12
Сондықтан, бай мағынаға ие «ару» сөзін мақтаулы қазақ қызына
тұмар еткенді жөн санадық.
Тағы бір қызық дерек,
«қыз» сөзінің этимологиясы
жайында. «Ғұн баянында» Сүбүк қыз туралы түсінік бергенде:
«Сүбүк – ғұнның текті руының аты. Қыз (гиасы) – «ханша»
дегеннің орнына қолданылатын сөз. Ежелден хан-патша, тегін-
тектілердің қыздары «қыз» деп аталып, қара халықтың қыздары
«қырқын» делінген» - деп анықтама береді.
Енді осы қытай тарихнамасындағы қазаққа қатысты
деректер ішінен әйелдер атауларын қарастырсақ: «Құйғыр бірте-
бірте әлсіреп, Аз өзін қаған деп жариялады. Оның шешесі
түргеш қызы еді. Шешесі
қатұн деп аталды, әйелі қарлық
иабғұсының қызына
қатұн атағын берді», - деген баяндаулар
арқылы «қатұн» атауының қағандардың құрметіне әйелдеріне
берілетін атақ екендігін байқаймыз. Күні бүгінге дейін тілімізде
қолданыста жүрген “қыз-қырқын, қатын-қалаш” тіркесті қоссөз
арнайы атаулар болғандығынан хабар береді. «Ханша Таң
патшалығының
асыл текті аруы болғандықтан, Аз оған сарайға
жеткізіп салуға елшісін қосты». Қыз балаға «ару» атауы ресми
қолданылмаса да сыйластықтың өлшемі ретінде айтылғандығы
байқалады.
Тарихымыздың әлеуметтік педагогикалық тағылымдарын
зерделей келе, отбасылық өмірге даярлауда өзіндік ұстанымы,
талаптары, әдістері мен әдістемелері болғаны анық. Өз алдына
оқулық
болып
қалдырылмағанымен,
оны
халық
тағылымдарынан, этномәдени құндылықтардан аңғара білу
қиын емес.
Сонымен қатар, қазақтың ұрпақ тәрбиесінде құндылық
өлшем саналатын ұғымдар көптеп саналады. Қыздар
тәрбиесінде басшылыққа алатын түрлерін білу парыз.
Достарыңызбен бөлісу: