ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

 
модуль технологиясы  
 
Ақтөбе  қаласы  №15  орта  мектебінің  биология  пәні  мұғалімі  Тыныбекова 
Айнагүл  Иркесбайқызының  ұстаздық  етіп  келе  жатқанына  15  жылдан  асты. 
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясын  2013  жылдан  бері  сабақтарында 
қолданып келеді

Бұл технология:  
1)
 
Сын тұрғысынан ойлау.  
2) Дарынды және талантты оқушыларды оқыту.  
3) АКТ-ны пайдалану.  
4) Топтық жұмысты ұйымдастыру.  
5) Көшбасшылық.  
6) Кері баланыс орнату.  
7) Жас ерекшеліктерге сай оқытуды қамтитын модульден тұрады.  
Мұғалім сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, ойды шыңдау деп есептейді. 
244 
 

Бұл  жоба  арқылы  оқушылар  берілген  тақырып  мазмұнына  сын  тұрғысынан 
қарап, өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез-келген 
сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Сын тұрғысынан ойлай отырып, 
өзіндік  белсенділіктің  болуы  да  білімге  құлшынысты,  жаңалықты  ашуға, 
ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз 
жұмыс  жасауына  жол  ашады.  Оқушының  ізденісі  жеміссіз  болмақ  емес.  СТО 
оқушыны  мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға, 
бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын 
іздеуге,  қиындықты  женуге  баулиды.  Жеті  модульмен  жұмыс  жүргізгендегі 
мұғалімнің өз іс-тәжірибесіне қосқан жаңалықтарының бірі – бағалау. Айнагүл 
Иркесбайқызының  өткізген  сабақтарында  топтардағы  көшбасшылар  және  топ 
мүшелерінің  өздерін-өздері  бағалауы  сәтті  өтті.  Дәстүрлі  сабақта  бағалау 
мұғалімге  тәуелді болғандықтан, 7  модуль  технологиясын қолданған алғашқы 
сабағында  алдымен  көшбасшының  бағалауын  тыңдап  және  өз  бағасын  қоса 
ескеріп, содан кейін ғана әр оқушыға баға қойылды.  
Алтаева  Ләззат  Жұмабайқызы  Ақтөбе  қаласындағы  №30  орта  мектепте 
информатика  пәнінен  оқушыларға  15  жылдан  бері  сабақ  беріп  келеді.  Сабақ 
беруде  деңгейлік  технологияны  қолданып,  өзінің  іс-тәжірибесіне  енгізуде. 
Мұғалімнің  білім  беруі  мен  оқытудың  кәзіргі  замандағы  әдістері  негізгі  жеті 
модульге бөлінеді: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан 
ойлауға  үйрету;  Білім  беру  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау;  Білім  беруде 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану;  Талантты  және 
дарынды  балаларды  оқыту;  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім 
беру  оқыту;  Білім  берудегі  басқару  және  көшбасшылық.  Бұл  жеті  модульде 
қарастырылатын  білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер  –  «Диалог 
негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету».  
Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, 
оқушымен  мұғалімнің  арасындағы  байланыстың  негізгі  құралы  бұл  –  диалог 
екенін  меңзейді.  Яғни,  осы  диалог  сабақ  барысында  тиімді  қолданылса, 
оқушылар  өздерінің  ойларын,  көзқарастарын  жан-жақты,  еркін  айтуына, 
дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған 
білімдерін  есте  сақтап,  қосымша  өздігінен  ізденіп  оқуға,  яғни,  білім  жинау 
жауапкершілігін  түсінуге  мұғалім  қандай  іс-әрекет  жасауын  қарастырады. 
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу 
және  білім  беру  процесінде  кез-келген  мәселені  талқылауды,  басқалардың 
идеяларын ой елегінен  өткізіп, сыни  тұрғыдан  қарау.  Сыни  тұрғыдан ойлау  – 
бақылау  мен  тыңдау  арқылы  дәлелдер  жинастыру,  шешім  қабылдамас  бұрын 
саналы  оймен  қорытындылау  дағдыларын дамытуды  қарастыратын  модульдің 
1, 3, 5, 6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, 
баламалы  шешімдерді  қабылдауға,  ойлау  және  іс-әрекетімізге  жаңа  немесе 
түрлендірілген  тәсілдерді  енгізуге  дайын  болуға  ұйымдастырылған  қоғамдық 
әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.  
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар 
өздерінің  түсініктерін  құра  алатын  белсенді  оқушылар  болатын  болса,  онда 
245 
 

мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі 
ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін 
қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен балалар 
үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін 
түсіну  не  үшін  керек  екенін  білу  маңызды.  Білім  беруде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  оқушыларға  ғылыми 
ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге 
мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып 
табылады.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  дамуы  білімді 
бағалау  және  пайдалану  жүйесін  де  уақтылы  өзгертіп  отыруды  талап  етеді. 
Осыған  байланысты  білім  беруде  қолданылатын  әдіс-тәсілдер,  әдістемелер, 
технологиялар  жаңартылып  отырады.  Сондықтан  оқыту  барысында  осы 
технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.  
Сабақ  процесіне  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  енгізген 
кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып 
қолдануды  қамтамасыз  етеді,  ал  бұл  оқу  және  оқыту  үдерістерін  жақсартуға 
жағдай  жасайтын  болады.  Мектептегі  технологияларға  мыналар  жатады: 
Теледидар  бағдарламалары;  Сандық  теледидар;  Интернет;  Ұялы  телефон; 
Ұтқыр  қондырғылар;  Компьютер,  ноутбук.  Қазақстанның  жан-жақты  дамып, 
көркеюі  үшін  талантты  да  қабілетті  оқушыларды  тауып,  оларды  білім  беру 
барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту – 
мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды 
талап етеді. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың 
басқа  мүшелері  немесе  балалардың  өздері  айқындай  алады.  Балалардың 
қабілеттіліктерін,  біліктілігін,  әлеуетті  мүмкіндіктерін  көрсету  үшін  оларға 
жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға 
соғуы  мүмкін.  Жоғары  деңгейлі  қабілеттері  бар  оқушыларды  табуға  арналған 
бес  өлшем:  Жады  және  білім  –  тамаша  жады  және  ақпаратты  қолдану; 
Ақпаратты  пайдалану  –  түйінді  идеяларды  анықтай  білу,  түрлі  көздерден 
алынған  ақпараттарды  таңдай  және  тиісінше  өңдей  алу  қабілеті;  Ойлау 
жылдамдығы  –  олар  жоспарлауға  көп  уақыт  жұмсауы  мүмкін,  бірақ 
шешімдерге тез келеді; Проблемаларды шешу – олар ақпаратқа қосымшаларды 
енгізеді,  сәйкессіздікті  көрсетеді,  мазмұнын  тез  түсінеді;  Қиындыққа 
қызығушылық – қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және 
тапсырмаларға  ұмтылады.  Оқыту  барысында  әр  оқушыны  жан-жақты  зерттей 
келе  мұғалім  осы  өлшемдерге  дәл  келетін  оқушыны  тауып,  және  де  сол 
өлшемдерді  өзгертуге,  қолдануға  болатын  тиімді,  әр  қилы  тапсырмалар 
қолдану керек.  
Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  –  бұл  модуль 
талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту  тақырыбымен  тығыз  байланысты, 
себебі  екі  модуль  де  оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 
бағытталған  сараланған  оқытуға  қатысты  болып  отыр.  Оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  және  оқу  балалар  дамуында  оқудың 
қолжетімділігі  дәрежесін  анықтайтын  кезеңдеріне  қатысты  «Білім  беру  мен 
246 
 

оқытудағы  жаңа  тәсілдер»  модулімен  тығыз  байланысты.  Әртүрлі  жастағы 
балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік 
үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына 
бейімделген  сындарлы  диалогті  ынталандыру  стратегиясы  да  әр  жастағы 
балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – 
білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан 
енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен 
түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды.  
Бағдарлама жеті модульден тұрады: 1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 
2)  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету,  3)  білім  беру  үшін  бағалау  және  оқуды 
бағалау, 4) АКТ-ны қолдану, 5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, 
6)  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  білім  беру  және  оқыту, 
7) 
білім берудегі басқару мен көшбасшы-лығы. 7 модуль бойынша сабақтарды 
қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына 
байланысты  инновациялық  технологияны  қолдану  қажет.  Бағдарлама 
оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-
пікірін  жеткізе  білетін  ынталы  сенімді  болуды  қалыптастырады.  Күнделікті 
сабақтарда 
сыныпта 
ынтымақтастық 
ахуал 
қалыпастыру 
білімге 
құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса 
жұмыс  істей  отырып,  олар  бір  нәтижеге  жету  үшін  топ  ережелерін  сақтауды 
үйренеді.  Өз-өздерін  реттеулері  мен  көшбасшылыққа  ұмтылулары, 
дарындылары  айқындала  бастады.  Оқыту  мен  оқытудағы  жаңа  тәсілдердің 
ішінде  диалогтық  оқыту  тәсілі  де  тиімділігін  көрсетеді.  Ол  ұжымдық  және 
өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, 
сұхбаттасу,  «миға  шабуыл»  логикалық  сұрақ-жауап  әдістері  арқылы 
жүзеге асады.  
Білім беру  жүйесіне  жаңа инновациялық  технологияларды  енгізу  арқылы 
оқыту  үрдісін  жетілдіру,  оқушының  танымдық  қабілетін  дамыту,  саналы 
деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау 
арқылы  өзін-өзі  таныған,  ақыл-ойын  жан-жақты  дамытқан  «Мендік»  пікірі 
қалыптасқан  оқушы  тәрбиелеу  мұғалімдер  алдына  тың  міндеттер  жүктейді. 
Жаңашыл  іс-әрекетке  жетелейді.  Кембридж  бағдарламасының  әдіс-тәсілдерін 
меңгеруде  «Желілік  жүйесі»  форумына  шығып,  өзара  байланысты  үзбеуге 
болады. алыстағы ақпарат көздерін пайдалану, түрлі жүйелерге ену арқылы өз 
бетімен  іздену,  сұраныс  бойынша  ақпарат  алу,  интернет  тарапында  берілген 
тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, ақпаратты кез-келген арақашықтықта 
тез  арада  жеткізу,  өзі  оқып  отырған  тілде  электронды  пошта  арқылы  хат 
алмасу, ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу. Біріншіден, оқушының жеке 
тұлға  және  әлеуметтік  нысан  ретіндегі  келешегі,  екіншіден,  оқытудың  оқушы 
мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Егер 
«жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: «жеке тұлға 
– 
бұл  адамның  психикалық,  рухани  мәні,  ол,  әртүрлі  жинақталған  қасиеттер 
жүйесіне  тән.:  адамның  әлеуметтік  маңызды  қасиеттерінің  жиынтығы;  өзіне 
және өзімен өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі; іс жүзіне 
247 
 

асырылып  жүрген  әлеуметтік  рөлдер  қызметінің  жүйесі,  мінез-құлық 
әрекеттерінің жиынтығы; айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете 
түсінуі;  қажеттілік  жүйесі;  шығармашылық  мүмкіншілігі  мен  қабілеттерінің 
жиынтығы; сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы; және т.б. (Г.К. Селевко).  
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық 
дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  шығарып,  таратуында. 
Педагогикалық  технологиялар  ғылымға  мықтап  енген.  Бұл  педагогикалық 
технологиялар оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, танымдық 
процестерді – жады, ойлау, зейін, елестету қабілетін дамытуға, оқуға жағымды 
қызығушылық қалыптастыруға, белсенді сөздік қорын, ауызша, жазбаша тілін 
дамытуға,  тұлғаның  қиындықтарға  даяр  болу  және  оны  жеңе  білу,  қарым-
қатынас,  ойын,  танымдық,  қауіпсіздік,  сыйласу,  шығармашылық,  өзін-өзі 
өзектілендіру,  өзін-өзі  реттеу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  ықпал  етеді. 
Оқушылар  өзара  сөйлесудің,  оқыта  үйрету  ойындарының  артықшылығын 
көреді.  Бұл  оқушылардың  өз  күшіне  сенуіне  және  оларда  оқуға  жағымды 
қызығушылық  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Дарынды  балалар  сабақта  жүйелі 
түрде,  үнемі  аса  жоғары  күрделілік  деңгейінде  жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  ие 
болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.  
7  модульді  сабақта  көп  пайдаланатын  Ақмола  облысы  Егіндікөл  ауданы 
Жаңақоныс негізгі мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құсайынова Гүлмира 
Түлеубайқызы 5 жолды өлең, Эссе жазу оқушылардың тек шығармашылығын 
ғана  емес,  сөздік  қорларының  артуына  да  көп  көмегін  тигізеді.  Өз беттерімен 
іздену  тіл  байлығының  артуына  ғана  емес,  баланың  ойының  дамуына  да  өте 
пайдалы. Бағалау критериилері мен АКТ-мен жұмыс жасау уақытты үнемдеуге 
көмектеседі деп атап көрсеткен.  
Қасымова  Дина  Амангелдіқызы  Қарағанды  қаласындағы  №  39 
гимназияның жоғары  санатты,  информатика пәнінің  мұғалімі.  Ұстаз  өзінің  іс-
тәжірибесімен  бөлісе  отырып,  7  модуль  технологиясын  қолдану  нәтижесінде 
оқушыларымен қоса өзінің де көзқарасы өзгергенін айтады. Мәселен мұғалім: 
оқушылардың  өз  бетімен  белсенді,  танымдық  қабілеттерін  дамытуды 
ұйымдастырушы,  өздігінен  дамуы  үшін  жағдай  жасаушы,  оқушының 
бойындағы  шығармашылық  қабілеттерін  әрі  қарай  жетілдіру  жолдарын 
қарастырушы, оқушының өз ойын білдіру және өзгені тыңдай білу, өз білімін 
бағалай  білуші  ретінде  оқушының  жан-жақты  дамуын  қарастырушы,  өз 
жұмысыма  сыни  көзбен  қарау  және  баға  беруші  ретінде  өзгерген.  Күнделікті 
сабақтарында  7  модульді  ықпалдастырып  енгізеді.  Сабақта  тек  білімділік 
мақсаттарды  шешіп  қоймай,  оқушылардың  шығармашылық  қасиеттерін, 
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырады. Мұғалім үшін оқушылардың 
ойын дамыту, белсендігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді 
жүргізе  білудің  маңызы  ерекше  болып  табылады.  Оқу  үрдісінде  жаңа 
технологияның  әдіс-тәсілдерін  ұтымды  қолдану  –  мұғалімнің  шеберлігін 
шыңдау, біліктілігін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқытудың 
басты  ерекшелігі  –  оқушылардың  қарым-қатынасы  арқылы  тілін  дамыту, 
оқушының  дамуына  жағдай  жасау,  оқушы  оқушымен,  топпен,  ұжыммен, 
248 
 

мұғаліммен  қатынаста  болуына  жағдай  тудыру.  Сондықтан  топтарды 
ұйымдастыру  кезінде  оқушылардың  өзара  қарым-қатынасын  ескеріп,  олардың 
бір-бірімен  білім  алмасуын,  жеке  тұлғасын  дамытуға  ықпал  жасауына  көңіл 
бөлемін.  Сыныпты  топтарға  бөлмес  бұрын,  мұғалім  ынтымақтастық 
атмосферасын  қалыптастыру  үшін  әр  түрлі  тренингтер  өткізеді.  Қорыта 
айтқанда,  Дина  Амангелдіқызы  оқушыларымен  бірге  өзі  де  жаңа  сатыға 
көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігін қоса ұштастырып, 
жас  ұрпақты  әлемді  мойындататын  рухани  биікке  көтеруді  тәжірибелі  ұстаз 
басты міндеті деп санайды.  
Степногорск қаласы А.Косарев атындағы № 9 орта мектебінің тарих пәні 
мұғалімі  Кожахметова  Нұргүл  Темірбаевна,  І  санатты  тарих пәнінің  мұғалімі, 
ІІІ деңгейде сертификатталған мұғалім.  
Сабақ  7  модуль  бойынша  құрстырылған.  Осы  сабақты  облыстық  тарих 
пәні  мұғалімдерінің  біліктілік  арттыру  курсында  көрсетті  және  жоғары 
ғылыми-теориялық және практикалық деңгейде өткізгені үшін білім бөлімінің 
грамотасымен марапатталған (7-кесте).  
 
7-
кесте – 7 модуль бойынша құрстырылған сабақ жоспары  
 
Сабақтың 
тақырыбы: 
Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері 
Жалпы 
мақсаты: 
 
Сабақтың мақсаты: 
1.  Оқушыларға  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін,  әдет-
ғұрыптарын таныстыру, маңызы мен тәрбиелік мәнін ұғындыру 
2. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, есте сақтау қабілеттерін 
дамыту, әр түрлі жағдайлардан шыға білетін әділ, шешен тұлға 
қалыптастыру. 
3.  Оқушыларды  жан-жақты  білімді  болуға,  адамгершілігі  мол, 
салт-дәстүрді  құрметтейтін,  сақтайтын,  келесі  ұрпаққа 
жалғастырушы азаматты тәрбиелеу. 
Күтілетін 
нәтижесі: 
Өз  халқымыздың  салт-дәстүрлерін  білумен  қатар,  салт-дәстүр 
мен  әдет-ғұрпын  орындау,  әрі  дамыту  әрбір  ұрпақтың  міндеті 
екенін түсінеді. 
Сабақтың 
көрнекілігі
: 
Интерактивті  тақта,  ақ  парақшалар,  маркерлер,  карта,  бағалау 
парағы, оқулық, көркем әдебиет, слайдтар, суреттер 
Қолданыла
тын  әдіс-
тәсілдер: 
Жеке, жұппен, топпен жұмыс, топтастыру 
Кезеңдері 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушыл
ар 
іс-
әрекеті 
Ұйымдаст
ыру кезеңі 
Сәлемдесу, психологиялық ахуал: өзін-өзі реттеу. 
Армысың, ардақты аспан – ата! 
Оқушыл
ар 
249 
 

(1,5 минут)  
 
 
 
Қызығушыл
ығын ояту  
(10 минут) 
Армысың, қасиетті жер – ана! 
Армысың, шұғылалы алтын күн! 
Күліп шықты күн бүгін! 
Оқушыларды  жас  ерекшелігіне  қарай  топтарға  бөлу. 
Бағалау парақтарын тарату. 
Үй тапсырмасы: «Мен саған, сен маған» 
1.
 
Қазақтың  киіз үйінің  қанша  мың  жылдық  тарихы 
бар? (2 мың жылдан астам) 
2.
 
ХҮ-ХҮІ  ғасырларда  киіз  үйдің  қандай  түрлері 
болған  және  қанша  қанатты  болған?  (түркілік  және 
моңғолдық, 4, 8,12,18, тіпті 30 қанатқа дейін болған) 
3.
 
Отырықшы  баспананың  қандай  түрлері  болған? 
(қыстау,  қыстақ-қоныс,  тастан,  топырақтан  салынған 
бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент)) 
4.
 
Үй жылытатын пештің неше түрі болған? Қандай? 
(тік  мұржалы  қазандық,  бірнеше  құдықты  қабырғасы 
бар қазандық және темір пеш) 
5.
 
Қазақтың  дәстүрлі  киімдері  нешеге  бөлінді? 
Қандай? (ерлер киімі, әйелдер киімі) 
6.
 
Қандай  ұлттық  тағам  түрлерін  білесіңдер?  (еттен 
және сүттен жасалынған) 
7.
 
Ыдыс-аяқтар неден жасалынған? (теріден, ағаштан 
және сүйектен жасалынған) 
8.
 
Қандай  қару-жарақтары  болған?  (Бес  қару:  ату 
қарулары (садақ, жақ, жай), түйрегіш қарулар (найза, 
сүңгі, жыда), кесу қаруы (қылыш, семсер, сапы), шабу 
қаруы (айбалта), соғу қаруы (шоқпар, күзгі). 
 
«Ой қозғау» 

Құрметті оқушылар!  

Мына  әнге  назар  аударыңдаршы?  (Ән  «Қазақтың 
салт-дәстүрі») 

Ән не туралы? 

Ендеше,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  қандай 
болады деп ойлайсыңдар?  

Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері 

Бүгінгі  сабағымыздың  мақсатымыз  халқымыздың 
салт-дәстүрлері  мен  асыл  мұралары  туралы  молырақ 
мәлімет  алу.  Қазақ  халқының  салт  дәстүрлері  мен 
әдет-ғұрыптарының  түрлері  өте  көп.  Халқымыздың 
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, 
үлгілері  мен  өнегелері  соның  айғағы.  Қазіргі  таңда 
осы  дәстүрлер  жаңаша  жақсылықтармен  толысып, 
салт-санамызға  сіңіп,  қастерлі  қасиетке  айналып 
келеді. 
топтарғ
а 
бөлінеді

 
 
 
Оқушыл
ар 
сұрақта
рға 
жауап 
береді. 
250 
 


Балалар әдет-ғұрып дегенді қалай түсінеміз? 

Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз? 

Әдет-ғұрып  ұзақ  тарихи  мерзімде  біртіндеп 
қалыптасып,  халықтың  санасына  сіңіп,  қай  ұлттың 
болсын  ұлттық  болмысын  құрайды  және  оны  басқа 
этностардан ерекшелендіреді. 

Салт-дәстүр  дегеніміз  –  халықтың  жөн-
жоралғыларының, ұстанымдарының жиынтығы. Салт-
дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-
тіршілігінен,  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастарынан, 
дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. 
Мағынаны 
тану 
15 минут 
 
Мағынаны тану 
І. Мәтінмен жұмыс 
Әр топқа мәтін таратылады 
Әр топқа тарауларды таратып беріп әр топқа тапсырма 
беру. 
1  топ.  Қазақтардың  қонақжайлылық  қасиеті  және 
өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары. 
2  топ.  Әдептілік  пен  сыпайылық,  үлкендерге  құрмет 
әдет- ғұрпы. 
3 топ. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар 
мен салт - дәстүрлер. Бата беру. ІІ. Көрініс көрсету.  
1-
топ «Тыштырма» (дәстүр) 
2-
топ «Тұсау кесу» (салт) 
3-
топ «Ат қою» (ғұрып) 
ІІІ. Кластер: 
Сәлем беру. Айдар. Тілашар. Байғазы. Ат қою. Кіндік 
кесер.  Базарлық.  Қырқынан  шығару.  Шілдехана. 
Кекіл.  Тыштырма.  Бесікке  салу.  Қалжа.  Көңіл  айту. 
Көңіл  сұрау  сөздерін  дәстүр,  салт,  ғұрып  сөздеріне 
топтастыру керек. 
Оқушы 
лар 
жеке, 
жұппен, 
топпен 
жұмыс 
жасайд
ы. 
 
 
 
 
 
Оқушыл
ар 
мәлімет
терді 
дәптерл
еріне 
жазып 
алады. 
Ой 
толғаныс 
10 минут 
ІV. Қорытынды жабық тест 
1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - 
сауық, той атауы -... (шілдехана). 
2.  Нәресте  туған  сәтте  оның  кіндігін  әйелдер  (кіндік 
шешесі)  дайын  тұрады.  Кіндік  кесу  -  мәртебелі, 
абыройлы іс қалай аталады? (Кіндік кесер). 
3.  Жаңа  туған  баланы  бесікке  салу.  Бесік  қасиетті, 
киелі,  құтты  мүлік,  сәбидің  алтын  ұясы  болып 
есептелетін салт қалай аталады? (Бесікке салу). 
4.  Баланың  туғанына  қырық  күн  толған  соң  оны 
ыдысқа  қырық  қасық  су  құйып  шомылдырады.  ол 
сәбидің  жан-жүйесінің  қалыптасып  дені  сау  болып 
Оқушыл
ар 
берілген 
тапсыр
малар 
бойынш
а жұмыс 
жасайд
ы. 
251 
 

өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? 
(Қырқынан шығару).  
5.  Сәби  қаз  тұрғаннан  кейін  тез  жүріп  кетсін  деген 
тілекпен жасалатын ғұрып (Тұсау кесер). 
6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен 
әйгілі  адамдардың  атын  қойған.  Сонымен  бірге  бала 
есімін  беделді  кісілерге  қойғызып  батасын  алған 
ғұрып қалай аталады? (Ат қою). 
7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай 
аталады? (Айдар). 
8.  Жас балалардың шашын ұстарамен алып  тастайды 
да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін 
тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? (Кекіл). 
9.  Балалрдың,  жастардың  жаңа  киімі  үшін  берілетін 
ақшалай, заттай сый. (Байғазы). 
10. Ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе 
жұмылып,  біреудің  белгілі  бір  жұмысын  бітіріп 
береді.  Мәселен,  олар  біреудің  қысқы  баспанасын 
немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын 
қазып  беруге  жұмыла  көмектеседі.  Бұл  ғұрып  қалай 
аталады? (Асар).  

минут 
Рефлексия 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет