Пальпация: Ауырсынусыз, кеуденің серпімділік қасиеті жақсы, дауыс дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.
Перкуссия: Салыстырмалы перкуссия:
Кеуденің симметриялы орындарында екі жағында да ашық өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультация: Өкпеде қатқыл ысқырық тәрізді тыныс, өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды ұсақ- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі.
Екі өкпенің симметриялық алаңдарында бронхофония бірдей.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі Жалпы қарау: Жүрек төмпешігі байқалмайды. Жүрек негізінде патологиялық пульсация байқалмайды.
Пальпация: Жүрек ұшының түрткісі сол жақ бұғана ортаңғы сызығы бойымен V қабырғааралыққа сәйкес келеді, биіктігі, күші- орташа.
Пульс: 80 рет/мин, пульс дефициті байқалмайды, толымдылығы – толық, биіктігі – орташа, кернеуі – орташа, ырғақты.
Перкуссия:
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы:Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы
Жүректің абсолютті тұйықтығының шекарасы: Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы
Қан тамырлар шоғырының шекарасы
Аускультация: Жүрек тондары анық, шулары жоқ, қосарланған дыбыстар жоқ, ырғағы дұрыс.
ЖСЖ: 80 рет/мин.
Ас қорыту жүйесі Жалпы қарау: Тілі: ылғалды, ақ жабынмен жабылған, жұтынуы еркін, тіл, қызыл иектің қанауы жоқ. Бадамшалары ұлғаймаған.
Аузынан жағымсыз иіс сезілмейді.
Тістері: сүт тістер, бүтін емес, 3 тісінде тісжегісі бар.
Тәбеті: сақталған.
Іші: дұрыс пішінді, симметриялы.
Кіндікте, сыртқы шап және сан тесіктерінде патология жоқ. Сарғаю байқалмайды.
Нәжісі: ретті, пішінді, қоңыр түсті