Ќоланылєан јдебиеттер



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн
зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы,
сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге
асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
-
Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң,
микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық
желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер
қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану
мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың
даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады. 
8


-
Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық
технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және
программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және
моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi
төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады. 
Информатика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте
оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негiздерiн үйрету мен
ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi
талап етедi.
Бiрiншi кезең (7-9 сыныптар) – базалық курс. Ол информатика пәнi
бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық
деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың
ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар
компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi
тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. 
Екiншi кезең (10-11 сыныптар) – информатика пәнi бойынша жоғарғы
сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда
оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi
жалғастырады.
“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар
көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер,
компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және
модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және
әлеуметтiк информатика. 
10-11 сыныптарда “Информатика” пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар 
бойынша қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет