Ақпараттық іс-әрекет түрлері
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың
мысалдары
Ақпаратты өңдеу
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Графикалық ақпаратты өңдеу
Сандық ақпаратты өңдеу
Ақпаратты алу, сақтау және қолдану
Мәліметтер қорын пайдалану
Ақпаратты тарату
Компьютерлік телекоммуникация
Ақпараттық іс-әрекет түрлері
Мүмкін болатындай кәсіби курстардың мысалдары
Адамды кәсіби іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру барысындағы нәтижелі
әдістермен, соның ішінде компьютермен қатынастық тілді айтарлықтай
жеңілдеткен ғылыми технологиямен байланыстағы іс - әрекетпен таныстыру
білім берудің маңызды функциясы болып, табылады. Дербес компьютермен
жұмыс жасауға арналған технологияны пайдалану әр түрлі кәсіби
бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты. Осының бәрі
қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның динамикалық даму саласының
бірі – компьютерлік графикаға тікелей қатысы бар.
Компьютерлік графика құралдарының даму кезеңдері мен оның әртүрлі
іс-әрекетінде пайдалану саласына жасаған талдау компьютерлік графиканың
соңғы 20 – 30 жыл ішінде кең өріс ала бастағаның дәлелдейді. Осы жылдар
аралығында қазіргі өнердің ең ықпалды бағыттарының бірі – компьютер
өнері қалыптасты. Компьютерлердің жаппай таралуына байланысты
графикалық ақпараттық кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Шығармашылық
ізденістердің арқасында компьютерлердің мазмұны, бағдарламалары
13
күрделенді, мүмкіндіктері жетілдіріліп, сапасы көтерілді. Интернет білім
жүйесінде де өзінің орнын тапты. Бұл салада ол қашықтықта білім беру
мүмкіндіктерін көрнекі динамикалық құралдар, суреттер, графиктер,
сызбалар, схемалар, карталар және тағы басқаларын жасау арқылы жүзеге
асырылып отыр.
Жалпы орта мектептің кәсіпке баулу курсында компьютерлік
графиканы оқытудың негізгі мақсаттары:
- компьютерді пайдалану тәсіліне – сурет салуға және сызуға, оқушыны
практикалық дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
- суретті компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жөнінде болжам
қалыптастыру;
- суретті жоғары деңгейде салуға өзінің іс-әрекетін ойша реттей білу,
яғни алгоритмдей білу іс-әрекетін қалыптастыру;
- суретті түрлендіруде әртүрлі командаларды біріктіруге үйрету;
- салынған суретті дискіге жазу, фрагментін өшіру және тағы басқа
әрекеттерді орындауға үйрету болып табылады.
Компьютерлік графиканың даму кезеңдеріне жасаған талдау оның
мынадай жеті бағыт бойынша қалыптасқаның дәлелдейді:
1.
Баспа жүйесі (DTP);
2.
Мультимедиялық – баспа және білім беру;
3.
Автоматтандырылған жобалық қондырғы;
4.
Интернет желісіндегі графика;
5.
Виртуалды кеңістіктегі жүйе және компьютер ойындары (YR);
6.
Үш көлемдегі графика және анимация (3D);
7.
Киноға арналған бейне генерациясы;
Бүгінгі таңда компьютерлік графиканы қайда, қалай, не мақсатпен қолдану
қажеттігі толығымен анықталған. Оны: көркемдік компьютерлік графика,
инженерлік компьютерлік графика, суретті компьютерлік графика, іс-
құжаттық компьютерлік графика ретінде қолдануға болады. Олардың
әрбірінің қолданылу ерекшеліктеріне, атқаратын міндеттеріне жасаған талдау
компьютерлік графиканың адамның іс-әрекетінің көптеген салаларында
(кино өндірісте, компьютерлік модельдеу мен дизайнда, білім беру
саласында, полиграфияда, үш көлемді графика мен анимацияда, сәулет пен
бейнеөндірісте, мультимедияда және тағы басқалары) қолданылатынын
дәлелдейді.
Компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға оқушылар
даярлығын қалыптастыру моделі
14
Компоненттер
Өлшемдер
Көрсеткіштер
1.Мотивациялық
-компьютерлік
графиканы кәсіби іс -
әрекетте пайдалануға
мотиві, қызығушылығы
және
құндылыққа
бағдары.
-Компьютерлік графиканы кәсіби іс -
әрекетте қажеттілігін түсінуі;
-компьютерлік
графикада
тапсырмаларды
қызығушылықпен
орындауы;
-Компьютерлік графикның қыр сырын
меңгеруге ұдайы сұранысының болуы;
- компьютерлік графиканың көмегімен
іскерлікті меңгеруде белсенділік
көрсетуі,
2.Когнитивтік
-компьютерлік графика
туралы және оларды
кәсіби іс - әрекетте
пайдалану ерекшеліктері
туралы білімі;
-компьютерлік
графиканы кәсіби іс -
әрекетте
пайдалану
іскерлігі;
-компьютерлік графиканың кәсіби іс -
әрекеттегі мүмкіндіктерін түсінуі;
-компьютерлік графиканы кәсіби іс -
әрекеттерде
пайдаланудың
мәнін,құрылымын, заңдылықтарын,
принциптерін білуі;
-компьютерлік графиканы кәсіби іс-
әрекеттерде пайдалану әдістемесін
білуі;
-компьютерлік
графика
бағдарламаларына талдау жасай білуі;
-компьютерлік графиканы меңгеру
барысында қол жеткізген өзінің
нәтижелеріне талдау бере білуі;
3.Эмоционалдық
Еріктік
-
компьютерлік
графиканы іс - әрекетте
олардың
кәсіби
шеберлігін жетілдіру
шарттары
ретінде
пайдалану қажеттігінен
түсінігі; - компьютерлік
графиканы меңгеруге
ерікті ынтасы және өзіне
- өзі бағыт беруге
талпынысы.
- компьютерлік графикадан кәсіби
шеберлігін жетілдіруге өзін - өзі
бағыттауы; - компьютерлік графиканы
меңгеруде ынта – ықылас көрсетуі; -
компьютерлік графика тапсырмаларын
орындауда әсерлене тбілуі; -
компьютерлік
графикадан
меңгергендерін әсерлі сезіммен
әңгімелеп беруі.
15
4.Рефлексивтік
-компьютерлік
графиканы пайдалану
барысындағы өзінің іс -
әрекетіне
барабар
бағалай білу қабілеті; -
компьютерлік графиканы
кәсіби іс - әрекетте
оңтайлы жүзеге асыру
салаларын,
жлдарын
дәлелді бағалай білу
қабілеті;
- компьютерлік графиканы пайдалануда
өзінің іскерлігіне баға беру білуі; -
компьютерлік графиканы кәсіби іс -
әрекетте пайдалануда тиімді әдіс –
тәсілдерді таңдай білуі;
- компьютерлік графиканың жаңа
технологиясына дәлелді баға бере білуі;
- компьютерлік графика бойынша
жасаған сурет, кесте, проект және т.б.
сызбаларды жүзеге асыруда дәлелді
негіздеме бере білуі.
Жоғарыда айтылғандарда негізге ала отырып, біз
өзіміздің жасаған «Компьютерлік графика» курсы бойынша
сабақ жоспарын ұсынамыз.
Компьютерлік графикамен жұмыс істеу компьютерді
қолданудың ең танымал бағыттарының бірі болып табылады.
Компьютерлік графиканың қолдану аумағы өте кең. Ол
мультимедиялық программалар, телевизиялық жарнама,
киноның арнайы эффектілерін, мультфильмдер жасаудан
бастап, машина жасау мен іргелі ғылыми зерттеулерді
компьютерлік жобалауға дейін қолданылады.
Әр түрлі аймақта қолданылатын графиканың
ерекшелігіне байланысты компьютерлік графиканың бірнеше
бағыттары бар, яғни инженерлік графика, ғылыми графика,
іскерлік графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия,
көркемдік және жарнамалық графика және т.б.
Компьютерлік графика – программалық-аппараттық
есептеу кешендерінің көмегімен суреттерді өңдеу және оны
салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын информатиканың
арнайы саласы болып табылады.
Компьютерлік графика құралдарын оқыту аумағының мынадай
мүмкіндіктер бар, яғни оқушылар бейнені талдау нәтижесінде оның
мазмұнын, пішіні, өлшемін және түр-түсін динамикалық түрде басқара
алады. Оқу компьютерлік жүйелерінде графиканы қолдану оқушылардың
ақпаратты тарату жылдамдығын ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар
оны түсіну деңгейін арттырады, сонымен бірге кез келген аумақтың маманы
үшін сапалы, кәсіптік сезім мен образды ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.
16
Компьютерлік графиканы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің,
оқушылардың шығармашылық қызметінің бірлігі негізінде, оқушылардың
практикалық жұмыстары мен олардың өнер туындыларын қабылдау және
түсіну қабілеттіліктерін дамытумен үйлестіре отырып жүргізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |