпациялағанда ауырсынбайды.
Емнің 7-күні науқастың жағдайы жақсарып, 10-күні ауру белгілері қайта бастады.
Дәрігерлік нұсқаулар:
Науқастың аты-жөні: Досым Аружан
Жасы: 8
Жынысы: әйел адам
Ауруханаға түскен күні: 18.03.2023 жыл
Клиникалық диагноз: ЖРВИ. Обструктивті бронхит, орташа ауырлық дәрежесі.
18.03.2023 күні сағат 1210 -да СММУ Медициналық орталығы балалар стационарының педиатрия бөліміне жөтелу, ентігу, ауа жетпей мазасыздануына байланысты «обструктивті бронхит» жолдама диагнозымен жатқызылды. Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына 10 күндей болған, жанұялық дәрігерге қаралған және дәрігер тағайындауы бойынша ем алған: цефазолин 4 күн бұлшық етке енгізген. Аллерголог дәрігердің кеңесі берілген, нозейлин, «Аква-марис» қабылдаған. Жағдайы нашарлап, стационарға жатқызылды.
Анамнезінде: басынан өткерген аурулары – ЖРВИ, баспа, бронхит, артрит. Егулер өз уақытымен жүргізілген. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Гемотрансфузия жүргізілмеген. Спецификалық аурулары жоқ.
Объективті қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлақ. Ақыл-есі анық.Төсектегі қалпы белсеңді. Тері жабындылары таза, түсі қалыпты.
Аускультативті: өкпесінде қатқыл тыныс естіледі, сырылдары жоқ.
Жүрек тондары анық, ырғақты. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
Пастернацкий симптомы теріс. Зәр шығаруы сақталған, еркін. Нәжісі пішінделген.