ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Ақпараттық-комуникативтік технологиясы (АКТ)  
 
Жалпы  ақпараттық-коммуникативтік  технологияға  тоқталатын  болсақ, 
коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін 
және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал 
оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 
ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ету, 
білімді  бүгінгі  заман  талабына  сай  жаңаша,  ұтымды  және  тиімді  түрде 
оқырманның  санасына  жеткізе  білу,  педагогикалық  іс-әрекетке  өзгеріс  енгізу, 
білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке 
тұлға  ретінде  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  жаңашылдық  енгізу  деп 
түсінуге болады.  
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:  
1.  Ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып  оқу-тәрбие  процесінің 
барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:  

сабақты  қызықты  етіп  өтікізу  арқылы  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылықтарын арттыру;  

білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;  

оқыту процесінің сапасын арттыру;  

пәнаралық байланысты тереңдету;  

қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.  
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда 
өмір сүруге икемдеу, даярлау.  

коммуникативтік қабілеттерін дамыту;  

өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;  

компьютерлік  графика,  мультимедиа  технологиясын  пайдалану, 
киноларды,  видеороликтерді  көрсету,  сабаққа  байланысты  музыкаларды 
тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;  

пәнаралық байланыс орнату;  

ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.  
АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:  
1. Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;  
2. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;  
3. 
Оқушының  компьютермен  жұмыс  барысында  пайда  болған 
қиындықтарды уақытында шешуге болады;  
4.  Кейбір  амалдарды  оқушы  өз  бетінше  орындайды,  компьютерді  жұмыс 
істеуге үйренеді;  
5. Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған 
білімдерін практикамен ұштастырады;  
6.  Білімі  төмен  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік 
береді [5].  
Ақмола облысы  
Осы  технологияны  сабағында  қолданатын  Степногорск  қаласының  №9 
орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  Алиасқарова  Жанар 
139 
 

Абдикаппарқызы:  қазіргі  заманғы  білім  беру  технологияларының  бірі  – 
ақпараттық-комуникативтік  технологиясын  пайлану  арқылы  сабақ  өткізу.  Ол 
оқушының 
пәнге 
қызығушылығын 
арттырып, 
интеллектуалдық, 
шығармашылық  белсенділігін,  дарындылығын  дамыту  факторларының  бірі, 
сондай-ақ  ұстаз  үшін  шеберлік  пен  сауаттылығын  арттыра  отырып,  даму 
бағытына  сәйкес  іздемпаздылыққа  үйрету  құралы.  Ақпараттық  оқытудың 
тиімділігін келесі бағыттарға бөлуге болады: - білім, білік дағдыны игеру үшін 
қажетті қор ретінде оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай 
жасайды, - ақпараттық технология оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін 
арттырудың  қуатты  құралы  болып  табылады.  Ақпараттық  қоғамның  негізгі 
талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық 
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске 
асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдысын  қалыптастырып,  ақпараттық 
қоғамға  бейімдеу  деп  атап  көрсетеді.  Жанар  Абдикаппарқызы  ақпараттық 
технологияларды қолдану арқылы өткізген бір сабағын үлгі ретінде ұсынады.  
Математика. 3-сынып.  
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу.  
Сабақтың мақсаты:  
1)  Білімділік:  санды  5-ке  көбейту  және  бөлудің  тиімді  әдістерін  қолдану 
арқылы сабақты меңгерту.  
2) 
Дамытушылық:  оқушылардың  ойлау  танымдық  қабілеттерін, 
белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
3)  Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,  ынтымаққа, достыққа баулып 
тәрбиелеу. Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтей білуге баулу.  
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.  
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.  
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка.  
Сабақтың көрнекілігі: жұмбақ есептер, слайдтар, асықтар, жетондар.  
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.  
Психологиялық дайындық.  
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат.  
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.  
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық.  
Әрбір ісің - тілек, тірлік, адалдық.  
Сабақтың мақсатын хабарлау. Санды 5-ке көбейту және бөлу амалдарына 
есептер  шығару.  Ендігі  кезекті  оқушыларға  береміз,  әр  топ  өзін 
таныстырып шықсын.  
І топ. «Адал достар» тобы.  
Ертеректе  Әйтімбет  деген  шешен  достықтың  2  түрін  атады.  Бірі-адал 
достық, екіншісі – амал достық.  
Адал достық өмірлік нұсқа, амал достықтың өмірі қысқа болады деді.  
Біздер  осы  адал  достықты  таңдай  отырып,  өз  тобымызды  «Адал  достар» 
деп атаймыз.  
ІІ топ. «Инабатты достар» тобы.  
140 
 

Біз балдырған баламыз,  
Досты көп табамыз  
Қашан да, қайда да,  
Достар бір-біріне  
Сенімді боламыз.  
Біз «Досы көпті жау алмайды,  
Ақылы көпті дау алмайды» - деген мақалды үлгі етеміз.  
ІІІ - топ: «Қамқор достар» тобы.  
Балдырған балалар  
Достықты бағалар  
Есіңе сақтағын:  
Адал бол, қамқор бол  
Өтірік айпағын  
Сөзіңнен қайтпағын  
Әрқашан тілектес,  
Досыңа көмектес.  
Біз «Аққуды атпайды,  
Достықты сатпайды» - деген мақалын ұран етеміз.  
IV топ: «Мейірімді достар» тобы.  
Екі деген екі дос  
Бірін-бірі қимайтын  
Артық кемді етпей сөз,  
Бірін-бірі сыйлайтын.  
Біздің ұранымыз:  
Жүз сом ақшаң болғанша,  
Жүз досың болсын.  
Әр топ өзінің тобымен таныстырып шығады.  
Үй  жұмысын  тексеру.  Үй  жұмысын  тексеруде  «Асық  таңдау»  ойыны 
ойналады.  Дорбадағы  асықтар  сандармен  белгіленген,  осы  асықтарды  ала 
отырып үй жұмысын дәптерден оқып шығады.  
6*5= 
7*5= 
8*5= 
9*5= 
30:5= 
35:5= 
40:5= 
45:5= 
30:6= 
35:7= 
40:8= 
45:9= 
5*6= 
5*7= 
5*8= 
5*9= 
Математикалық жұмбақтар.  
Әр  топқа  математикалық  жұмбақтар  жасырылады,  осы  жұмбақтардың 
шешуі бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты.  
 
І топ  
ІІ топ  
Бір топ бала тоғаннан, 
15 балық ұстадың  
Бөліскенде оларды,  
Тиді әркімге үш балық. (5)  
Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі  
Нешеуі енді жайылып, 
Жүргенін айт, айырып. (5)  
141 
 

ІІІ топ  
IV топ  
Мұз айдында 7 бала 
Асыр сап жүр сырғанап 
Сырғанамай 2 бала 
Жағалауда тұр қарап, 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң,жарады (5)  
Талдан ұшты топ торғай 
Емес бірақ көп торғай 
Алдында оның бастаушы 
Артында төртеу -қостаушы 
Ойың жүйрік болса егер, 
Торғай нешеу,есепкер? (5)  
 
Берілген математикалық жұмбақтың шешуі неше болды?  
- 5.  

Бес саны туралы не айта аласыңдар?  

«5» жақсы баға, әр қолымызда 5 саусақ бар т.б.  
Оқулықпен жұмыс.  
Дәптерімізді ашамыз,  
Қолға қалам аламыз  
Салақтықтан қашайық,  
Әдемі  етіп  жазайық  -  дей  отырып  бүгінгі  күнді,  ай  аттарын  дәптерге 
жазамыз.  
№1  есеп.  «Бірлік  болмай,  тірлік  болмас»  дей  отырып  оқулықтағы  есепті 
біргелікте  отырып  орындаймыз.  (Слайдта  есептің  берілуі  тақтада  тұрады, 
соған қарап оқушылар шартын құрып шығарады).  
Жаңа  жылдық  шыршаны  безендіру  үшін  әрқасысына  10  ойыншық 
салынған  5  қорап  және  тағы  да  25  ойыншық  сатып  алынды.  Шыршаны 
безендіруге барлығы неше ойыншық сатып алынды?  
№  2  есеп.  Топпен  жұмыс.  Берілген  есепті  әр  топтан  бір  оқушы  ауызша 
орындайды.  
 
Бағасы  
Саны  
Құны  
5 теңге  
7  
?  
5 теңге  
?  
35 теңге  
?  
7  
35 теңге  
5 теңге  
10  
?  
 
Сергіту сәті  
Орманның біз емшісіміз,  
Тоқ - тоқ - тоқ!  
Құрт біткенді жоқ етеміз,  
Жоқ - жоқ - жоқ !  
Тоқ - тоқ - тоқ !  
Жоқ - жоқ – жоқ !  
 
№  3  есеп.  Ноутбукпен  жұмыс.  Әр  топ  оқушылары  өз  ноутбуктарында 
берілген есептерді орындайды.  
 
142 
 

І топ.
 
ІІ топ.
 
ІІІ топ.
 
IV топ.
 
5*7 
35:7 
35:5 
7*5 
5*6 
30:7 
30:6 
6*5 
5*2 
10:2 
45:5 
9*5 
5*5 
25:5 
15:3 
3*5 
 
№ 4 есеп. Жостикпен жұмыс істеу. (Интерактивті тақтада орындайды
Есеп тест түрінде беріледі, әр оқушы өз бетінше есепті орындайды.  
 

см*5=? 

см * 5 =? 
250 
см : 5=?  300 см :5=? 

см * 5 =? 
А) 35 см 
А) 22 см 
А) 30 см 
А) 60 см 
А) 25 см 
В) 45 см 
В) 35 см 
В) 50 см 
В) 10 см 
В) 45 см 
С) 12 см 
С) 30 см 
С) 40 см 
С) 20 см 
С) 40 см 
Д) 25 см 
Д) 245 см 
Д) 15 см 
Д) 40 см 
Д) 50 см 
 
Поэзия  минуты.  Компьютерде  Абай  Құнанбаевтың  «Ғылым  таппай 
мақтанба»  өлеңі  мәнерлеп  оқылады.  Оқушылар  осы  өлеңнен  бүгінгі  сабаққа 
байланысты бес асыл істі, бес дұшпанды табады.  
Ноудбукпен  жұмыс.  (Ғаламтор  сайттарымен  жұмыс).  Әр  топ 
оқушылары  ғаламтордан  Абай  Құнанбаев  туралы  толық  мәліметтер  жинап, 
басқа өлеңдері тауып, оқып береді.  
Шығармашылық  тапсырма.  (Бейне  таспада  берілген  тапсырманы 
оқушылар өз топтарымен орындайды).  
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.  
 
 
 
 
 
 
№ 7 есеп. «Дос таңдау» ойыны. Әр топтан бір оқушы басқа топтан өзіне 
дос таңдайды да, оған теңдеу есебін береді. Ол оқушы осы есепті интерактивті 
тақтаға орындайды.  
І топ. 45:а=5  
ІІ топ. х*5=25  
ІІІ топ. 40:а=5  
IV 
топ. 4:х=16  
Сабақты  қорытындылауда  «Бәйге»  ойыны  ойнатылады.  Бұл  ойында  әр 
топтан екі оқушы екі сұраққа жауап береді. Сұрақтың екеуі бейне клипте, екеуі 
ауызша болады.  
 
 
 
 
 
10 
30 
50 
20 
40 
20 
10 
30 
143 
 

1) Сол жақтағы 10 - 30: 5;  
2) Ортадағы 30 - (бейне клип) 2 литрлік шырыннан 5-еуі неше литр?  
3) Ортадағы 50 - 500:100;  
4)  Оң  жақтағы  20  -  (бейне  клип).  Менің  қолымда  4  дәптер,осындай 
дәптерден 5 рет алатын болсам неше дәптер болады?  
5) Сол жақтағы 40 - 5:5+5;  
6) Ортадағы 20 - (бейне клип). Асанда 45 асық бар, егер 9 бала тең бөліп 
беретін болсақ әр бала неше асық алады?  
7) Ортадағы 10 - 2*5+10;  
8) Оң жақтағы 30 - (бейне клип) Біздің сыныпта 3 қатарда 5 партадан бар, 
сыныпта барлығы неше парта бар?  
Оқушыларды бағалау, сабаққа белсене қатысқан топты мадақтау.  
Үйге № 5 есепті шығару.  
Сабақты мынадай өлең жолдарымен аяқтау.  
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,  
Математикаға орын берсең басыңнан.  
Барлық ғылым саған үйір болады.  
Досың солар табылатын қасыңнан.  
Степногрск  қаласы  Ақсу  ауылының  №1  орта  мектебінің  шет  тілі  пәні 
мұғалімі  Ходжамұратова  Жадыра  Есенбекқызы.  АКТ  технологиясын  қолдану 
қазіргі  заманда  сабақ  өтуде  өте  тиімді  болып  саналады.  АКТ-ны  қолдана 
отырып, мәселен видео, аудио құралдарын арқылы сабақ өтілсе ,оқушылардың 
сабаққа деген қызығушылығы артады деп айтады. АКТ технологиясын қолдана 
отырып,  оқушыларға  сындарлы  білім  беру  нәтжесінде  олар  алған  білімдерін 
өмірде  қолдана  алады.  Оқушылар  ғаламтор  желісінен  керекті  мағлұматтар 
жинап, сабақта белсенді бола бастады. Сабақта барлық оқушылар өздерін жан-
жақты  көрсете  бастады.  Оқушылар  онлайн  тапсырмалар  орындап, 
олимпиадаларға  қатысып,  жүлделі  орындар  алып  жатқанын  айтады.  Әрбір 
сабақты осы технология құралдары арқылы өтілсе, сабақ өте сәтті де пайдалы 
болмақ. Мысалы, онлайн тапсырмалар, аудио-, видеоматериалдар, power point 
бағдарламасы арқылы таныстырылымдар жасау оқушылардың шығармашылық 
және ойлау қабілеттерін дамытады.  
Егіндікөл ауданы №1 Егіндікөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Абишева  Бақытгүл  Карбозовна  Ақпаратты  комуникативтік  технология  оқу 
барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтармен интерактивті 
құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге  және  компьютерлік  оқыту 
бағдарламаларына  негізделген.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар 
комуникациялық  байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді 
жетілдіруді  көздейді.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  келешек 
ұрпақтың  жан-жақты білім  алуына, іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол, 
еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін 
де тигізер пайдасы аса мол деп сипаттайды. Нәтижесінде әр тапсырманы АКТ-
ны  тиімді  пайдалана  отырып,  оқушыларға  қалам  ұстата  келе  интербелсенді 
тақтада  жазғызуды  жөн  деп  санап,  солай  өткізуге  тырысқан.  Бұл  жерде 
144 
 

байқағаны  оқушылар  жай  тақтадан  гөрі  интербелсенді  тақтада  флипчартпен 
жұмыс жүргізгенді жақсы көреді. Қатты қызығады. Дарынды оқушыны тақтаға 
тартып,  өзге  тапсырма  беріп,  тың  ақпараттар  жинату  арқылы  үлгерімі  төмен 
оқушыларға  да  ой  тастап,  сол  бағытқа  бұрылуына  септігін  тигізді  деп 
ойлайтынын.  Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық 
бірнеше  мәселелерді  шешуге  көмектеседі:  пән  бойынша  базалық  білімді 
меңгереді,  алған  білімдері  жүйеленеді,  өзін-өзі  бақылау  дағдылары 
қалыптасады,  оқуға  деген  ынтасы  артатынын  айтады.  БҰҰ-ның  шешімімен 
«
XXI  ғасыр  -  ақпараттандыру  ғасыры»  деп  аталады.  Ақпараттық  қоғамның 
негізгі  талабы  –  оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық  – 
құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны  өзіндік 
даму  мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын 
қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу.  Олай  болса,  ақпараттық 
бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік-ақпараттық  бейнесін 
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту 
арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі 
болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды  қалыптастырудың  бір  жолы  деп 
атап көрсеткен.  
Степногорск  қаласының  Заводской  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі 
Каримов Қайрат Қайыргелдіұлы сабақ барысында интерактивті тақтаны, бейне 
жазбаларды,  деректі  фильмдерді  қолдану,  абақты  тындап  қана  қоймай, 
елестету,  салыстыру  мүмкіндіктері  нәтижесінде  оқушылардың  сабаққа  деген 
белсенділігі,  қызығушылығы  артады.  Оқушылар  сабаққа  белсене  қатысы 
отырып  уақытын  үнемдеуге  дағдыланады.Сабақты  себепсіз  босатпауға 
тырысады. Ғаламтор беттерінен сабаққа қатысты қажетті материалдарды табуға 
үйренеді.  Мұғалім  сабаққа  алдын-ала  өзі  дайын  болуы  керек;  слайд  беттері 
сабақтың  тақырыбына  сай  жасалуды;  оқушыларға  берілген  тапсырмалар  жас 
ерекшелігін ескере отырып жасауды ұсынады.  
Жарқайың  ауданы  Тассуат  негізгі  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Жұмабаева  Сайрангүл  Серікқызы  Сын  тұрғысынан  ойлауды  үйрету  үшін: 
1. 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 2. Оқушыларға ойланып-
толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді 
қабылдау.  4.  Үйрену  барысында  оқушылардың  белсенді  іс-әрекетін  қолдау. 
5. 
Кейбір  оқушылардың  бір-бірінің  жауабына  жасаған  сынының  дәлелді, 
дәйекті  болуын  талап  ету.  6.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  бағалау.  Ал, 
оқушыларға байланысты: - сенімділікпен жұмыс жасау; - бар ынтасымен оқуға 
берілу;  -  пікірлерді  таңдау,  құрметтеу;  -  өз  пікірін  ашық  білдіруді  талап  ету 
қажет деген ұсынысын білдірген.  
Бурабай ауданы Зеленый бор мектеп-гимназиясының мұғалімі Тұрғанбаева 
Мақпал  Бердібекқызы  химия  пәні  сабақтарында  ақпараттық  технологияны 
қолданады.  Заттардың  құрамы  мен  құрылымын,  қасиеттерінің  құрылымына 
тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық 
өзгерістердің  заңдылықтары  мен  оларды  басқарудың  жолдарын  оқып-үйрену 
мектепте  химия  пәнін  оқытудағы  негізгі  мәселелер  болып  табылады.  Заттар 
145 
 

әлемін  (олардың  құрамын,  құрылымын,  бір  заттың  басқа  затқа  айналуын) 
зерделей  отырып,  оқушылар  практикалық  қызмет  үшін  тиянақты  білім  алуы 
тиіс.  Ақпараттық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең  тиімдісі  – 
оқушылардың білім  олқылықтарына үнемі  зерттеу  жасап, түзету  жұмыстарын 
жүргізуге  пайдасы  зор.  АКТ  технологиясының  ерекшеліктері:  жеке  тұлғаның 
шығармашылық  қабілеті,  танымдық  белсенділігі,  өзіне  деген  сенімі  артады, 
қосымша  материалдарды  артығымен  пайдаланады;  құжаттармен  жұмыс 
істегенде  уақытын  үнемдейді;  ақпараттық  жаңа  бағдарламаларды,  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  үйренуге  мүмкіндік  алады;  оқу  процесіне 
қатысушылардың: әкімшілік – мұғалімдер, оқушы – ата-ана арасындағы тығыз 
байланысқа  мүмкіндік  туады.  Мұғалім  сабақтарда  жаңа  технология  әдіс-
тәсілдерін  қолданудың  мынадай  тиімді  жақтары  бар  екеніне  көз  жеткізді: 
оқушылардың  оқуға  деген  ынтасы  арта  түсті;  әр  оқушының  жеке  қабілеті 
айқындалды; үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі 
туды; жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туды; әр оқушы 
өздігінен  жұмыс  істеуге  дағдыланды;  оқушының  өз  білімін  бағалай  білуіне 
бағыттауға  мүмкіндік  берді.  Мұғалімнің  АКТ  технологиясын  оқу  процесінде 
қолданғысы  келетін  ұстаздарға  айтар  кеңесі  мен  ұсынысы:  оқушыларды 
шығармашылыққа,  өз  бетімен  іс-әрекет  етуге  бағытталған  тапсырмалар  саны 
көбейгенде  ғана,  өз  пікірін  айта  алатын,  оны  дәлелдей  білетін,  өмірге  деген 
өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына 
үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындауға болады. 
Осы  технологияны  қолдану  барысында  оқушылардың  деңгейлеріне  аса  көңіл 
бөлу  қажет.  Осыған  байланысты,  Мақпал  Бердібекқызы  күнделікті  сабаққа 
мультимедиа  (видео-,  аудио  қондырғылары  мен  теледидар,  электрондық 
оқулықтар),  зертханалық  тәжірибелер,  компьютер  жүйесі  (компьютерлік 
бағдарламалар,  интерактивті  тақта),  анықтамалық  мәліметтер  (сөздік, 
энциклопедия,  карта,  деректер  қоры),  интернет  және  т.б.  көрнекі 
материалдарды  көптеп  пайдалану  жақсы  нәтиже  бермек  деп  өз 
ұсынысын айтады.  
Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебінің мұғалімі Әбдіқалықова Гүлдана 
Нұрғалиқызының  пікірінше,  ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген 
педагог  өз  ойын  жүйелі  түрде  жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және 
ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-
лайн  режимінде  жұмыс  жасау  әдістерін  меңгерген  мұғалім  болуы  тиіс.  Заман 
талабына  сай  жаңа  технология  әдістерін  үйретіп,  бағыт-бағдар  беруші  – 
мұғалім.  Оқушының  дайындық  деңгейін,  ынтасын  және  қабылдау 
жылдамдығын  ескеру  арқылы  жаңа  материалдарды  меңгеруге  байланысты 
оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның 
мүмкіндіктерін  пайдалану  қажет.  Гүлдана  Нұрғалиқызы  өз  іс-тәжірибесінде 
оқытудың  жаңа  әдістері  мен  формаларын  (проблемалық,  ұйымдастырушылық 
іс-әрекетін  компьютерлік  ойындар  және  т.б.),  ақпараттық  технологияның 
барлық  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  оқушылардың  шығармашылық 
даралығын  қалыптастыру  мақсатында  түрлі  іс-шараларды  қолданады. 
146 
 

Ұсынысы:  Оқушыларды  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа  қатынастарға 
бейімдеу қажет. Оқушының ақпараттың қажет кезін сезінуіне, оны тауып алуға, 
бағалауға  және  тиімді  қолдануға  қабілеттілігін  арттыру  үшін  ақпарат 
сақталатын  дәстүрлі,  автоматтандырылған  заманауи  құралдарын  тиімді 
пайдаланудың барлық жағдайларын жасау қажет.  
Қазалы ауданы №266 мектеп-лицейдің шет тілі пәнінің мұғалімі Жалғасова 
Ботакөз  Алматқызы  сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқыту,  диалогтық  оқыту, 
дарынды  және  талантты  оқушылармен  жұмыс,оқу  үшін  және  оқыту  үшін 
бағалау, сабақ үрдісінде АКТ қолдану, оқушыларды көшбасшылыққа баулудың 
маңыздылығын айтады. Осы жеті модульді қолдану барысында оқушылардың 
білім  дәрежесінің  жоғарылағаны,  олардың  ойлау  қабілеттері  дамығаны,  өзара 
бірлесе  отырып  жұмыс  жасау  нәтижесінде  сөйлеу  дағдыларының  дамығаны 
байқалады. Осы сындарлы оқыту технологиялары кеңінен оқытылып, таратыла 
берсе деген ұсынысын білдіреді.  
Жақсы  ауданы  Киров  ауылы,  Киров  мектеп-бақшасының  математика 
пәнінің  мұғалімі  Қуанышбекова  Ардақ  Іргебайқызы  «Ақпараттық-
коммуникациялық  технология»  өте  тиімді  деп  есептейді.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді 
және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге 
сабақ  беруде  көмектесетін  маңызды  құрал  болып  табылады.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялар  оқыту  барысында  ғылыми  жетістіктерді 
пайдалану,  оқытуды  жетілдіру  мақсатында  жаңа  сандық  технологияларды 
қолдану  бойынша  көмек  көрсетуге  арналады.  Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  сабақта  пайдалану:  сабақты  көрнекіліктермен  қамтамасыз 
етеді; дидактикалық материалдар көп болады; білім алу  жоғары талғамға сай, 
биік эстетикалық тұрғыда болады, себебі сабақтарда ақпарат тек мәтін түрінде 
емес, музыка, анимация, бейнематериалдар түрінде де беріледі; оқушылардың 
өздігінен  орындайтын  жұмыстары  ауқымды;  жеке  тұлғаға  бағытталған  білім 
беру  болып  табылады.  Компьютерді  жаңа  білімді  беруде,  қайталауда,  бекіту, 
қорытындылау,  бақылау  кезінде  де  пайдаланған  орынды.  Мұндағы  көздеген 
мақсат  –  оқушылардың  білім  алуына  және  дұрыс  жұмыс  жасауына  жағдай 
жасау.  Әрбір  сабақта  мүмкіндігінше  түрлі  презентациялар  әзірлеп,  қосымша 
электрондық  оқулықтар  пайдаланған  дұрыс.  Ал  презентация  жасай  алмайтын 
мұғалімдерге  немесе  мүлдем  уақыты  тығыз  кезде,  интернет  көздерінен 
тақырыпқа  сай  дайын  презентацияларды  көшіріп  алуға,  қазіргі  ақпарат 
заманында кез-келген тақырыпқа мәлімет тауып алуыңызға болады.  
Ақкөл  ауданы  Айтпай  Кұсайынов  атындағы  орта  мектептің  физика  пәні 
мұғалімі  Базылова  Бибігүл  Сарсембекқызы.  Ол  АКТ-ны  2012  жылдан  бастап 
қолданып  келеді.  Сабақ  үстінде  қажетті  ақпаратты  интернеттен  іздестіреді; 
қабықша-бағдарламаларды  қолданып,  тестілер  құрастырады  (VIP-тест);  сабақ 
үстінде  Web-сайттар  материалдарын  қолданады.  (виртуалды  зертханаларда 
жұмыс жасау); интербелсенді тақтамен жұмыс істейді. Бұл технология арқылы 
оқушылардың  белсенділігін,  шығармашылық  қабілеттерін,  қызығушылығын 
арттырды. Сонымен қатар, өздігінен жаңа білім алу, әртүрлі ақпарат көздерімен 
147 
 

жұмыс  істеу,  өздігінен  шешім  қабылдау  дағдылары  және  өз  өзіне  деген 
сенімділігі  пайда  болды.  Базылова  Бибігүл  Сарсембекқызы  АКТ-ны  қолдану 
кезінде сергіту жаттығуларын жасап отырады.  
Ақтөбе облысы  
Ақтөбе  қаласының  №34  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі 
Сағынтаева  Калия  Сағынтайқызы.  Компьютермен  оқыту  технологиясы  – 
оқушыны субъект дәрежесіне көтеретін жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал 
ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім 
беру  әрекеті.  Компьютермен  оқыту  технологиясында  оқушының  жеке  басына 
көп  байланысты  болатын  ерекше  психофизиологиялық  процесс  өтеді. 
Компьютердің  жүздеген  мүмкіншіліктерін  қажетті  тетіктер  арқылы  басып 
үйренген оқушы, бір жағынан, қазақ тілінен белгілі бір білім мазмұнын игеріп 
жататын  болса,  екінші  жағынан,  жасанды  интеллектімен  «тіл  табысып» 
жататыны анық. Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен 
жұмыс  жасау  дағдылары  жетіледі  деп  атап  көрсеткен.  Бұл  технологияны 
қолдану  нәтижесі  оқушының  өз  бетімен  білім  іздей  алатын  болуы  көзделетін 
негізгі нысан ретінде қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың 
жасанды  сипатын  барынша  табиғиландыруға  жағдай  жасалынады.  Сол 
табиғилықтың  өзі  компьютермен  оқытудың  гуманистік  сипатын  көрсетеді. 
Компьютермен  оқыту  технологиясында  үлкен  үш  кезең  анықталады.  Ол 
кезеңдер  іштей  кіші  кезеңдерге  бөлінеді:  дайындық  кезеңі;  компьютерде  өз 
бетімен  білім  алу  кезеңі;  білімін  бақылау  мен  түзету  кезеңі.  Компьютермен 
оқыту  технологиясындағы  мұғалімнің  оқыту  қызметі:  талдау-болжау  қызметі; 
жобалау  қызметі;  коммуникативтік  қызметі;  дидактикалық  қызметі;  бақылау-
түзету  қызметі;  психологиялық  демеу  болу  қызметі;  ұйымдастырушылық 
қызметі.  Өскелен  ұрпақты  ойлы  да  іскер,  өзіне-өзі  сенімді,  интеллектуалдық 
деңгейге  биік  азамат  етіп  тәрбиелеуде  компьютерлік  оқыту  технологиясының 
атқаратын  рөлі  зор.  Ұтымды  қолданылған  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушының 
талабын өсіріп, білім алуға ұмтылдырып, келешегіне жол ашады. Қазіргі таңда 
барлық  орта  мектептер  жаңа  иновациялық  оқыту  технологиясы  бойынша 
жұмыс  істейді.  «Инновация»  термині  латын  тілінен  алынған,  ол  «жаңару, 
өзгеру»  мәнін  береді.  Бұл  түсінік  ХХІ  ғасырдағы  зерттеулерде  пайда  болып, 
белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтердің бірінен екіншісіне енгізу дегенді 
білдіреді.  
Ақпараттық  қоғам  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық  технология 
құралдарының қарқындап, оны қолданудың іргелі ұғымдарын өскелең ұрпаққа 
қалыптастыруды талап етеді. Бұл талап білім беруді ақпараттандырудың негізгі 
бағытына  айналып  отыр.  Бастауыш  сыныптарда  пәндерді  оқыту  сапасын 
арттыруға  ақпараттық-коммуникациялық  құралдарының  мүмкіндіктерін 
қолдану  қажет  деп  ойлайтын  Ақтөбе  қаласы  №45  орта  мектептің  бастауыш 
сынып 
мұғалімі 
Қалдыбаева 
Мереке 
Сыдыққызы 
Ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялардың  оқу  үрдісінде  пайдаланудың  тиімділігі: 
оқушының  өз бетімен жұмысы;  аз  уақытта көп білім алып,  уақытты  үнемдеу; 
білім,  білік  дағдыларын  тест  тапсырмалары  арқылы  тексеру;  шығармашылық 
148 
 

есептер  шығару;  қашықтықтан  білім  алу  мүмкіндігінің  туындауы  деп  атап 
көрсеткен.  Ақпараттық  технологиялар  оқушылардың  тұлғалық  сапаларын 
дамытуға,  сақтауға  және  ашуға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық-
коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс 
істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық 
оқулықтарды,  интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге, 
комьпютерлік  оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік 
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім 
беруді жетілдіруді көздейді.  
Ақтөбе  қаласы  №24  лингвистикалық  гимназияның  шет  тілі  пәні 
мұғалімдері  Елеуова  Қаламқас  Көбегенқызы,  Сурабалдинова  Гүлсім 
Әлжановна,  Төремұратова  Нұржауған  Жомартқызы.  Шет  тілдері  пәндерін 
оқытудағы оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің нәтижелері үшін тиімділігін, бұл 
білімдер  технологиялық  құрылғылар  саласындағы  жеткілікті  хабардарлықты 
да,  оларды  басқару  үшін  қажетті  дағдыларға  ие  болуды  да  талап  ететіндігін 
айтады.  Шет  тілдері  пәнінің  жас  мамандарының  тәжірибесінде  ақпараттық-
комуникативтік құралдарды пайдалана отырып, қолданатын әдіс-тәсілдерін жан 

жақты  көрсету,  тарату  туралы  ұсынысын  білдіреді.  Осы  мектептің  шет  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Абдиреева  Жұлдыз  Амангелдіқызы  осы  технология  туралы 
сабақта  теориялық  және  тәжірибелік  білімдерді  қолданған  кезде,  анықтаушы 
фактор  оқыту  үрдісінің  мазмұны,  әдістемесі,  технологиясы  саласындағы 
білімнің  қалыптасқандығы  болып  табылады.  Нәтижесінде  оқушыға  бүкіл 
өміріне  жеткілікті  білім  береді,  мазмұндық  оқытуды  жүзеге  асырады.  АКТ 
енгізген  кезде,  теориялық  және  тәжірибелік  білімдер  өзара  тығыз  байланыста 
болуы тиіс деген ұсынысын білдіреді.  
Ақтөбе  қаласы  №24  лингвистикалық  гимназияның  мұғалімі  Байбулова 
Шамшат Молдағалиевна, Қобланова Айгүл Аубикеровна Технологиялық білім 
класта  АКТ-ны  қолдану  жөніндегі  білімдерді  қамтиды.  Техникалық  жағынан 
сауатты  болу  оқушылардың  сандық  құралдарды  пайдалана  білуін  білдіретінін 
айтады.  Ал  өздерінің  әріптесі  Есенжолова  Асем  Нұрлыбекқызы  осы 
технологияны қолдану Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін 
білмей-ақ,  web-сайтты  бірлесіп  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Оқыту  барысында 
технологияларды  тиімді  қолдану  маңызды  болып  саналады  деп  пайымдайды. 
Сонымен  қатар  оқушыларды  тарту  және  оларды  әрекеттерге  қатыстыру  үшін, 
оларда  біреудің  жұмысын  өзгертуге  және  оны  өз  түсінігімен  ауыстыруға 
жеткілікті сенімділігі болуы тиіс деген ұсыныс айтады. Осы мектептің шет тілі 
пәнінің  мұғалімі  Қалиева  Сақыпжамал  Жарасқановна  ақпараттық  технология 
оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын, 
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін 
маңызды  құрал.  Бұл  тапсырма  оқушылардың  «өзін-өзі  жетілдіру»  ретінде 
қаралады деп атап көрсеткен.  
Осы технологияны сабағында тиімді қолданатын Ақтөбе қаласының №14 
орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Жылқыбаева Гүлдана Бақбергенқызы 
Ағылшын  сабақтарында  АКТ-ң  әдіс-тәсілдерін  қолдану  арқылы  жан-жақты, 
149 
 

жаңашыл  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды,  жаңа  ақпараттық  технологияны 
қолдану  саласы  бойынша  оқушылардың  мамандыққа  баулу  механизмін  құру 
қажеттігін айтады. Өз тәжірибесінде оның өте тиімді және пайдалы екеніне көз 
жеткізген.  
Білім  беру  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  негізінен 
адамдардың  білім  көкжиегін  кеңейтіп,  олардың  техникалық  және  әлеуметтік 
үрдістерін  басқару  мүмкіндігін  дамытатын,  ақпаратты  жинап,  ұйымдастырып 
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуға 
мүмкіндік береді деп білетін Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының №2 мектеп- 
гимназиясының  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі  Тұралина  Салтанат  Әлімқұлқызы 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  жеке  тұлғаны 
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мұғалімге бүгінгі таңдағы 
адамзаттық  ақпараттық  жетістіктерінің  алуан  түрінде  жол  таба  алатын,  өз 
бетінше ойлай білетін жаңа адамды қалыптастыруға септігін тигізеді деп атап 
көрсеткен.  Мұғалімнің  өз  жұмыстарының  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін 
түбегейлі  өзгертуге,  оқушылардың  жеке  қабілеттілігін  дамытуға,  оқудағы 
пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты 
электронды оқулықтар үнемі жаңадан жаңа дүние жасауы, қоғамның талабына 
сай  мұғалім  жаңаша  көзқарасты,  терең  ойлы  болуы  керек.  Сондықтан  заман 
талабына  сай  жас  ұрпақты  көкірегі  ояу,  ізденімпаз,  өзіндік  шығармашылық 
жұмыспен  айналыса  алатын  дәрежеге  жеткізу  жолында  бірқатар  жұмыстар  өз 
нәтижесін береріне сенімділігін білдірген.  
Ақтөбе  қаласының  №31  орта  мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі 
Құсмағанбетова  Сұлужан  Сырымқызы  ақпараттық-жобалау  әдісіне  ізденіс, 
зерттеу,  мәселелік  әдістер,  шығармашылық  жұмыстар  жататынын  айтады. 
Жобалау ұғымы негізінде - мәселенің нәтижесіне болжау бағыттылығы жатыр. 
Соңдықтан  мұғалім  жетекшілігімен  оқушылар  жобалау  мәдениеті  механизмін 
меңгереді.  Мәселелерді  тауып  оларды  шешуге  үйренеді,  жан-жақты  алған 
білімдерін қолданады Жобаның түрлерін тандайды: оқушы санына байланысты 
моно,  жұптық,  топтық;  ұзақтығына  байланысты  қысқа  уақытылы,  орташа 
уақытылы (апта), ұзақ уақытқа (1 жыл); мазмұнына байланысты зерттеушілік, 
шығармашылық,  практикаға  бағытталған,  ақпараттық;  аймаққа  байланысты 
аудандық,  қалалық,  облыстық  халықаралық  Жоба  нәтижеге  бағытталған. 
Жобалаушы  қандай  қадамдарды  жасағанда  мақсатқа  жететінің  таңдай  алады. 
Жобаны сатылап жүзеге асыруға болады: І. Ізденіс – мәселені анықтау, идеалды 
жағдайды  модельдеу,  тақырып  анықтап,  мақсат  қою;  ІІ.  талдамалық  кезең  – 
барлық  ақпаратты  терең  талдау,  жобаның  міндеттерің  анықтау,  әр  кезеңдегі 
жұмысты  бөлек  жазу,  алатын  өнімді  жоспарлау.  ІІІ.  Практикалық  этап-
жоспарланған  жұмысты орындау,  әр  этатағы  жұмыс бөлек  жазылады,  қажетті 
өзгеріс  енгізу.  ІV.  Презентациялық  кезең.  V-ші  кезең  өнімді  бағалау  деп  атап 
көрсетеді. Ақпараттық жобалау технологиясы тарих сабақтарында пайдалануға 
өте қолайлы әдістің бірі деп есептейді. Сабақта қысқа мерзімді жобамен қатар, 
әр  тарауға  байланысты  орта  мерзімді  жобалар  көбірек  қолданады;  қандайда 
болсын мәселені талдау барысында оқушылар сыни ойлау негізінде ақпаратты 
150 
 

таңдау,  іріктеу,  талдау,  өзгерту,  сақтау,  модельдеу,  тасымалдауға  үйренеді; 
алдарына  мақсат-міндеттер  қоя  біледі  және  оған  жету  жолдарын,  зерттеу 
әдістерін  анықтай  алады;  презентация  барысында  өз  ойларын,  пікірлерін 
дәлелдеуге машықтанады, гипотеза-болжау жасай алады, жұрт алдында сөйлеу 
мәдениетін  меңгереді,  алған  білімдерін  өмірде  қолдануға  үйренеді,  демек 
қажетті  құзыреттіліктерге  ие  болады;  тек  кітаптағы  жазылған  мен  ғана 
шектелмей,  тарихи  мәселелерді  терең,  жан-жақты  талдауға  мүмкіндік  алады. 
Осы айтылғандардың арқасында оқушы практикалық кезеңнен (тест, бақылау, 
сынақ т.б.) сүрінбей өтеді; дарынды таланттарын анықтауға мүмкіндік береді. 
Осының негізінде  ғылыми  жобалармен  әр  түрлі  сайыстарға  қатысып,  жүлделі 
орындарға  ие  болып  жүрген  оқушылары  баршылық  екенін,  ҰБТ-дан  жоғары 
көрсеткішке  қол  жеткізгенін,  ең  бастысы  –  оқушының  өзіне  деген  сенімі 
нығаяды,  шығармашылық  ізденіс  дағдыларын  меңгеріп,  бәсекеге  қабілетті 
тұлға  болып  қалыптасатынын  айтады.  Мұғалімнің  ұсынысы:  мәселені  ұсыну 
барысында  мұғалім  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеруі  қажет;  зерттеу 
мәселесінің  мәнді  болуы,  оқушылардың  зертте  -ізденісі  жөнінде  біліктілігі 
болуы; мәселе бойнша нәтиженің тәжірибелік танымдық маңыздылығына назар 
аудару;  ақпартты  дұрыс  іріктеп  тандауға  бағыттау;  оқушылардың  дербес  іс-
әрекетін  (жеке  дара,  жұптық,  топтық)  көніл  аударып,бағалау  кезінде  ескеріп 
отыру; әр кезеңнен кейінгі алынған нәтижені мұғаліммен бірлесіп талдау және 
жүйелеп жинау қажет; жобаның тақырыптарын тандау барысы әр түрлі болуы 
мүмкін: берілген бағдарлама бойынша тақырыпты тереңдеп меңгеру мен қатар, 
тарихқа  қызығушылығына  байланысты  мәселелерді  тандауға  болады;  іс-
әрекеттердің  нәтижеге  жеткізетін  тәсілдерін  тандау,  міндетті  түрде 
презентациялау  және  қорытынды  шығару  қажет;  бағалау  кезінде  рейтинг 
жүйесін қолданған тиімділеу.  
Ақтөбе қаласының №10 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қайсарова 
Гүлдәурен  Тұрарқызы.  Электрондық  оқыту  технологиясы  –  бұл 
мультимедиялық  оқытудың  бір  түрі.  Электрондық  оқытудың  незізгі  мақсаты: 
«оқыту  процесін  үздіксіз  және  толық  деңгейін  бақылау,  сонымен  қатар 
ақпараттық ізденіс қабілеттерін дамыту». Нәтижесінде шұғыл кері байланысты 
қамтамасыз етеді, дәстүрлі оқулықта көп ізденісті қажет ететін тиісті ақпаратты 
тез  табуға  көмектеседі,  гипермәтінді  түсіндірмелерді бірнеше  рет  қарап  шығу 
барысында  уақытты  анағұрлым  үнемдеуге  мүмкіндік  береді,  жобалайды, 
әңгімелейді, т.с.с. (мультимедия технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы 
тура осы жерде көрінеді), әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға 
мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді, белгілі бір 
бөлім  бойынша  білімді  тексеруге  мүмкіндік  туатынын  айтады.  Ұсынысы: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет