Қойшыбай Б. Құрал Н. Жақсыбек Ә. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға бастауыш сыныпта математикалық білімдерді қалыптастыру әдістемесі»


Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудағы дәстүрлі білім беру әдістері мен заманауи білім беру әдістерінің айырмашылығы



бет5/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#144566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.4. Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудағы дәстүрлі білім беру әдістері мен заманауи білім беру әдістерінің айырмашылығы:






Дәстүрлі білім беру әдістері

Заманауи білім беру әдістері

Оқыту құралдары

Дәстүрлі математикалық білім көбінесе белгілі бір тақырыптар мен жаттығуларды үйрететін құрылымдық оқу құралдары мен оқулықтарға негізделеді.

Заманауи білім беруде көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекі көріністер абстрактілі математикалық түсініктерді нақтылауға көмектеседі.

Мұғалім мен оқушылардың рөлі

Ақпарат беруде және математикалық ұғымдарды түсіндіруде мұғалім басты рөл атқарады. Бұл әдетте лекцияларда немесе тақтада болады.

Оқу процесінде оқушылардың өздігімен әрекет етуіне көбірек жағдай жасалады. Баланың критикалық ойлау қабілетін дамыту назарға алынады.

Оқу іс-әрекеті мен практикасы:

Оқушыларға математикалық дағдылар мен түсініктерді жаттықтыру үшін әрекеттер мен жаттығулар беріледі. Бұл тапсырмалар әдетте оқулықтардың мазмұнымен байланысты.

Көмекші құрылғылар, экраннан оқу құралдары сияқты технологияларды қолдану арқылы оқу процесін жеңілдетеді.

Бақылау түрі

Тақырыптың немесе сабақ кезеңінің соңында оқушылардың материалды қаншалықты меңгергенін анықтау үшін сынақтар мен бақылаулар жүргізіледі.

Оқушылардың білімін тексеу үшін әртүрлі әдістер қолданылады

Ғалымдар пайымдауынша, бұл балаларды математикаға оқыту баланың жеке қасиеттерін ескеру салдарынан дараланған, оқушыларға таныс және қызықты болатын нақты мәліметтерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Зияты зақымдалған балаларға арналған түзету мектебінің алғашқы қалыптасу жылдарында О. Декроли, Ж. Демор, М. Монтессори, Э. Сеген сынды прогрессивті шетелдік мамандардың оқу-әдістемелік тәжірибесі қолданылды. Бұл уақытқа дейін инклюзивті білім беру жеткілікті түрде дамымағандықтан, дәстүрлі әдістерді қолдану – мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке қабілеттерін толық аша алмады. Сондықтан, жаңаша әдіс-тәсілдерді байқап көру арқылы инклюзивті білім беру саласында озық жетістіктерге жетуге болады.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет