Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет18/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Қазтуған Сүйінішұлының (ХҮ ғасыр) өзі туралы мадақ 
жырын қазақ жігітінің тұлғалық сипатын аңғарсақ, “Алаң да 
алаң, алаң жұрт” деп басталатын өлеңінен отбасылық тарихтың 


36 
туған жермен байланыстылығын ғана емес, “күйеу”, “келіншек” 
атаулары тарихының да тереңдігін аңғарамыз.  
Доспамбет жыраудың (ХҮІ ғасыр) Кіші Орданы 
билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққаны белгілі. 
Жауынгер жырау жырларының өзегіне жігіттің жақсы жар 
табуы арқау болады. “...Жұпарын қардай боратып, арулар 
сүйген өкінбес... Үйде қалған арудың, ал иіндігін аудырып”
деген тіркестен кез келген жігіттің арманы екендігін білуге 
болады.
Қазақта қыз сипатына тән “он екі де бір гүлі ашылмаған” 
деген анықтама бар. Тіркесті түрде айтылғанымен, осы сипаттар 
нақты ашылған емес.
Алғаным Әли ағаның қызы еді, 
Қас арудың өзі еді. 
Маңдайы күнге тимеген, 
Желге шашын үрмеген. 
Серпіліп адам бетін көрмеген
Қалай күні кешті екен! 
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы 
Хан қызындай сұлтанның 
Айдандықтай ақ білегін жастанып, 
Ерең үйін тіктіріп, 
Омыраудағы он түймесін ағытып
Кейінгі қалған көпекке 
Қалай да белін шешті екен! 
Осы “он екі гүлдің” төрт-бес сипаты Доспамбет жыраудың 
жарына арналған теңеулерінен көрініс береді. Жырау 
жырларынан жұбайлық өмір мектебін тектілерге тән 
өткергендігін: “ Зерлі орындық үстінде, Ал шымылдық ішінде, 
Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім өкінбен”- деген өлеңдерінен 
байқауға болады. 
Шалкиіз жырау (1465-1560) – жыраулық поэзияның 
атасы. Шалкиіз жырларының әдеби шұрайлылығы өз алдына, 
шындығында жұбайлық өмірге даярлау мектебінің ықпалды 
оқулығы іспетті. “Алғаным ару болмаса, Алдыма алып сүймен-
ді!”, “Тең атаның ұлы едің...”, “Атаның ұлы жақсыға, Малыңды 


37 
бер де босың қос”, “Жағына жалаң жібек байлаған, Арулар 
кімнен қалмаған” дейді жырау. Бұл ары таза аруды сүю, текті 
жерден қыз беріп, қыз алу, құдандалы боп сыйласу, жұбайлық 
өмірді 
берекелі 
етудің 
бірден-бір 
жолы 
деп 
қарастырылатындығын көрсетеді. Қанша талапқа сай жүрсең де 
кейде нәтиже басқаша болатындығы да рас. Ол туралы: 
Жаманнан туған жақсы бар, 
Адам айтса нанғысыз. 
Жақсыдан туған жаман бар 
Күндердің күні болғанда 
Бір аяқ асқа алғысыз – десе де бәрібір адамның өзінен 
туған перзентке қойылар талаптың жоғары болатындығын да 
меңзейді: “Өзден болмай би болмай, Атаның батыр туған 
ұлына, Ойда жатмақ ұсар ма!” 
Қыз баланың өз отбасында туған-туыс, бауырларына 
ерекше бауырмалдық танытары қыз табиғатына тән екендігін 
білдіреді. “Жайыңды білген қарындас, Ол қарындас һәм 
жолдас, Жайыңды білмес қарындас, Өзі дұспан, өзі қас – десе, 
“Атаның ұлы ер жігітке...” де қойылар талап ерекше екендігін, 
ата-тегіне лайықты болу қажеттігін ескертеді. Шалкиіз 
жырларында «ару» сөзін қыздарға да, ер азаматқа да, 
арғымақтарға да теңеу етеді. Демек, Шалкиіздің жыр мектебі 
тектілік пен арулықты қатар қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет