Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет591/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   668
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қарашолақова Ж.С., Даухаренова Н.Э. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Жаңа мыңжылдық- бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес.

Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталады.

Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты роль оқу орындарына жүктеледі. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір- бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ- ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядорлық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжірибенің ойдағыдай жүргізілу барысында ARPA net желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана біріктірді. Кейін ARPA net бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымдармен мамандар пайдаланды. 1990-жылдары интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Талғамыңыз бен көңіл-күйіңізге қарай одан сізді қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Қоғамды ақпараттандыру- бұл глобальды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептегіш техника,сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді, баспа қорында ғылыми-өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуы.

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.

Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады Рефлексивтік кәсіпқойды даярлау жекетұлғалық, жалпы мәдени білімділікті,кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді.



Оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударды.Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Технологиялық білімдер-оқытудың қосалқы құралдары бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік ақпараттық құралдарды білуді, сондай ақ мәтіндрді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. АКТны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегенніңөзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралыжаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз етеді. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білу қажет. Егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса,онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Қорыта келгенде жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек. Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Сандық сауаттылық-бұл сандық технологияны пайдалана отырып ақпараттың орналасқан жерін анықтау,ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін,сыни тұрғыдан ойлауын әлеуметтік хабардарлығын,оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технологиясына мыналар жатады 1.технология 2оқыту 3.оқытудың интерактивті режимі 4.оқыту технологиясы 5.ақпараттық технология 6.компьютерлік технология 7.мультимедиялық технология 8.компьютер 9.интернет 10.коммуникация 11.электрондық пошта 12.электрондық оқулық. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқу материалдарын толық меңгеру үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы,ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсат мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Білім беру жүйесінде білімдік-ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда мұғалім өзі білетін,жақсы меңгерген,бейімделген техникалық құралдарды тиімді қолданады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Қорыта айтатын болсақ, білім беру саласындаы ақпараттық технологияны пайдалану қазіргі кезде қалай жүзеге асып жатыр десек, уақыт өте келе интернет білім беру саласында маңызды орын алуда. Алайда интернетке қосылу үшін де әлі де біраз қиындықтар кездеседі. Жалпы білім беретін оқу орындарында салалы білім беру мақсатында пайдалануға болатын ақпараттық технологияны дамытудың негізгі мақсаттары:

  • Интернет мүмкіндіктерін әр саладағы білім алу сапасын жоғарлату үшін кең көлемді қолдану;

  • Кәсіптік білім беру саласындағы интернеттің мүмкіндіктерін пайдалану;

  • Электрондық почта мүмкіндіктерін жоғары деңгейге көтеру;

  • Рассылка тізімдерін пайдалану;

  • FTP сервері арқылы файл беру. Оқушыны оқулық ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіншілігін қолдану;

  • WWW технологиясын қолдану;

  • Әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу.

Ақпараттық технология жүйесінің бұл мүмкіндіктерінің бәрін білім алушыларға салалы білім беру процессінде қолдану өте ыңғайлы, себебі ол білім алушылардың алатын сапалы білім сапасын котеру және қолданушының білімін, дүниетанымдылық козқарасын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет