Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет23/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Қылықты туған қыз да өтер” деп қыздардың сапалық 
өлшемдерін жырға арқау етеді. Қыздың қылықтылығы жайында 
адамға бақ-дәулет, ырыс қонарда “қыз қылықты болар, келін 
епті болар” деген сөзі бұл өте жақсы сапалық көрсеткіш 
екендігін білдіреді. 
Отбасындағы қыз бала тәрбиесі, қыздардың жас 
ерекшелік 
психологиясына 
өз 
заманының 
тұрғысынан 
тоқталады. Қазақ “он үште отау иесі” десе де Шал ақын қыз 
бала үшін он бес жастың ерекше кезең екенін айтады: “Қыз он 
бесте келеді түзелгісі...”, “Қыз он беске жеткенде кесте 
алады, Жаман менен жақсыны еске алады”, “Қыз он беске 
келгенде мау тартады, Ата менен енеге жау тартады...”, 
“Қыз он беске келгенде талма мойын”. Ал қыз бала он алты 
жаста пісіп-жетіледі деген пікірге тоқтайды: “Он алтыда 
қыздардың қылса тойын” “Он алтыдан асқан соң, болмайды 
ойын”. Шал ақын заманында жиырмадағы қыз кәрі саналды: 
“Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар”, “Жиырмаға жеткенде 
тәйке деген, аюша жиған майын төске алады” халықтық 


45 
психологиялық көзқарас бойынша, физиологиялық ерекшелік 
арқылы да қыз баланың тұрмыс құруының реттелуінің 
маңыздылығын сөз етеді.
Екі әйел алу мәселесінің қай кезеңде де өзіндік 
қиыншылығы 
болғандығына 
“Тоқалменен 
болмайсың 
махаббатты” деген сөзі дәлел. Сондай-ақ, келін тақырыбында 
да әлеуметтік институт қағидасы болардай ойлары бар. 
Жалпы қай ақынды алсақ та жар таңдау, отбасы бақыты 
мәселесіне тек ер адамның ғана көзімен ғана қарайды. “Өзінің 
теңін тауып қосылмаған әйел жетім” деген пікірді Шал ақын 
ғана айтады. “... Құдая, жаманыңмен теңді қылма, құрбымнан 
өзім теңді кемді қылма” – бұл жар таңдаудан үміті бар әр 
жастың үкілі үміті.
Бұл дәуірдің өкілдері шығармаларындағы көтерілген 
мәселелердегі өзара ұқсастық өз заманының құндылығына сай 
екендігін аңғару қиын емес.
Сонымен, хандық дәуірдегі халықтың тәрбие мектебіне 
айналған, этномәдениеттің негізін салушы – ақын-жыраулар 
жақсы жар таңдауда қандай басты өлшемдерге тоқталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет