Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


өмірге даярлауда некенің осы түрін дәріптеуіміз һәм



Pdf көрінісі
бет41/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

өмірге даярлауда некенің осы түрін дәріптеуіміз һәм 
насихаттауымыз керек. Яғни, рухани құндылық деңгейіне 
көтеруіміз шарт. Бұл өркениет әкелген мәдениеттің жетістігі деп 
емес, халықтың тарихи-педагогикалық, мәдени-әлеуметтік негізі 
тереңнен 
бастау 
алғандығы 
үшін 
қастерлейміз. 
Этнобиологиялық, этнопедагогикалық және этномәдени 
талаптарымызға сай болғандығы арқылы өмірімізге үлгі етеміз.


100 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. «Жұбайлық өмір» және «неке» ұғымдарына қандай 
анықтама берер едіңіз? 
2. Жұбайлық өмірдің тарихындағы ескерлерлік 
мағлұматтар қандай? 
3. Неке түрлері, ерекшеліктері мен шарттары қандай? 
4. Заманауи қазақ қоғамындағы неке түрлері мен оның 
насихатталар артылықшылығы неде екенін 
негіздеңіз. 
 
ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІН ТӘРБИЕСІ. ҚҰРСАҚ 
ТӘРБИЕСІ, БАЛА КҮТІМІ. 
Қай халықта да келін – туыстық атау. Некедегі әйел өз 
күйеуінің жасы үлкен туыстарына, немере ағайын, аталастарына 
келін болып саналады. Онымен руы бір емес өзге де үлкендер 
мұны келін деп атаса, ерсілігі жоқ. Жалпы, күйеуге ұзатылған 
қыз табалдырық аттаған күннен бастап барған отбасына, 
әулетіне, ауыл-аймағына, еліне келін болып есептеледі. 
Бойжеткеннің келін болуы «Келін түсіру тойымен», «Беташар», 
«Неке қию», «Ақ неке түні», «Ат тергеу» салт-дәстүр, 
рәсімдерімен бекітіліп, бірнеше жыл өткеннен кейін ғана 
мәртебесі бекемделіп, «келіншек» аталады. 
Қыз өз үйінің оң жағынан екінші біреудікіне келін болып 
түскеннен кейін келген жері келіннен алдымен ұрпақ – бала 
күтеді. Бұл – қазақта бір жылдың ішінде орындалуға 
мөлшерленетін арман. Осы уақыттың алғашқы үш-төрт айында-
ақ әйелдер арасында еркектер жағы көп естибермейтін сыбыстар 
басталады. «Пәленшенің келіні төсегімен бірдеме көтеретін түрі 
бар ма?» деп ауылдағыларды қойып, алыстағылар дәметеді бұл 
арманды. Ал ене бұрынғы келіндерінен, келіннің абысындары 
жас келіншектің өзінен «Бойыңа ендігі бірдеме біткен шығар?» 
деп сұрай бастайды. Бөгделер келін жүкті бола бастаса денесі 


101 
толып, мұрнына ноқта түсетін шығар деп сырттай бақылайды. 
Қазақ үшін келіннің төсегімен бала көтермеуі онша жақсы емес. 
Өйткені қазақ халқы өте бала жанды екені белгілі. «Ұл туғанға 
күн, қыз туғанға ай туады» деп, қызын ұзатқан жаққа да, ұлын 
үйлендірген жаққа да некеден кейінгі ең керек бақыт – бала. 
Сондықтанда қазақ халқы қызының некесі оқылғаннан кейін 
қызының төсек-орнын (күйеу алғаш жататын күні) екі жастың 
пәк төсегін жақындарының ішіндегі ең көргенді, көп балалы 
келінге ырымдап салғызады. Қыздың шешесі дайындалған 
төсекке келіп аршаның түтінімен ырымдайды. Алла-тағалаға 
білген құлшылығын айтып екі баласын пәле-жаладан аулақ 
болуын, қосақтарымен бірге қартаюын, бұл төсекке екеуінен 
өзге жат-жаланың жоламауын жаратқаннан тілейді. Осы екі 
шарт біткеннен соң екеуінің той төсегінде бірге жатуға төсек 
салған жеңге рұқсат етеді. Бұл тәртіп келін ұзатылып барғаннан 
кейін күйеубаланың дәл сондай көргенді, көп балалы жеңгесі 
арқылы және қайталанады. Ондағы ене де құдағиының 
құлшылығын қайталайды. 
Қазақтын 
қатал 
тәртібінде 
жоғарыдағы 
шарттар 
орындаламайынша, қалыңдыққа күйеубаланың жолауы мүмкін 
емес. Бүйтуді көргенсіздік дейді қазақ. Қазақта көргенсіз 
дегенді естігеннен өле қалған әлде қайда жеңіл. Бізге төсек 
тойы деген кәдені әдейі ататып отырған да осы сенім. Бұл 
сенімге бір жылдың, тіпті үш-төрт ай ғана уақыттың аталып 
отыруы да осыдан. Себебі құдай қоскан қосағына қосылған жас 
жұбай осы мерзім ішінде төсегімен жүкті болу көп жағдайда 
мүмкін. Көп жағдайда, тіпті көп-көп жағдайда бұрынғы болашақ 
жас аналардың жәйіті осылай болған. Міне, осылай болғаннан 
кейін жас келін бойына біткен баланы астыртын етене бір 
абысынына айтады. Ол енесіне жеткізеді. Денесі толып, өңі 
нұрланып, беті «кірлеп» жүргенін көрген бөгделер де үлкен 
үйдегі енеге бұл жақсылықты қуаныш ретінде айтып, ол кісінің
болашақ қуаныш үшін бірнеше әйелдердің басын құрап, 
кішігірім той өткізуін, кәде жасауын қолқалайды. Бұл қуанышты 
бұларсыз да төрт көзімен күтіп жүрген ене жар салмаса да 
айтқандардың басын қосып, еркектер араласпайтын төсек тойы 


102 
делінетін ырым жасап береді. Бұл кәде бр жағынан жақын арада 
немерелі болатынының қуанышы болса, енді бір жағынан 
болашақ немеренің өз ұлынан екендігіне деген сенім. Бұл 
кәденің хабарын айта барған әйелге келіннің төркініндегі 
шешесі кәдімгідей шүйінші береді. Екі құдағидың арасы осыдан 
соң тіпті жақындай түседі. «Қатын алма қайын ал деген осы» 
деп енесінің бала тәрбиесіне іштей разы болған күйеубала да 
қайын жұртын сыйлай түседі. Бұл – жарық дүниенің 
табалдырығын әлі аттап үлгірмеген қазақтың басынан өтіп 
жататын ең алғашқы әдет-ғұрып, кәде. 
Қамқор ене келін түскен кезде-ақ ұл немерелі болу үшін 
оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал 
жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған 
дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді. Ауылдағы тәжірибелі 
әйелдер келін болған бойындағы сол өзгерістен-ақ оның жүкті 
болғанын сезе қояды. Олар «келіннің құрсағы ақ айранға 
тойыпты, ақ алғысты болыпты» деп, енесіне тұспалдап 
жеткізеді. Осы емеуріннен-ақ енесі келінінің бойына бала 
біткенін 
біліп, 
қуанышты 
хабарды 
жеткізген 
әйелге 
ризашылығын білдіреді. «Келінді атамыздың аруағы біліп, 
қолдап жүрсін» деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ 
орамал таңады, осы «керегеге орамал таңу» ырымнан кейін 
келіннің жүкті екенін бүкіл ауыл біледі. 
Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай, жиі-жиі лоқсып
құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар «жерік болу» деп атайды. 
Осы кезде оның әлде бір асқа ықыласы, тәбеті ерекше ауады да 
тұрады. Енесі ауыл әйелдерін шақырып, қонақ етеді. Осы 
кішігірім той «құрсақ шашу» делінеді. Бұл томалаққа жиналған 
тәжірибелі аналар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Оның 
себебі – келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру. Егер 
осы асы таптырмаса, яки «жерігі қанбаса», ол босанғанша 
ішкен тамағын құса береді, тамағы бойына сіңбейді. Мұны 
халық «ит жерік болу» дейді. Ит жерік болып дүниеге келген 
сәбидің ес жиғанша аузынан сілекейі аққыш болады. 
Жолбарыстың жүрегіне, аюдың етіне, бүркіттің миына жерік 
болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар 


103 
туатындығы туралы көптеген аңыздар ел ішінде әлі күнге дейін 
сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет