Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


негізге”, деп түйіндейді. “Атаңның тегін



Pdf көрінісі
бет22/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

негізге”, деп түйіндейді. “Атаңның тегін сұрасаң...” 
дегендіктен-ақ, тектілік мәселесін де басты санағанын білеміз. 
Бұхар хан сарайының бас ақыны ретінде елдің бірлігі мен 
туысқандықты, ауызбірлікті, үлкенді сыйлауды, үлкендердің 
жас ұрпақты тәрбиелеуін жырына арқау етеді. Адамның жас 
күніндегі әсерлері, сезім күші туралы да, есейгендегі ағайынмен 
сыйласуы үй болып отау құрудың машақаты, ата-ененің сый 
көруі жайлы да аз айтпайды. Ақсақалдың аталық рөлге сай 
болуы туралы “Келін бала келгенде, ауызыңды аша алмай...” 


42 
десе, “Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер, күндердің күні 
болғанда, кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес” деп жастарға 
дүниенің кезектігінен парасатты ой айтады. Бұхар төре тұқымы, 
ел билеуші Абылайға да жар таңдаудағы өзінің халықтық 
тәжірибеден 
жинақтаған 
педагогикалық-психологиялық 
талабын қояды: 
Қатын алма қарадан, 
Қара тумас сарадан. 
Қатын алсаң қарадан, 
Алды кетпес баладан, 
Арты кетпес жаладан. 
Қатын алма төреден, 
Еркегі болар жау жанды, 
Ұрғашысы ер жанды, 
Төре берер ұл туса, 
Аузы кетпес парадан. 
...Қатының болсын қалмақтан, 
Қосының болсын қазақтан. Бұл Бұхар жыраудың 
ықпалды ортада жүргендігін, ойларының салмақтылығын, 
мемлекеттік деңгейде сөз өткізе алғандығын көрсетеді. 
Көтеш ақын (1745-1818) өлеңдері де жігіттерді жар 
таңдау мәселесіне пікір өткізгендігімен ерекшеленеді. “Ұяты 
бар бойында қымсынған қыз” деп, ұяты бар қыздың иманы бар 
екендігін бағалайды. “Көрінгенге былқ етіп құлай кететін” 
қыздардың да болатындығы туралы да айтпай қалмайды. Қазақ 
қызына қарағанда, қалмақ қызының арзандығы  жайлы: “Атам 
ата болмады, қалмақ болды, қызын берсе атымды алмақ 
болды” дейді. Бұдан түйетін ой: қазаққа қыз беруден 
қалмақтардың аса қаша қоймағандығы. Ата-ананы бір баланың 
қолына қарайтындығы жайлы: “Атадан алтау, жетеу 
туғанменен, соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар” деп қорытады. 
Көтеш ақын отбасы деген әлеуметтік институттың ішкі 
қызметін, түрлі қарым-қатынастардың реттелуін, қартайғандағы 
ата-ана беделінің кетуі жайында, отбасындағы келіннің рөлінің 
дұрыс жолға қойылмауынан туындап отырғандығын көрсетеді.


43 
Хандық дәуір әдебиеті өкілдерінің ішінде Шал ақынды 
(1748-1819) қазақ жастарын отбасылық өмірге даярлау мектебін 
ұйымдастырушы ретінде өзінше дербес педагогикалық-
психологиялық тұрғыда зерттеудің дерек көзі деп қарастыруға 
әбден болады. Шал ақын жырларында отбасылық өмір 
өрнектері, жанұялық өмірге даярлық мәселелері, жар таңдау 
жайлы, ата-ана бақыты туралы, қыз бала мен ер бала тәрбиесі 
хақында, әйел мен келін тақырыптық негіз болады. Шал ақын өз 
өмірімен сабақтастыра отырып, ой түйеді. Жігіттік кезеңі, 
үйленіп жар сүюі, перзентсіздіктен өмірдің қиындығын сезіне 
түсуі, екі әйел алудың машақаты, т.б. жұбайлық өмірдің ыстық-
суығы жырмен өрнектеледі.
Шал ақынның ойынша жақсы әйел алсаңыз, “Алладан 
нұр жауғандай”, “...тойы үйінде”, “ердің атын шығарар”, 
“ерін күліп шаттандырар”, “шаруасын күйзелтпес”, “жылы 
жүзбен ерін қарсы алар”, “өз байынан басқаны ұнатпайды”, 
бойын түзеп сылақтайды”, “дәулетіңді жөн келтірер”, 
“айтқаныңды кектемейді”, “иманыңнан басқадан жақын”, 
“жұмақтағы хормен тең” дейді. Ал жаман әйел алсаңыз: 
“...жауы, соры үйінде”, “ерін жаман атқа қалдырады”, 
“кедейдіктің бір түрі”, “байымен ұрысады”, “долы болса 
күнде өлтірер”, “мейман келсе қабағы тырысады”, “қабаған 
ит сияқты ер жігіттің түбіне жетпей қоймас”, “қаншық 
иттей тақымдар, кәпір”, “маңдайға біткен сормен тең” деп 
анықтама береді. Және де әйелді үш түрге бөледі: үйге қарауыл 
– белсенділігі төмен, ашып атар, жатып ішер – салақ әрі кесір, 
қыналы бармақ – берекелі жақсы әйел. Әйел таңдау үшін 
жігіттерге пікір қосады: 
Уа, жігіттер, 
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, 
Ол сенің ахиреттік жақын кісің. 
…Келген мейманыңды және туғаныңды 
Бірдей тәрбиелеп,
Ол және ұмытпасын хақтың ісін. 
 ...Жақсы қатын алсаңыз, 
Жақсылығын білдірер, 


44 
Ерін жөнге көндірер, 
Анық осы, бозбала, 
Жұмақтан шыққан хормен тең. Тағы да “Жігіттер, 
қатын алма көргенсізден, ғазиз басың қор болар тергеусізден” 
деп қосады. 
Шал ақынның әлеуметтік-педагогикалық көзқарастары 
арқылы ұл баланың отбасындағы орны мен ерекшелігін, 
тәрбиесін аңғаруға болады. Жігітті де үш түрге бөліп 
қарастырады: құр жан – ештеңе бітіру қолынан келмейтін жігіт, 
тірі жан – өз қара басының құлы, жігіт жан – сегіз қырлы, бір 
сырлы жігіт. “Кедейлік ер жігітке намыс емес” деген мақалға 
айналған сөз тіркесі барша жігітті ынталандыру мен 
жігерлендірудің ұраны іспеттес. “...Ер жігіт қапалықпен 
қартаяды, Қатын жаман, мінген ат қырсау болса” деп, 
нәтижесінде ер жігіттің өмірі қор болатындығынан хабардар 
етеді. 
Қыздар тақырыбы Шал ақын шығармашылығының өзегі 
деп айтуға болады. “...Ақ бетіне қан құйған, Ерініне бал құйған, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет