72
тармақтарын анықтау, қалыптастыру және оларды мақсаттық
есебінде қарау.
Басқарушылық әрекетте мақсат қоя білудің маңызы өте жоғары
және оның қажеттілігі төменгі жағдайларға байланысты. Олар:
басқаруға қажетті әрекеттерінің тізімін анықтау; мақсатты жүзеге
асыру үшін тұтынылатын қорлардың кұрамы мен көлемін негіздеу;
ұйымның басқару құрылымын жетілдіру және басқару жүйесін
құру; басқару үдерісін ұйымдастыру мен ақпараттық және басқадай
технологияны жобалау (оның ішінде тұлғааралық қатынастарға
тиісті жобалар да бар); басқару жүйесін ұйымдастырудың сапасын
бағалау; мақсатқа жету жолындағы қозғалыстың траекториясын
(
латын тілінен аударғанда -
қисық сызығын
)
бақылау және оның
орындалуын тексеру; басқара алушылықтың сипаттамасы;
басқаруға қатысы бар қызметкерлерді ынталандыру және бағалау.
Мақсат қоя білуді дұрыс жолға қою үшін аталған мәселелерді
шешуге пайдаланылатын механизмдерді де айтып кеткен жөн. Сол
себептен де ең кемінде төмендегі үш жағдайды ескеру қажет.
Біріншіден
, ағымдағы жоспарлау
.
Пайдаланылатын жоспарлық
«горизонттардың» (
лат. - көз көрім жері
) кеңістігінен тәуелсіз,
белгілі бір уақыт аралығында бір-бірінен ажыратылатын
мақсаттарды анықтауды қажет етеді. Бұл мақсаттар стратегиялық
мақсаттарға қарағанда тактикалық делінеді. Олардың жоспарлы
мерзімдер бойынша өзгеруі мүмкін, ал өзгерудің дәйектілігі
стратегиялық мәселелерді шешкенде басымдылықтардың (
нем
. -
біріншілік) ауысуын және түпкі нысанаға жақындау жолдарын
айқындайды.
Екіншіден
,
Достарыңызбен бөлісу: