Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет56/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Қыз бала табиғатынан-ақ отбасылық жұмыстарды 
атқаруға бейім болып келеді. Сәби жасынан қуыршақпен 
ойнатудың маңызы зор. Өз ыдысын жинап үйренгеннен бастап-
ақ, дастарқанға не қойылу қажеттігін, қандай ыдыстарға не 
салыну керектігін білу арқылы үстел жасау, кір жуу, шаң сүрту, 
гүл өсіру, үй тазалығы сияқты жұмыстарды бірте-бірте меңгеруі 
тиіс. 12-13 жастан бастап тамақ даярлауды үйреткен дұрыс. Іс 
тігу, үй-ішін көңілге қонымды үйлестіре қою сықылды 
жұмыстардың қыз балаға тікелей қатысты екенін ұғындыру 
қажет. 
Қыз балаға өмірде жүктелер жауапкершілік аз емес. 
Отбасындағы басқа балаларға көмекші болып, болысып жүреді. 
Қызы бар үйдің өзіндік қызығы бар. Сезімталдық пен 
мейірімділікті отбасындағы өз рөлін меңгеруге негіз ету керек. 
Қыз баланы балиғат жасына, табиғи өзгерістерге 
дайындау өте қажет. Ананың немесе отбасында жеңге мен үлкен 
қыз балалардың оңаша әңгімелесуі, құпия ұстауы, сыр сақтауы 
маңызды. Бұл үлкен жауапкершілікті сезіндіру өте қажет.


140 
Отбасындағы келіннің рөлі өзінің келген ортасын 
сыйлау, құрметтеу арқылы үй-ішінің тірліктерін атқаруды 
меңгерумен басталып, отбасылық қарым-қатынастың реттелуі 
келіннің іс-әрекетінен көрініс табады. Қайын-жұрттың атын 
атамау – ат тергеу, үлкенге құрмет көрсетіп, бата алу, сәлем 
жасап – алғыс алу сияқты сыйластық кілті келінде болуға тиісті. 
Басты мақсат: келген жерінде орнын табу, сыйлай білу, 
сыйымды болу арқылы өз тамырын жайып, өсіп-өну. 
Жеңгелік рөл келіннің келген жеріндегі өзінен 
кішілерге қамқорлығын көрсетуі арқылы іске асады. Өзінен 
үлкен болғанымен
күйеуінен 
кішінің бәрін “қайны-
қайынсіңлілер” қатарында қарап, оларға жарасымды да ұтымды 
және өздеріне ұнамды ат қоюы – жеңгенің келген ортасына 
сіңісуінің басты шарты. Қайныларына қыз таңдауға бағыт-
бағдар, кеңес береді. Өйткені, бір шаңырақ астында өзімен 
абысынды-келінді жақын жүретін, қызметті бөліп атқаратын 
әйелдің дұрыс адам болып келуіне немқұрайлылық танытпайды. 
Ақылдасып, қыз көңілін табуға психологиялық нұсқаулар
ұсыныстар жасайды. “Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар 
алдынан” деген мәтел қайныны шын қолдаушылардың бірі 
екендігі. Қыз бала үшін жеңге таптырмайтын жанашыр. Өз 
тәжірибесінен көргені мен түйгенін айта отырып, сыр бөлісетін 
жеңгелер институтының әлеуметтік мәні биік болуы тиіс. 
Этноәлеуметтік рөлдің ішінде жауаптылығы жағынан да, 
жақындығы жағынан да жеңгенің рөлі жоғары. 
Қазақ отбасында күйеу бала рөлін алып жүрудің де 
өзіндік қырлары бар. Күйеу балаға ғана қатысты қайын-жұрттың 
үлкенінен-кішісіне дейін тіл табысу, көңілінен шығу – құдалық 
қарым-қатынасты реттеудің басты факторы. Үлкен жиындарда 
күйеу балаға тапсырылатын жұмыстар оның қарымдылығына 
сай жүктеледі. «Күйеу атымен күл тасы» деген мәтел күйеу 
баланың қандай тұрмыстық жұмыстарға дейін көмектесетіндігін 
көрсетсе, оның сыйласымға ие болуын «әкенің жақсылығы 
жездедей-ақ» деп бағалаған. Күйеу баланың рөлі қайын-
жұрттың ортасында жүзеге асып, баға беріледі. Халқымыз күйеу 
балаға ағайын арасындағы той-қазада арнайы тапсырмалар 


141 
жүктегенімен, “пайғамбарымыз да күйеу баласын сыйлаған” 
деп, сый-құрмет көрсетіп отырады. Мал сойылғанда күйеу бала 
үшін арнайы мүше – төс тартып, жеңгелер тарапынан 
этноәлеуметтік 
қарым-қатынастықты 
жүзеге 
асырып, 
сыйластықты дамытып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет