Оќытушы этикасы


Қазақ ағартушы-демократтарының адамгершілік-этикалық ұстанымдарының негізгі бағдарлары



бет3/19
Дата06.01.2022
өлшемі477,5 Kb.
#12533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Оқытушы этикасы

Қазақ ағартушы-демократтарының адамгершілік-этикалық ұстанымдарының негізгі бағдарлары
Кез келген ұлы ойшылдың шығармашылығына міндетті түрде өз уақытында ғана көкейкесті емес адамгершілік мәселелері жатады. Сонымен қатар, шығармашылығында, қоғамдық қызметінде ұлы тұлғаның жалпы адамдық мәнділігін сақтайтын моральдық қыры, адамгершілік ұстанымы, адамгершілік кредосы айқын көрініс табады.Олар өз халқының озық дәстүрлеріне, көне дәуір мен қазіргі заман, шетелдік және ресейлік ойшылдардың озық этикалық ілімдеріне негізделген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этикалық ойлар белгілі бір мөлшерде Қазақстан мен Ресейдің қосылуының қоғамдық-саяси процессінің әсерінен дамыды. Ол қазақ даласының озық адамдарының этикалық мәселелерге гуманистік, демократиялық көзқарас ұстанымынан адамгершілік нормасын қайта ойластыру ұмтылысына себін тигізеді. Сын әділетсіздікке қарсы, қоғамның ауқатты қатарының жалпы адамдық моралінің нормасына қарсы.

Қазақ ағартушылары еңбек пен халыққа білім беруді адамгершілік идеалына жету құралы деп санады.

1. Еңбекті адамның өмірлік қажеттігі, оның адамгершілігінің негізі ретінде қарастырды. Еңбек адамдары - әулие адамдар – “Адамның әулиесі”.

2. Ғылым – барлық адамгершілік мәселелерін шешудің әмбебап құрады. Ғасыр тек біліммен ғана ұсталып тұр. Өз халқына білім беру идеясы жалпы адамдық мәдениетпен жақындасу арқылы.

3. Қанағатшылдық: “Қанағат ету”. Бәрінің шамасын біл.

4. Ар-намыстылық, ар-намыс, ұят - әрекеттер мен мінез-құлықтың адамгершілік рететушісі, адамдар алдындағы моральдық жауапкершілік.

5. Тұрақты өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу.

6. Халықтар арасындағы достық идеясы барлық адамдардың табиғи қажеттілігі ретінде: басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне, ұлттық мәртебесіне, әлем идеясына, жер бетінде өмір сүріп жатқан бар халықтың арасындағы өзара түсіністік пен келісімге құрметпен қарау.

Живущие всюду народы

Для радости рождены

Всех ласково греет солнце,

Всем светят лучи луны.

Особо рожденных не было

И нет на этой земле.

Мы друг перед другом с детства

Во всем должны быть равны. /4,28/.

“Басқа халықьың мәдениеті мен тілін білген адам олармен тең дәрежеде болады және бөлек өмір сүрмейтін болады”. (Абай)

“Шынын айтқанда, қырғыз халқы бейбітсүйгіштер қатарына, яғни орыс өкіметінің жабайы бұратанасының неғұрлым аз санына жатады”. /1,308/.

Қазақ халқының рухани, ерекше, адамгершілік өміріндегі бұл жаңа бағыт қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың шығармашылығында көрініс тапқан.

Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың этикалық пікірі өз халқының озық дәстүріне, Ресей мен шетелдегі өткен және қазіргі заманғы озық этикалық ілімдеріне негізделген.

Ағартушы-демократтардың этикалық кредосы – жамандықпен, әлеуметтік теңсіздікпен және әлеуметтік бұзулышулықпен күрес – Қазақстандағы адамгершілікке тәрбиелеу теориясының этикалық ойын құру мен дамытуда маңызды рөл ойнады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет