ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

қазіргі  электронды  оқыту  технологиясын  өз  сабақтарында  тиімді  пайдаланса, 
оның сапалы екеніне көздері жетеді. Сондай-ақ өздері іздене отырып, оқушыны 
да іздендіруге жол ашады.  
Әйтеке би ауданының Жабасақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі 
Қосымова  Гүлжан  Бекмұратқызы.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  АКТ 
технологиясын  қолдану  маңызды  деп  ойлаймын.  Интербелсенді  тақта  мен 
151 
 

ғаламтор  желісі  мүмкіндіктерін  пайдалану  жетістікке  жетелері  сөзсіз.  Word 
бағдарламасы  әрбір  сабаққа  қажетті  түрлі  мәтіндік  материалдар  құру  үшін 
керек, Excel кесте, сызба, график, тест құру үшін, Pomer Point оқушылардың өз 
бетімен  орындайтын  жұмыстарына  сабаққа  қажетті  материалдар  әзірлеу  үшін 
керек. Ақпараттық технология қазіргі заман талабына сай пайданалу мүмкіндігі 
мен  тиімділігі  білім  беруде  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге,  ақпараттық  коммуникативтік  технология 
сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу 
жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан 
да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы 
тұсаукесер  сабақтарын,  компьютерлік  формадағы  бақылау  сабақтарын 
дайындауға  болады  деп  сипаттайды.  Бұл  технологияның  тиімділігі,  оқушы 
мұғалімнің  бағыт  –  бағдар  беруі  арқылы  өз  бетімен  ізденіп,  жаңа  мәліметтер 
алып,  еңбектену  арқылы  игереді.  Білімді  меңгере  отырып,  оқушы  сын  көзбен 
қарауға,  өз  ойын  еркін  айтуға,  өз  құқықтарын  қорғай  білуге,  ақпарат  көздері 
арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі. Нәтижесі көріне бастады: 
1. 
Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығы  артты.  2.  Өз  бетінше  іздену 
жұмыстарын  жүргізуге  дағдыланды.  3.  Ғаламтордан  тың  материалдар  тауып, 
сабақ  барысында  қолдана  алатын  деңгейге  жетті.  4.  Тест  құру,  кестелер, 
сызбалар  дайындайтын  болды.  Ұсынысы:  1.  Аталған  технологияларды  әр  пән 
бойынша тиімді қолдану жолдары мен методикасы туралы жинақ шығарылса; 
2.
 
Оқулықтағы жаттығулар мен тапсырмалар аталған технология әдістеріне сай 
берілсе.  
АКТ арқылы интерактивті әдістерді жиі қолданатын Ақтөбе қаласындағы 
№47  мектептің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Естілеуова  Ақмарал  Сағадатқызы 
технологияны қолдану нәтижесінде оқушылардың өзара ынтымақтастығы, пікір 
алмасуы, тыңдау әдебі, сөйлеу мәдениеті қалыптасатынын айтады. Мысалы 11- 
сыныпта  өткізген  сабағының  нәтижесі  мынадай:  Қазақ  тілі  сабағында 
оқушыларды үш топқа бөліп, оларға үш түрлі зат (палантин, қаламдар салатын 
пенал,  оқушы  портфелі)  ұсынған.  Оларға  берілген  тапсырма  заттың  атауын, 
өндірілген  орнын,  тұрмыста  қолданылуын,  шығу  тарихын  табу  болған. 
Интернет  ресурстарды  тиімді  пайдалана  отырып,  осы  заттардың  шығу 
тарихына  қатысты  өте  қызықты  мәліметтер  жинақтап,  постерлерін  қорғаған. 
Оқушылардың  іздену,  зерттеу,  өзара  жұптасып  жұмыс  істеу  үстінде  олардың 
іскелік қатынасы мен ынтымақтастықтың орнағаны, сонымен қатар ортақ еңбек 
нәтижесіне  деген  жауапкершілігі  байқалған.  Сабақ  соңында  барлық  оқушы 
тұлғалық қасиеттерінің ерекшелігіне қарай бағаланғанын айтады.  
Ақтөбе  қаласының  №18  орта  мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Мұқанова 
Әсел  Боранбайқызы  ақпараттық  технологиялар  негізінде  мұғалімнің  рөлін 
түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана 
емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі 
және  бағыт  берушісі  болып  табылды.  Тарих  сабақтарында  ақпараттық 
коммуникативті  технологияны  келесі  нұсқауларда  қолданылады.  Ал  оның  ең 
көп  тараған  түрі  –  мультимедиялық  презентациялар,  флеш-фильмдер.  Келесі 
152 
 

сабағында  қолданатын  әдіс  –  мультимедиялық  карталарды  қолдану.  Сонымен 
қатар,  мұғалім  өзінің  педагогикалық  іс-тәжірибесінде  оқу-әдістемелік 
құралдарды  да  жиі  қолданатынын,  берілген  материалды  терең  бекіту 
мақсатында сабақта тестер мен тренажерларды, кроссвордтарды қолданатынын 
айтады.  Ақпараттық  технологияны  және  ашық  бағалау  жүйесін  қолдану 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  жоғарлатуының  тиімді  жолдары 
болып  табылады.  Оқушылармен  материалды  игеру  процесін  психологиялық 
түрде  женілдетеді.  Нәтижесінде  пәнге  деген  танымдылық  қызығушылығын 
тудырады.  Оқушылардың  көзқарасын  кеңейтеді.  Сабақ  үстінде  көрнекілікті 
қолдану  мүмкіндігі  артады.  Тарихты  оқуға  және  үлгерімді  жоғарлату 
қызығушылығы туады. Теориялық материалды толық игеру болады. Ақпаратты 
табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу. өз көзқарасын нақты және 
қысқаша  қалыптастыру  дағдысы  қалыптасады.  Сабақ  үстінде  оқушының  да 
мұғалімнің  де  еңбек  өнімінің  жоғарылайды.  Ақпараттық  технологияларды 
пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:  
1.  Олар  оқушыларға  тақырып  шеңберінде  немесе  белгілі  бір  уақыт 
аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.  
2.  Білімге  бір-бірінен  үлкен  ара  қашықтықта  орналасқан  әр  түрлі  оқу 
орнында отырып қол жеткізуге болады.  
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру. Сонымен қатар, мұғалім оқыту 
процесін  жоғары  деңгейге  көтерудің  негізгі  әдісі  ретінде  проблемалық 
шығармалық  әдісті  пайдаланады.  Бұл  әдісті  қолдану  барысында  өтілген  әрбір 
сабақ  сұхбат  түрінде  өтіп,  сабақ  беру  барысында  зерттеушілік  үрдісті 
жетекшілікке  алады.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  –  оқушыны  оқыту  процесіне 
қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға 
проблемалық  сұрақ  немесе  проблемалық  тапсырма  беріледі.  Компьютерлік 
техниканың функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек, 
себебі, компьютерлік техника оқушыға, оның ізденіс және зерттеу жұмыстарын 
жүргізуге, орта құруына мүмкіндік береді.  
Хромтау  қаласы  №3  орта  мектебінің  химия  пәнінің  мұғалімі  Мусина 
Гүлжанат Әбдісадыққызының іс-тәжірибесіне назар аударайық. Мұғалім химия 
сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін 
арттыруға,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға,сабақты  шапшаң 
жүргізуге,өздік  жұмыстың  көлемін  көбейтуге  болады  деп  есептейді.  Химия 
мұғалімі  АКТ  қолдану  арқылы  әртүрлі  сабақтарға  презентациялар  дайындап, 
интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе, сабақтың тартымды әрі 
қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады. Әр сабақта интернет, 
электрондық почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана 
білуі тиіс. Кез-келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, 
алған  білімді  практика  жүзінде  қолдануы  мен  проблемалық  жағдайдан  шыға 
алуымен  айқындалады.  Интерактивті  тақтаны  қолдану  арқылы  оқушылардың 
қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. 
Өз  басым  интерактивті  тақтаны  әр  сабақ  барысында  соның  ішінде  химиядан 
зертханалық  сабақтарды  өткізген  кезде  жиі  қолданамын.  Оқушылар  сабақта 
153 
 

интерактивті  тақтаның  элементтерін  пайдалану,  дайындалған  арнайы 
тапсырмаларды  тыңдап  қана  қоймай,  көздерімен  көріп,  оны  жетік  түсінуге 
дағдыланады. Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мұғалім сабақ 
барысында  оқушылардың  қабілетіне,  білім  деңгейіне,  ынтасына  қарай  топқа 
бөліп,  өз  бетімен  еңбектенуге  ізденуге,  қорытынды  жасауға,  тапсырманы 
орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап, 
түзетуге мүмкіндік береді. Сабақта жаңа әдістер мен техникалық жетістіктерді, 
оның  ішінде  интерактивті  тақтаны  пайдалану  сабақ  өтудің  тиімділігін 
арттырып,  білім-білік  дағдыларын  дамытып,  оқушының  танымдық  шеңберін 
кеңейтіп  қана  қоймай,  осы  құралмен  жұмыс  істеуге  баулиды.  Электрондық 
оқулықтар  бойынша  оқушылар  тапсырманы  қызыға  орындайды,  пәнге 
қызығушылығы  артады,  оку  материалын  тереңірек  меңгеруге  талпынады. 
Сонымен  бірге  өз  қатесін  өзі  табады  және  өзін-өзі  бағалауға  үйренеді. 
Электрондық  оқулықта  өте  көп  көрнекілік  материалдар  қамтылады.  Бұл 
көрнекіліктердің  дидактикалық  мәнін  ашады.  Мұндай  көрнекіліктердің  бәрін 
кәдімгі оқулықта беру мүмкін емес. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның 
химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, 
мысалы  интернет  сайты  арқылы  жоғары  деңгейдегі  көрнекіліктерді 
пайдалануға  болады.  Әсіресе,  оқулықтағы  тарауларды  қорытындылау  кезінде 
оқушылар  қосымша  материалдар  жинақтап,  білімдерін  кеңейтіп,  танымдық 
белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  қисынды  ойлау  және  сөйлеу  жүйесін 
қалыптастырып,  шығармашылығын  дамытады.  Мысалы,  сегізінші  класқа 
арналған химия оқулығындағы бірінші тарауда «Элементтердің валенттіліктері 
бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру» тақырыбын оқушылар 
меңгергенде  «молекула  конструкторы»  жаттықтыру  мультимедиалық 
бағдарламасының  көмегімен  молекулалардың  графикалық  формулаларын 
өздері  сызып  дағдыланады.  Мұндай  тәсіл  оқушыларды  қызықтырады  және 
химиялық  элементтердің  валенттіліктері  есте  жақсы  сақталады.  Оқушының 
химия  пәнін  меңгеруіне  қолданбалы  түрдегі  компьютерлік  графикалар  мен 
анимациялардың көмегі көп. Мысалы, әр химиялық элементтердің кеңістіктегі 
құрылысын  жасауға  болады.  Атомдар  әрекеттескен  кезде  олардың  арасында 
химиялық байланыс түзіледі. Химиялық байланыс түзілгенде сыртқы қабаттағы 
электрондар  өзгеріске  ұшырайды.  Осының  бәрін  оқушы  компьютерлік 
бағдарламадан  көріп,  алдын  ала  заттардың  физикалық  және  химиялық 
қасиеттерін  болжап  отырады.  Жалпы,  оқушылардың  ақпараттық  негіздерінен 
алған  білімдері  негізінде  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады, 
құлшынысы  оянады;  шығармашылық  қабілеттері  артады;  жылдам  ойлауға 
машықта  оқушылар  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  дағдыланады;  химиялық 
технологияны  меңгеруге  ұмтылыс  пайда  болады.  Мұғалім  өз  тәжірибесінде 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  күнделікті  сабақ  беру  үрдісінде 
тиімді пайдалана отырып, көптеген нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыстарды 
жолға қойған. АКТ технологиясын қолданудың нәтижелілігі: 1. 2012-2013 оқу 
жылында  «Ғылыми-жаратылыстану  білімі:  мәселелері  мен  болашағы» 
тақырыбындағы  облыстық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияға  «Химия  пәнін 
154 
 

оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  пайдаланудың  әдіс-
тәсілдері»  тақырыбындағы баяндамасы  ұсынылды.  2. 2012-2013 оқу  жылында 
«On  –Line
» жүйесі бойынша облыстық семинар-конференцияда «Натрий және 
оның қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ берді. 3. 2013-2014 оқу жылында 
«білімділер»  порталы  ұйымдастырған  республикалық  ұстаздарға  арналған 
бәйгесінің «Үздік презентация» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 
марапатталды.  4.  Аудандық  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  өткен 
«Интерактивтік  жабдықты  қолданатын  үздік  пән  мұғалімі»  аудандық 
байқауында интерактивті тақтаны жүйелі және мақсатты қолдана білгені үшін І 
дәрежелі  дипломмен  марапатталды.  5.  Республикалық  ғылыми-танымдық 
педагогикалық  «Химик  анықтамалығы»  журналының  «Үздік  слайд-2013» 
сайысына белсене қатысып, құрмет грамотасымен марапатталды. 6. 2014-2015 
оқу  жылында  республикалық  ғылыми-танымдық  педагогикалық  «Химик 
анықтамалығы» журналындағы «Үздік слайд-2014» сайысына белсене қатысып, 
журнал дискісіне жарияланған мазмұнды-танымды слайд-презентациялар үшін 
мақтау қағаздарымен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында Ақтөбе облыстық 
ғылыми-тәжірибелік  орталығында  «Химия  сабақтарының  топтамасы» 
электрондық құралы шығарылды.  
Ақтөбе қаласы №31 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гаюпова 
Ақсамал  Ұлғасырқызы  «Ақпараттық-коммуникациялық  технологиясын» 
пайдалануда  келесі  пікірлер  мен  ұсыныстарын  білдіреді.  Ақпараттық 
коммуникациялық  технология  электронды  есептеуіш  техникасымен  жұмыс 
істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  электрондық  оқулықтарды 
ақпараттық  технология  интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс 
істеуге  негізделінеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар,  коммуникациялық 
байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді. 
АКТ-пайдалану  мұғалімге  оқушының  оқу  пәніне  деген  қызығушылығын 
арттырады.  Онлайн  тест  тапсырмаларын  орындау,  интернет  олимиадаларға, 
байқауларға, презентация-жобаларға қатысу мүмкіндіктерін береді. Мектептегі 
АКТ-мен оқытуда материалдық базаны нығайтып, сапалы білімге қол жеткізуге 
болады, іштей және қашықтан оқыту түрлерін дамыту қажет.  
Шакратова  Зәйтүнқарлығаш  Қуанышқызы  Темір  ауданы  Шұбарқұдық 
ауылы Шұбарқұдық №2 орта мектебінің 5-7 сыныптарында биологиядан сабақ 
береді.  Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану 
қоғамдағы өзгерісті  танып білуге  және  оларды  тез  қабылдауда  мол  мүмкіндік 
береді.  Жоспарланған  сабақты  тиімді  өткізуге  көмектеседі,  оқушының  ой 
өрісінің  дамуына,  зерттеулік  жұмыстар  жүргізуіне  ықпал  етеді.  Бағдарлама 
соңында  мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  сенімді 
және  сыни  тұрғыдан  пайдаланушыларға  айналады.  АКТ  технологиясын 
қолданудың тиімділігі:  
1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі 
материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді.  
2)  Оқытудың  тиімділігін  жоғарылатады  және  оқу  материалын  түсіндіру 
мүмкіндігін арттырады.  
155 
 

3)  Оқушылардың  ғылыми-  дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыра 
отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.  
4)  Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген  уақытта 
олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.  
5) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.  
Өздігінен  білім  ала  алатын,  логикалық  пайымдай,  талдай,  қорытындылай 
алатын  коммуникативті  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  білім  беру  жүйесінде  қолдану  қажет.  Компьютерді  қолдану 
негізінде  мектеп  пәндерін  оқыту  сапасын  арттырып,  білім  беруді 
ақпараттандыру  жүйелі  түрде  іске  асады.  Мұғалімнің  пікірінше,  мектептегі 
ақпараттандыруға  осылай  мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  оны  оқыту, 
үйрету  мәселесі  бүкіл  халықтық  деңгейге  көтерілсе  ғана  біздің  еліміз 
дүниежүзілік  бәсекеге  төтеп  беретін,  алдыңғы  қатарлы  мемлекетке  айналады. 
Ол  дәрежеге  жетуге  қажетті  білім  алуына  біздің  жас  ұрпақтың  қабілетінің 
жететініне мұғалімдердің сенімі мол деп есептейді.  
Ақтөбе  қаласындағы  №13  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі 
Утепбергенова  Гүлнар  Бақытжанқызы  АКТ-ны  өз  тәжірибесінде  қолданады.
 
Ақпарат технологиясы ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық 
элементтердің,  құрылғылардың  немесе  әдістердің  жиынтығы.  Нәтижесінде, 
оқушының  өз  бетімен  жұмыс  істеуі  дамиды,  уақыты  үнемделеді,  керек 
материалдарын жедел түрде алады. Бұл технология оқушыларды ұқыптылыққа, 
нақтылыққа тәрбиелейді.  
Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім орта мектебінің қазақ тілі 
пәнінің  мұғалімі  Бейсебек  Жазира  Жұмағазықызы  осы  технологияны  қолдану 
нәтижесінде: 
оқушылардың 
шығармашылық 
әлеуметі 
дамыды, 
коммуникациялық әрекеттерге қабілетті болуы, әр түрлі салада зерттеу қызметі 
дағдылары,  оқу  қызметі  мәдениеті  дамыды;  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық 
деңгейлерін қарқынды дамытады және оның тиімділігі мен сапасын арттырады 
қазіргі  қоғамның  ақпараттануымен  байланысты  пайда  болатын  әлеуметтік 
тапсырысты  орындауда  өте  тиімді  және  сонымен  қатар  уақытты  үнемдейді. 
Бала  көрнекілікті  өзі  жасай  алады;  оқушының  компьютерлік  сауаттылығы 
ашылды; 
білім, 
білік 
дағдылары, 
коммуникативтік 
қабілеттері 
дамығанын айтады.  
Атырау  қаласы  Абай  атындағы  жалпы  қазақ  орта  мектебінің  қазақ  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Төлегенова  Алтын  Хадимқызы  оқытудың  компьютерлік 
технологиясын  пайдалану  оқу  процесін  жаңа  оқу-әдістемелік  материалдармен 
қамтамасыз  етуге  және  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  ашуға 
мүмкіндік  береді.  Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  –  оқытудың 
бағдарламалық  идеяларын  дамытады,  мүлдем  жаңа  технологиялық  жолдар 
ашып келеді, бағыттайды. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына 
жол  ашатын  педагогикалық,  психологиялық  жағдай  жасау  үшін  де  тигізер 
пайдасы  мол.  Сонымен  бірге  оқушылардың  өз  бетімен  ізденісі,  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттырып,  шығармашылығын  дамыту,  оқу  қызметінің 
156 
 

мәдениетін  қалыптастыру,  дербес  жұмыстарын  ұйымдастыруда  және  оқушы 
белсенділігін арттыруда маңызы зор деген тұжырым жасайды. Қостанай қаласы 
№11 орта мектептің музыка пәнәнәң мұғалімі Сакенова Жанат Амангелдиновна 
оқушылар АКТ-ны пайдалана отырып, реферат, презентация, музыканы тауып 
ізденулеріне  мүмкіндіктері  мол.  Компьютерді  пайдалана  отырып  оқушылар 
виртуалды  мұражай  залдарына  кіріп  (мысалы,  музыкалық  аспаптар 
мұражайына),  композиторлардың  шығармашылығын  оқып  үйренуде  тиімді 
жақтары  көп.  Сондықтан  оқу  тәрбие  үдерісінде  үнемі  жаңа  оқыту 
құралдарының 
мүмкіндіктерін 
ұтымды 
пайдаланып, 
оған 
білім 
алушыларымызды  үйрету  әр 
педагогтың  басты  мақсаты  деген 
тұжырым айтады.  
Осы  технологияны  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Жамбыл  облысы 
Тараз қаласының Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернатының шет тілі пәнінің 
мұғалімі  Орынбаева  Ардақ  Абдраимовна  ағылшын  тілі  сабағында  жаңа 
технологияның  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып,  оқушылардың  білім  сапасын 
арттыру  негізінде  СТО  және  АКТ-ны  таңдағанын,  нәтижесінде  оқушылар 
ағылшын тілі сабағында өтілетін тақырыпқа сай өзіндік көзқарасы мен пікірін 
ашық айта алатын, шығармашылық қабілетін дамытатын, алған білімін өмірде 
қолдана  алатын  тұлға  бола  алатын  байқаған.  АКТ  технологияларын  меңгеру 
мақсатында  әртүрлі  әдістемелік  материалдарды,  еңбектерді,  зерттеулер  мен 
озық  педагогтардың  ғылыми  мақалаларын,  ғылыми  еңбектерімен  танысып, 
материалдарды  саралап,  жинақтағанын,  сонымен  қатар  мектепішілік  бірнеше 
ашық сабақтар көреткенін айтады.  
Жамбыл облысы, Мерке ауданындағы №9 Савва мектебінің химия пәнінің 
мұғалімі  Абуталиева  Дамира  Мейрамбекқызы  2010  жылдан  бастап  АКТ 
технологиясын педагогикалық химия сабақтарында тиімді қолдануда. Мұғалім 
өз көзқарасын С. Бичтiң «Әлeм өзгeргeндiктeн, сiз өзгeрeсiз жәнe қазiргi сәттe 
өзгeрiссiз қалу өтe қауiптi eкeнiн бiлeсiз. Сiз өзгeрeсiз, сeбeбi сiз бiлiм aлғaнды, 
бiлiм  бeргeндi  жaқсы  көрeсiз,  бaлaлaрды  сүйeсiз  жәнe  oлaр  мынa  жылдaм 
өзгeрeтiн  әлeмдe  бағыт  бeрiп  oтыратын  сiздi  қажeт  eтeтiндiгiн  бiлeсiз»  дeгeн 
көзқaрacымeн  үндeстіреді.  Заманауи  сабақты,  әсiрeсe  жаратылыстану 
бағытындағы  пәндeрдi  oқытуда,  АКТ-сыз  өткiзу  мүмкiн  eмeс.  Өйткeнi  oсы 
пәндeр  арқылы  баланың  әлeмнiң  бiртұтастығы  туралы  көзқарастары 
қалыптасады.  Дeсeк  тe,  бүгiнгi  таңда  химия  пәнiн  oқуға  дeгeн 
қызығушылықтың  төмeндeуi  oрын  алып  oтыр.  Сoңғы  жылдары  мeктeптeгi 
химиялық бiлiм бeрудің құрылымы өзгeрiп, пәндi oқытуда бiрiздiлiк жүйeсiнiң 
oрнына пәндi oқытудың шoғырланған жүйeсi eнгiзiлдi, яғни oқу матeриалының 
көлeмi  eдәуiр  ұлғайтылды,  сондықтан  мeмлeкeттiк  стандарт  талаптарына  сай 
игeругe  бөлiнгeн  уақытты  мұғалім  жeткiлiксіз  деп  есептейді.  Мұғалім  бұл 
мәсeлeнi  тиімді  шeшу  жолдарының  бірі  –  oқу  прoцeсiнe  ақпараттық-
кoммуникативтiк  тeхнoлoгияларды  eнгiзу  деп  есептейді.  Қазiр  кeз-кeлгeн 
oқушы  сандық  тeхнoлoгияларды  өтe  жақсы  мeңгeргeн,  кoмпьютeрлiк 
сауаттылықтары жoғары дeңгeйдe, интeрнeттeн қажeттi ақпаратты табады, әрi 
oларға  виртуалды  әлeмдe  тiл  қатысу  шынайы  өмiрдeгi  қарым-қатынасқа 
157 
 

қарағанда қызықтырақ. Мұғалім олардың oсындай мүмкiндiктeрiн өз oқуларын 
жақсартуға нeгe пайдаланбасқа дeген пікірде. Мұғалімнің пайындауынша, бұл 
технологияның  маңызы  eрeкшe,  сeбeбi,  АКТ  химия  пәнiн  oқытуда  күрдeлi 
матeриалды  баланың  түсiнуiнe,  абстрактылы  ұғымдарды,  заттың  құрылысын 
бeйнeлeйтiн  микрoәлeмгe  үңiлугe  ықпал  eтeдi,  мeктeптe  қoлдануға  тыйым 
салынған  рeактивтeрмeн  экспeримeнттeрдi  виртуалды  лабoратoрия  нeмeсe 
бeйнeтәжiрибeлeр  көмeгiмeн  көрсeтугe  мүмкiндiк  бeрeдi.  АКТ  сабақтардың 
ақпаратпeн қанығуына әсeр eтiп, oқулық шeңбeрiнeн шығуға, oның мазмұнын 
тoлықтырып  тeрeңдeтугe,  oқушыларға  oқытылып  жатқан  құбылыстар  мeн 
прoцeстeр  туралы  шынайы  ақпарат  бeругe  мүмкiндiк  ашады.  Oқушының 
кoмпьютeрмeн тiлдeсуi өзiн бeлгiлi бiр үлгi бoйынша әрeкeт eтугe дайын тұлға 
рeтiндe  сeзiнугe  eмeс,  өзiндiк  шығармашылық  қабiлeттeрiн,  мүмкiндiктeрiн, 
қызығушылықтарын  жүзeгe  асыруға,  бiлiм  алып,  өзiндiк  тәжiрибeсiмeн 
бөлiсугe  көмeктeсeдi.  Мұғалім  бұл  технологияны  өз  тәжірибесінде  қолдана 
отырып,  АКТ  oқушылардың  ынтасын  арттыруда  таптырмас  құрал  болғанын 
және  оқушылардың  шығармашылықпeн  жұмыс  жасауына  нeгiз  бoлғанын. 
Олардың  барлық  деңгейдегі  танымдық  белсенділігі,  үйдегі  дайындық,  бірлесе 
жұмыс  істеу  дағдылары  артты.  Осы  уақыт  аралығында  мұғалімнің  жұмысы 
нәтижесіз  болмаған.  АКТ  технологиясының  нәтижелілігі:  Виртуалды 
лаборатория  бағдарламасын  қолдана  отырып,  «Химиялық  тепе-теңдік  және 
оның  ығысуы»  тақырыбындағы  сабағы  үздік  деп  бағаланды.  Сыныптан  тыс 
уақытта, сабақ барысында оқушылар «UStudy» тест орталығымен, www.5plus.kz 
веб-сайтымен  байланыса  отырып,  өз  білімдерін  жыл  бойы  шыңдады.  Соның 
нәтижесінде  оқушылар  жыл  сайын  ҰБТ  бойынша  100%  білім  сапасын 
көрсетуде. АКТ-ны қолдану оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын 
дамытты. Нәтижесінде оқушылары қашықтық, пәндік олимпиадаларына қатыса 
отырып, олардың бойында пәнге деген қызығушылық сезімдері оянды. Сабақта 
АКТ-ны қолдануға байланысты Дамира Мейрамбекқызының ұсыныстары:  
1. Мұғалім әрдайым өзінің АКТ құзыреттілігін жетілдіріп отыруы қажет.  
2.  Сабақта  АКТ-ны  қолдану  үшін  жоспарлау  кезінде  пәндік  білім  мен 
оқыту технологиясының біртұтастығын қамтамасыз ету керек.  
3.  Оқушылардың  АКТ-ны  қажетті  дәрежеде  меңгермей,  оның 
мүмкіндіктерін  игермеген  болса,  пәнді  оқытуда  АКТ-ны  пайдалану  нәтиже 
бермейтінін ескеру қажет.  
4. «Ғажайыпты компьютер емес, мұғалім жасайды» деген қағиданы ескере 
отырып,  сабақты  қай  кезеңінде  де  АКТ-ны  қолдану  табысқа  әкелетінін  білу, 
яғни мақсат пен күтілетін нәтижелерге жету жолдарын алдын ала білу.  
Қарағанды  облысы,  Шет  ауданы  Қаражал  ауылының  Ақжал  орта 
мектебінде информатикадан сабақ беріп жүрген жас ұстаз. Ол өз сабақтарында 
оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиясын қолданып жүр. Барлық 
дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты – оқушылардың өз бетімен 
білім  алу,  білім  іздеу  дағдыларының  қалыптасуы  десек,  компьютерлік  оқыту 
технологиясының  талайы  осы  мақсатқа  лайықталғаның  көру  қиын  емес.  Осы 
компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманистік 
158 
 

көзқарастан туындаған. Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны 
басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге 
әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.  
Бірақ,  кибернетика  ғылымының  негізін  қалаған  Винердің  пікірінше, 
компьютердің  қанша  дамыған  түрі  болса  да,  адамның  миына  еш  жете 
алмайтының айтқаның есте сақтау керек. Компьютермен оқытуда оқушының өз 
бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. 
Компьютермен  оқыту  барысында  білім  алудың  жасанды  сипатын  барынша 
табиғи  қылуға  жағдай  жасалынады.  Информатиканың  негізгі  ұғымдарын  ерте 
бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады: білім берудің алғашқы 
кезеңінде  информатиканың  әдістерін  меңгерген  оқушы  мектептің  қалған 
сатыларындағы білім алуда (атап айтқанда, түрлі пәндердегі сабақтарда) адам 
қызметінің  түрлі  салаларында  компьютерді  пайдалану  дағдысын  меңгереді. 
Біріншіден,  жалпы  білім  берудің  информатиканы  оқытудағы  басты  мақсаты 
ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды. Екіншіден, 
бастауыш  мектепте  информатика  курсын  өткізу  көптеген  пәндер  бойынша 
мектептің  оқу  бағдарламасын  айтарлықтай  өзгертуге  алып  келеді.  Бұл  жерде 
мынаны  ұққан  жөн:  «информатика»  мектеп  пәндерінің  бірде-бірін  алмастыра, 
мектеп  пәндері  жалпы  жүйесіндегі  оқулықтарының  бірде-біреуінің  ролін 
атқара,  мектептегі  гуманитарлық  және  жаратылыстану  пәндерінің  ара 
қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын әрбір 
пәнге  жаңа,  әрі  жетілдірілген  сипат  беріп,  мұғалімнің  қолына  кілт  ұстатады. 
Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің 
мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.  
Қостанай облысы Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылындағы Жамбыл орта 
мектебінің  жас  маманы,  информатика  пәнінің  мұғалімі  Омаров  Бағдат 
Амантайұлы  өз  сабақтарында  АКТ  технологиясын  аса  тиімді  қолданып  жүр. 
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, 
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік 
тудыру.  Бiлiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру 
мұғалiмдерден  өз  мінез-құлықтарын,  ұстанымдарын,  мүмкіндіктерін 
түрлендiрудi  талап  eтедi.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Біз  білім  беруді  жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға  тиіспіз. 
Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 
12  жылдық  моделі  енгізілуде.  «Өмір  бойы  білім  алу»  әрбір  қазақстандықтың 
жеке  кредосына  айналуы  тиіс»  делінген.  Ал  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №1118  Жарлығымен  Қазақстан 
Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды 
оқыту  жүйесі  бойынша  білім  беру  сапасын  және  басқару  тиімділігін  арттыру 
үшін  оқу  процесін  автоматтандыру,  педагогтар  мен  оқушыларды  ең  жақсы 
білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз 
ету  мақсаты  атап  көрсетілді.  Информатика  сабағында  ақпараттық 
159 
 

технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін 
қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай  ақпараттық  технологияларды, 
электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының 
білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді. 
Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн 
қалыпастыру  қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең 
көкейтестi  мәселелердiң  бiрiне  айналып  отыр.  Информатика  сабақтарында 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  тиімділігі: 
оқушының  өз бетімен жұмысы;  аз  уақытта көп білім алып,  уақытты  үнемдеу; 
білім-білік  дағдыларын  тест  тапсырмалары  арқылы  тексеру;  шығармашылық 
есептер  шығару  кезінде  ақпараттық  процестерді  түсіндіру  арқылы  жүзеге 
асыру;  қашықтықтан  білім  алу  мүмкіндігінің  туындауы;  қажетті  ақпаратты 
жедел түрде алу мүмкіндігі; экономикалық тиімділігі; іс-әрекет, қимылды қажет 
ететін  пәндер  мен  тапсырмаларды  оқып  үйрену;  Ақпараттық  құзіреттілікті 
қалыптастырудан күтілетін нәтиже: жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен 
құзіреттілігі  қалыптасқан,  теориялық  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  алатын, 
информатика  пәнін  басқа  пәндермен  байланыстыра  алатын  жеке  тұлға 
қалыптастыру.  Осы  айтылғандардың  бәрін  ескере  отырып,  жас  ұстаз  Бағдат 
Амантайұлы  АКТ  технологиясының  мүмкіндіктерін  оқушылардың  заман 
талабына  сай,  өмірге  қажетті  біліммен  қаруланған,  бәсекеге  қабілетті,  жан-
жақты тұлға болып қалыптасуына жұмсағысы келеді.  
Арқалық  қаласы  Б.  Майлин  атындағы  №3  орта  мектебінің  бастауыш 
сынып  мұғалімі  Елтебаева  Гүлсін  Түкенқызы  ақпараттық  технологияның 
арқасында  әрбір  тәлімгердің  тек  дәстүрлі  ақпарат  көздерімен  ғана  емес, 
сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері 
бар.  Оқушыларға  тақырып  көлемінде  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір — бірінен үлкен 
арақашықтықта  орналасқан  әртүрлі  оқу  орындарында  отырып  қол  жеткізуге 
болады.  Оқыту  жүйесінің  көп  деңгейлі  жетілдірілуі  олардың  тарамдалуымен 
оқу  материалының  сапасын  арттырады  деп  пайымдайтын  АКТ  қолдану 
нәтижесінде  мұндай  сабақтарда  оқушылардың  тапсырылған  жұмыстарға 
іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап 
алуға  септігін  тигізетінін  айтады.  Интерактивті  тақтаны  пайдалану:  - 
Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды
сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда; 
бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті, ұқыпты 
кескінмен  салыстыруға  болмайды.  слайдтарда,  флипчартта  қателер  жіберілсе, 
тез арада түзетуге болады. Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу 
мүмкіндігін  қолдануға  болады.  Aktiv Wand  сілтеу  таяқшасының  көмегімен 
тышқанның  қызметін  атқару  және  кішкентайларға  да  тақтаның  жоғарғы 
бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.  
Лисаковск  қаласының  №3  орта  мектебінің  1-9  сыныптардағы  технология 
пәнінін  мұғалімі  Балмағамбетов  Төрехан  Садуович  ақпараттық  – 
коммуникативтік  технология  көмегімен  орындалатын  жұмыстар  өзінің  кез 
160 
 

келген  формасында  тиімдірек  орындалады,  адамның  дамуына  әсерін  тигізеді. 
Ақпараттық  технологиянық  артықшылығы  ойлау  қабілетін  дамытады,  пәнге 
қызығушылығын арттырады, өз бетінше оқып-үйренуі жүзеге асады,нәтижесін 
бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу 
мүмкіндігі,  оқу  үрдісін  басқару  мүмкіндігі,  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтеді 
деп  пайымдайды.  Нәтижесінде  Мектеп  қабырғасында  Cызу  бейнелеу  өнері 
пәнін ақпараттық-коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда 
оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық 
ойын  дамытып,  эмоциясына,  сезіміне  қозғау  салады.  Оқушы  ешкімнің 
көмегінсіз  өз  бетінше  ойланып,  шешім  қабылдауға  дағдыланады.  Сызу 
бейнелеу  өнері  пәнінің  тарауына  арналған  электрондық  оқулықтар:  оқу 
материалы  (кескіндер;  кестелер;  графиктер; бейнелер); өзіндік білімді  тексеру 
жүйесі;  өзіндік  бақылау  жүйесі;  бейнелеу  өнері  тест  сұрақтары;  сурет 
терминдері;  сызу  тест  сұрақтары;  сызу  көрнекілігі,  сызбалар  деп  атап 
көрсеткен.  Көбіне  практика  жүзінде  қолмен  сызу,  сурет  салу  көрме 
ұйымдастыру  керек  болады  сондықтан,  бірге  жүріп  отырған  дұрыс  деп 
ойлайтынын.  Дегенмен  қазіргі  жағдайда  технология  заманында  автокад, 
фотошоп пайдалану керек деген ұсынысын білдірген.  
Осы  технологияны  тиімді  қолданып  жүрген  Қостанай  қаласының  №115 
орта  мектебінің  шет  тілі  мұғалімі  Сұлтанғалиева  Гүлнұр  Қуанышқызы  Бұл 
технологияны  қолдану  барысында  оқушылардың  танымдық-белсенділігі 
артады.  Оқушылардың  ойлау,  сөйлеу,  есте  сақтау  қабілеттері  және  зейіні 
дамиды.  Оқушылар  заманға  сай  жаңа  технологияларды  қолданып, 
призентациялар,  флип-чаттар  жасайды.  Бұл  технологияларды  қолдану 
барысында,  оқушылар  қалалық  және  облыстық,  қашықтықта  өтетін 
олимпиядаларға  қатысуда.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
технологиясы  орта  және  жоғары  буын  оқушыларына  өте  тиімді 
екендігін айтады.  
Сарыкөл  ауданы  Сарыкөл  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Танкебаева  Гүлияр  Есенғалиқызы  қазір  шет  тілін  оқыту  әдістемесінің  деңгейі 
жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, 
сонымен  бірге  ақпараттық  технология,  интернет,  компьютер  қолданылуда. 
Ағылшын  тілді  оқытуда  жаңа  технологияларды,  техникалық  құралдарды 
сабақта  жан-жақты  қолдану,  оқытушының  көптеген  қиындаған  қызметтерін 
жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдерің  пайда  болуына 
мүмкіндік  туғызады.  Осындай  жаңа  жолдардың  біріне  ақпараттық  оқыту 
жүйесіндегі комьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл сабақтарының 
лексика  бөлімін  меңгертуде  ақпараттық  технологиялардың  алатын  орны  зор. 
Білім  беру  жүйесіндегі  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктері:  оқыту 
үрдісінде  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  тиімді  ұйымдастыру; 
Электрондық  білім  беру  пайдалану  арқылы  даралап  оқытудың,  ақпараттық 
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі; жүйенің басқару 
құрылымы  арқылы  оқытушының  өз  ойын,  көзқарасын,  өз  кезегінде 
материалдық  ұсынылымын,  әр  түрлі  аудиторияға  бір  ғана  оқу  мәліметтерін 
161 
 

ұсынуға  мүмкіндік  алуы.  Білімді  бақылау  арқылы  нәтиже  алу,  бағалау. 
Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  тілі  –  ағылшын  тілін  жаңа 
технологиялар  арқылы  оқыту  ісі  күннен-күнге  өзекті  болып  келеді.  Ағылшын 
тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды 
және  интерактивті  тақтаны  пайдаланғанда:  лексиканы  оқып  үйретеді;  сөйлеу 
ырғағын; диалог, монолог және рөлдік ойындарды («A visit to the doctor», «At 
the  taxi», «Farmer»
)  хат  жазуға  үйретеді;  («Letters in the mail»  тақырыбы 
бойынша  электронды  есептеу  машинасының  операторы  тобына  сабақ) 
грамматикалық  құрылымдарды  түсіндіріп,  оқушылардың  есінде  сақтауға 
көмектесетінін  айтады.  Нәтижесінде  тілді  ақпараттық-коммуникативтік 
технология арқылы оқыту тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін 
жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.  
Сонымен  қатар  оқушылар  интелектуалдық,  шығармашылық  және 
коммуникативтік  істерін  дамыта  алады,  оқушының  оқу  белсенділігі  артады, 
сабақтың  негізгі  кезендерінің  бәрінде  оқушыларға  шығармашылық  жұмысты 
ұсынуға  болады.  Оқытушы  сабағында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушыға  үйретуге  тиісті  ақпараттармен 
білім  қорын  жүйелі  түрде  көрсете  біледі.  Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны пайдалану – оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Мысалы: ағылшын 
тілін  үйретудің  тиімді  әдістерінің  бірі  –  шет  ел  тілінде  ән  үйрету.  Гүлияр 
Есенғалиқызы  ән  үйрету  арқылы  оқушылардың  ақпараттық  құзіреттіліктерін 
қалыптасатынын айтады. Мысалы, мұғалім өз сабағында тақырыпқа сай шет ел 
тілі  сабақтарында  әндерді  пайдаланғанда,  оны  мұқият  таңдап  алады.  Өйткені 
жаңа  лексиканы  немесе  грамматикалық  материалды  бекіткен  кезде  әнге 
берілетін  тапсырмалар  оқушының  деңгейіне  қарай  таңдалады.  Ағылшын  тілді 
оқытуда  жаңа  технологияларды,  техникалық  құралдарды  сабақта  жан-жақты 
қолдану,  оқытушының  көптеген  қиындаған  қызметтерін  жеңілдетіп,  осы 
іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдерінің  пайда  болуына  мүмкіндік  туғызады. 
Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік 
бағдарламалардың  түрлері  арқылы  тіл  үйретуді  жатқызуға  болады.  Ауызекі 
сөйлеу  тілін  қалыптастыруда  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  қолданылуын, 
сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық 
түрлерін  үйрену  тиімді  деп  есептейді.  Ғылыми  білім  беруде  интерактивті 
тақтаның  мүмкіндігі  мол.  Интерактивті  құралдарды  қолдану  арқылы  оқушы 
білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Атап айтсақ, оқу процесінде, оның ішінде 
практикалық  сабақтарда  қолданылатын  ақпараттық  коммуникациялық 
технологияларды,  оның  ішінде  интерактивті  тақтамен  презентацияны  бірге 
қолдану  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  ерекше  арттыратынын 
байқаған.  Ағылшын  тілін  оқытуда  ең  алдымен  тәжірибелік  мақсат  қойылады, 
оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, 
көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді 
сауатты  да  дұрыс жүзеге  асыру  үшін грамматикалық  жұмыс жүргізілуі  керек. 
Шетел  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқытушыларға  шетел  тілінде  қарым-
қатынас  жасауды  базалық  деңгейде  игерту.  Осыған  сәйкес  оқыту  мазмұнына 
162 
 

қарапайым  коммуникативтік  біліктілікті,  қажетті  жағдайда  ауызша  және 
жазбаша  (сөз,  тыңдап  түсіну,  оқу,  жазу)  өзара  мәдени  қарым-қатынас 
процессінде  қолдана  алу  қабілеттілігі  мен  дайындығын  қалыптастыруды 
қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білім, білік дағдылар 
енеді.  
Осы  технологияны  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Жітіқара 
қаласының №2 орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Абдиярова Ұлбосын 
Саудабекқызы  лексиканы  меңгерту  үшін  түрлі  әдіс-тәсілдер  пайдаланылады. 
Нақты  мағыналы  сөздерді  суреттер,  зат,  макет  арқылы  түсіндірген  жөн. 
Абстрактілі  мағыналы  сөзді  түсіндіру  үшін  аударманы  қолдану  және  тіл 
көрнекілігі  арқылы  түсіндіру  қажет.  Ал  тіл  көрнекілігі  дегеніміз  –  сөздің 
мағынасын  контекст  арқылы,  синонимдер  мен  антонимдер,  сөздің  құрамдас 
бөліктерін  талдау  арқылы  түсіндіру.  Тіл  көрнекілігінің  тиімділігі  сөздердің 
мағынасын  сабақта  тек  шетел  тілінде  түсіндіріледі  де,  жаңа  сөзбен  оның 
мағынасы  арасында  байланыс  жасалады.  Сөйтіп  сабақта  шетел  тілі 
атмосферасы  жасалады.  Бірақ  бұл  тәсілдің  кемшілігі  – оқушылар  жаңа  сөздің 
мағынасы  ана  тілінде  оған  балама  тапқандай  түсінеді,  яғни  оны  бәрібір  ана 
тілінде  аударады.  Мысалы,  ағылшын  тілі  сабағында  7-11  сыныптар  үшін 
арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп 
бағдарламасындағы  «Саяхат»,  «Білім»,  «Денсаулық»,  «Қоршаған  орта», 
«Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. 
Сонымен  қатар,  мұғалім  әрбір  тараудан  оқушы  мынадай  мәліметтерді  жеңіл 
және  шұғыл  түрде  таба  алатынын  айтады.  Жаңа  АКТ  сабақта  пайдаланудың 
тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл-ойын дамытады; 
Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді; Тіл 
байлығын жетілдіреді; Жан-жақты ізденушілігін арттырады.  
Жетіқара  қаласының  №2  орта  мектебінің  шет  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Қабылова  Сәния  Әмірханқызы  сабақта  ақпараттық  технологияны  тиімді 
пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс 
істеуге дағдыландырады, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттыратынын 
айтады. Нәтижесінде өз мектебінде «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – ізгілікті 
білімінің  негізі»  әдістемелік  айлығында  өткен  «Үздік  сабақ»  сайысынан  ІІІ 
орынға  ие  болғанын,  аудандық  «Интерактивтік  құралдарды  пайдаланатын  ең 
үздік пән мұғалімі» сайысына қатысқанын, облыстық «Елтану» атты қашықтық 
олимпиададан оқушысы ІІІ жүлде орынға ие болғанын, оқушылары облыстық, 
республикалық интеллектуалдық ойындарға қатысатынын айтады. Ақпараттық 
технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу 
тілінің  грамматикасын  қалыптастыру,  дыбыстарды  дұрыс  айту,  диалогтік 
сөйлеуді  қалыптастыру,  түсінгенін  айта  білу,  сауатты  жазуға  дағдыландыру, 
дүниетанымын,  ой-өрісін  кеңейту,  өмірге  деген  көзқарасын  жан-жақты 
дамытып,  шығармашыл  тұлға  болуға  қалыптастырады  деп  пайымдайды. 
Сабақтарында  презентация  және  флипчарттармен  жұмыс  жасайтынын, 
сонымен  қатар,  сабақ  үстінде  әртүрлі  тапсырмаларды  интернет  сайттарынан 
Оn-line  түрінде  еңгізетіні.  Оқушыларға  сайттармен  жұмыс  жасау  өте  ұнайды, 
163 
 

өйткені  әр  тақырыпқа  бірнеше  тапсырмалар  беріледі  және  жұмысты  орындап 
болған  сон  өз  нәтежелерін  баға  ретінде  көреді.  Жиі  қолданатын  сайттар: 
english-basis.ru; agendaweb.org;hurryenglish.ru
;  және  т.б.  АКТ-ны  сабақта 
пайдаланудың  тиімділігі:  оқушының  еркін  ойлауына  мүмкіндік  береді;  ақыл-
ойын дамытады; шығармашылық белсендігін арттырады; ұжымдық іс-әрекетке 
тәрбиелейді; тіл байлығын жетілдіреді; жан-жақты ізденушілігін арттырады.  
Қарасу  ауданының  Октябрь  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Қожахметова  Ақжібек  Мырзалықызы  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарын 
ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып  өткізу  оқытуда  күшті  стимул 
деп  есептейді.  Осындай  сабақтардың  нәтижесінде  оқушылардың  психикалық 
үрдістерінің  белсенділігі  артады:  түйсік,  назар,  жад,  ойлау;  танымдық 
қызығушылықтың серпілуі белсендірек және жылдамырақ болады. Адам өзінің 
табиғатынан  көзге  көбірек  сенеді,  және  ақпараттың  80%  ол  көру 
анализаторлары  арқылы  қабылдайды.  Ақпараттық  технологияларды 
пайдаланып өткізілетін сабақтардың дидактикалық артықшылығы – сол ортада 
болу әсерін жасау («Мен мұны көрдім!»), оқушылардың қызығушылығы оянып, 
көбірек  біліп,  көбірек  көргілері  келеді.  Оқушылардың  білімін,  дағдысын, 
біліктілігін 
қадағалауды 
ұйымдастыруда 
компьютермен 
тестілеуді 
пайдаланамын.  Компьютердің  көмегімен  тестік  қадағалау  оқушылардың 
білетіні  мен  білмейтінін,  дәстүрлі  әдістен  қарағанда,  тез  және  әділ  табуға 
мүмкіндік  береді.  Оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  бұл  әдісі  қазіргі  кездегі 
ақпаратты меңгеру жүйесінде қолайлы, әрі оңай деп сипаттайды. Қазақ тілі мен 
әдебиет  сабақтарында  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану  –  бұл  қазіргі  күн  ағымына  еліктеу  емес,  мұғалімнің  көпқисынды 
шығармашылық жұмысын компьютердің мойнына арту емес, тек оқыту үрдісін 
қарқындыландыру,  танымдық  әрекетті  белсенділендіру,  сабақтың  тиімділігін 
арыттыру құралдарының бірі деп түсінгеніміз жөн деп айтады.  
Қостанай  қаласының  №115  орта  мектебінің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Байменова  Марзия  Мағауқызы  сабақ  барысында  ақпараттық  технологиялық 
құралдарды  қолдану,  заманға  сай  оқушылардың  ақпараттармен  толығырақ 
танысуына  көмегін  тигізеді  деп  пайымдайды.  Нәтижесінде  оқушылар  осы 
технологияларды  қолдану  барысында,  қалалық  ғылыми  жұмыстан  «Зерде» 
жүлделі  орындар  алды.  Оқушылардың  сабаққа  деген  белсенділігі  артты.  Бұл 
технологиялар  бастауыш  сынып  оқушыларына  өте  тиімді  және  қолайлы 
екендігін айтады.  
Қостанай  ауданы  Н.  Наушабаев  атындағы  Затобол  орта  мектебінің  қазақ 
тілі  пәнінің  мұғалімі  Нұржанова  Сәндігүл  Түйебайқызы  ақпараттық 
технологияларды  пайдалануда  мынадай  нәтижелерге  қол  жеткізгенін:  оқу 
материалын терең түсіну, оқу мотивациясының артуы, алған білімнің неғұрлым 
ұзақ  уақыт  есте  сақталуы,  заман  талабына  сай  күнделікті  сабақ  барысында 
бейне  және  аудио-құрылғыларды,  теледидарды,  компьютерді,  сондай-ақ 
электронды  оқулықты,  интерактивті  тақтаны  қолдану  оқушылардың  тілді 
үйренуге 
деген 
белсенділігін 
арттырып, 
ең 
бастысы 
олардың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын айтады.  
164 
 

Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназияның мұғалімі Асылбеков 
Мирлан  Арыстанбекұлының  іс-тәжірибесінен:  «Білім  берудегі  АКТ»  ұғымы 
«оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиялары»,  «қазіргі  ақпараттық  оқыту 
технологиялары»,  «компьютерлік  оқыту  технологиялары»  және  т.б., 
тіркестермен  тығыз  байланысты.  Оқытудың  компьтерлік  технологиясы 
оқытудың  бағдарламалық  идеяларын  дамытады,  мүлдем  жаңа  технологиялық 
жолдарын  ашады.  Мен  өзімнің  тәжірибемде:  дәстүрлі  (оқулық,  көрнекілік 
құралдар,  электрондық  оқулықтар).  компьютерлік  (презентация,  дисктер, 
мультимедиа  құралдары).  Интернет-технологияны  (интернет  дербес  ақпарат 
көзі  ретінде,  e-mail  -  ақпарат  алмасу  құралы  ретінде,  т.б.)  жиі  пайдаланамын. 
Проблемалық оқыту – дамыту құралы, себебі адам бірнәрсені түсінгісі келгенде 
ғана  ойлай  бастайды.  Проблемалық  оқыту  –  оқу  проблемасын  шешу  кезінде 
оқушының өздерінің іздестіру әрекеті арқылы жүзеге асырылатын оқушы мен 
мұғалімнің одақтық білім алу процесі.  
Арқалық қаласы М. Әуезов атындағы №5 орта мектептің қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі  Оташева  Күләш  Сабыржанқызы  оқушылармен  бірлесіп,  ұйымдасып, 
топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлген. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң 
топ  мүшелері  өз  ойларын,  жазған  жұмыстарын  талдау  барысында  жақсы 
жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға 
үйренді.  Оқушыларды  топқа  бөлу  барысында  мынандай  жетістіктерге  жетуге 
болады:  
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.  
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.  
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.  
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.  
5. Қорытынды шығарады.  
Осындай  топта  бірлесіп  жұмыс  істеп  үйренген  оқушылардың  білімдері 
нәтижелі  болады,  шыңдалады.  Оқушылар  жұмыс  жасау  барысында  бір-біріне 
көмектесіп,  ойларын  ортаға  салады,  ынталарына  күш-қуат  бере  отырып, 
өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға,  тыңдауға,  сөйлеуге  кең 
мүмкіндіктер  беретін  ортада  оқушы  өз  пікірлерін  еркін  жеткізуіне  жағдайлар 
жасайды.  Топ  мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  және  сол  ойларды  кесте 
арқылы  көрсетеді.  Шамалары  келгенше  қорғап  шығуға  тырысады.  «Сын 
тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу  мен  жазу»  бағдарламасының  қай  әдісі  болса  да 
оқушының  белсенділігін,  ойлау  қабілетін,  шығармашылығын  жан-жақты 
дамытатынын байқаған.  
Қостанай  қаласындағы  №16  орта  мектептің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі 
Ибраева  Мархабат  Датрқызы  осы  технология  арқылы  қазақ  тілінен 
грамматиканы оқыту барысында кесте арқылы, гиперссылка арқылы үйрету, ал 
әдебиет 
сабақтарында 
ақын-жазушылардың 
өмірбаяндарымен 
қоса 
шығармаларын  өту  барысында  кестелер  арқылы,  сурет,  графика  арқылы, 
ғаламтордан  ақпаратты  қолдану  өте  тиімді  деген  ұсыныс  білдіреді.  Қостанай 
облысы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебінің қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі  Нұрғожина  Гүлзира  Әбікенқызы  жаңа  ақпараттық  технологияны 
165 
 

пайдалану 
білім 
мазмұнын 
жаңартумен, 
ақпараттық 
ортаны 
қалыптастыруымен,  сапалы  білім  беру  мүмкіндігінің  жоғары  болуымен 
ерекшеленеді  деп  сипаттайды.  Нәтижесінде  2014  жылы  «ZIAT»  ғылыми-
әдістемелік  орталығының  Республикалық  ғылыми  жобасында,  ІІІ 
Республикалық  оқушылардың  «Жас  ғалым»  атты  ғылыми  жұмыстар 
сайысында,  2015  жылы  «Абай  оқулары»,  аудандық  «Яссауитану» 
байқауларынан,  аудандық  балалар  күніне  арналған  «Шабыт»  фестивалінен 
жүлделі орындар алып, облыстық байқауға өткенін; «Қазақ тілі пәнінен білімді 
меңгеру  жағдайында  бақылау  түрлері»  атты  8-сынып  оқушыларына 
дидактикалық материал құрастырып, Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасына өз 
жұмысын ұсынғанын, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен бірнеше сабақтары «45 
minut.kz.kz.», «ustaz.kz», 
«Копилка  уроков  -  сайт  для  учителей»  сайттарында 
жарық көргенін айтады.  
Жітіқара қаласы №9 орта мектептің орыс тілі мұғалімі Сағынаева Марина 
Бекназарқызы  жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшеліктеріне 
тоқталады:  АКТ  оқушыларға  өз  бетімен  немесе  бірлескен  түрде 
шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға,  ізденуге,  өз  жұмысының  нәтижесін 
көріп,  өз-өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға 
мүмкіндік  береді.  Орыс  тілі  сабақтарын  компьютер  көмегімен  оқытуда 
мультимедиялық  презентацияны  қолдану  ерекше  екенін  айтады.  Сабақта 
видеофильмдер,  көркем  фильмдердің  фрагменттері,  боялған  кестелерді, 
карталарды  анықтап  көрсету  арқылы  оқушылардың  қызығушылықтарын 
арттыруға болады.  
Жұмағазы  Индира  Мұхамбетқызы  15  жылдан  бері  Жітіқара  қаласындағы 
№2  орта  мектептің  биология  пәнінің  мұғалімі  болып  жұмыс  істейді.  Қазіргі 
заман  оқушысының  танымдылық,  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  тура 
жолының  бірі  –  ақпараттық-коммуникативтік  технология әдістерін  сабақтарда 
қолдану. Мұғалім өзінің де, оқушыларының да пәнге деген қызығушылығының 
жаңа  бір  деңгейге  шыққанын  айтады.  АКТ  әдістерін  қолданып  оқитын 
оқушылардың  оқу  сапасы  да  жоғары,  сабаққа  деген  мотивациясы  да  жоғары 
болуы  –  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  артықшылықтарының 
бірі  деп  есептейді.  АКТ  технологиясын  қолданудың  нәтижелілігі:  2013-2014 
оқу  жылында  оқушылары  «Құмырсқаның  біз  білмейтін  сырлары»,  «Алоэ  – 
ғажайып өсімдік» және «Үй өсімдіктері адам өмірінде» атты аудандық ғылыми 
жоба  жұмыстарын  қорғап  көзге  түссе,  облыстық  «Қостанай  Дарыны» 
ұйымдастырған биологиядан қашықтық олимпиадаларына және КИО интернет 
олимпиадасына  қатысып,  арнайы  сертификаттармен  марапатталды.  Жалпы 
пәндерді 
оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдаланудың  тиімділігі:  оқушының  өз  бетімен  жұмыс  істеуі;  аз  уақытта  көп 
білім  алып,  уақытты  үнемдеу;  білім,  білік  дағдыларын  тест  тапсырмалары 
арқылы  тексеру;  шығармашылық  есептер  шығару  кезінде  физикалық 
құбылыстарды  түсіндіру  арқылы  жүзеге  асыру;  қашықтықтан  білім  алу 
мүмкіндігінің  туындауы;  қажетті  ақпаратты  жедел  түрде  алу  мүмкіндігі; 
экономикалық  тиімділігі;  іс-әрекет,  қимылды  қажет  ететін  пәндер  мен 
166 
 

тапсырмаларды  оқып  үйрену;  қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну 
немесе  құлақ  пен  есту  мүмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың  таңғажайып 
процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.  
Жітіқара  қаласы  №2  орта  мектебінің  физика  пәнін  оқытатын  мұғалім 
Тәжібаева  Гүлмира  Темірханқызы  АКТ  технологиясын  2007  жылдан  бері 
қолдануда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет