Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет55/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Ата мен әже педагогикасы арқылы отбасында тәлім 
алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан баланың жан-жақты 
әлеуметтенгендігі мен әлеуметтік рөлдерге бейімделгендігі 
адамгершілік сипаттарымен көрініс береді. Бұл бір жағы 
тәжірибелілік нәтижесі болса, екінші жағынан, тұрақты да 
ерінбей-жалықпай мейірім арқылы берілген тәрбиенің жемісі.
Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің 
жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. «Отағасы» 
деп аталуының себебі де осында болса керек. Үйге табыс 
кіргізу, жан басы мен мал басының қамқорлығы, өз балаларын 
өсіріп-тәрбиелеуге мүмкіндік жасау, ағайын-туыс арасындағы 
байланыс ер адамның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс.
Әйел – отбасының ұйытқысы. Өмірге бала әкелуден 
бастап, уақтылы емізіп, бағып-қағып, өсіріп-тәрбиелеу – әйел-
ананың тікелей міндеті. Үй-ішінің, отбасы мүшелерінің 
тазалығы, тамақ дайындау, үй-іші тірліктерін ұқсату, туған-
туыстармен әлеуметтік қарым-қатынастар орнату сияқты 
көптеген мәселелер әйелдің араласуымен атқарылады.
Әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін 
басты тұлғалар. Өз перзенттерінің заманға лайық білім алып, 
тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Барлық істе өздері үлгі болады.
Шын жанашырлық та туған ата-ананың көңілінен табылады. 


139 
Отбасындағы ер баланың рөлі үйде басқа балалардың 
да болуына байланысты, ата-ананың талабына сай жүктеледі. 
Ұлдың үлкені отбасындағы балаларға жаппай қамқорлық 
жасайды. Ұлдың кенжесі – «қара шаңырақ» иесі. Ата-анаға 
етене жақын өседі, себебі: өскенде ата-анамен бірге тұратын – 
кенже ұл. Үйдегі жалғыз ұл анасынан әлпештеу көргенімен, 
әкенің бірден-бір сенімді көмекшісі болуға тиіс.
Сырттың жұмыстары: отын-су әкелу, малға қарау, жем-
шөп дайындау, қора-қопсы, аула тазалықтарын реттеу 
жүктеледі. Егер үйде қыз бала болмаған жағдайда анасының да 
үй-ішіндегі жүгін жеңілдетуге тырысады. Базарға, дүкенге 
барып азық-түлік әкелу, тұрмыстық заттарды қозғау сияқты 
жұмыстарға, сынған жеңіл-желпі заттарды шегелеу, бекіту, 
жалғау тәрізді істерді атқаруға үйренеді. Үйде ешкім болмаған 
жағдайда өзіне өзі қызмет ете білетіндей (ас пісіріп ішу, кірін 
жуып-үтіктеу, ине ұстап, түйме қадау т.с.с.) дағдылар 
қалыптасса айып емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет