Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тексіздік – әдеп пен кісілік аймағынан шығып, нәпсі мен  пенделіктің құлдарына тән атау. Сонымен қатар, халықта  “жетесіз”, “көргенсіз”



Pdf көрінісі
бет8/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Тексіздік – әдеп пен кісілік аймағынан шығып, нәпсі мен 
пенделіктің құлдарына тән атау. Сонымен қатар, халықта 
“жетесіз”, “көргенсіз” деген тәрбиенің өлшемі бар. “Жеті 
атасын білмеген - жетесіз”, “көргенсіздің баласы дегізбе” деген 
деген тұжырымнан туатын ой: жетесіздік – баладан, 
көргенсіздік – ата-анадан, тексіздік – ата-бабадан 
қалыптасады. “Тектінің ұрпағы”, “көргендінің баласы”, “жетелі 
ұрпақ” деген өлшем бала тәрбиесіндегі ұлттық өлшем болып 
қала бермек. 
Сол сияқты “қылықтылық” ұғымы да ашылмаған, 
анықталмаған деуге болады. Баласағұни мен Қайкаус, Бұхар мен 
Ақтамберді ұсынатын қылықты қыз қандай? Қазақ психология 
ғылымының өкілі С.Балаубаев психологиядағы “поведение” 
деген терминді “қылық” деп [64] аударған. “Поведение” бір 
жағынан жүріс-тұрыс, іс-әрекет деген түсінікті де береді. Егер 
“поведениені” “тәртіп” деп аударар болсақ, онда қылықтылық – 
тәртіптілік те. Қылықтылық – тартымдылық, сүйкімділік, 
мінезділік. Қыз бойында қанша асыл сапалар болғанымен, 
тартымды 
жеткізе 
білмесе, 
сүйкімді 
қылық 
арқылы 
көрсетілмесе, қабылданбайды. Сонымен, қылық қандай іс-
әрекеттерде көрініс тауып, қылықтылыққа ауысады? Біздіңше, 
қыздың қылығы: 
- қарым-қатынастық іс-әрекетте; 
- өзін-өзі ұстауда; 
- әзілді түсінуде; 
- шындықты мойындауда; 
- ұрыс-керістен қашуда; 
- сезімін білдіруде
- сырласқанда; 


15 
- көп алдында сөйлегенде; 
- өзі қалаған ісімен айналысуда; 
- эмоциялық жағдаяттарға түскен жағдайларда 
сыналып, ұлттық мінез бітісіндегі қыздың қылықтылық 
сапасын байыта түседі. 
Осы күнгі біздің білімді қыздарымыздың бойында 
тәртіптілік, пәктік, төзімділік, т.б. жақсы қасиеттер болғанымен, 
оны мінез толымсыздығы арқылы жеткізе білмейді. Яғни, 
қылықтылық жетіспейді. Сондықтан, қылықтылық аса қажет, 
жанұялық өмірге өзін бейімдейтін қыздар меңгеруге тиісті 
біліктілік болса керек. Осы орайда, Домалақ ана атанған 
Нұриланы өз қолында өсірген атасы – ислами тәрбиені сүйегіне 
сіңірген Қожа Ахмет Яссауидің ұрпағы Имам Ағзамның 
“білегіңнен алғаш ұстаған адамға тұрмысқа берем” деуі де 
қыздарға қойылатын шариғаттан туындаған талап. 
Халқымыздағы қыздың “он екіде бір гүлі ашылмаған” 
тұрақты тіркесті сипаты бар. Этнопедагогикалық еңбектерде бұл 
ұғым ретінде қарастырылып, өлшем ретінде ашылған емес. 
Этнограф С.Кенжеахметұлы “гүлі ашылмаған” деген айшықты 
сөз деп көрсетіп, “жас, пәк, таза” деген анықтама береді 
Жыраулардың суреттеулеріне сүйене отырып, төмендегіше 
ашсақ деген ой келді:
1. ешкім білегінен ұстамаған (Домалақ ана аңызында); 
2. шашынан ешкім сипамаған(Доспамбет); 
3. маңдайы күнге тимеген (Доспамбет); 
4. ешкімге көзін салмаған (Шал ақын: “екі көзі ел көшсе 
төңіректе”); 
5. түймесін ешкім ағытпаған (Доспамбет); 
6. адам бетін көрмеген (Доспамбет) 
7. белін ешкім шешпеген (Доспамбет); 
8. көркін құлыпқа сақтаған (Ақтамберді) 
9. назыменен күйдірген (Бұхар) 
10. құлқыменен сүйдірген (Бұхар) 
11. омыраулы жұпарлы (Бұхар); 
12. ұяты бар (Көтеш) 


16 
Алайда, “он екіде бір гүлі ашылмаған” – өлшем өз қызметін 
бұл күнде жойған сынды. Жазушы һәм халық педагогикасының 
жанашыры З. Ахметова “Қазақ тәлімінің кәусары” атты 
мақалада қазақ қызының қытығы кетеді деп алақанын ешкімге 
ұстатпаған, “қыз бала қолын әркімге ұстата берсе, бойынан ұяты 
кетеді” деуі жоғарыдағы өлшемді нақтылай түседі. 
Бірақ, бұл күнде ол мүмкін емес талап болып отыр. Себебі, 
балабақшадан бастап, ер баламен қатар отыру, бірге жүріп бірге 
ойнау, хауыздарға бірге шомылу еркіндігі бар. Біздің қоғамда 
бастауыш сыныптарда байқалмағанымен, өсе келе қыз балалар 
биязылық, ибалылықтан гөрі еркіндікті меңгеріп кетеді. 
Еркіндік және ұл балаға қарағанда тән-тұрпаттық дамудың 
ертелігінен де өздерін ересек сезінеді. Ұлдарға үлкендік таныта, 
үстемдік жүргізе бастайды. Ер балалар физиологиялық дамуы 
жағынан да кешеуілдеуі бар, қыздардың үстемдігінен басылып 
қалады. Жоғары сыныптарда тіпті, сабаққа да, қоғамдық 
жұмыстарға да белсенділігін шектейді. Демек, қыз балалардағы 
осы өлшемді сақтамау арқылы қыз тәрбиесін ғана емес, ер бала 
тәрбиесін де ақсатып отырған сыңайлымыз. 
Қазақ халқының отбасы жағдайында өз ұрпағын жұбайлық 
өмірге даярлаудағы қолданылған өлшемдерінің мағынасын ашу 
қажеттігі ғылым үшін де, ұрпақтар сабақтастығы мақсатында 
ұлттық тәрбиенің тереңіне бойлау үшін де маңызды. 
Тарихтағы тағылымды мұраларды оқып талдау арқылы біз 
осыған қол жеткіздік. Бір жағынан, халқымыз «ұлтты қыз 
сақтайды» дегенді басты санағандығынан болар, тәрбие туралы 
айтар болса, қыз бала тәрбиесіне қатысты, жар таңдау мәселесі 
болса көбіне, қыз таңдауға аса мән бергендігіне көз жеткіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет