Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет7/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
“Тектілік” ұғымы да жас ұрпақты жұбайлық өмірге 
даярлау тәрбиесінде ескерерлік мәселе. «Тек» сөзі «тектіліктің» 
түбірі екені айқын. ҮШ ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларынан 
белгілі «тек» сөзінің төркінін Олжас Сүлейменов былай 
талдайды: «Тюркских: тек-род (каз), тик-род (тат.) и т.д. 
Производное теги, тегин – потомок, принц (др.тюрк). Самые 


13 
ранние значения отложились в древногреческом: тек – 1) 
«дитя», 2) «род».
Қазақтың жар таңдау мәселесінде даралық қасиетке 
жататын тектілік көшпелі қазақ мәдениетінде батыстың 
“элитарлық” ұғымынан да тереңірек. “Ортағасырлық еуропада 
элитарлық сословиялық жікшілдікті білдірсе, біздің халықта 
тектілікті 
ұрпақтар 
сабақтастығымен 
тереңірек 
байланыстырады” – дейді, Г.Омарова “Дәстүрлі қазақ 
мәдениеті” атты мақаласында.
Тектілік пен тексіздік жайлы жоғарыда жыраулар 
поэзиясынан кездестірдік. Тектіліктің сипаттары: әке-шешесі 
бар, ақ некеден туылған, отбасында тәрбие алған, жаман іспен 
әке-шешесінің, әулетінің аты шықпаған, ар-ұяты бар, намысты 
дегенге саяды. Нақысбек шешеннің “Тексізді досым деме, олар 
ер емес, пенде болады” деген сөзі, Бауыржан Момышұлының 
“Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық” деген мәтелге 
айналған 
қағидасы 
қазақты 
жаман 
сападан 
қашуға 
насихаттайды. Сондай-ақ, тексіздік “некесіздік” ұғымымен де 
қатар жүреді. Оны кейде “жолдан туған” немесе “көрдемше”, 
кейде “арамзададеп атап жатады. Қазаққа: бала – байлық. 
Сондықтан, ел ішінде “олжатай” деп асырап алып жататындар 
да кездеседі. Белгілі этнограф С.Кенжеахметұлы некесіз 
туылған баланы “көлденең туған”, “жолдан туған”, “затсыз”, 
“арамза” сияқты бірнеше атауын берген.
Қалай десек те, ата тегі дұрыс адамнан тараған, дұрыс тілек, 
дұрыс әрекеттегі, нәпсі үшін емес, өмірге дұрыс бала әкелу 
мақсатында қосылған адамнан туылған ұрпақтан жақсы адам 
шығарды деп күтілген. Осы орайда, С. Нелидовтің «Егерде 
балаңыз 100% сіздікі болсын десеңіз, етегін жел ашпаған қызға 
үйленіңіз» деген ойын айдар еткен мақалада Феликс 
Ледантектің «Жеке адам, эволюция, ұрпақ жалғастығы және 
жаңа дарвинистер» деген еңбегінің «Телегония немесе алғашқы 
айғырдың әсері» атты тарауында әйелдің дүниеге әкелер 
ұрпағының қандай болмағына ол төсектес болған бірінші 
еркектің ықпалы зор болатынын, ұрпақтың генефондын 
баланың өз әкесі емес, сол алқашқы еркек қалайтынын 


14 
мәлімдеді. Алғашқы еркек белгілі бір әйелдің пәктігін бұзу 
арқылы оның келешекте туатын барлық балаларының 
генетикалық әкесі болатынын айтады. Себебі, алғашқы 
жанасқан еркектің шауһатының табы бір бұрышта мәңгі қалып, 
кейін әсерін тигізеді екен. Бұрынғы еуропалық ел басқарғандар 
алғашқы түн құқығы деген артықшылықты пайдаланып, 
асылдандыруға атсалысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет