Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет19/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
Жолымбет жырау (ХҮІІ ғасыр) жырларында да қыз бен 
жігіт тақырыбы айтылмай қалмайды: “Жас болжалы жеткенде, 
Қыздар менен жігіт мас...” деп жас ерекшелік тұрғысынан 
пікір айтады. Жаудан қыз барымталап келіп, үйлену тарихтан 
жеткен шындық. Оның да генеологиялық сипаты бар екендігін 
білеміз. “Қыз қалмақты құшқан ер...” деген тіркес соның 
айғағы. Жырау өз басынан өткен жағдайды айта келіп, 
“Қашырды бүйтіп елімнен, Күйеуден қашқан қатындай” деген 
жолдар сол кезеңде де жұбайлық одақта келіспеушілік 
болатындығын білдіреді.
Отбасылық өмірде баланың орны ерекше екендігін 
жырына көркемдеп қоса білген Ақтамберді жырауды (1675-
1768) өміріңді жалғайтын ұрпақ және оның тәрбиесі жөнінде 


38 
өзіндік мектеп десе, аса айтқандық емес. Қыз бала мен жігіттің 
ерекшелік сипаттарынан тұжырымды түйін жасай біледі: 
“Қыздың көркі құлпыда, Жігіттің көркі жылқыда”, “Түйе 
мойнын тұз кесер, жігіт мойнын қыз кесер”. Қазақтың “қыз 
жауға да кетеді” деп мойындай сөйлеуінің сыры жаугершілік 
заманда қолға түскен қыздың тегін олжаға айналатындығы 
екендігін білеміз. Сырт елден жар сүюдің де өзіндік факторлары 
бар. Бірі қыз алған соң, түбі татулықты, достасуды қажет етсе
екіншісі ұрпақтың тектілігін арттыру болар. Сондықтан да жігіт 
көңілінде: 
Айттырса бермес сұлуын 
Аппақ қылып маңдайын, 
Бұғақ қылып таңдайын, 
Қиылдырып қастарын, 
Төгілдіріп шаштарын, 
Күнінде аламанға 
Тегін олжа қылар ма екенбіз!?деген де арман жоқ 
емес. Бұл: “Әлпештеген ханшасын, Ат артына мінгізіп, Тегін бір 
олжа қылар ма екенбіз?!” – деп те қайталанады. Ақтамберді өмір 
сүруде өзіндік әлем, ерекше сыйластық, отбасы жағдайында 
өркениетті қалайды, әлеуметтік институт құруды армандайды: 
...Тектіден текті саралап, 
Беглердің қызын айттырсам, 
Нұсқасын байқап шамалап. 
...Бала берсе тезінен, 
Пірлердің бітсе демінен, 
Шілтеннің тиіп шылауы 
Артылып туса өзімнен! “Тектілік” Ақтамбердінің 
тәрбиелік-жыр мектебінен де көрініс тапқанын байқаймыз. 
Жырау бабалар дәстүріне сай, өмір жалғастығын да 
қолдайтындығын “Ұрын келген күйеу қайда, Жесір қайда сөз 
өтпес?” деген сөзінен байқаймыз. Мінезді болса жолдасың, 
Күнде сонар қызбен тең”, бұл жолдардан қалап алған жарының 
мінезді, қылықты болуын қалайды, сонда шынымен де 
тартымдылық 
болатындығын 
жасырмайды. 
“Ботакөзді 
бойжеткен, Жарсыз болар деймісің...”, әрине, жар таңдауда 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет