Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет54/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

еркіндік педагогикасын қолданады. Демек, нағашы жұрт 
баланың кішкентайынан тәрбиеленуі мен әлеуметтенуіне өзіндік 
үлес қосатындығынан да адамның тәрбие мектебінен лайықты 
орнын алады.
Бұл “үш жұрттың” жігітті немесе қыз баланы 
тәрбиелеуде 
өзіндік 
өмірге 
бейімдеу-әлеуметтендіруде, 
тәрбиелеуде өзіндік педагогикасы, өзіндік психологиясы бар 
екендігіне көз жеткіздік. Демек, “үш жұрт” мүшелерінің де өз 
рөлі – өз үлесі бар екендігіне де көз жеткізуге болады. 
“Өз жұртың” - өзіңді өмірге әкелген әке-шешең немесе 
ата-анаң. Бұл жерде “әке” мен “ата” атауы шатыстырылмауы 
керек. “Ата” да әкенің бір кездегі ресми атауы. Абай: “Атадан 
алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ”, - деп 
айтқандай, ата – бұл күнде де әкеге ресми атақ. Бірақ, ата – ана 
сөзімен қатар тұрғанда, әкені ұқтырады да ата әжемен қатар 
тұрып үлкен әкенің атауын береді. Отбасындағы әлеуметтік 
рөлдерді анықтау үшін толық отбасын түсіндіруден бастайық.
Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды ата мен 
әже рөлдері. Әкеге әке болып келетін тұлға, отбасы 
педагогикасына ерекше ықпалды бейне – Ата. Беделі жағынан 
әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік 
тұрғыда тәрбие беруді меңгерген, отбасының тірегі. Бала 
тәрбиесіне үлес қосуға мүмкіндігі бар. Отбасындағы ең үлкен 
рөл – атаныкі. Өз отбасы мен басқа балаларының, ағайын-
туыстың 
әлеуметтік 
мәселелерін 
шешуге 
атсалысатын 
ақсақалдар 
этноәлеуметтік 
қарым-қатынастың 
реттеліп, 
этноәлеуметтік рөлдердің сақталуына басшылық жасап 
отырады. Отбасындағы немере тәрбиесіне ата педагогикасының 
қосары үлесі мол болмақ. Атада әке мен шешеге қарағанда талап 
қоюшылықтан гөрі, еркіндік пен мүмкіндік берушілік көп. Ізіне 
ертіп жүріп үйрету мүмкіндігі көбірек. Ауыз әдебиетімен 
таныстыру мен табиғат пен қоршаған ортаға бейімдеу арқылы 


138 
танымын кеңейтетін ата педагогикасы рулық шежіре мен жеті 
атаны түгелдеуге үйретеді.
Әже – жанұядағы ғана емес, өзінің басқа балаларының 
отбасындағы қарым-қатынасты реттейтін, балаларды өмірге 
бейімдеудің қарапайым түрлерін мейірім арқылы жеткізе білетін 
ақылшы, отбасының алтын қазығы. Салт-дәстүр мен әдет-
ғұрыпты сақтау арқылы, отбасылық құндылықтарды дәріптеу 
арқылы этноәлеуметтік қарым-қатынастарға ықпалды жол 
көрсетуші. Үй-ішілік жұмыстарды реттеу, ағайын-туыстармен 
қарым-қатынас, 
сыйластықты 
сақтаудың 
әлеуметтік-
педагогикалық орталығы іспеттес. Әке – отбасының иесі, 
ерекше беделді тұлға. Алайда, беделдік пен биліктің 
басымдығынан әке педагогикасы тәрбиелеуші қызметтен көрі 
басқарушылығы басым түсіп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет