Ќоланылєан јдебиеттер


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
stud.kz-74085

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту
мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары,
ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк
информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық
технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу
мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.
 
Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша
информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық
информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология,
әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық
9


информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-
математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып
қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп,
оқытылады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi
дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында
берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп
қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiстер
бойынша оқушының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
анықталған.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқу процесiн ұйымдастыру және оны 
жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда 
қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн 
оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен 
қамтамасыз ету. 
1.2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептің жоғарғы
басқышының білім беру мазмұны
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы информатика пәнінің білім беру
мазмұны, информатиканың барлық бөлімдеріңнің тақырыптарын
қарастырады: теориялық информатика, ақпараттандыру әдісі, ақпараттық
технология, әлеуметтік информатика, және информатиканы, гуманитарлы
өрістегі ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін жүйелеп ұсыну
болып табылады. 
10-11 сыныптарда оқушылар көлемі және мазмұны бойынша
сараланған, оқушылардың қызығушылықтары мен кәсіптік дайындыққа
дейінгі бағыттарына қарай информатиканың кәсіпке баулу курсы оқытылуы
керек. Кәсіпке баулып оқыту оқушылардың базалық курс бойынша толық
меңгерген біліміне негізделген, сондықтан 7-сынып оқушылары 10-сыныпқа
жетпейінше, қазірше 10-11 сыныптарда оқытылатын кәсіпке баулу
курстарында не оқытылуы керек деген үлкен мәселе туады. Оларда
информатиканы оқыту 1985 жылдан бастап 10-сыныпта аптасына бір сағат,
ал 11-сыныпта аптасына екі сағат оқыту енгізілген.
2002 жылы Қазақстан Республикасында қайтадан Мемлекеттік білім беру
стандарты жасалынды [1]. «Информатика» курсының пән ретінде оқу
10


жүктемесінің көлемі – 7-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына
есептегенде 34 сағат. «Информатика» курсының оқу жүктемесі негізгі
басқышта (7, 8, 9 сыныптар) – оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан,
барлығы 102 сағат; жоғары басқышта оқыту бағытына байланысты:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта – жыл бойына 34 сағат, аптасына 1
сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық бағытта жыл
бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат болып бекітілді. 
Информатика саласында кәсіптік дайындауға бағытталған және
оқушылардың қызығушылығына қарай мазмұны мен көлемі
дифференциалданған кәсіпке баулып оқыту – жоғарғы сыныптарда (10 – 11
сыныптар) жалғасын табады.
Кәсіпке баулып оқыту білім беру бағдарламасы – нақты математикалық
және қоғамдық гуманитарлы бағыттағы информатиканың профильді курсы –
2 жыл.
Жоғарғы басқышта білім берудің бағытына байланысты былайша
жіктеледі: а) қоғамдық - гуманитарлық бағыт – аптасына 1 сағаттан, оқу
жылында 34 сағаттан, барлығы 68 сағат; б) жаратылыстану – математикалық
бағыт – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағаттан, барлығы 68 сағат. 
11




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет