Оксо- және оксиқышқылдары


Қолданылуы.Сүт қышқылы негізінен үш салада



бет4/14
Дата26.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#143416
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қалханбек Жанира 11 тапсырма Оксо- және окси қышқылдары

Қолданылуы.Сүт қышқылы негізінен үш салада қолданылады: тамақ өнеркәсібі, полимерлер өндірісі және басқа да өнеркәсіптік мақсаттарда.
Тамақ өнеркәсібінде сүт қышқылы консервант және қышқылдандырғыш ретінде қолданылады. Оның тұздары суда жақсы еритін болғандықтан, оларды pH мәні маңызды өнімдерде пайдалануға болады. Сүт қышқылы және оның тұздары сусындарда, кәмпиттерде, ет өнімдері мен тұздықтарда қолданылады. Кальций лактаты өнімдерге кальций көзі ретінде қосылады.
Полимерлік өнеркәсіпте сүт қышқылынан полилактид алынады. Ол лактид полимерлеу циклын ашумен өндіріледі. Лактидтің өзін сүт қышқылының конденсациясынан алады.

Алыну жолдары.




1.Оксиқышқылдарды алудың жалпы әдістері:

1) Галогенді карбон қышқылдарының гидролизі:



2) Амин қышқылдарының азотты қышқылмен әрекеттесуі :

3) Оксоқышқылдардың тотықсыздануы:

4) Қанықпаған карбон қышқылдарының сумен әрекеттесуі:

α-оксиқышқылдарының алынуы:
α -оксиқышқылдар табиғи a-амин қышқылдарынан (1-әдіс), амин қышқылдарының галогенденуі арқылы (2-әдіс), α –оксоқышқылдың тотықсыздануы арқылы (3 әдіс) алынады.
α -гидрокси қышқылын алудың ерекше әдісі –циангидринді синтез.



β -оксиқышқылдарының алынуы:
β -окси қышқылдары β –оксоқышқылдың тотықсыздануы, α ,β -қанықпаған қышқылдардың сумен әрекеттесуі(Марковников ережесіне қарсы) арқылы алынады.
β -оксикарбонильді қосылыстардың тотығуы( альдол өнімдерінің конденсациясы)


2.Оксоқышқылдардың алыну жолдары

1.Оксоқышқылдар гидрокси (окси ) қышқылдардың тотығуымен алынады. Құрамында біріншілік спирттің гидроксилі бар гидрокси қышқылдары тотыққанда альдегилоқышқыл- дар пайда болады, ал екіншілік спирттің гидроксилі бар гидрокси қышқылдары тотыққанда кетоноқышқылдар пайда болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет