108
әйелдің белін қапсыра құшақтай, ішін төмен басып, босануына
көмектеседі. Ал бала көлденең келсе, жаңа сойылған малдың
ішегін қолына теріс айналдырып киген аққол ана қол салып,
түзетіп жіберетін болған. Кейде баланың теріс келуі де мүмкін.
Мұндай жағдайда толғатқан әйелді арқанға екі аяғын жоғары,
басын төмен қаратып асып, әйелдің ішін қолмен сылау арқылы
баланы оңдап, оп-оңай босандырып алатын.
Бала дүниеге келсімен даусы шығуы үшін құйрығынан шарт
еткізіп ұрады да, кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен
әйел
«кіндік шеше» аталады. Екі жас үйленіп жатқан кезде-ақ
кіндік-шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін
алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарқанынан
дәм таттырады. Кәделі астан кейін күйеу жігітке «келін
құрсағын ақ айранға тойдырып жүр» деп әзілі аралас тілек
білдіреді. Осыдан кейін екі үй арасында қарым-қатынас жиілеп
жарастық орнайды. Кіндік шешеге біршама міндеттер
жүктеледі: жүкті әйелді күту, босану үстінде басы-қасында
болу, кіндігін кесу. Ол нәрестеге қырқынан шыққанда киетін ит
көйлек тігіп алып келеді, бала ер жетіп, ел қатарына қосылғанша
өз назарынан тыс қалдырмай әр-дайым қамқор болып жүреді.
Халық ұғымында» баланың мінезі кіндік шешесіне тартады»
деген түсінік бар. Егер келіншек қиналмай босанса, әйелдер
«кіндік шешесің қолы жеңіл екен» десіп жатады. Бала ер
жеткен соң, кіндік шешесінің бар жақсылығын ескеріп,
оған
«кіндік кесерін» береді, тұған анасынан кем көрмей,өмір
бойы сыйлап өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: