Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет26/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Кеңестік дәуірдің саяси-әлеуметтік даму бағытында 
әйелдер теңдігі қалай жолға қойылды? 
2. Кеңес кезеңіндегі белсенді қазақ қыздарына тән 
қасиеттер қандай? 
3. Қазақ халқының өмір салтындағы әйел мәртебесін 
түсіндіріңіз. 
4. Тарих сабақтастығы бойынша кеңестік жүйенің бүгінгі 
қазақ тәрбиесіндегі орны. 
 


51 
ЕЛЖАНДЫ БАТЫР ТҰЛҒАЛАР 
Қазақтың тарихына көз салсақ: ата-бабамыз әйелді 
әрқашанда ана деп құрметтеген. Қазақтың әйелі алдымен 
береке-бірліктің, ынтымақтың, бақ пен ырыстың нышаны 
болған. Атам қазақ есте жоқ ескі заманнан бері әйел баласына, 
қызына аса ерекше мейіріммен, ілтипатпен қараған. Оң жақта 
үкілеп, үлпілдетіп ұстап отыратын қызының ертең сүйген жар, 
асыл ана болатынын ескеріп, басқа үйдің табалдырығын 
аттағанда бейкүнә, періште қалпымен баруына қатты мән 
берген. Сөйте тұра, қызын бетінен қақпай, ерке қылып өсірген. 
Кішкентайынан ат құлағында ойнаған шабандоз, бес қаруын 
асынып жауға қаймықпай баратын батыр етіп баулып, өжет те 
жүректі болып өсуін қадағалаған. Тауып айтып, тұспалдап, 
жұмбақтап сөйлеу арқылы ауыздыға жол бермейтін шешен де 
ақылды етіп тәрбиелеген.
Қазақ әйелдері дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, 
әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің 
қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген. Ел мақтаны 
болған, тарихта ізі қалған асыл жандар қарлығаштай 
қанаттарымен су сеуіп, қашанда өз отбасының ғана емес, күллі 
елінің тыныштығын қорғаған. Солардың бірі де бірегейі Ұлы 
Жүздегі Домалақ ана, Орта Жүздегі Айғаным ханым, Кіші 
Жүздегі Әбiлхайыр ханның зайыбы Бопай ханым, Жәңгiр 
ханның әйелi Фатима ханым .
Олар “Ханым” атанғандары бiр бөлек, ханымға лайықты 
үлгi-өнеге көрсеткен аналар, тарихымыздағы белгілі тұлғалар. 
Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрилә –ҮІ-ҮІІғасырлар 
тоғысында өмір сүрген. Шын аты – Нұрилә. Нұрилә - араб сөзі, 
қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Бәйдібек деген 
батырдың үшінші әйелі. Нұрилә ана төңірегіне мейірім 
шапағатын шашқан, алдағы күнін ертеден ойлаған, болжамы 
ақиқатқа айналған , бойы шағын болған. Бойына қарап жұрт 
«Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кеткен. Домалақ ана 
парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама» , яғни Әулие ана 
мағынасын білдіреді.


52 
Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, 
әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы жайлы көптеген 
деректер жазылған. Ол өзінің ақылдылығымен ел ішінің 
бірлігінің ұйытқысы бола білген. Халық арасында дауларды 
шешуімен, тапқырлығымен танымал болған Домалақ ана Жетісу 
жерінің, Әулие ата, Шымкент, Ташкент халқының арғы анасы 
болып саналады. Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ 
танылған. Сөйтіп ол қазақтың анасына айналған. Ене деп 
сыйлау, құрметтеу, әулие санау Ұмай анадан кейін осы жанға 
қонған деседі. Ол ел арасында өмір сүре жүріп, елдік, халықтық 
намысты қатты ұстаған.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау 
бөктерінде Балабөген өзенінің бойында сәулетті күмбез бар, бұл 
ХІ ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылады. Ананың 
символы 
ретінде 
аналардың 
анасы 
атанған 
Шайхы 
Мизамбекқызы Нұриләнің зиратының басына тұрғызылған 
кесене 1957 жылы қайта жөндеуден өткізіліпті. Аңыз бойынша 
Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың 
арасынан тек жаны таза адам ғана өте алатын көрінеді.
Қазақ тарихында аққан жұлдыздай із қалдырған 
Шоқанның әжесі Айғаным ханым есімі де тарихта сақталып 
қалды. Ол ХҮІІІ ғасырда Орта Жүзде өмір сүрген Уәли 
сұлтанның әйелі, Шоқанның әжесі, Абылай ханың келіні. 
1783жылы Солтүстік Қазақстанның Сырымбет өлкесінде туған 
Айғаным Сарғалдаққызы өз заманының алдыңғы қатарлы адамы 
болған, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген, елді ақылымен 
басқара алған жан.
Тарихи деректер бойынша қазақта тұңғыш мектеп ашқан 
Жәңгір хан болса, бұл игілікті істі ары қарай жалғаған осы 
Айғаным ханым. Ол Петербордағы Сібір комитетімен, Ресей 
патшалығының 
сыртқы 
істер 
министрлігінің 
Азия 
департаментімен дипломатиялық хат жазысып тұрған. Сібір 
Қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, солтүстік 
Қазақстан өңіріндегі көптеген мәселелердің шешілуіне оның оң 
ықпалы тиген.


53 
Айғанымның жергілікті халық арасындағы ерекше 
абырой-беделін көрген Патша үкіметі қазақтарға қатысты 
мәселелерді шешу ісінде ол кісімен ақылдасып отырған. 
Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші 
бойынша Сырымбетте қыстау салдырып берген. Қыстау 
сыртынан қоршалған, ал қыстаудың ішінде үлкен үйі, мешіті 
және қонақ үйі, және үлкен бес бөлмелі бала оқытатын мектеп 
үйі болған. Бұл хаттар Ресей архивтерінде қазірге дейін 
сақталған. 12 жасына келгенде Шоқанды да, оның шешесі 
Зейнептің қарсы болғанына қарамастан, Омбы қаласына оқуға 
жіберген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, 
қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам 
1853жылы қарашада дүние салған.
Ақ Жайық өңірінде де тарихта аты қалған аналар аз 
болмаған. Атақты Әбілқайыр ханның зайыбы, аса ақылды, 
көреген Бопай (Батима) ел басқару ісіне белсене араласып, 
шебер дипломат болуымен ерекшеленсе, Бөкей ханның екінші 
әйелі Отан ханым, әкеден ерте жетім қалған Жәңгірді ел басқару 
ісіне жастайынан тәрбиелейді. Ал Жәңгір ханның жары Фатима 
ханым еуропаша білім алып, тәрбиеленген, орыс, француз және 
неміс тілдерін еркін меңгерген, төрені де, қараны да бірдей 
сыйлай білген, аналық мейірімі көрікті жүзінен төгілген зиялы 
әйел болған.
Енді Бопай ханым туралы және оның шыққан тегі 
туралы аз-кем шегініс жасасақ. Маңғыстаулық жазушы, 
өлкетанушы Әбілхайыр Спан өзінің жеке мұрағатында Адай 
ақсақалдарының НКВД–нің қуғынына түскен Құрмаш батырға 
араша сұрап, Бақытжан Қаратаевқа жолдаған хаты сақтаулы 
тұрғандығын, 
хат 
«Ардақты 
жиен 
Бақытжан!» 
деп 
басталатынын айтады. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер 
Бақытжан төреге «жиен» деп Бопай әжесін меңзеп отырғандығы 
түсінікті. Ә. Спан осы хаттың толық мазмұнын «Адай қасіреті» 
атты кітабына (Алматы, Нұрлы әлем, 2011 жыл) енгізген. 
Осы орайда дәлел әрі дәйек ретінде айрықша тоқтала кететін 
жағдай сол, Әбілхайыр хан қазасынан кейін Бопайдың інісі 
Мырзатай батыр Барақ пен оның қасындағылардан кек алуға 


54 
белсене қатысқандығы. Осыншалықты жақын туыс болмаса 
мұндай оқиғаға қатыспауы да мүмкін емес пе? Адай Мырзатай 
батыр Әбілхайыр ханның қастандықпен өлтірілгендігі туралы 
Орынбор әкімшілігіне бірнеше хаттар да жолдаған. Орыс 
ғалымы И. В. Ерофеевтың мынадай жазбасы көп шындықты 
айғақтайды: «Информацию Мырзатая об убийстве султаном 
Ералы батыра Сырымбета, как о заверщающей акциу кровной 
мести семейства покойного хана, полностью подтвердил и 
уточнил три года спустя сам Нуралы сообщивший о поступке 
своего брата в личной письме к А.И. Тевкелеву от 3 января 1753 
года». Одан әрі Нұралы: «Султан Ералы совершил ночью с 
дружиной своих батыров военный набег в ставку фамильного 
врага, где убил батыра Сырымбета и его жену, а семью Барака и 
все имение служителей служанек и верблюдов их… в добычу 
получил. Через одну дочь… всех трех злодеев». (С. Өтениязов, 
«Әбілхайыр мен Бопай», «Адай Ата», 3–том, 458–бет, Алматы, 
Арыс, 2007). Немесе Абыл жыраудың Баймағанбет сұлтанға 
айтқан жолдарды еске түсірейік. «Апамнан (Бопайдан) туған 
әкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр–ау мінген тақтан»… 
Деректер 
Бопай 
апамыздың 
тегі 
Маңғыстау 
жырауларының ақпа-төкпе тілімен айтқанда, «әруағы бұлттай 
торланған» Адай қызы екенін айна қатесіз айғақтайды. 
Ол заманда туыстық арасы өте жақын Пір Бекет Атаның Бопай 
ханым апасымен аралас-құралас болғандығы туралы деректер 
ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Бөкей ордасында 
болып, өлке тарихын зерттеген неміс саяхатшысы Шульцтың 
жазбаларында бар екендігін білетіндер бар. Бұл туралы Атырау 
облысындағы Жылыой ауданының тұрғыны Жолдасқали 
Сүйесінов «Еділ қалмақтарымен болған соғыста Бекет 20 
жастағы жігіт болса керек. Қалмақ әскерлеріне қарсы Бекет 
жалғыз өзі ту көтеріп шыққанда жау быт-шыт болып, жан-жаққа 
қашады. Осы жеңісі үшін ханның әйелі Бопай Бекеттің бетінен 
сүйіпті», — дейді.
Тарихшылар 1771 жылдың басында Еділ жағасынан 
Жоңғарияға қарай үдере көшкен Убаши бастаған қалмақтар мен 
қазақтар арасында атышулы айқастар болғандығын растайды. 


55 
Бұл кезең келешегінде «Пір», «Машайық», әулиеліктің ең биік 
жетінші сатысы – Гаус дәрежесіне көтерілетін Бекет батырдың 
20-21 жасына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, ханымның үлкен бабасы Табынай Бекет 
Атамен нағашы жағынан туыстас деген шежіре сүрлеуінің мәні 
бар. Айта кететін бір жағдай, тарихшылар арасында 
Әбілхайырдың тарихтағы рөлі сияқты Бопай- Бәтимәның тегі 
туралы да пікірталастар баршылық. 
Әбілхайыр мен Бопайдың алғаш танысқан кездеріндегі 
шынайы сезімдерін халық аузындағы аңыз желісімен тарихшы 
С. Өтениязов былайша суреттейді: «…Кіші жүздегі әйгілі батыр 
Жәнібек пен Әбілхайыр жол жүріп келе жатып күн батар 
алдында бір ауылға түседі. Ауыл иесі аса бай, жасы үлкен кісі 
екен. Оның бой жетіп отырған қызы Бопай сұлуды көрген 
Әбілхайыр ес-ақылы кетіп ғашық болады. Келесі күні жолға 
шыққан Әбілхайыр күтпеген жерден сол ауылда қалатынын 
айтады да, Жәнібек батырға өз жөнімен кетуге тура келеді. 
«Қайтсем де Бопай сұлуды алмай тынбаймын» деп Әбілхайыр 
қалады.
Ол өзінің кім екенін жасырып, Бопайдың әкесінің малын 
бағуға жалданады. Ұзын бойлы, батыр тұлғалы, жігіттің 
сұлтаны Әбілхайыр батыр жылқышы болып жүрсе де, аз 
уақыттың ішінде ауыл адамдарына жақсы қырынан танылып, 
құрметке ие болады. Әрине, көп ұзамай Бопай сұлуға да ұнап 
қалады. Сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да жан-тәнімен 
ұнатып, ғашық болады. Ғашықтар ажырамастай дәрежеге 
жеткенде Әбілхайыр Бопай сұлудың әкесінің рұқсатын сұрайды.
Әкесі сұлтан деген аты болғанымен, жалғыз атты кедей 
жігітке қызын бергісі келмей, түрлі айла-шарғы ойлап табады. 
Соның бірі ретінде «қалыңмалға ала аяқты 90 күрең және 60 
ақсұр ат әкелесің, әйтпесе, қызымды бермеймін» деп шарт 
қояды. Осындай ауыр шартқа амалсыз келіскен жас батыр «бір 
айдың ішінде айтқан қалыңмалыңызды әкелемін»деп аттанып 
кетеді. Бопай сұлудың әкесі «кедей жігіт бұл шартымды 
орындай алмас»деп үміттенген еді.


56 
Әбілхайыр әлгі айтқан жылқыны таныс-тамыры, ағайын-
туысы, бәрінен сұрағанымен, ешқандай нәтиже шықпайды. 
Шарқ ұрған жас батырдың аянышты күйін естіген Жәнібек 
батыр Әбілхайырға керекті 150 айғырды өз жылқысынан 
шығарып береді. Оған қоса, ол өзі барып, Бопай сұлудың әкесіне 
барып, қазақтың әдет-ғұрпы бойынша құда түседі». (С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет