Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет592/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   668
Пайдаланған әдебиеттер

  1. ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети Internet.-М.: Артос, 1996-274 с.- ( Просто о сложном )

  2. ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995-735 с.

  3. Интернетке кіріспе “Бүкілдүниежүзілік өрмек”: Әдістемелік құрал.- Алматы, 1999-25б.

  4. Каймин. В. А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31бб.



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дүйсебаева М.Ж., (Астана)
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Президент: «Біздің басты мақсатымыз—2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру»деп нақты талап қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Осы стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары - белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы секілді функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен қазақтың ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық кеңейтілген отырыста Елбасының ұсынысымен «Тарих толқынындағы халық» атты әзірленген арнаулы бағдарламаның мақсаты - қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру екенін айтты. Ол төл тарихымызды зерделеуде басты көңіл бөлетін жайттарға тоқталды.

Бұл үшін ең алдымен орта мектептер мен жоғары оқу орындарында тарихты оқытудың заманауи зерттеу тәсілдері мен оқыту әдістеріне негізделген қазіргі заманғы және ғылыми біртұтас мемлекеттік стандарты жасалуы керек. Жұмыс 5 бөлікте қарастырылуы керек: 1). Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында негізгі салаға айналуы тиіс; 2). Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасы жасалуы тиіс; 3). Қазақстан туралы еліміздегі және шет елдердегі тарихи материалдар жинақталып, жүйеленуі тиіс; 4). Ортаазиялық номадтық өркениетті зерттеуге айрықша мән берілуі тиіс; 5). Тарихи сапалы оқулықтарды даярлау мәселесі. «Бұл - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстардың басы. Қазіргі мемлекетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды бүгінгі заман биігінен көрсетуге тиістіміз» деді Мемлекеттік хатшы. Тарихшылардың міндеті – шындықты бұрмаламау, кез-келген тарихи оқиға нақты деректермен, айқын дәлелдермен сипатталуға тиіс. «Егемен Қазақстан» газетінің 16.08.2013жылы №191 санындағы Д.Досжан «Жаңаша тарих қалай жазылады?» мақаласында Қазақстанның бүгінгі жаңаша тарихы жазылар болса, екі басты мәселе: 1) жаңа әлемдік тәртіп, 2) сол әлемдік тәртіптегі Қазақстанның ахуалын көзден де, көңілден де таса қылмауымыз керек. Ол үшін біз бүгін өркениеттің қай сатысындамыз, екінші бәсекеге қабілеттілік деген не? деген сауалға жауап беруіміз керек деген келелі ой айтқан-ды. Осы ретте, Мемлекеттік хатшының: «Ұлттық тарихқа қызығушылық немесе немқұрайдылық – халық мәдениетінің айқын және нақты өлшемі. Өзінің өткенін ұмытатын қоғамды болашақ та ұмытады» деген сөзі тарихшы мұғалімдерге тікелей арналып тұр, өйткені, өзінің ата-бабасының кімдер болғанын, мынау тарих толқынында өзіміздің кім екенімізді білу және ұмытпау, ұмыттырмау пәнді жүргізетін мамандардың кәсіби біліміне тікелей байланысты. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжан: «Тарихи сананың кемелдігі – болашаққа берілген кепілдік, ал әлжуаздығы – ұлттық қауіпсіздікке төнген қатермен пара-пар екендігін айта келіп, тарихты оқытудағы кейбір олқылықтарға тоқталды. Бұған мысал- әлеуметтік кәсіби тұрғыдан кемелденіп ,жетілудің орнына осыдан 10-15 жыл бұрын алған білімдерімен жүрген әріптестер бар десе, тарих ғылымының докторы, профессор Мәлік-айдар Асылбеков: «орта мектепте тапсырылатын Бірыңғай ұлттық тест оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруден алшақтатып, жаттауға үйретіп келеді. Батыс елдері, әсіресе, Франция мен АҚШ тестілеуден үзілді-кесілді бас тартты» деген сөздері де ой тастарлық. Оқушылардың көп балл жинауға деген ұмытылысы, даталарды, сандарды жаттаумен шектеліп, ауызша жауап беру, ойын жеткізіп айта білу, ретінше қорытынды жасау, тұжырымдау секілді құзыреттілікті қалыптастыру сөз жүзінде қалып отырғанын көрсетеді. Біз үнемі Елбасының «Қазақтың арғы –бергі тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген сөзін естен шығармай, шәкірт тәрбиесінде Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талап жоғары екенін естен шығармауымыз керек. Жаңа қазақстандық патриотизмге – әр азамат өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінгенде қол жеткізетінімізді ескерсек, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

-оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

-ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

-жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру міндеттерін орындағанда ғана мақсатқа жетеміз.

Өйткені, Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.



Мектепте тарих пәнін жүргізетін мұғалімдерге қатысты кейбір проблемаларға: оқушылардың ғылыми - зерттеушілік, жобалау жұмыстары аз қатысуы, қазақ халқының ерлігі, ұлтжандылығы, батырлығы арқылы патриотизмге тәрбиелейтін тәрбиелік іс-шаралардың сирек ұйымдастырылуы (апталықтарда, ашық сабақтарда ғана), тарихи көркем әдебиет материалдарының қажетті мөлшерде берілмеуі, оқулықтағы материалдардың мазмұнын нақты өмірде кездесетін жағдаяттармен сипаттайтын, салыстыратын, талқылайтын тапсырмалардың қолданылмауы, оқушыларды сондай жағдаяттардан шығу жолдарын іздеуге баулитын мысалдармен толықтыру, жаңадан қосымша оқу құралдарын әзірлеу жоқтың қасы. Ел Президентінің сөздері мен баяндамаларында: «Тарихты оқу деген – Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? –деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. – деуі тарихтың маңызына ерекше көңіл бөліп қарайтынын көрсетеді. Жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі. Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған мәселелерді шешуде тарих ғылымына, тарих пәні мұғалімдеріне жүктелер жұмыс көп. Функционалдық сауаттылық» ұғымы мектепте берілетін жалпы орта білімнің оқушылардың күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жағдаяттарды (проблемаларды) шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз ету ретінде түсіндірілетін болса, бұл ретте Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талап жоғары. Тарих пәні мұғалімі белгілі бір іс-шараны жоспарлағанда оқушының шығармашылық, зерттеушілік қабіле тін қалыптастыратын тақырып таңдап, баланың белсенді іс-әрекетін дамытатын түрлерін анықтауының тиімділігі мол. Мысалы, әскери-патриоттық бағытта мұражайда «Қазақ халқының әскери өнері», «Халық батырлары», «Отанды қорғау –нағыз ердің ісі» тақырыптарына сабақ, сайыс, викториналар өткізудің артықшылығы – оқушылар мәдени орындармен танысып қана қоймай, өздері үшін көптеген қызықты, белгісіз мәліметтермен танысады.Бұл әрі қарай оқушының зерттеу жұмысымен айналысуына, мамандық таңдауына әсер етері сөзсіз. Ал тарих-өлкетану тәрбиесінің баланың туып-өскен жерінің тарихымен танысуынан басқа, әлі зерттеліп болмаған атақты адамдардың өмірінен, еңбек жолынан қызықты мағлұмат тарды өздері іздеп-тануына мүмкіндік береді. Әсіресе, тарихы астаналық оқушылардың көз алдында жасалып, жазылып отырған Астананың шежіресін оқып-үйренудің бүгінгі шәкірт – ертеңгі осы қаланың тұрғыны, иесінің абзал борышы екенін жалықпай сіңіре берудің маңызы зор. Қаламыздың әр ғимаратын тәрбие сағатының тақырыбына айналдыру қажет. Сыныпта және сыныптан тыс уақытта тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың формалары: тақырыптық апталық, онкүндік, айлықтар өткізу, «Қызықты кездесу» клубтарын ашу, шығармашылық сайыстар - өлең шығару, сурет салу, очерк, эссе жазу, тақырыптық ән байқауы, спартакиада, слеттер өткізу, экскурсия, саяхаттарға шығу, мұражай, кинотеатрларға бару. Осындай әрбір жұмыстан кейін оқушының шығармашылық портфолиосы толығады, өзінің рухани дүниесі кеңейеді. «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Н. Назарбаев.

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерін тарих сабағында өте жиі келтіріп отырудың маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет