Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет45/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Шілде қағу. Жас босанған келіншекті енесі үнемі қадағалап, 
жылы киіндіреді, «шілде қағып кетпесін» деп салқыннан қатты 
сақтандырады. Келіннің бұтына тізе қап, аяғына кебіс кигізеді, 
қолын суық суға салғызбайды. «Қырық күнге дейін дене судан 
шошиды» деп шомылдырмайды. Туған әйелдің созылған іші 
қалпына келуі үшін белін буғызады, «тісі түсіп қалмасые» деп 
орамалмен аузын буады, суық су ішкізбейді, «шашы түспесін» 
деп тас қылып өріп тастайды. 
Тымаққа салу. Егер бала күні жетпей туса, оны «шала 
туған» деп, тымаққа салып, адам көзі түсе бермейтін елеусіз 
бұрышқа, керегеге іліп, орнын жиі-жиі ауыстырып тұрады. 


110 
Басқа нәрестелерге қарағанда ерекше күтімге алып, жиі-жиі 
тамақтандырады. 
Сүйіндір. Тұрмысқа шыққан қыз балалы болғанда оған 
қуанып алдымен қыздың анасы келеді, бұл әрбір қыздың 
анасына міндет. Бұны әрбір қазақ әйелі білуге тиісті. Анасы 
қызына аналық ақылын айтып, баланың тәрбиесін, қалай күтуін 
түсіндіреді. Құда-құдағиының қуанышына ортақтасады. Балаға 
деген жасауын әкеледі. Қызы босанғанда анасының келуі, ана 
болған қызын көру – ертеден келе жатқан дәстүр. Мұны 
«сүйіндір» деп атады. 
Қалжа – қой сойып, жаңа босалған әйелге берілетін ет пен 
сорпа. Қалжаны жақын адамдар, туған-туысқан, дос, 
жолдастары болуы да мүмкін. Бұл жас босаған әйелге деген 
құрмет және денсаулығын қалпына келтіру үшін жасалады. 
Халықтың дәстүрлі отбасы тәрбиесіндегі бала күтімі 
туралы дербес кітап жазуға болады. Себебі, ол бірнеше 
ғылымның аясында өрбиді. Қазақ халқының баланы басты 
байлық санайтыны ежелден белгілі. Баласы бар үйді «патшасы 
бар үй» деуі – осының белгісі.
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. «Келін» атауының мәні мен маңызы, қыз бала өмірімен 
салыстырғандағы ерекшелігі қандай? 
2. Қыз ұзату және келін түсіру тойымен қатар жүретін 
салт-дәстүрлер және олардың мәнін ашыңыз. 
3. Қазақ дүниетанымындағы құрсақ тәрбиесіне қойылатын 
талаптар қандай? 
4. Болашақ баланың тәрбиесі мен оның өмірге келуі 
барысында орындалатын ырым-тыйымдардың тәрбиелік 
мәнін ашыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет