Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


қыздар  (Алма  Оразбаева,  Нәзипа  Құлжанова);  10. өнер



Pdf көрінісі
бет4/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
қыздар 
(Алма 
Оразбаева, 
Нәзипа 
Құлжанова); 
10. өнер 
жұлдыздары (Сара Тастанбекқызы, Дина 
Нұрпейісова, Майра Уәлиқызы, Күләш Байсейітова, 
Шара Жиенқұлова); 
11. ғалым қыздар (Нәзипа Құлжанова, Фатима Ғабитова
Нәйлә Базанова). 
12. азап тартқан алаш арулары (солақай саясат әсерінен 
«халық жауы» атанған қазақ зиялыларының жарлары 
мен қыздарының шынайы кісілік келбеті: Сәкеннің жары 
Гүлбаһрам, Бейімбеттің жары Гүлжамал, Ілиястың жары 



Фатима, Асфендиярқызы Мағмура, Міржақыпқызы 
Гүлнар Дулатова, Мұхтарқызы Мұғамила Әуезова т.б.) 
13. бүгінгі 
абзал 
аналар 
(Халима 
Қалиакпарқызы 
Өзбақанова, Қуаныш Тазабекқызы Келімбетова, Ділда 
Матайқызы Тасмағанбеткеліні, Зейнеп Ахметова, т.б.) 
 
 
 
Дәстүрлі отбасы тәрбиесі 
Аталмыш бағдарлама арқылы отбасы тәрбиесінің бүгіні 
мен болашағын этнопедагогикалық білім мен тәжірибе 
тұрғысынан игерту мақсатында студент-қыздарға тәрбиенің 
негізгі көзі - отбасы екендігін және оған қатысты факторлар 
мен қазақ қызының рөлін ұғындырып, ұлттық тәрбиенің 
өзекті мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.
Құзыреттіліктері:
- отбасы педагогикасы, ана педагогикасы, әке педагогикасы 
тұрғысында ғылыми-теориялық білім игеру; 
- отбасы мен неке мәселесіне қатысты заңдар, тарихи 
негіздердің ұлттық ерекшеліктерге, ұлттың ұрпақ 
тәрбиесіне арқау болатын аспектілерін оқып-үйрену; 
- қазақ отбасының тұрмыстық деңгейден қоғамдық деңгейге 
дейінгі тәрбие түрлерінен: келін тәрбиесі, құрсақ тәрбиесі, 
қыз бала тәрбиесі, ер бала тәрбиесі, тек тәрбиесі т.б. 
дәрістену; 
- болашақ ұстаз ретінде ата-анамен жұмыс істеу түрлері 
мен әдіс-тәсілдерін, отбасы мүшелерінің этноәлеуметтік 
рөлдерін анықтау, құқықтық мүмкіндігін білу. 
- қазақ 
этнопедагогикасы 
дәстүрлерінің 
әлеуметтік-
педагогикалық мәнін зерттеп, өмір сүру дағдыларына 
ендіру; 
- отбасылық өмірдің қыр-сырына даярлық: әлеуметтік 
рөлдерге бейімділік, сапалық мінез-құлыққа сай нормаларды 
меңгеру, 
ынтымақ-ымыра 
сақтаушылық, 
отбасы 
мүшелеріне құрмет, парыз өтеуге адалдық; 


10 
- неке салтының отбасылық ата-әке, ана-ене салты арқылы 
әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің құнды мұраттарын 
қоғамдағы әлеуметтік өмір салтына ұластыра білу. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет